Аялдамалық пункттар


МАЗМҰНЫ
1. Зерттеу бөлімі
1. 1 №74 автобус маршрутының жалпы сипаттамасы
2. Есептеу бөлімі
3. Технологиялық бөлімі
3. 1 Автобустардың қозғалыс уақыты
4. Ұйымдастыру бөлімі
4. 1 Автобус маршрутының жүріс кестесін құру
5. Экономикалық бөлімі
5. 2 Жылжымалы құрам түрін таңдау
6. Еңбек қорғау бөлімі
КІРІСПЕ
Жолаушылар тасымалдарының орын ауыстыруын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жолаушылар ағынының жасалуын және таратылуын зерделеу қорытындыларына сүйенеді. Жұмыс негіздеу бойынша тасымалдауды ұйымдастыру жолаушылар көлігі туралы қажеттіліктерге, оларды орындаудың нақты жүйесі бар және зерттей келе, кез-келген жеке кезеңге бөлінеді.
Жаңа бағыттар бойынша жылжымалы құрамның қозғалысын қамтамасыз ететін тасымалдарды маршруттау жүрісті қолдану коэффициентін, жүрістің төмендеуін көрсетуге, яғни автомашиналардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ автомобиль тасымалдарының өзіндік құнына, этникалық шаруашылықтағы көлік шығындарының төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді, сондай-ақ шоферлердің еңбек ақысын және тасымалдардың тиімділігін арттырады.
Халық санының өсуі және мегаполистің өсуі көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруда көптеген міндеттерді атқарады. Көше-жол желісінде кептелістер байқалады, жол-көлік оқиғалары жиілеп, адамдардың қолайлы кеңістіктерге уақтылы жету қабілеті төмендейді. Осының салдарынан автокөліктің қозғалысына ықпал ететін барлық мән-жайларды қадағалап, статистикалық деректер базасында қайталанатын тексерулер мен тесттер жүргізу қажет. Қандай да бір басқаға қарағанда кез келген бағыт бойынша автокөліктің қозғалысын бақылауда ұстау, оның ақауларын анықтау және жетілдіру бойынша шараларды уақытында енгізу
1. Зерттеу бөлімі
1. 1 №74 автобус маршрутының жалпы сипаттамасы
№ 74 автобус маркісі « ZhongTong LiAz », 26 орындығы, ішіне 80 адам сыяды.
Жұмыс уақыты таңғы 6:10-дан кешкі 22:50-ға дейін. Интервалы 9 минут.
Автобус қозғалысы 2 бағытта жүргізіледі, 68 аялдамадан өтеді.
Маршруты : Ж/Д Вокзал 1 - Автобусный Парк - Элеваторская - Немецкий Театр - Рыскулова(Жангелдина) - Жангелдина - Макатаева - Кондитерская Фабрика,
Кері Бағыты
№ 74 автобусының маршрутының соңғы аялдамалары
- «Рахат кондитерлік Фабрикасы»
- «Алматы 1 Темір жолы»
Төлем түрі:
- Қолма-қол
- «Онай» транспорттық картасы
Апталық график: күнделікті.
Аялдамалық пункттар және оларды орналастыру
Автокөлікпен жолаушы тасымалдауда жолаушыларға арналған әртүрлі ғимараттар
салынады. Оларға: маршрут бойында орналасқан аялдамалық пункттар мен автобекеттер, автовокзалдар, автопавильондар, мотельдер мен кемпингтер т. б. жатады.
Қарапайым жолдық ғимараттарға сыйымдылығы 8 - 25 адамдық жаңбыр мен қар, жел мен күннен қорғайтын автопавильондар жатады.
Аялдамалық пункттар өз қызметтеріне қарай бастапқы, соңғы, аралық болып бөлінеді.
Бастапқы және соңғы аялдамалар жолаушыларды түсіру -мінгізу қызметінен басқа, автобустың бұрылуы үшін, ауысым ішілік демалыста тұруы үшін, басқа да маневрлар жасауы үшін де пайдаланылады. Сонымен бірге, соңғы аялдамаларда автобус бригадасы ауысады, қозғалыс кестесінің уақыты тексеріліп, нақтыланады және автобус экипажының аз уақыттық демалысы қамтамасыз етіледі. Соңғы аялдамалық пункттарда жаяу
жүргіншілер мен басқа көліктердің қозғалысынан алшақ жатқан және автобустың бұрылуын, тоқтап тұруын қамтамасыз ететін ашық алаңдар да орналасады.
Аралық аялдамалық пункттар қаланың халық көп жиналатын орындарында, өнеркәсіп мекемелері мен әкімшілік, мәдени мекемелер және сауда орталықтары, оқу орындары т. б. жерлерге жақын орналастырылады. Олар жолаушының автобустан қауіпсіз түсіп-мінуі ыңғайлылығын, маршруттағы автобустарды күту жайлылығын қамтамасыз
ету керек.
Аялдамалық пункттардың орналасуына қойылатын талаптардың бірі - ол халықтың аялдамаға келуге кеткен уақыты 10-15 минуттан аспау керектігі. Оған аялдамалар арасының ара-қашықтығы да көп әсер етеді, мысалы: қалалық маршруттардағы перегон ұзындығы -300-700 м болса, қаламаңындың маршруттардағы аялдама аралық қашықтық - 700-1500 метрден аспағаны жөн.
Қаладағы жолаушы қозғалысының қауіпсіздігі үшін және жаяу жүргіншілердің жолдан өту қауіпсіздігі мен жол қиылысының өткізу қабілеті, автобустардың қозғалыс жылдамдығы сақталу үшін аялдамалық пункттарды жол қиылысынан 20-25 метр қашықтықта орналастыру керек болса, жіңішке көшелердегі қарама-қарсы бағыттағы аялдамалар ара-қашықтығы бір-бірінен 25-30 метрден кем болмау керек. Бұл шарт осы көшден өтетін жолаушы автомобиль көлігінен басқа көліктердің қозғалысы тоқталыссыз болуы үшін қажет
2. Есептеу бөлімі
74-автобустың маршрутының аяладамаларының ара - қашықтығы
Қарастырып отырған 74 - автобус маршрутының нұсқа бойынша спидометр көрсеткіші 17025 км құрайды.
Аялдамалар арасындағы ара - қашықтықты формула бойынша анықтау:
, км
Мұндағы, ПС - спидометр көрсеткіші
- келесі аялдамалық пункттың спидометр көрсеткіші
- кеткен пункттағы спидометр көрсеткіші
Есеп былай орындалады:
- L1−2=L_{1 - 2} =17. 025 - 17. 475= 0. 45 м
- L2−3=L_{2 - 3} =17. 025- 17. 655= 0. 63 м
- L3−4=L_{3 - 4} =17. 025 - 17. 515 = 0. 49 км
- L4−5=L_{4 - 5} =17. 025- 17. 825 = 0. 8 км
- L5−6=L_{5 - 6} =17. 025 - 17. 675 = 0. 65 км
- L6−7=L_{6 - 7} =17. 025 - 17. 495 = 0. 47 км
- L7−8=L_{7 - 8} =17. 025 - 17. 475 = 0. 45 км
- L8−9=L_{8 - 9} =17. 025 - 17. 315 = 0. 29 км
- L9−10=L_{9 - 10} =17. 025 - 17. 435= 0. 51 м
- L10−11=L_{10 - 11} =17. 025- 17. 315= 0. 29 м
- L11−12=L_{11 - 12} =17. 025 - 17. 435 = 0. 51 км
- L12−13=L_{12 - 13} =17. 025- 17. 705 = 0. 68 км
- L13−14=L_{13 - 14} =17. 025 - 17. 695 = 0. 67 км
- L14−15=L_{14 - 15} =17. 025 - 17. 505 = 0. 48 км
- L15−16=L_{15 - 16} =17. 025 - 18. 375 = 1. 35 км
- L16−17=L_{16 - 17} =17. 025 - 17. 665 = 0. 64км
- L17−18=L_{17 - 18} =17. 025 - 17. 445= 0. 42 км
- L18−19=L_{18 - 19} =17. 025- 17. 385= 0. 36 км
- L19−20=L_{19 - 20} =17. 025 - 17. 625 = 0. 6 км
- L20−21=L_{20 - 21} =17. 025- 17. 455 = 0. 43 км
- L21−22=L_{21 - 22} =17. 025 - 17. 565 = 0. 54 км
- L22−23=L_{22 - 23} =17. 025 - 17. 605 = 0. 58 км
- L23−24=L_{23 - 24} =17. 025 - 17. 495 = 0. 47 км
- L24−25=L_{24 - 25} =17. 025 - 17. 575 = 0. 45 км
- L25−26=L_{25 - 26} =17. 025 - 17. 505= 0. 48 км
- L26−27=L_{26 - 27} =17. 025- 17. 385= 0. 36 км
- L27−28=L_{27 - 28} =17. 025 - 17. 505 = 0. 48 км
- L28−29=L_{28 - 29} =17. 025- 17. 365 = 0. 34 км
- L29−30=L_{29 - 30} =17. 025 - 17. 275 = 0. 25 км
- L30−31=L_{30 - 31} =17. 025 - 17. 315 = 0. 29 км
- L31−32=L_{31 - 32} =17. 025 - 17. 475 = 0. 45 км
- L32−33=L_{32 - 33} =17. 025 - 17. 225 = 0. 2 км
- L33−34=L_{33 - 34} =17. 025 - 17. 595= 0. 57 км
- L34−35=L_{34 - 35} =17. 025- 17. 445= 0. 42 км
Бастақы пункттан келесі пунктқа дейінгі ара - қашықтық
Бастапқы аялдамалық пункттан келесі аялдамалық пунктқа дейінгі ара - қашықтық және маршрут бойынша жалпы қашықтық мына формуламен анықталадым:
L = - , км.
Мұндағы, - өтіп кеткен спидометрдің көрсеткіші
- бастапқы пункттағы спидометр көрсеткіші
Төмендегі формула бойынша тексереміз:
, км
0. 45+0. 63+0. 49+0. 8+0. 65+0. 47+0. 45+0. 29+0. 51+0. 29+0. 51+0. 68+0. 67+0. 48+1. 35+0. 64+0. 42+0. 36+0. 6+0. 43+0. 54+0. 58+0. 47+0. 45+0. 48+0. 36+0. 48+0. 34+0. 25+0. 29+0. 45+0. 2+0. 57+0. 48 = 17. 05 км
Осы есептер және тексеру бойынша өз нұсқам бойынша жалпы маршруттардың ұзындығын анықтадым. Яғни 17, 05 км құрады.
Осыдан кейін 1- кестеге барлық аялдамалық пунктар арасындағы ара - қашықтық және бастапқы пунктардан бастап, әрбір аялдамалық пунктқа дейінгі ара - қашықтықты спидометр көрсеткіші арқылы түсірдім.
Аялдамалық пунктардың ара - қашықтығын берілген нұсқаға сәйкес тапсымаларды орындау арқылы анықтадым. Ол үшін ең алдымен спидометр көрсеткіші керек болды. Спидометр көрсеткіші арқылы алдымен берілген аялдамалық пункттардың ара - қашықтығын есептеп, әрі қарай бастапқы және келесі пункттардағы ара - қашықтықты, жалпы аялдамалардың ара - қашықтығын анықтадым. Ол 17. 05км тең болды
3. Технологиялық бөлімі
3. 1 Автобустардың қозғалыс уақыты
Автобустардың қозғалыс уақыты - автобустардың маршруттағы бастапқы пункттан соңғы пунктқа дейінгі жолды өтеуге шығындалған уақыты және жол қозғалысы жағдайына байланысты уақыт шығындары. Маршруттағы автобустардың қозғалыс уақыты мына формуламен анықталады:
Мұндағы, маршруттың ұзындығы, км.
автобус қозғалысының техникалық жылдамдығы, км/сағ.
= 0, 37 сағ. 22 мин.
Қозғалыс уақытын есептеп әрбір аялдамалық пунктқа
Кесте 1. 1. Маршрут бойынша хронометраждық бақылау деректерін өңдеу.
Автобустардың қозғалыс уақытын анықтау үшін маршрут бойынша бақылау деректерін өңдеу кестесін (2. 1) пайдаландым. Маршрут бойынша рейс ішіндегі қозғалыс уақыты әрбір перегондағы қозғалыс уақытының қосындысымен анықталады:
, мин.
= 5+2+1+3+1+1+3+1+5 = 22 мин. = 0, 37 сағ.
Мұндағы, = 1 перегондағы қозғалыс уақыты, мин.
n = аялдамалық пункттар саны.
Автобус қозғалысының жылдамдығын анықтау
Қозғалыстың техникалық жылдамдығы ( )
Автобус жұмысының технико - экономикалық көрсеткіштеріне қозғалыстың жылдамдығы үлкен әсер етеді. Автобустың жолдағы жұмысы кезінде мынадай жылдамдықтарды қарастырамыз: техникалық, пайдалану, және қатынас.
Техникалық жылдамдық автобус пайдаланудың белгілі жағдайларында қозғалысы кезіндегі жылжымалы құрамның жылдамдық сипатын толық қарастырады.
Техникалық жылдамдық деп - қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты айтамыз.
Жылжымалы құрамның қозғалыс уақыты өз кезегінде бірнеше уақыттарды қарастырады:
Тұрақты жылдамдықпен жүретін қозғалыс уақыты
Екпін алу (разгон) уақыты,
Қозғалысты бәсеңдету (замедление) уақыты,
Тежеу (торможение) уақыты
Жолдан қысқа уақытқа тоқтау уақыты (бағдаршам, теміржол өтпелері алдындағы және т. б. )
Техникалық жылдамдық жылжымалы құрамның орташа жылдамдығын көрсетеді және маршрут ұзындығының қозғалыс уақытына қатынасын анықтайды:
, км/сағ.
Мұндағы, L - өткен жолы, км.
сағ.
4. Ұйымдастыру бөлімі
4. 1 Автобус маршрутының жүріс кестесін құру
Жүріс кестесі - дегеніміз қозғалыс тәртібін, жүргізушілер мен кондукторлардың жұмыс кестесін және негізігі пайдалану көрсеткіштерін бекітетін автобустардың қозғалысын ұйымдастырушы ең басты құжат.
Негізігі пайдалану көрсеткіштеріне автобус маршрутының ұзындығы (L M ), жарты айналым уақыты (t р ), аялдамалардың саны (n р ), бір тәуліктегі айналым саны (Z p ), жұмыс уақытының басталу және аяқталу уақыттары, толық жұмыс істеу уақыты (Т Н ) түскі асқа үзіліс немесе жүргізушілерді ауыстыру уақыты, техникалық (V T ) және пайдалы (V Э ) жүріс жылдамдықтары, автобустардың жүріс аралықтары (I) мен жиілігі (H), соңғы аялдамада тұру уақыты (t к. о. ) көрсетіледі.
Көліктердің бекітілген кестеге сәйкес жүруі қалаішілік жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру мекемелерінің негізгі қағидасы болып табылады. Тасымалды орындаушылар және жолаушылар көлігін басқару мекемелері жұмыстағы қиыншылықтарға және экономикалық тиімсіздіктерге қарамастан қозғалыс кестесінің орындалуы үшін барлық шараларды қолданулары керек. Жүріс кестесінің түпнұсқасы маршруттың төлқұжатымен бірге сақталады. Түпнұсқадан алынған күнделікті қолдануға арналған көшірмелер жүргізушілерге беріледі.
Жүріс кестесін құрастырушы пайдалану бөлімінің инженерлері кестені құрастыру кезінде төмендегі шарттардың қамтамасыз етілуін ескерулері керек:
· жолаушылардың автобусты тосу және қалаған жеріне жету уақыттарының мүмкіндігінше ең төменгі шамада болуы;
· қозғалыстың жиілігінің жоғарғы деңгейде болуы;
· толық қауіпсіздікті сақтай алатын жоғарғы шекті жүріс жылдамдығын белгілеу;
· автобустарды пайдаланудың барынша тиімді әдісін енгізу;
· белгілі бір жол бөліктерінде жүріс жолдары қатар келетін маршруттардың жүріс аралықтарын сәйкестендіру және ортақ бақылау аралықтарында автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының бірдей болуы;
жүргізушілер мен кондукторлардың қалыпты жұмыс тәртібін сақтау;
· кәсіпорындар мен мекемелердің, оқу орындарының жұмыс уақыттарының басталуы мен аяқталуына орай сайкес аялдамалар арқылы өту уақыттарын үйлестіру.
Маршруттың жүріс кестесін құрастыру екі кезеңнен тұрады: алғашқы мәліметтерді дайындап, есептеу және және жүріс кестесін құрастыру.
Алғашқы мәліметтерге төмендегілер жатады:
· маршруттың ұзындығы, жүріс жылдамдықтары;
·аялдамалардың саны, арақашықтығы мен олардың арасында автобустың жүру уақыттары, аялдамада аялдау уақыттары;
·автобустардың жұмысының басталу және аяқталу уақыттарының тиімді межесін белгілеу;
· маршрут бойынша автобустардың қозғалысының басталу және аяқталу аялдамаларын, нөлдік жүрістің қашықтығын және жүріс уақытын анықтау;
·жолаушы ағынының жалпы маршрут пен оның жекелеген жол аралықтарындағы шамасын нақытылап белгілеу;
· тәуліктегі айналым мен жарты айналым уақыттарының бекітілген шартты шамалары;
· айналым санына сәйкес қажетті автобустардың санын есептеу және маркасын таңдау;
· жүріс аралығының мүмкін болатын жоғарғы шекті шамасын анықтау;
· автобустарды маршруттарға бөлу;
· автобустарға жанармай құю бекеттерін таңдау және бару уақыты мен жанармай құю уақыттарының шартты шамасын белгілеу;
· жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру үлгісін таңдау;
· жұмыс ауысымы басталғаннан кейін 4-5 сағат өтпей тұрып түскі үзіліс жасайтын орын мен оның уақытын анықтау;
· маршрутпен бағыттас басқа көлік түрлерінің жүріс кестелерін қарастыру.
Кестені құрастырушы мамандар қалаішілік маршруттағы автобустардың қозғалыс кестесін құрастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды негізге алып, кестені құрастырудың әр түрлі әдістерін қолданады.
Жұмыс тәжірибесінде қалаішілік маршруттарда қозғалыс кестесін құрастырудың келесі әдістері таралған:
· Сызбалық әдіс;
· Кестелік әдіс;
· Трафареттік әдіс;
· Автоматты есептеу әдісі.
Сызбалық әдіс көбінесе кішкентай қалаларда және жылжымалы құрам бірліктерінің саны аз болғанда қолданылады. Сызба түріндегі тәсіл қолдануға қарапайым болғанмен автобустардың саны көп болған кезде әр қайсысының жұмысын бақылауға қиындықтар туғызады.
Кестелік әдіс негізгі тәсіл болып табылады және ол іс жүзінде кең қолданылады. Онда әрбір айналымның басталу және аяқталу уақыттары, түскі үзіліс уақытары сандармен көрсетіледі. Кестелік әдістің кемшілігі жылжымалы құрам бірліктерінің жүріс аралықтарын дұрыс есептеуде қиыншылықтар туғызады. Бұл әдісті қолдану кестені құрастырушыдан жұмыс тәжірибесін талап етеді.
Трафареттік әдісті кестелік әдістің орнына қолданады. Кестені айналымның минуттық торларында сызба түрінде құрайды. Минуттық торларды полиграфиялық құралдар арқылы немесе компьютерде арнайы бағдарламалар бойынша жасайды.
Автоматты есептеу әдісінде қозғалыс кестесін арнайы жасалған компьютерлік автоматты есептегіш бағдарламаларда жасайды. Оның басты кемшілігі әрбір маршрутқа жекелей және әртүрлі уақыт аралықтарына сәйкес жүріс кестесін оңтайлы етіп жасау қосымша бағдаламалық өңдеу жұмыстарын талап етеді.
Жолаушы тасымалдаушы автобус көлігінде қолданылатын жүріс кестелерінің түрлері:
· Жұмыстық жүріс кестесі - әрбір жүргізушіге желіге шығар алдында беріледі, онда айналымға шығу және соңғы аялдамаға келу уақыттары, айналым саны, түскі үзіліс орны мен уақыты, маршрутта жұмыс істеу уақыты, пайдалану жылдамдығы, аялдамалардың атауы, жүріс аралығы т. б. мәліметтер көрсетіледі
Станциялық жүріс кестесі - соңғы аялдамалар мен аралық бақылау бекетерінің диспетчерлері үшін қозғалыстың кестеге сәйкес үзіліссіз орындалуын қадағалап отыруға арналып жасалады.
5. Экономикалық бөлімі
5. 1 Тасымалданатын жолаушы санын анықтау
1 күн ішінде тасымалданатын жолаушылар саны тәуліктегі әрбір сағат ішінде тура және кері бағыттарда тасымалданған жолаушылар санын қосу арқылы анықталады.
= , жолаушы
Мұндағы, - маршрутта 1 сағат ішінде тасымалданған жолаушылар
6°° - автобус жұмысының басталу уақыты;
22°° - автобус жұмысының аяқталу уақыты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz