Жалпы фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тәлдері Университеті

Факультет: Аударма ісі және Филология

Мамандық: Аудармашы

Тіл білімінің лингвотеориялық негіздері (жалпы тіл білімі, лингвистика ілімінің тарихы)

Реферат

№6 СӨЖ

СӨЖ тақырыбы: Фразеология.

Ізденуші: 106 топ Амирдинова Т.

Ғылыми жетекші: Ақыш Б. Ө

Алматы 2020

Фразеология

Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы

Where are speakers of some languages take

great pains to exclude foreign words from their

lexicons, the English seems always to have welcomed

them.

Кей халықтар өз тіліндегі кірме сөздерден

арылу үшін бар күшін салса, ағылшын халқы

кіре сөздерді сөздік қорына ежелден кұшақ жая

енгізіп келеді .

Фразеология - грек тілінің «phrasis» сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған. «Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады.

Фразеология - құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай - күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеология теориясының негізін қалаушы - швейцар - ғалымы Шарль Балли (Bally, 1865 - 1974 ) . Ол сөз тіркестерін ең алғаш ғылыми тұрғыдан жүйелеп, лингвистикаға ‘Phraseology’деген термин енгізген. 1909 жылы жазған Француз стилистикасы деген еңбегінде Ш. Балли тілдегі тіркестерді 1. еркін тіркестерді және 2. Фразеологиялық бірліктер деп екіге бөлген.

Ол фразеологиялық бірліктерді компоненттері өзіндік дербес мағынасынан айырылған, бәрі бірігіп тұтас бір - ақ мағына беретін тіркестер деп сипаттайды. Баллидың бұл тұжырымдары кейіннен лингвистикада фразеологиялық тұтастықтарды атап көрсетуге, фразеологизм мен сөздің ара жігін ажыратуға теориялық негіз болды.

Британ және әміркен лингвистикасында фразеология теориясын арнайы зерттеген еңбек аз. Бар еңбектердің өзінде фразеологиялық тіркес белгілерін анықтау принциптері, фразеологиялық тіркес пен сөздің ара қатынасы, фразеологизмдердің варианттылығы, фразеологияны зерттеу әдістері сияқты іргелі мәселелер қаралмайды. Бұл елдердің ғалымдары фразеологияның жеке пән ретінде орнығуы туралы да сөз қозғамады. Сондықтан да, ағылшын тілтанымында әлі күнге дейін ғылымның бұл саласында атау берілмеген. «Фразеология» деген терминнің не британ және әміркен лингвистикасында жолы болмады. Бұл елдерде фразеология мәселелері семантика мен грамматикаға байланысты еңбектерде қаралады және идиомдық сөздіктерде айтылады. Фразеология аумағына келгенде ағылшын тілді ғалымдардың көз қарастары әртүрлі. Бұл зерттеулер нысанының өте күрделі екендігіне және ағылшын тілінде ап - айқын еркін тіркестің - тұрақты тіркеске, тұрақты тіркестің еркін тіркеске айналып кете беру құбылысның жиілігін көрсетеді.

Бұл елдерде мақалдарды зерттеуге байланысты еңбектер біршама. Қазақ ғалымдарының мақалдарды фразеологияның нысанына жатқызу - жатқызбау жайындағы пікір сайысы жылдардан жылдарға ұласса, Ұлыбритания мен АҚШ та мақалдарды дәстүрлі түрде фольклордың құрамдас бөлігіне жатқызады.

Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемалардың бірі есебінде зерттеліп жүр. Өйткені фразеология - тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Сонымен қатар ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.

Қазақ топырағында фразеолгизмдердің теориялық және практикалық мәселелерін - Ә. Қайдаров, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исабеков, Г. Смағұлова, С. Сәтенова зерттеуде; стильдік ерекшелігін - М. Серғалиев, Ғ. Құсимова, Г. Боранбаева, көркем шығармада қолданылуын - Х. Қожахметова, Б. Шалабай, М. Жәнібек, аударылуын - А. Алдашева, Ө. Айтбаев, Айтжанова зерттеп, фразеологизмдерді тақырыптық, мағыналық тұрғыдан топтастырумен - Р. Жайсақова, А. Елешева; шет тілі фразеологизмдерін топтастыру - Р. Жайсақова, А. Елешева, шет тілі фразеологизмдерін қазақ тілі фразеологизмдерімен салыстыра талдау мәселелерімен П. Дәулетова, М. Әбдіғалиева, М. Арғынғазина айналысып жүр. Фразеология негізінен философия, психилогия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда.

Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді. Ал тілдік тәсілдері өткір, нақтылы дәл және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың үлесіне тиеді. Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды - экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды.

Фразеологизмнің қай - қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой - сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.

Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологизмдердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл - күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциалық реңкке ие болады . . .

Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантикалық - синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеудің бағыт - бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізеді.

Фразеологимдерді аудару

Қазіргі кезеңдегі шарықтаған мәдени қарым - қатынастарға, ғылыми - техникалық прогреске байланысты аударма проблемасы өріс алып отырғаны мәлім. Халықтар арасындағы осындай тілдік байланыстардың тәжірибесінде фразеологизмдер де сөзбе - сөз, немесе калька жолымен аударылып, бір тілден екінші тілге ену үстінде.

Жалпы фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі. Ал оны сөзбе - сөз аудару, калькалау (фр. көшірме) - өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық - мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме - дәл көшіріп алу. Алайда бұл термин әдебиеттану тұрғысында қолданылған жоғарыдағы лингвистикалыө ұғымдарға «басқа тілдің текстін аударғанда түпнұсқа өлеңнің өлшемін, ырғағын сақтау» деген қосымша түсінік үстемеленеді.

Фразеологиялық сөз тіркестері біршама тұрақты лексикалық мағынағы ие, сондықтан олардың аудармасы да толық ойды аударуға негңзделеді. Мысалы:

It’s high time - Әлдеқашан (биік уақыт емес)

Take your time - Асықпа (өз уақытында ал емес)

Help yourself - Дәм тат (өз - өзіңе көмектес емес)

Сол секілді: жалқаулану, түк бітірмеу деген мағынаны қазақ тілінде «шыбық басын сындырмау» десе, ал ағылшын тілінде «not to lift a finger» дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
Фразеологиялық тізбек және оған ұқсас бірліктер
Қазақ тілі мен əдебиеті
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Фразеология
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері
Фразеология. Фразеологизмдерді аудару
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz