Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: ҚР Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Орындаған: ЮТҚ - 19-01 Кемелбек Ш. А.
Тексерген: Мусынова Гаухар Еслямбековна
Нұр - Сұлтан 2020 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I- Тарау Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы
1. 1 Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі . . . 4
1. 2 Өмірге қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі ретінде . . . 9
II-Тарау Жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі өмірге қарсы қылмыстарға заңды талдау жасау негіздері
2. 1 Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары . . . 13
2. 2 Өмірге қарсы қылмыстар . . . 22
Қорытынды . . . 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29
КІРІСПЕ
Өмір - адамның ең негізгі құндылықтарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп айқын көрсеткен. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін қорғауды өзіне мақсат тұтады.
Адам өлтірудің ауырлық дәрежесі мән-жайларға тәуелді болады. Қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай белгіленеді. 6 жылға бас бостандығынан айырудан бастап өлім жазасына дейін қарастырылған. Адам өлтірудің объектісі - адам өмірі болып табылады. Адамның өмірі туу процесі басталған сәттен 9 ай мерзім кезеңінде өмірге қол сұғуды адам өлтіру деп бағалау керек.
Қылмыстық кодекстің маңызды міндеттерінің бірі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы Жеке адамға қарсы қылмыстар деп аталады. Жеке адамға карсы қылмыстарға:
1) Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтірудің барлық түрі; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
2) Денсаулыққа қарсы қылмыстар.
3) Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайғы қалдыратын қылмыстар.
Адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады.
I-Тарау Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы
1. 1 Өмірге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі
Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық Кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасның 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға қарсы қаза келтіру» деп Қылмыстық кодекстің 99- бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей обьект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей обьектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. [1]
Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайнынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып танылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге белінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезеңі биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалқасғанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс- әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің
көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қаурыдың, өзге де заттарды пайдалануымен, улаңдыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айрылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік насанында да болуы мүмкін. Бұл
негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру
мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған
тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін
туғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң
талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған
нәрестелерін немесе жас балалардын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды
немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды) .
Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз
ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары
олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағынан екінші белгісі қалмыстың зардабы
жәбірленушінің өлімі болып табылды. Өмірден айрыуға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне
оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады.
Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі
бір уақыт өткенен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірген зардапты кінә деп
жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі
арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен
зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті
үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру
үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған
кезде кінәлі адам нақты келтірген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы,
денсаулыққа зиян келтіргені үшін) . [2]
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы ҚК-тің 99-бабына сәйекс тек қана
қасақаналықпен жүзеге асырылды. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей
және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі
өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс
жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге
әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама
қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам
өміріне қатер төндендігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі
мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде
жол береді не өлімнің болу-болмауына немқүрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айрыуға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қарауын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтау себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тіртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс. Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болатындығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да ескеру керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа
ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын
міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша
қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін
жауапқа тартылуы тиіс. [1]
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам
өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен
осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды
немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекетермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады. Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғүрлым елеулі айырмашылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына неқұрайды қарайды. "Тілемейді" деген терминді "өлтіргісі келмейді" деген мағынада емес, "тікелей тілемейді" деген мағынада түсіну керек. "Саналы түрде жол береді" деген -кінәлі өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып
табылады, ал ҚК-тің 100-105-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады. Адам өлтіру (99-бап) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа
біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне жатпайтын құрам. Негізгі құрамға мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары. Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру ҚК-тің 99-бабында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір
тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және
объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективті жаққа және
субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын
жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
Психиканы зақымдайтын жағдай үстінде немесе психика бұзылуы жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіруіне келетін болсақ, онда мұндай адам өлтіру туғаннан кейін біршама уақыт өткен соң, бірақ бала жаңа туған деп саналатын кезең ішінде ғана орын алады. Психиканы зақымдайтын жағдайдың немесе психиканың бұзылу жағдайының болуын осы мәселеге байланысты сарапшылық қорытынды беретін психиатр айқындайды.
Жаңа туған бала түсінігі оның мазмұнын айқындау кезінде белгілі бір
қиындықтарды туғызады. Заң әдебиеттерінде олар әртүрлі айтылады. Осыған
байланысты түрлі мерзімдер көрсетіледі: бір тәулік, бір апта және бір ай.
Кейбір авторлар жағдайға байланысты әр түрлі мерзімдерді пайдалануды
ұсынады. Бұған келісу қиын. Баланың жаңа туған кезеңі адам өлтірудің
жағдайына емес, баланың өзінің өсуіне байланысты ғой. Жаңа туған кезең деп
баланың туғаннан кейінгі өмірінің алғашқы сатысы оның организмінің сыртқы
орта жағдайларына бейімделетін уақыт ішіндегі бірінші кезеңі болып
табылады. Бұл кезеңге ішкі органдар функциясының тұрақсыздығы тән болады. Жаңа туған кезеңнің ұзақтығы әркімде әр түрлі және бірнеше аптаның
мөлшерінде, көбінесе үш-төрт апта бойына ауытқып тұрады. Айы-күнін толтырып туғандарда бұл мерзім шала туғандарға қарағанда қысқарақ.
Анасының жаңа туған баланы өлтіруі туу сәтінде немесе туғаннан кейін
бірден болуы мүмкін. Осы кезеңде ҚК-тің 100-бабы бойынша адам өлтіруге баға беру үшін ананың психикалық жай-күйінің шешуі маңызы болмайды. Ең бастысы, бұл адам өлтірудің көрсетілген уақыты. Дегенмен, мынаны есте ұстау керек, адам өлтіру - туған адамды заңға қарсы қасақана өмірінен айыру. Туу - ұзаққа созылатын процесс, бірінші босанатындарға ол 15-20 сағатқа, қайталап босанатындар үшін 10-12 сағаттан тұруы мүмкін. Егер туған баланы емес, ал ұрықты өмірінен айыру орын алса, бұл жағдайда адам өлтіру болмайды. Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканы зақымдалуы немесе психиканың бұзылуы жағдайында адам өлтіруге келетін болсақ, онда мұндай әрекет ҚК-тің 100-бабы бойынша саралануы үшін баланың туған кезеңі ішінде жасалуы тиіс. Бұл қылмыстың субъективті жағы, басқа да барлық адам өлтірудегі сияқты тек қана қасақаналықпен сипатталады. Осы қылмыстың субъектісі арнайы қылмыстың орындаушысы, мұнда жаңа туған баланың он алтыға толған анасы ғана болуы мүмкін. Егер өзге қатысушылар қоса орындаушы болмай, ұйымдастырушының айдап салушының немесе
көмектесушінің рөлінде болса, онда саралау күрделірек болады. Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрін кенеттен бастаған қатты жан
толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлінің
психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен
байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам
өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік және түңілу әсері тән болады.
Аффект (аффект) жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше
минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан
кенеттен пайда болады. Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мұнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінәлі болған жағдайдың мәнін бірден түсінбегенде) . [3]
Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке бсын қорлау арқылы жасалуы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз нысанда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң әдебиетінде мынадай пікір айтылады, өте ауыр балағаттау Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше болуы мүмкін емес. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсіту дәрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мұнда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы "фашист" сөзі соғыс ардагеріне және соғысқа қатысушыларға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін.
Аффект үшін негіз болуы мүмкін жағдайлардың аясы кеңейе түсті. Қылмыстық кодекс жәбірленушінің зорлық көрсетуі мен өте ауыр балағаттауынан басқа, егер осы әрекеттер кінәліге немесе оның жақын-туыстарына ауыр зардап келтірген немесе зардап келтіруі мүмкін болған жағдайда, өзге де заңға қайшы әрекеттері (әрекетсіздігі) жатқызылған болса, ал Қылмыстық кодекс бойынша аффект үшін қылмысқа қарсы және тіпті моральға жатпайтын қарапайым әрекеттердің (әрекетсіздіктің) болуы жеткілікті. Моральға жатпайтын әрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық құндылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмұнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қоғамымыз жікке бөліуге қатты ұшырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі әлеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір әрекеттердің қандай моральға (социалистік немесе коммунистік) қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта болмасын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдық құндылықтар, жақсылық пен жамандық, ар, намыс жэне арсыздық, сенімділік пен сатқындық, үят пен үятсыздық деген пікір түсініктер болады. Міне, осылар баға беру негізіне алынуы тиіс. Адам өлтірілетін аффект жай-күйі заңда көзделгендей кенеттен болған жағдайда емес, жәбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немес моральға жат мінез-құлқына байланысты пайда болған, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда еленбейтін жағдайдың өзі шыдамның шегіне жеткізіп, адам өлтіруге әкеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін.
Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалған адам өлтіру. Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын көздейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезді не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлінің әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді. Сот тәжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар
жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жәйттер де кездеседі. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде айбайсыздықтан өмірінен айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді.
1. 2 Өмірге қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстардың нақты бір түрі ретінде
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz