Мемлекеттік басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

КІРІСПЕ

  1. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы және методологиялық негіздері. Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасу теориялары. Мемлекетті басқару түсінігі, ерекшелігі, функциялары мен атқарушы билікпен қарым- қатынасы. Мемлекетті басқару қажеттілігі, тиімділігі, концепциялары мен әдістемесі.
  2. Қазақстан Республикаасында нарық қатыныстарының қалыптасуы жағдайындағы мемлекеттік басқарудың қажеттілігі. Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саланы басқару. Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуын басқарудағы негізгі мәселелер.
  3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру жолдары. Еуропа (Германия мен Франция елдері) Азия (Қытай Халық республикасы)

Қорытынды.

  1. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері.

1. 1 Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір- бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б. з. д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқық тарихы туынды - қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.

Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:

  • қосымша өнімнің пайда болуы;
  • жеке меншіктің қалыптасуы,
  • таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,
  • қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі;

Мемлекеттің дамуы- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлеекттік меншік қалыптасты. Сол меншіктіңиеліктері: чиновниктер, ру, тайпалар басшылары, король императорлар болды. Король -императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолютті монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік-чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды. Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:

  • ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
  • оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру;
  • барлық жұмысты бір орталықтан басқару;

Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ - ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді ( Қытай, Иран т. б. )

Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде - мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеллің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта азия елдерінде қалыптасты.

Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:

  1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу;
  2. Қоғамдыдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстем таптың, топтың мүдде - мақсаттарын орындау үшін қалыптасты;
  3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты;

Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

  • Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
  • Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
  • Қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
  • Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;

Мемлекеттің негізгі белгілері:

  1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т. б. ) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.
  2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым -қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т. б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне (тәуелсіз - суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

  • мемлекет қоғамдық көлемде бірден - бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;
  • мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;
  • мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс - әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде - мақсатты орындауға жұмсайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан.

  1. Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б.,
  2. Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті - бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т. б)
  3. Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б. з. д. IV -III ғ) . Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т. б.

ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

  1. Табиғи құқықтық теория - XVII- XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А. И. Радищев т. б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т. б. ) . Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
  2. Психологиялық терия - ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл териия адамдардың психологиялық біріккен көзғарасы, іс - әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
  3. Күштеу теориясы - ХІХ ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: К. Каутский, е. Дюринг т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз ру, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап, өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады.
  4. Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама - қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде - мақсатты қорғауы.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т. б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның шеңберінде мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан түсінуге болмады. Мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіретін теория - Тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекетті тарихи туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.

Басқару ықылым заманнан адамдар пайда болған кезден бастап белгілі. Қандай да алға қойған мақсатқа жету жолында екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті жүктелсе, яғни ол басқарушыға айналса, ал екінші адам оған бағынышты басқарылушыға айналады.

Осындай мәселе төңірегінде алғаш қадам жасаған (көне) египеттіктер (мысырлықтар) болған.

Осыдан алты мың жыл бұрын мысырлықтар адамдардың іс-қимылдарын белгіленген мақсатты бағытта ұйымдастыру, оны жоспарлау және сол ұйымдасқан әрекеттердің нәтижелеріне бақылау жүргізу қажет деп тапқан, сондай - ақ басқаруды орталықтан алу жөніндегі мәселені бірінші орынға қойған болатын 1 .

Бұл жағдайлардан сол кездегі мысырлықтардың көршісі Вавилон (Бабыл ) да қалыспаған. Вавилон падишахы Хаммурапи басқаруды ұйымдастырып, басқару ісін жетілдіру мақсатында қыштан жасалған табличкалардан тұратын басқару және бақылау жөнінде жазбаша құжаттарды қолданған, сонымен қатар ол лаузымды адамдардың өз жауапкершіліктерін бағынышты адамдарға жүктеуге тыйым салған және жалақа мөлшерін заң жүзінде белгіленген.

Басқару іліміне антика дәуірінде де белгілі жетістіктер енгізілген болатын. Б. э. дейінгі 400 жылы грек ғалымы Сократ басқару әмбебаптылығы қағидаларын қалыптастырған. Онымен бір мезгілде өмір сүрген персия падишахы Кир адамдардың бірігіп әрекеттенулерінің себебін, басқару мәселелерін, арнайы зерттеу қажеттілігі жөніндегі идеяны алға қойды және басқару ақпараттарын өңдеу, жоспар жасау мәселелерін қарастырды, сондай - ақ мемлекетте еңбектену әрекеттерін орындау тәсілдерін зерделеумен айналысқан болатын.

Біздің эрамызға дейінгі 325 жылы Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) алғашқы рет әскери соғыс қимылдарын басқару орталығы ретінде штаб құрған еді.

1911 жылы американдық инженер Тейлор Ф. «Ғылыми басқарудың принциптері» атты кітабы жарық көрді. 1920 жылы Гастев А. К. Басқаруды жетілдіру жөніндегі концепцияларды алға қойды. Басқару іліміне айтарлықтай үлес қосқан басқару мектебінің классиктері ретінде Тейлор, Гильберт, Файоль, және басқаларды атауға болады. Бұл оқымысты басқарушылардың алға қойған мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын құру болып табылады. Француз ғалымы Анри Файоль 1923 жылы: «басқару дегеніміз болжамдау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру, бақылау» деп айтқан болатын, сондай -ақ басқарудың 14 қағидаларын дайындаған:

  1. еңбекті бөлу;
  2. өкілеттілік және жауапкершілік;
  3. тәртіп;
  4. орталықтандыру;
  5. қызметкерлерді марапаттау;
  6. жеке адамның мүддесінің қоғам мүддесіне бағыныштылығы;
  7. бірыңғай мақсатта болу;
  8. дара басшылық;
  9. лауазымды адамдардың дәреже - деңгейі;
  10. әділеттілік
  11. қызметкерлер үшін тұрақты жұмыс орнының болуы;
  12. бірлесу;
  13. ретке келтіру;
  14. бастамашылық2.

Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. Кезінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі 3 . Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік-құқықтық, техникалық- ұйымдастырушылық және тағы басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;
  2. мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;
  3. мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді;

Алексеев С. С. Мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ осы аядағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі басқару сатыларын бөліп шығарған:

  1. басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
  2. басқару шешімін дайындау және қабылдау;
  3. шешімді атқаруды ұйымдастыру;
  4. есептеу және бақылау.

Мемлекеттік құрылыс және құқық салассының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берді: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет.

Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің мына әрекеттер мен элементтерді қамтитынын көрсеткен:

  • басқару субъектісінің ұйымдастырылуы және қызмет атқаруы;
  • басқарушы мен басқарылушы объектілердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс -қимылдарының жиынтығы;
  • мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері;

Осы жүйе басқаруға байланысты әрекеттерде, қатынастарда міндетті үш элементтің болғанын қалайды:

  1. басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
  2. құрылған және жүзеге асырылатын басқарушы ықпал;
  3. жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның және мекемелердің қызметтеріндегі түріндегі ықпал ету объектісі.

Латынның «администрация» сөзі басқару деген мағынада айтылады. Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады.

Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екеніні байқаймыз.

Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз «еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция» деген қорытындыға келген.

Осыған орай ол адамдар айтарлықтай рөл атқаратын әлеуметтік басқаруды дұрыс түсіну негіздерін қалыптастырды.

«Всякий непосредственно общественный или совместный труд в сравнительно крупном масштабе, нуждается большей или меньшей степени в управлений, которое устанавливает согласованность между индивидуальными работами и выполняет общие функции, возникающие от движения его самостоятельных органов. Отдельный скрипач сам управляет собой, оркестр нуждается в дирижере».

Адамдардың бірігіп жасаған әрекеттері, іс-қимылдары ұйымдастыруға әкеліп саяды. Ұйымдастыру бірінші кезекте, адамдардың бірігіп жұмыс істеулеріне қажетті бірлесу болып табылады. Басқаша көзқараспен сипаттағанда басқаруды біріккен адамдардың өздеріне тиісті жұмыс, қызметтерін атқаруларымен байланыстырамыз. Демек, ұйымдастыру (басқару) тек адамдардың бірігуімен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар олардың өз қызметтерін жүзеге асыру тәртібін де қамтиды. Басқарудың негізгі міндеттері адамдардың бірлескен қызметтерін ұйымдастырумен байланысты болғандықтан, олардың өзара іс-қимылдарын әртүрлі бірлестіктермен және қызметтерінің бағыттарымен нысаналай отырып қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Осы жайында К. Маркс «администрация есть организующая деятелность государства» деп айтқан болатын 7 . Сонымен басқаруға әлеуметтік функция ретінде ұйымдастырушы сипат тән болады. Ұйымдастырудың бұл маңызды көрінісі бірлесіп қызмет атқарушылардың өз функцияларын орындаумен қатар дербес жұмыстардың арасындағы ауыз бірліктен, келісімнен тұрады.

Іс жүзінде басқару өзінің мәні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілердің арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әрекеттері мен күштерін біріктіруге ат салысу және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай- ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушыларды жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Әлеуметтік басқарудың объектісіне адамдардың тәртібі және іс-қимылдары жатады.

Осы процесте тұлғаларды басқару қамтамасыз етіледі, олардың өзара қатынастары ұйымдастырылады. Жұмыс атқару кезінде адамдардың жүріп-тұруы, іс-қимылы оны еркіне, сана-сезіміне байланысты болады. Демек, басқару адамдардың әртүрлі ерікті қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік басқарудың субъектісі адамдар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі ретінде адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар есептелінеді.

Сонымен басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс табады. Оның мәні субъектінің қоғамдық процестің басқарылушы адамдарға ұйымдастырыған түрде ықпал етуі. Басқарудың шынайы көрінісі ретінде өктем билікті айтуға болады. Бұл жөнінде Ф. Энгельс «возможно ли организация без авторитета? Нет, невозможна, ибо первым условием дела является господствующая воля,, , авторитет ».

Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде «билік ету- бағыну» қатынастары туындайды.

Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде әртүрлі нысанда болады. Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю. М. басқаруды әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:

  1. басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;
  2. басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;
  3. басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.

Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы функцияларды жүзеге асыруды айтамыз. Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша түрі болып табылады. Басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:

  • басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
  • басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
  • осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
  • оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері
Мемлекеттік басқару жүйесінің қоғамдағы рөлі
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері және қызметтері
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару органдардың құрылымын жаңарту жолдары
Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz