ЖЫРЫҚ ТАҢДАЙ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыстау облыстық медициналық колледжі

Реферат

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі мүшелерінің даму ақаулары.

Туа біткен кемістіктердің дамуы.

Пәні: «Анатомия. Физиология және потология»

Мамандығы: мейіргер ісі 1-курс 182 топ

Орындаған: Нағидулла Меруерт

Оқытушысы: Шаукерова Ақзия Наубетовна

2020-2021 оқу жылы

Жоспар:

  1. «Қоян жырық» немесе «қасқыр таңдай» диагнозымен туылу себептері
  2. Бет аймағында кемістікпен туылған балаға ота жасау уақыты
  3. Хейлопластика әдісі

ТАҢДАЙ КЕМІСТІКТЕРІ. ЖЫРЫҚ ТАҢДАЙ

Жырық - іштен туа бітетін ерін және таңдай кемістіктері. Осы мәселенің ушығуының дәлелі болып, жалпы бала өлімдерінің арасында ақаудың дамуына байланысты үшінші орында. Шамамен ¼ барлық нәрестелердің және 1/10 балалар өмірінің бірінші жылында ақаудың дамуынан қаза болады. Ақаулардың дамуы, әсіресе жақ-бет аймағында әр түрлі себептерден (физикалық, химиялық, биологиялық, т. б. ) пайда болады. Жақ-бет аймағының туа біткен жырықтары балалар арасында ең көп тараған ұсқынсыздығы арасында шамамен 30% құрайды. Егер 2500 нәресте туылса соның ішінде бір бала бет әлпетінің жырығымен туылады деп есептеледі, көбіне таңдай жырығы болып келеді.

1. Физикалық себепке ағзаға сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсер етуін жатқызады. Қоршаған ортада радиациялық сәулелер деңгейінің жоғары болуынан жергілікті тұрғындардың денсаулығы нашарлап, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады;

2. Химиялық себеп - ауадағы қышқыл, тұз, сілті, ауыр элементтер мен улы заттардың деңгейі жоғарылап, оттегінің құрамы азаяды. Соның салдарынан адам ағзасындағы зат алмасу үрдісі нашарлайды;

3. Биологиялық себепте тамақ құрамындағы қажетті заттардың (ақуыз, көмірсу, дәрумен және т. б. ) жеткіліксіз болуынан ағзада зат алмасу үрдісі бұзылады.

Жоғарғы ерін мен таңдай жарасы жүк­тіліктің алғашқы екі айында, ұрық­тың жақ бет мүшелері дамуы кезінде пайда болады. Аномалия TBX22 генінің мутациясымен байланысты. Кейде ақау­дың пайда болуы генетикалық жүйенің ток­сикозға, психоәлеуметтік стресс­терге, антибиотикалық терапияға, ин­фек­циялық ауруларға, темекі шегу­ге, есірткі және алкогольге байланыс­ты болуы мүмкін. Жүктіліктің бірін­ші три­местрінде ұрыққа теріс фактор­лардың әсері әсіресе қауіпті деп саналады. Кейде аурудың басталуын қоздыратын гендік мутация - кеш босану себебінен болуы мүмкін.

Жырықтың ең жиі кездесетін түрлері - жоғарғы ерін жырығы мен таңдай жырығы. Жоғарғы ерін жырығы - ұрықтың дамуы кезінде жоғарғы еріннің екі жағы ортаңғы бөлігінің бірікпеуінен болады. Ерін жырығы: жасырын (көрінбейтін), жартылай, толық, бір жақты, екі жақты, симметриялы, симметриялы емес болып бөлінеді. Ерін жырығы баланың бет әлпетін бұзады. Ерін жырығын баланың алғашқы айларында немесе бір жасқа дейін операция жасап емдеуге болады. Ең тиімді операцияның түрі хейлопластика - жоғарғы ерін ақауларын түзеу, уранопластика - таңдай ақауларын түзеу болып саналады.

- «Қоян жырық» немесе «қасқыр таңдай» диагнозымен туылу себептері қандай?

Анасы жас кезінде жыныс ауруларымен ауырса, кіндігін ашып жүрсе, темекі тартып, арақ ішсе - дамуында ауытқуы бар баланың дүниеге келетіні жасырын емес.

- Бет аймағында кемістігі бар нәрестелерге туылған сәттен бастап ота жасау міндетті ме?

Ең алдымен баланың ішкі құрылысы, миы тексеріледі, түрлі анализдер тапсырады. Ерте жасалған ота - отбасындағы әлеуметтік мәселені шешуге септігін тигізеді. Мұндай ақаумен туылған балалардың ақыл-ойының дамуында ауытқу жоқ. Ата-ана осыны естен шығармаған жөн.

- Туабітті кемістігі бар сәбилерге отаны қай кезде жасаған дұрыс?

- Ерні жырық болып туылған сәбилерге отаны 3-4 айдан соң жасаймыз. Ал таңдайы жарық болып болып туылғандарға бір жастан соң жасалынады. Өйткені, бұл өте күрделі ота саналады. Баланың неғұрлым үлкен болғаны бізге де жақсы, ота сәтті өтеді. Ал бір жасқа дейін балалар стоматологы нәрестенің таңдайын тіккенше, ас-ауқатын дұрыс ішу үшін пластинка салып береді. Өткен жылы жақ-бет аймағында кемістігі бар және басқа да диагнозбен келген 300-дей балаға жоспарлы түрде ота жасалды. Бөлімшеміз 15 орынға шақталған. Қазір 5 бала жатыр. Жыл он екі ай пациенттеріміз үзілмейді. Күні кеше ғана ауыр халде 12 жасар бала келіп түсті. Тістің түбірі іріңдеп, сүйекке, одан жұмсақ тінге өткен. Ірің қанға да өткендіктен, бала екі күннен бері тамақ ішпеген. Шұғыл түрде күрделі ота жасалынады. Бетінің сырт жағы кесіледі, соның салдарынан өкінішке қарай, бетінде үлкен тыртық қалады.

- Қазіргі уақытта жағы ассиметрия болып туылатын балалар жоқ емес. Бұл - эстетика жағынан оғаш көрінері даусыз. Бала денсаулығына қаншалықты кері әсері бар? Оны емдеу жолдары қандай?

- Жақ сүйегі ассиметрия болып туылатын балалардың беті қисық болады. Жоғарғы немесе төменгі жақ жетілмеуі мүмкін. Ол -баланың демалуына, жұтынуына кедергі келтіріп, өміріне қауіп төндіріп жатқан жағдайда ота шұғыл түрде жасалынады. Негізінде сүйек өсіп-жетіліп, бала 14-15 жасқа келген кезде ғана ота жасалынады. Бұл жағдайда да неғұрлым кейінірек жасалса, соғұрлым нәтиже жақсы болады. Төменгі жақтың жетілмеуін Пьер Робин синдромы деп аталады. Яғни, тілдің түбірін кері қарай жылжытып, баланың тыныс алуына кедергі жасайды. Кей жағдайда төменгі жақ уақыты келе дамиды. Бұл кемістікті емдеу үшін баланың жағын сындырып, арнайы аппаратпен күніне 1 мм алға қарай тартып отырамыз. Жақтың сынған орны қалпына келіп, сүйек біткенше бала аппаратпен жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ринололия
Ринолалияның түрлері
Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
Ринолалиясы бар балаларды түзету жұмыстарының негіздерін талдау
Логопедия өзіндік ғылым
Бет сүйектері
Бас қаңқасы
Баланың күлкісі-көркі сәні әлемнің
ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДА КИІМ ДИЗАЙНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қартаю
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz