Ахмет аудармашы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жоба

Тақырыбы: « Ахмет-қазақ тіл білімінің негізін қалаушы»

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақтағы туристік бағыттар

Бөлім: Әдебиет

Жетекшісі: Сахабова Анар Сарменовна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кіріспе:

Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы: «Ахмет-қазақ тіл білімінің негізін қалаушы »

Бұл тақырыпты зерттегеудегі негізгі мақсатым- Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын тереңірек қарай отырып, ақынды жан-жақ қырынан танып, білу.

Зерттеу бөлімі:

Зерттеу міндетім:

Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес төмендегі зерттеу міндеттерімен толықтырылып, айқындалды.

1. Ақынның өмірі мен шығармалары

2. Ахмет-аудармашы. Мысалмен айтылған көп ойлар

3. «Ахмет-Ыбырайдың ізбасары»

4. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы-Ахмет.

1. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

«Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген-Ахмет Байтұрсынов»

(Қайым Мұхамедханов)

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 18 қаңтарында Торғай уезінде Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы молдадан ескіше оқып, сауатын ашады. Ахметтің әкесі-Байтұрсын Шошақұлы қайраттылығымен, ірі мінезділігімен аты шыққан тілді адам болған. Уезд басшыларының озбырлығына әр кез қарсылық білдіріп отырған. 1885 жыл Ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі Сібірге 15 жылға каторгілік жұмысқа айдалады. Осы оқиғаны өз көзімен көрген Ахмет 13 жастағы бала екен. Сібірге айдалып бара жатқан сорлы әке «Менің көзім ашық болса, бұл кепті кимес едім. Мендей болмаймын десең оқы!-деп қадала айтқаны бала көкірегінде мәңгі қалды. Аталған озбырлықтың бала жүрегінде сақталған ызалы кегін есейе бастағанда жазған „Анама хат“ өлеңінде ол:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, - деген өлең шумағымен білдіреді.

Тірі жетім болып қалған Ахметті ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша-қазақша мектепте оқытады. Оны бітірген соң 1891 жылы Орынборға келіп, мұғалімдер даярлайтын қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы аяқтап шығады. Бір қызығы, энциклопедиялық білімді меңгерген айтулы ғұламаның бар оқуы осы ғана. Қоғамдық қызмет пен ғылымға сонша биік көтерілген оның өз бетінше оқу арқылы осынша білім жинағанына таңданып, қайран қаласың…

Халқын жайлаған қараңғылықты тым ерте аңғарған Ахмет қызметін Ақтөбеде, Қарқаралы уездерінде, ауылдық, облыстық мектептерде мұғалім болудан бастайды. «Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым" дегенді сол кездері жазған ол ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді.

Өзін "адамшылық диханшысымын" деп мақтана айтты. Сауаты саңылауы жоқ қазақты надан қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай, өрге сүйреген бірінші ұстазымыз-Ахмет Байтұрсынов. Ахмет ағай- қазақ халқының бірінші мұғалімі, ұстазы.

Мектептерде, екі кластық училищелерде мұғалім бола жүріп, М. Әуезов сөзімен айтсақ: «Бас қосқан жиында, жазысқан хатта, оңашада, болған әңгімеде ел қамы, ел мұңы деген сөздер Ахаңның аузынан кетпейтін сөзі болған. Елшілік ұранын салып, үгіттің ауданын кеңейтіп, ел ішінде арманды сөздерін жая бастаған» 1905 жылы орыс революциясының идеясы қазақ даласына да тарайды. Қарқаралы уезінде оқытушылық қызмет атқарып жүрген Ахмет патша үкіметіне қарсы әлеуметтік-революциялық жасырын жұмыстарға белсене қатысады. Бірақ ел ішіндегі сатқындардың көрсетуімен 1907 жылы үкімет Ахметті Қарқаралы түрмесіне отырғызады. Кейін босатқанымен бұрыннан ұйымдасқан астыртын топты қатаң бақылауға алған патша үкіметі 1909 жыл Ахмет Байтұрсынұлын, Ә. Бөкейхановты, М. Дулатовты Семей түрмесіне

қамап, 1910 жылы 21 ақпанда қазақ жерінде тұруға екі жылға тыйым салып

жер аударды.

Ахмет сол жылы Омбыға, 1913 жылы Орынборға келеді. Орыс тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне жетік Ахмет үшін бұл жылдар шынығу, тура жолға түсу кезеңі болды. Оның ақындығы мен күрескерлігін паш еткен әйгілі «Маса» жыр жинағы мен Крыловтың шығармаларынан аударған "Қырық мысал" кітаптары осы кезеңде жазылып, жарық көрді. (1903-1911 ж. ж. )

1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен Орынборда ресми емес "Қазақ" газеті шыға бастады. 1917 жылға дейін шығып тұрған бұл газет халық қамын ойлаған, прогресшіл бағытта болды, қазақ халқының санасын оятуда теңдеусіз рөл атқарды, газет үздіксіз қудаланды, Ахмет Байтұрсыновты түрмеге жаппақшы да болды. Осынша қуғын-сүргінде жүрген Ахмет мұғалім кезінен бастап қазақ елін мәдениетке тарту үшін тынымсыз еңбектенді. Халық тарихында тұңғыш рет ол жазған үш томдық «Тіл-құрал» мен "Әдебиеттанытқыш" еңбектері ғылыми ерлігі десе де болады.

1917 жылы Қазан төңкерілісінен кейін «Халық түрмесі» болып келген патшалық рессейдің отарлық езгісінде болып келген Қазақстанда да ұлт - азаттық қозғалысы кең етек алады. Сол замандағы қазақ зиялыларының басын көпшілігін қамтыған ұлтжандылық, елшілік топ ішінде Ахмет Байтұрсынов та болады. Ол Орынбарда болған құрылтай съездеріне қатысады.

1919 жылдан бастап Ахмет кеңес үкіметті жағына шығады, әр түрлі жауапты қызмет атқарады. Қазақстан оқу халық коммиссариатын басқарады. Қазақ Орталық Атқары коммитетінің мүшесі болады. Репрессияның қара бұлты бүкіл ел аспанын жауып тұрған заманда, 1938 жылы жалақорлардың атқан оғынан мерт болады.

Қызы Шолпан Ахметқызының сөзіне көңіл бөлейік:

Ұлы ғұламаның ауыр тағдыры осындай. Ал Өмірбаяны жөнінен қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған «Жизнь описание» (1928,

8 наурыз) «Биография» (1929, 21 тамыз) атты материалдары айрықша бағалы. Бұлар ҚазПУ мұрағатында сақталған.

Ахмет аудармашы. «Мысалмен айтылған көп ойлар»

Қараңғы, қапас тіршілікте жарық сәуле шашып, қоғамдық әділітттілік пен ұлт бостандығына бірте бірте ұмтылудың даңғыл жолы-байтақ өлкеде оқу-ағарту ісін жолға қою деп білген. А. Байтұрсынов орыс мысалшысы И. А. Крыловтан аударып құрастырған, 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген "Қырық мысал" еңбегі арқылы сол кезде көздері ашылып, ұлттық сана -сезімдері оянып, туған халқымның қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салмақ болады.

Ахмет Байтұрсыновтың ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте басылып шыққан осы жинақтан басталды.

«Крыловтын мысалдары, -деп жазады Белиннский, -жай мысалдар емес: ол повесть, комедия сықақ, очерк, ұлы сатира . . . » Крылов мысалдарының қазақ тіліне аударылуы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталады. Бұл істі алғаш қолға алған Ы. Алтынсарин болса, одан кейін Абай ақын Крыловтың он екі мысалын қазақшаға аударып, қайталанбас үлгі-өнеге көрсетті.

Крилов мысалдарын В. Г. Белинский үш топқа бөледі. Біріншісі ақыл- өсиет дәрежесіндегі баяндау жағынан әлсіз мысалдар тобы; екіншісі өсиеттшіл бағыттағы мақалдар тобы; үшіншісі-әрі сатерикалық, әрі поэзикалық мысалдарды жатқызады.

"Қырық мысал"-ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.

Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны И. А. Крыловтан аударылған:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым, - дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің бәрі де түгелімен тіпті аударма секілді емес. («Замандастарыма»)

Ахмет Байтұрсынов В. Г. Белинскийдің үш топтағы Крилов мысалдарынан көбірек аударғаны екінші, үшінші топтағы мысалдары:

«Арыстан, киік һәм түлкі», "Қосқыр мен қозы", "Қартайған арыстан", "Қасқыр мен тырна«т. б.

Әр түрлі тапқырыпқа арналған қай аудармасында болмасын А. Байтұрсынов Крылов мысалдарының идеялық-көркемдік мән-мағынасын, сатерикалық-әлеуметтік өткірлігін жасытып алмай, болаттай шыңдай түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
Мақыш Қалтайұлы туралы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Ахмет байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Бес арыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz