Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
Орындаған: ДИО-33к тобының студенті
Жакиш А.Қ.
Тексерген: т.ғ.к., доцент Қарсыбаева Ж.А.
Қарағанды 2020
Мазмұны
Кіріспе
3
1
Мұстафа Шоқайдың қоғам қайраткері ретінде саяси көзқарасының қалыптасуы мен дамуы
16
1.1
Мұстафа Шоқайдың өмірі мен саяси қызметі: негізгі кезеңдері
16
1.2
Мұстафа Шоқай еңбегіндегі тұтас Түркістан және тәуелсіздік идеясы
30
Қорытынды
37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
42
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси - құқықтық реформалардың іске асырылуы мәдени - рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады.
Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымының мазмұны тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түрлі жұмыстар атқарылды. XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін оқу, өнер - білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Бұл тіпті бүгінде, яғни ғасыр басында күн тәртібінен түсе қойған жоқ, тіптен ең зәру мәселеге айналып отыр. Осы орайда кезінде тәуелсіздігіміз үшін күрескен, сондықтан да кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғынына ұшыраған, саяси жүйе есімдерін кейінгі ұрпақ санасынан біржола ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихымызға қайта оралуы қажет.
1917 жылғы Қазан төңкерісінің нәтижесінде билік басына большевиктер келгеннен кейін Ресейдегі ұлт зиялыларының үлкен шоғыры шет ел асып, эмиграцияға кеткені белгілі. Бұл кезде тек орыс зиялылары ғана емес, сонымен қатар Ресейді мекендеген басқа да халықтардың өкілдері, соның ішінде түркі халықтарының да көптеген саяси жетекшілері шет елге кетті. Міне, осы уақытта Түркістан ұлтазаттық қозғалысы көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқай да күрес тәсілін өзгертіп, мұғажырлық жолды саналы түрде таңдап алды. Ол Қоқан автономиясы кеңес билігімен күшпен құлатылғаннан кейін, Түркістан тәуелсіздігі мен тұтастығы жолындағы күресін жаңа тұрғыда жалғастырды. М.Шоқай шет елде өз жетекшілігімен жарық көрген баспасөз беттерінде және басқа да басылымдарда кеңестік Түркістанда 1920-1930 жж. орын алған саяси-тарихи оқиғалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы дәлелді деректерге сүйене отырып, большевиктердің жүргізген саясатын қатаң сынады. Ұлт күрескерінің көзқарастарының дәлелділігі соншалық, кеңес үкімет үшін М.Шоқай қауіпті тұлғаға айналды. Оның еңбектерін, шығармашылық мұрасын зерттеуге, оқуға тыйым салды. Кеңес дәуірінде Қазақстан тарихының идеологиялық қысыммен бұрмаланып жазылған тұстары бары белгілі. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарастарын зерттеу бүгінгі таңда отандық тарих ғылымында ХХ ғасырдың 20-30 жж. елімізде орын алған тарихи-саяси оқиғаларды обьективті, жаңаша тұрғыда жазуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ, тұтас түрік елінің тәуелсіздігі жолындағы күрес майданына шыққан Мұстафа Шоқайдай ірі тұлғаның өмірін,
эмиграциядағы қызметі мен қоғамдық-саяси көзқарастарын зерттеу бүгінгі таңда өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұстафа Шоқайдың көзқарастарын, өмірі мен қызметін зерттеу, оған тарихи тұрғыдан баға беру-зерттеушіге үлкен ізденімпаздықты талап етеді. Себебі, Мұстафа Шоқай қоғам қайраткері ретінде қалыптасып, халқы үшін қажетті еңбектер атқарар кемел шағында саяси эмигрант болуына тура келді. Ол өз өмірінің соңына дейін шетелде түркістандық саяси эмигранттардың көшбасшыларының бірі болған еді.
Жалпы алғанда, Мұстафа Шоқай жайлы жазылған деректер мен еңбектер өздерінің күрделілігімен, материалдың әрқилылығымен ерекшеленеді. Оның өмірі мен саяси қызметі ертеден-ақ зерттеушілердің қызығушылығын туғызған.
Кеңестік зерттеушілермен қатар, кеңес өкіметінің басында отырған қайраткерлер де М.Шоқай жөнінде өздерінің пікірлерін білдірген. Мысалы, ХХ ғ. 20-30 жж. Орталық Комитеттің Бас хатшысы И.Сталин ол туралы 1925 жылы 29 мамырда Ақ жол газетінің саяси бағыты туралы Қазақ өлкелік комитетінің мүшелеріне жазған хатында ақгвардияшыл Мұстафа Шоқайдың мақалалары жарияланғанын айтып, болашақта бұл газетті коммунистік басылымға айналдыру қажеттігін ұсынады [1, 17]. Осылайша, кеңес үкіметінің басшылары М.Шоқайдың қызметі мен көзқарастарын жіті бақылауға алып отырған.
1935 жылы Т.Рысқұлов О контрреволюционной Алаш-Орде и ее осколках атты мақаласында Мұстафа Шоқайдың Бірлік туы газетінің редакторы болып тұрған тұста антикеңестік үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, газет беттерінде большевиктерді сынға алғаны туралы жазған [2, 332].
Кеңес тарихшылары Н.Тимофеев пен С.Брайнин де Мұстафа Шоқайдың антикеңестік үгіт насихат жұмысымен шұғылданғанын жазған-ды [2, 333].
Кейінгі кезеңде де кеңестік тарихнамада Мұстафа Шоқайдың көзқарастары мен қызметі тұрмақ, өзі туралы мәселеге орай бір ізді пікір қалыптаспай келді. Кеңестік тарихшылар И.А.Зевелов және басқалары, өзбекстандық Г.Ф.Хидоятов, қазақстандық В.П. Осипов өз еңбектерінде Мұстафа Шоқайды бас сауғалаған қашқын ретінде сипаттаған.
Ғалымдар А.И.Зевелов, Ю.А. Поляков, Л.В.Шишкинаның Басмачество: правда истории и вымысел фальсификаторов деген еңбекте М.Шоқай, З.Валидов, А.Ж.Кастанье, П.Эссертон кеңестік тарихнамада алғаш рет бастамашылықтың әлеуметтік құрамы мен құрылымын, оның түп негізін көрсетті деп берілді.
Бұл авторлардың жазуына қарағанда 1928 жылы Парижде француз тілінде бұрынғы Қоқан автономиялық өкіметінің басшысы М.Шоқайдың Орта Азиядағы Кеңестер деген еңбегі жарық көрген. Бұл Ұлы Қазан ревалюциясының түркістандық тарихы туралы жазылған тұңғыш еңбек деп ой қорытылады [3].
Соны ойға алып, кеңес тарихшысы Хидоятов Г. Правда против лжи деген еңбегінде контртөңкерісшілерде халық қолдауы болған емес деп көрсетеді: 1917 жылғы 13 желтоқсандағы ұлттық буржуазияның Ташкент қаласындағы толқуы онда олардың артында тек дін қызметкерлері, орыс ақ гварияшылары, ескі қаланың ұсақ буржуазия өкілдері тұрғандарын анық байқатты. Контртөңкерілісшілерді халық қолдамады. Қоқан автономиясының Президенті М.Шоқай біздің табысқа жетудің үміті жоқтығын алға тартатыны соның дәлелі дейді. 1917 жылы 1 қарашада Ташкенттегі билік пролетариат қолына көшеді [4, 114].
Кеңестік Ресейде Мұстафа Шоқайұлының шет жердегі қызметі туралы баяндайтын бірнеше еңбек жарияланған. Ол кітаптың біреуі Набад деп аталады, жанры тарихи романға келеді. Түркістандық коммунистерге қарсы шыққан бас көтерушілер жайлы жазылған... бұл соғыс 1918 жылдың ақпанында автономиялық үкмет таратылғаннан кейін басталып 1928 жылдың қазан айына дейін 10 жылға созылған. Большевиктер бұл соғысты басмаштармен соғыс немесе басқаша айтқанда қазақшылармен соғыс деп атаған-ды [5, 5].
М. Шоқай туралы қатаң тыйым-шектеулердің әлсірей бастауы Кеңестер Одағы құлауға бет алған 1990 жылдардың басына дөп келеді. Бірақ бұл процесс бірден жүзеге аса қоймады. М. Шоқайды халық жауынан халық қаһарманына көтерген бұл үрдіс қазақ зиялыларының өте сақ және батыл әрекеттерінің арқасында жүзеге асты.
Кеңестер билігінің алғашқы кезеңінен бастап-ақ М. Шоқай шығармаларының зерттеле бастауына, таратылуына, тіпті оқылуына тыйым салынды. Бұл тыйымға мойынсұнбағандар, тіптен оның атын атағандар қатаң түрде жазаланды. Халық жауы деген желеумен Шоқайға байланысты мәлімет оқулықтар мен энциклопедияларға кірмей қалды. Тіптен Қазақстан мен қазақ халқына қатысты барлық мағлұматтарды қамту үшін үлкен еңбек сіңіріліп дайындалған 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясында Шоқай туралы ешқандай мәліметке орын берілмеді.
Тарихи кітаптарда Мұстафа Шоқай отанын сатқан опасыз ретінде көрсетілді. Кеңес дәуірінде Қазақстанның ресми тарихи кітабы саналған Қазақ ССР тарихы атты еңбекте Түркістан автономиясына қатысты оқиға баяндалып жатқанда Шоқайдың қарсы төңкерісшіл элемент екендігіне баса назар аударылды. 1961 жылы Алматыда жарық көрген Қазақ ССР тарихы атты еңбекте Шоқайға байланысты мына жолдарды кездестіреміз. ... Сонымен қатар ағылшын империалистерінің нұсқауымен 1917 жылдың қараша айының соңында Қоқан автономиясы деген бір автономия құрылды. Бұл кертартпа - төңкерісшіл мемлекеттің ішінде өзбек буржуазияшыл ұлтшылдарымен қатар қазақ ұлтшылдары М. Тынышбаев пен М. Шоқаев орын алды деп көрсетіледі [6, 40].
Қазақ ССР тарихында орын алған осы тұжырым Кеңестердің ресми көзқарасын байқатады. Мұндай ресми кітаптар Компартияның көзқарастары мен принциптерін көрсету мақсатында, партияның мұқият бақылауымен дайындалады. Бұларда жағымсыз пікір білдірген Шоқай туралы ешкімнің зерттеу жүргізіп, әлде бір материал жариялауы мүмкін емес еді. Кеңес идеологиясы бойынша жазылған тарих кітаптары зерттеушілер мен тарихшылар үшін жөн сілтеуші бағдаршам қызметін атқарады. Олардың барлығының нәр алатын бұлағы Қазақ ССР тарихы болып табылды. Қазақстан азаматтары, әсіресе ғалымдар мен өнер қайраткерлері, сондай-ақ ақын - жазушылар мен коммунизмнің болашақ құрушылары- жастар сол кітапта не жазылса, соны қабылдауға мәжбүр болды. Сол себепті Қазақ ССР тарихында төңкерісшіл, контрреволюционер деп сипаттама берілген М.Шоқай туралы сөз қозғау әсте мүмкін емес еді.
Кеңестік Қазақстанның ресми тарихында тыйым салынған тақырып тек М.Шоқай мен Түркістан автономиясы емес, Алашорда қозғалысы мен жетекшілері туралы жазуға да тыйым салынды. Алайда Алаш қозғалысының жетекшілері билік большевиктер қолына өткеннен кейін Шоқай секілді елді тастап кетудің орнына олармен ынтымақтасуды таңдап, Қазақстан кеңестік басқару жүйесінің құрылысына маңызды үлес қосты. Олар әсіресе оқу-ағарту, ғылым мен өнер секілді салада орасан зор еңбек сіңірді. Соған қарамастан 1925 жылдан бастап Алашорда мүшелері кеңестік әкімшілік орындарының қудалауына ұшырай бастады. 1930-1932 жылдары жүргізілген әртүрлі соттарда Алашорданың белсенді мүшелері халық жауы және шетел тыңшылары деген айыптармен бас бостандығынан айрылып, жер аударылып, көбінесе өлім жазасына кесілді. Бұл соттың қармағына ілікпей қалғандар 1937-1938 жылдардағы репрессия құрбаны болды. Алашорда қозғалысы мен олардың жетекшілері туралы зерттеу жүргізіп, еңбек жазуға да 1935 жылдан бастап тыйым салынды.
Кеңестер одағында қандай да бір себепке байланысты М. Шоқайдың аты атала қалса, артына міндетті түрде жағымсыз сипатта айтылатын дағды қалыптасты. Оған көбінесе кеңестік түркі тілдес республикаларда ауыр айыптау болып табылатын түрікшіл, исламшыл, ұлтшыл немесе әлем буржуазиясының тыңшысы секілді теңеулер жапсырылды.
М.Шоқайға қарсы кеңестік үгіт - насихат 1968 жылы шарықтау шегіне жетті. Сол жылы КГБ офицері С.Шәкібаевтың М. Шоқай туралы жазған Үлкен Түркістанның күйреуі атты романы жарық көрді. Деректі роман екені алға тартылған бұл шығарма Шоқайды шен-шекпен үшін елін немістерге сатқан опасыз ретінде көрсетуге тырысты. Кеңес дәуірінде Шоқай туралы тыйым салынбаған жалғыз басылым болып табылатын бұл роман оның нацистер түрмесінен Шығыс министрі Розенбергке хат жазуымен басталады. Хатында Шоқай Түркістанды тек Германияның құтқара алатындығына сенетіндігін, сол себепті тұтқынға түскен түркі тектес кеңес әскерінен көмекші отряд жасақтап, неміс армиясына көмектескісі келетіндігін білдіреді. Осылайша Шоқайды фашистік билік астындағы Түркістанға басшы болу үшін елін нацистерге бодан етуге тырысқан сатқын ретінде көрсетуге бағытталған оқиғалар тізбегі өрбиді. Қазақстанда 1960 жылдардың соңынан бастап кеңестік идеологияның белгіленген шеңберінен асып М. Шоқай туралы айту мүмкін емес еді. Бұл жағдай 1985 жылы кеңестік биліктің басына өткен М. Горбачевтің Қайта құру және жариялылық саясатына дейін жалғасты.
Сөйтіп Қазақстанда 1989 жылдың қаңтар айынан бастап Алашорда қайраткерлеріне қатысты шындықтың бетін ашудың алдында тұрған кедергі, тыйым жойылды.
Ақырында кеңестік қазақ тарихының соңғы шындығын жұртшылық талқысына ұсынған алғашқы қадам 1990 жылы 17 мамыр күні жарыққа шықты. Батылдық көрсеткен жазушы-журналист Бейбіт Қойшыбаевтың Беймәлім тағдыр. Мұстафа Шоқаев туралы бірер сөз атты мақаласы Ана тілі газетінде жарияланды [7]. М. Шоқай секілді кеңестік режимнің қайсар қарсыласы туралы пікірталасты бастаған алғашқы мақаланың Ана тілі газетінде жарық көруі де кездейсоқтық емес еді. Өйткені, Ана тілі газеті де қайта құру туындысы болып табылды. Сонымен қоса бұл басылым 1989 жылы 21 қазанда құрылған Қазақ тілі қоғамының баспасөз органы еді. Мұстафа Шоқай туралы толықтай мақаланы 1991 жылы мамыр айында Әнуар Әлімжанов жариялады. Мақала Кеңес Одағының шаңырағы шайқала бастаған және Қазақстанның Мәскеуден өз тәуелсіздігін жариялайтын желтоқсан айына бір табан қалған кезеңге сәйкес келеді. Ә. Әлімжановтың Мұстафа Шоқай! Ол кім? атты көлемді мақаласы Қазақ әдебиеті газетінің екі санында орын алды [8]. Ә.Әлімжанов осы мақаласымен Қазақстан баспасөзінде М.Шоқайды қазақтардың көсемі, тәуелсіздік күресінің қажымас жауынгері және ұлы тұлға ретінде бағалаған алғашқы кеңестік қазақ жазушысы болып табылады.
Тарихшы П.С. Беланның Правда о Гросстуркситане и Туркистанском легионе деген мақаласында Кеңес одағы тұсында Мұстафа Шоқай және В.Каюм-ханның Түркістан Ұлттық Комитетін құру барысына тоқталды. Еңбекте М.Шоқайды кеңес үкіметіне азамат соғысы кезеңінің өзінде-ақ қарсы шыққан деп бағалаған. Ал кейін Түркістан автономиясын Қызыл Гвардия отрядтарымен жойылып, автономия лидерлері өлді, бұдан кейін Мұстафа Шоқайдың эмиграцияға ұшырау туралы жазған [9, 47].
Сонымен М. Шоқай қазақтың ұлттық мемлекетінің тарихи тұлғаларының ішіндегі ең көрнекті есімдердің біріне айналды. Шоқайға көрсетілген осы ынта-ықылас қарқынмен жалғаса бермек. Өйткені оның күресі мен идеялары Қазақстанның тәуелсіздік тарихының маңызды бір бөлігін құрайды.
Е.Абен, Е.Арын, И.Тасмагамбетов бастаган бip топ авторлардың құрастыруымен шыққан Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности) атты еңбектен Д.Сәтпаевтың Человек, победивший забвение атты мақаласында Мұстафа Шоқай тұлғасы жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастырылған [10]. Онда кеңестік дәуірде Мұстафа Шоқайға тағылған айыптарды атай келіп, оның қоғамдық-саяси қызметіне жоғары баға бepeдi, сонымен қатар қaзiргi таңдағы тарих ғылымындағы қарастырылып жүрген Мұстафа Шоқай мен фашистер құрған Түкістан легионы мәселесін көтеріп, жан-жақты талдау жасайды. М.Шоқайдың легионды құруға атсалысты деген пікірді терістейді.
Бүгінгі таңдағы отандық тарихнамамызда Мұстафа Шоқай тұлғасын тыңғылықты зерттеп, соны көзқарастарымен құнды зерттеулер жазып жүрген бірқатар тарихшылар мен зерттеушілердің еңбектері жұмысты жазуда пайдаланылды. Атап өтсек, Садыкова Б. М. Чокай [11], Қара А. Мұстафа Шоқай: өмірі, күресі, шығармашылығы және Түркістан легионы туралы жазған еңбегі [12], Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және М. Шоқай [13], Нүсіпханұлы А. Қайғыңды қайран қазақ арқаладым [14], Жолдасбеков М. Ел тағдыры, ер тағдыры [15], Әбдіғазиева К. М. Шоқайдың қызметкерлік негізінде жастарға патриоттық білім беру [16], Нурпейісов К. Алаш һәм Алашорда [17]. Осы аталған зерттеулерден М. Шоқайдың қызметкерік қоғамдық-саяси еңбектері толығымен қарастырылады.
Ал келесі зерттеулер негізінен баспасөз материалдары: Садыкова Б. Чокай и тоталитарный режим большевиков [18], М. Чокай как лидер наңионально - освободительного движение атты газет мақалаларында М.Шоқайдың кеңес үкіметі саясатына қарсы көзқарастары айтылады.
Қойгелдив М. Түркістанның ұлы перзенті [19], Омарбеков Т. М.Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мәселелері [20], Нүрпейісов К. М. Шоқай Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927 жж. қоғамдық-саяси өмірі туралы [21], Хасен Оралтай М. Шоқайдың шетелдегі ізбасарлары [22], Нысанбаев Ә. М.Шоқай тәуелсіздік жаршысы [23], Ахметова Ж.К. М.Шоқайдың өскен ортасы, қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы [24] атты баспасөз материалдарында М. Шоқайдың тұтас Түркістан идеясы шет елдегі атқарған қызметтері, Кеңес үкіметінің саясатына карсы көзқарастары көрсетіледі.
М.Шоқайдың Тұтас Түркістан идеясының калыптасуына, оның түрікшілдігіне ықпал еткен факторлар туралы мағлұмат беретін келесі баспасөз материалы- Жас Түркістан журналының кейбір сандарында жарық көрген Сәбит Шілдебайдың Түрікшілдік калай дамыды? атты мақалалары болып табылады [25].
Соңғы кезде М. Шоқай туралы шыққан көлемді еңбектердің бipi -Д.Кыдыралиевтің 2007 жылы Фолиант баспасынан жарық көрген Мұстафа Шоқай деген зерттeyi [26]. Кітапта М. Шоқайдың есею жылдары, дүниетанымының қалыптасуы, қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуы, Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне басшылық етуі, жергілікті тұрғындардың санасына басқа халықтармен тең құқылы өмір сүру идеясын ciңipyгe бағытталған қызметі кеңінен қарастырылған. Сонымен қатар кітаптың жартысына жуығы М. Шоқайдың эмиграциядағы кезеңіне арналып, оның бірнеше бағытта жұмыс істегені, ұлттық күрестің стратегиясы, тактикасы мен идеологиясын т.б. мәселелер туралы автор өзіндік ой түйіп соны деректер келтірген. Сонымен қатар автордың Шоқайшылдық туралы шындық, Мұстафа көтерілген шың [27], атты мақалаларының құндылығын да атап ету керек. Сонымен қатар автордың 2008 жылы жарық көрген Атымды адам қойған соң атты зерттеу жұмысында да М.Шоқай туралы, оның түрік әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтылады[28].
Көрнекті ақын Қасымхан Бегманов Мұстафа Шоқай жолымен деп аталған, қайраткердің туған жерінен бастап өмірден озғанша барған-тұрған жерлерін деректі фильм ретінде түсірді. Сонымен қатар осы атаумен кітап-альбом жарыққа шықты [29]. Зерттеудің құндылығы сонда, Стамбул, Париж, Берлин қалаларындағы М.Шоқайдың жаңа фото суреттері мен 20-30 шақты тарихи құжаттарға қол жеткізген. Осы жобаны ұйымдастырған. Жалпы зерттеуші қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін, өмір жолын зерттеуде ауқымды жұмыстарды атқарған.
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі игі бастама ретінде Мұстафа Шоқайдың Яш Түркістан журналындағы саяси ойларын көрсететін Мұстафа Шоқай. Таңдамалы 3 томдық еңбегінің жарық көруі еді. Бұл үш томдық шығармалар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі бағдарламасы бойынша шығарылған еді. Еңбектің бірінші томы 1998 жылы басылып шықса [1], екінші томы 1999 жылы баспадан шығарылды [30]. Еңбектің бірінші томында 1935 жылдың №73 санын қоса алғанда Яш Түркістан журналында жарық көрген саяси тұжырымдар енсе, еңбектің екінші томында 1936 жылдан 1939 жылға дейінгі Яш Түркістан журналында жарық көрген еңбектері жазылып, ғалымдардың ой-пікірлерімен толықтырылған. Республикамыздың белгілі ғалымдары мен жазушылары: К.Нүрпейіс, Х.Абдуллин, М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, Б.Қойшыбаев, Ә.Әлімжанов және тағы басқа шығармашылық интеллигенция өкілдері нақты деректерге жүгініп, М.Шоқайдың халқына адал, күрделі де қиын тағдыр иесі болғандығын дәлелдеуге тырысты.
Жаңа тың материалдармен толықтырылып шыққан тағы бір кітап Қазақстан тарихы шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы, шоқайтанушы К.Л.Есмағамбетовтың Әлем таныған тұлға атты еңбегінің орны ерекше. Бұл еңбекте автор М.Шоқайдың Франциядағы жеке мұрағаттық қоры, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Германия, Түркия т.б. елдердің мұрағат материалдарын, қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, түрік, поляк тілдеріндегі қолжазбаларынан алынған материалдарды пайдаланып жазған. Еңбектердің маңызды бір ерекшелігі-автордың өзіндік ой қорытулары, деректік базасының кең болуы [31]. Сонымен қатар, зерттеуде М.Шоқайдың біртұтас Түркістан идеясына назар аудартқызып, қайраткерлік болмысын сомдай білді деп айтсақ артық болмас.
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Мұстафа Шоқай туралы қорғалған диссертациялық зерттеу жұмыстарының алатын орны ерекше. Олардың қатарында Ахметова Ж.К. [32], Қыдыралиев Д.Қ. [33], Тлеубердинов Қ.А. [34] зерттеу жұмыстарын атап өту керек.
Келесі біp маңызды еңбек ұжымдық авторлар жазған, Р. М. Абдуллаев, С.С Агзамходжаев, И.А. Алимов және т.б. Туркестан в начале XX века: к истории истоков национальной независимости деген еңбегі [35]. Мұнда М. Шоқайдың өмірі, Петербург университетінде оқыған кезеңі, алғаш қоғамдық- саяси өмірге араласқан кезеңінен бастап, эмиграциядағы кезеңде Түркістанның тәуелсіздігі жолында атқарған қызметі, сонымен қатар публицистикалық қызметі де жан-жақты қарастырылған.
Түркістан халықтарының ұлтазаттық қозғалысы мен М. Шоқайдың саяси қызметінің зерттелуі туралы бірқатар құнды мәліметті біз шетел тарихнамасын зерттеп, бірнеше еңбектер шығарган М.Т Лаумулиннің еңбектерінен алдық. Зерттеушінің Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике атты еңбегінде М. Шоқайдың Кеңестер билігіндегі Түркістан деген памфлеті (1928 жыл) кеңестік Орта Азияға барып қайтқан француз коммунистерінің апологетикалық әдебиетіне жауап ретінде жазылған еңбек дей келіп, оның эссесі советологиялық ортаазиятану деп аталатын батыс саясаттану ғылымындағы жаңа бағыттың бастамасы болды деп бағалайды [36]. Автордың көрсетуінше, М.Шоқайдың еңбектері советолог- ортаазиятанушылардың деректік кешенінің міндетті бөлiгiнe айналған, ең бастысы- батыстық ғалымдар Орта Азия туралы сталиндік фальсифицирленген дәpiптeyшiлiк әдебиетіне қарсы бағытталған М. Шоқайдың сынау тәciлдepi мен әдістемесін қабылдап алған. Көбіне М. Шоқайдың арқасында батыстық әдебиетте кеңестік отаршылдық деп аталатын концепция бекінді. Оның негізінде ортаазиялық республикалар КСРО-ның отарлары және өндірістік аймақтардың шикізат көздері болып табылады және саяси құқықсыздығы туралы тезис жатыр. Әдетте бұл тарихшылар кеңестік дәуірден аймақ республикаларының жағдайының отаршылдық сипатын көрсету үшін 1917 жылға дейінгі орыс отаршылдығының билік тәжірибесіне сүйенген.
Зерттеуші М.Т. Лаумулиннің еңбегінде, батыстық тарихнамада француздық, ағылшындық, немістік, американдық зерттеушілердің XX ғасырдың басындағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихын зерттеуі кеңінен қарастырылады. Ортаазиятанушы әдебиеттердің ішінде маңызды деректердің бipi -француздық зерттеушілердің еңбектерін атап айтуға болады. Мәселен, шығыстанушы Венсан Монтейдің исламтану бойынша жазған еңбектері. Оның Кеңестік мұсылмандар деген кітабы (1957 жыл) үлкен танымалдыққа ие болды. 1950 жылдардың басында өздерін саясаттанушы ретінде танытқан, сонымен қатар кеңестік исламды зерттеушілердің көрнектілері Элен Kappep д'
Анносс пен Александр Беннигсен болды. Олардың еңбектерінде 1970-1980 жылдары Орта Азия туралы батыстық әдебиетте жетекші орын алған ұлтшылдық концепциясының элементтері кездеседі Мәселен, Э.К.Анносстың Ресей империясының мұсылмандарындағы реформалар мен қозғалыстар: 1867-1924 жылдардағы Бұхара (1965 жыл) еңбегін атауға болады. Ол 1960 жылдары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Түркістан тарихының түрлі аспектілерін камтыған көптеген мақалалар жариялады. 1967 жылғы Орта Азия. Орыс билігінің жүзжылдығы деген ұжымдық еңбекте зерттеуші 1865 жылдан 1924 жылға дейінгі Түркістан тарихын концептуалды қамтыған 5 тарауды ұсынды [36, 33-35].
Танымал француз саясаттанушы, әpi тарихшы А. Беннигсен 1950 жылдан бастап 40 жылдай уақыт KCPO мен Ресейдегі ислам, жадидизм қозғалысы, Түркістанды орыстардың отарлау тарихы, большевиктік Ресейдегі мұсылмандықтың рөлі сияқты тақырыптарды қарастырған 200-ге жуық еңбектер жазған. Ic жүзінде оның еңбектері Орта Азия мен Қазақстанның кеңестік дәуір мен оған дейінгі өлке тарихының барлық аспектілерін қамтиды. А. Беннигсеннің Ш. Лемерсье -Келькежеймен бipгe 1966 жылы жазған Пресса и национальное движение мусульман России деген еңбегінде 1900- 1920 жылдары түрік тілдеріндегі басылымдардан ауқымды материалдар қолданған [36, 16]. Беннигсен мен оның әріптестері (Ш. Лемерсье -Келькежей Франциядан, С. Эндерс-Уимбуш пен М. Броксап Англиядан, П. Хенце АҚШ) ұлтшылдық концепциясын негіздеген. Лемерсье -Келькежейдің еңбектері қазақстандық зерттеуші Б. Садыкованың М. Шоқайга қатысты зерттеулерінде де қолданылған. М. Шоқайдың 1928-1935 жылдары кеңестік публикацияларға берген күшті қарсылығын 1959 жылғы француз зерттеушісі Марсель Эгретоның Кеңестік Шығыс деген еңбегі жалғастырды [36, 18].
Ағылшындық зерттеушілердің қатарында Ұлыбританиялық Ортаазиялық зерттеу орталығының директоры және Среднеазиатское обозрения журналының бас редакторы Дж. Уилердің кызметі де маңызды. Оның 1952- 1970 жылдары жарық көрген аталмыш журналында Орта Азия мен Қазақстанның аталған кезеңдегі жағдайы туралы түрлі аналитикалық және статистикалық материалдар жарық көрген. Материалдардың негізгі бөлігін Э.Шихи, Л. Ботт, Дж. Шапиро, Д. Уильяме дайындаған, сонымен қатар онда британдық емес авторлардың Э. К. Анкосс және өзбек Б. Хайттың еңбектері де жарияланған. Уиллер өзінің кеңестік оппоненттерімен де (қазақстандық тарихшы Г. Дахшлейгермен) дауласады [36, 23].
Ерекше атап өту керек, 1980 жылдардың ортасында Оксфорд университетінің жанындағы Орта Азияны зерттеу бойынша қоғам Орта Азия мен Қазақстанның тарихы бойынша деректерді қайта басып шығаруды қолға алды. М. Шоқайдың Кеңестер билігіндегі Түркістан, Т. Рыскұловтың 1916 жылғы қозғалыс, Қазақтар орыстар туралы деген жинақтар сериясын шығарды. Бұл серия патшалық режимнің өмір сүрген соңғы онжылдығындағы түркістандық тарихтың бұрқасынды оқиғалары мен большевиктік дәуірдің алғашқы жылдарына деген үлкен қызығушылықты тудырды.
М. Шоқай тұлғасын зерттеуде маңызды орын алатын Германияда 1940 ж аяғы-1950 жж. басында Шығыс Европаның тарихын зерттеуге деген құлшыныс пайда болды. Бұл жерде ең көрнекті кеңестанушы, шығыстанушы-түркологтар деп Г. Симон, Б.Шпулердің атап өту керек. Сонымен қатар бұл қатарда соғыс басталғанда тұтқынға түсіп, кейін Түркістан легионына кірген және соғыстан кейін Түркістан туралы ондаған еңбектер жазған өзбек Б. Хайтты да айта кету керек. 1920-1930 жылдардағы Германияның ғылыми тарихын айткан кезде, Германияның шығысында жаткан территорияларды, оның ішінде кеңестік Туркістан республикаларын да зерттеуге бағытталган 1925-1939 жылдары шыққан Остойропа (Шығыс Еуропа) журналы маңызды орын алады. Журналдың алғашқы редакторлары- Кеңестік Орта Азияны зерттеушілер (О.Хецш, К. Менерт), ал авторлары -неміс түрколог және шығыстанушылары (Г. фон Менде, И. Бенцинг, Г. Клейнов), түрік ұлттық шеңберінің өкілдері (Хаким бей, У.Темир, Арслан Субутай) болды. Бұл журналда жарияланған материалдардың көбісі КСРО-дағы мұсылман республикаларына қатысты большевиктік доктринаны түсіндіруге ұмтылған Түркістан туралы материалдар болды. Олардың арасында Г. фон Менде жазған Ресейдегі көрнекті түрік саяси қайраткерлерінің (И. Гаспринский, Ю. Акчура т.б.) тарихи портреттерін айтуға болады. 1936 жылы Герхард фон Менденің Ресейлік түріктердің ұлттық күpeci деген еңбегі, Түркістан халықтары өз тәyeлciздiгi жолындағы күресте деген Иохан Бенцингтің (1937ж) еңбегі жарық көрді [26, 35-36]. Бұнда Бенцинг Орта Азия мен Қазақстандағы азаттық күресті 1824-1916 жылдар аралығында қарастырып, үш бөлікке бөледi. Г. фон Менде ол кезде мемлекеттік аппараттағы ipi қызметте болып, тіпті Шығыс бөлімнің CIM басқарған. Оның ізбасарлары және қызметтестері түркістандық ұлтшылдар Баймырза Хайт пен Уәли-Каюм хан болған. Соңғысының есімі М. Шокайдың қазасына қатысты көп деректерде күдікті ретінде айтылады. Осы жерде зерттеуші М.Т Лаумуллин мынадай мәлімет кeлтipeдi: 1930-1940 жылдардағы Германияның ғылыми- публицистикалық өміріне келсек, ол қазақ эмигранты М. Шоқайдың атымен тығыз байланысты. Ол Берлинде екі газет Яны Туркестан (1927-193 жж) және Яш Туркестан (1929-1939) және өзбек саяси кайраткері Уәли Каюм ханмен, Милли Туркестан (1942-1944) және Милли Әдибиет Туркестан (1943-1944) шығарған. 1941 жылы екі ұлтшыл да Г. фон Менденің қатысуымен Түркістан легионын құру бойынша жұмысты басқарған [36, 37]. Бұл мәліметке сын көзбен қарау керек, ceбeбi легионның 1941 жылдың қай айында құрылғандығы туралы нақты мәлімет көрсетілмеген. Сонымен қатар легиондар М. Шоқайдың қазасынан кейін құрылған болатын. М. Шоқай туралы Мария Шоқайдың естеліктерін оқығанда М. Шоқайдың Уәли Каюм ханға сенімсіздікпен қарағаны айтылады [37, 15 б.]. Сондықтан М. Шоқайдың фашистерге қызмет етуден бас тартқандығын ескерсек, бұл пікірдің негізсіздігін көруге болады. Осылайша Орталық Азияға қатысты ғылыми-зерттеу қызметі фашистік Германияда Үшінші рейхтің әскери және стратегиялық мақсаттарымен тығыз байланысты болған, сәйкесінше немic құрылымдарының ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі бағытталған. 1939 жылы Берлин университетінің жанындағы Шығыс институты армия мен спецқызмет үшін мамандар даярлаған.
Американдық шығыстанушылардың қатарында Орталық Азия мен Қазақстанның тарихына қатысты көлемді зерттеулер жүргізген Денис Шинор, М. Ривкин, Э. Эллуорт, Г. Парк, М. Б. Олкотт т.б. айтуға болады. Мысалы, Г.Парктің Большевизм в Туркестане атты еңбегінде 1917-1927 жылдардағы Түркістан өңіріндегі оқиғалар баяндалады. Ал 1980 жылдары Қазақстан туралы зерттеулер Марта Брилл Олкоттың есімімен тығыз байланысты. Ол 1975 жылдан бастап кеңестік кезеңдегі Қазақстанның тарихына қатысты бірқатар еңбектерін жариялаған, ал 1987 жылы жарық көрген Қазақтар атты монографиясында кеңестік халықтардың ішінде қазақтарды Батыс үшін барынша танымал халық ретінде бағалайды [36, 47].
Соғыстан кейінгі жылдарда үлкен танымалдыққа ие болған адам- өзбек Баймырза Хайт. Ол соғыс кезінде тұтқынға түсіп, кейін Түркістан легионына кірген. Соғыстан кейін ол Батыс Германияда қалып, Мюнхен университетін аяқтап, Г. фон Менденің жетекшілігімен Алашорда және Қоқан автономиясының тарихы бойынша диссертация қорғаған. Б. Хайт 1950-80 жылдары табысты кеңестанушы ретінде танылған, оның еңбектері ГФР, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркияда жарық көрген. Ерекше танымал болған кітаптары: XX ғасырдағы Түркістан (1956 ж), Түркістан өлкесіндегі кеңес- орыс саясаты (1962 ж), Ресей мен Қытай арасындағы Түркістан (1971) т.б. [38]. Ол 200-дей еңбектің авторы, олардың негізгі мазмұнында кеңестік отаршылдық теориясы жатыр. Алайда оның шектен тыс обьективсіздігі кеңестік және батыстық тарихшылардың тарапынан сынға ұшыраған.
Сонымен М. Шоқай қазақтың ұлттық мемлекетінің тарихи тұлғаларының ішіндегі ең көрнектi есімдерінің біріне айналды. Шоқайга көрсетілген осы ынта -ықылас қарқынмен жалғаса бермек. Өйткені оның күpeci мен идеялары Қазақстанның тәуелсіздік тарихының маңызды бip бөлігін құрайды.
Сонымен қатар, Анкара университетінің профессоры Әбдулақап Октай есімін құрметпен атаған жөн. Ол 1942 жылы Мұстафа Шоқайұлының қайтыс болуына орай Ыстамбул қаласында Мұстафа Шоқай альбомын даярлап, басып шығарды. Ал 1950 жылы олар Мұстафа Шоқайұлының туғанына 60 жыл толуына арнап Түркістан ұлттық қозғалысы және Мұстафа Шоқай деген кітап даярлайды. Міне осы азаматтардың және Т.Шағатайдың жары профессор С.Исхакидің тікелей басшылығымен 1972 жылы Мұстафа Шоқайдың естеліктері және 1988 жылы Мәриям Шоқайдың естеліктері жеке кітап болып жарық көреді [34, 8].
Мұстафа Шоқай мен Мәрия Шоқайдың естеліктерінен тұратын кітап соңғы рет қазақ тілінде Түрік дүниесін зерттеу орталығы жетекшісі Тұран басып шықты. Естеліктердің бұл жолғы басылуына да Хасен Оралтайдың қосқан үлесі зор.
Ал 1997 жылдан бастап Ыстамбул қаласындағы Түркістан, Еділ-Орал қоғамы Яш Түркістанның факсимилілік нұсқасын жариялауды қолға алды. Көп томдық бұл басылымның алғашқы екі томы Тюлай Дуранның сөзі және Тимур Қожағының даярлауымен жарық көрді. А.Оқтайдың Қазақстандағы түрікшілдік және халықшылдық атты кітабы Ыстамбул қаласында басып шығарылған болатын. Мұнда Мұстафа Шоқайдың шетелге кетуі және ондағы іс әрекеттері көрсетіледі [34, 7].
М.Шоқайдың кейбір ізбасарлары Азаттық радиосының Түркістан бөлімінде істеді. Олар және оларға Түркиядан барып ізбасар болған, жаңа буын шоқайшылдар 1953 жылдан 1994 жылдың 27-желтоқсаны, яғни Мұстафа Шоқайдың қазасының 53-жылына дейін толық 41 жыл бойы оның Азаттық радиосы арқылы арнайы бағдарламалармен үздіксіз еске алып отырды - дейді Хасан Оралтай. Ол М.Шоқай туралы жазған Мұстафа Шоқайдың шетелдегі ізбасарлары атты мақаласында оны ұлтшыл азамат, туған елін жат-жұрттық езгі қанаудан құтқарып, талан-таражға түскен жер-суын, игілігін өзіне қайтарып беруді, сондай - ақ халқын оқу-ағарту мен жалпы шаруашылық саласында да алға бастырып , оның ауыр жағдайын жеңілдетіп, жақсартуды сонау өзінің студенттік кезеңінде-ақ басты арманына айналдырғанын баса айтады [22]. Зерттеу жұмысының тағы бір негізі деп бұл автор Мұстафа Шоқайдың Петербордағы өзі сияқты басқа түрік тұқымды мұсылман халықтары жастарымен жиі кездесіп, әңгімелесуінде туындаған көзқарастары арқылы көрсетеді. Олардың қатарында кейін Башқұртстанның ұлттық үкіметінің бастығы және әлемге әйгілі тарихшы ғалым болған профессор Ахмет Зәки Уәлиди Тоған да бар еді.
Қорыта айтқанда, Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы кеңестік дәуірде де, отандық және шетелдік тарихшылармен көптеген еңбектер жазылды. Дегенмен, Мұстафа Шоқайдың мол тарихи мұрасын әлі де жинақтап, жүйелі зерттей отырып, оны ұлт игілігіне айналдыру, жаңа қоғам құрып жатқан белсенді іс-әрекетімізде ұтымды пайдалана білу-біздің парызымыз. Өйткені, М.Шоқайдың есімі қоғамымыз демократиялық ұстанымда ілгері жылжыған сайын шамшырақтай жарқырап, халқына қызмет етіп, оның жер бетінде қазақ барда мәңгі өлмейтін саяси идеялары мен ой-пікірлері бүгінімізді байытып, келешегімізді кемелдендіре түсері сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысында алдымызға қойған мақсат: М.Шоқай еңбектеріндегі тарихи көзқарастары мен сол замандағы тарихи үрдістерді тарихи талдау негізінде қарастыра отырып, оның эмиграциядағы қоғамдық-саяси қызметін зерттеу. Зерттеу жұмысының мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру басшылыққа алынды:
М.Шоқайдың туған ортасын, оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған жағдайларға талдау жасау;
Мұстафа Шоқайдың әртүрлі жарияланымдарда басылып, белгілі тарихи оқиғаларға баға берген көзқарастарын талдап, сараптама жасау;
Мұстафа Шоқайдың көзқарастары арқылы 1917-1930 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайға сараптама жүргізу;
Қазақстандағы 1917-1930 жылдары аралығындағы саяси оқиғаларға Мұстафа Шоқай көзқарасы арқылы баға беру;
Мұстафа Шоқайдың публицистикасын, халықаралық саясат сарапшысы ретіндегі қызметін көрсету;
М.Шоқайдың эмиграциядағы қоғамдық-саяси қызметін бағалау, зерттеу;
Мұстафа Шоқай тұлғасы мен Түркістан легионы мәселесінің арақатынасын анықтау.
Мұстафа Шоқайдың 1918-1941 жылдардағы эмиграциядағы қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасу кезеңдерін, оның көзқарастарын тарихи-теориялық тұрғыдан қарастыру зерттеу нысаны болып табылады.
1917-1941 жж. аралығындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мәселелерінің, кеңес үкіметінің саясатының Мұстафа Шоқай еңбектерінде бағалануы, қарастырылуы және ұлт күрескерінің эмиграциядағы қызметі осы жұмыстың зерттеу құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың деректік негізі. Жұмыстың негiзiне тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жарық көрген Мұстафа Шоқайдың еңбектері, жеке зерттеулері және баспасөз материалдары алынды. М.Шоқайдың Туркестан под властью Советов, Түркістанның қилы тағдыры, екі томдық Таңдамалы шығармалар жинағы, Мария Шоқайдың Я пишу Вам из Ножана атты еңбегі негізгі дерек көздері болып табылады. Сонымен қатар, соңғы кездегі М.Шоқай мұрасын зерттеп жүрген бірқатар тарихшылар мен зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Атап өтсек, А.Қара, Б.Садыкова, М.Қойгелдиев, А.Нүсіпқанұлы, М.Жолдасбеков, Х.Оралтай, К.Нүрпейісов, Д.Қыдырәлі және басқа да зерттеушілердің еңбектері. Деректердің келесі бір үлкен тобын баспасөз материалдары құрайды. Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастары мен эмиграциядағы қоғамдық-саяси қызметі туралы жарық көрген тарихшылардың, зерттеушілердің, жазушылардың мақалалары да тақырыпты зерттеуде маңызды орын алады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін проблемалық, тарихилық, объективтілік, әлеуметтік жүйелеу, талдау, логикалық принциптер мен әдістердің қолданылуы шынайы ақиқатқа жетудің басты шарттары ретінде саналып, еңбекте кең қолданылды. Сонымен қатар, тақырыптың мазмұнын ашуда объективтік принцип басшылыққа алынды.
Осы жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Нақты деректер негізінде М.Шоқайдың көзқарастарының қалыптасуы мен дамуын тарихи негіздерін обьективті шындық тұрғысынан қарастыра отырып, эмиграциядағы қызметіне баға берілді;
Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, алғашқы тарихи сабақтары, саяси көзқарастарының қалыптасуы мен дамуының тұтас, жан-жақты қарастырылуымен айқындалады.
Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы. Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы қоғамдық-саяси қызметін зерттеу арқылы ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы кеңсе үкіметінің саясатын тарихи шындық тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, бір тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Мұстафа Шоқайдың қоғам қайраткері ретінде саяси көзқарасының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Мұстафа Шоқайдың өмірі мен саяси қызметі: негізгі кезеңдері
Қазақ халқының, жалпы түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың өмір жолы бүгінгі таңда бірқатар тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арқау болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бері қайраткердің азаттық күрес жолындағы сіңірген еңбегіне әділ баға беру мүмкіндігі туып отыр.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең - балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен әсер етті. Мұстафа Шоқай Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) үйезінде дүниеге келді. Тегі-орта жүздегі Қыпшақ, әкесі Шоқай дәулетті, мәдениетті, білімді, елге танымал, беделді адам болған. Ол баласы Мұстафаны әуелі отбасында білімге өзі ұмтылдырған. Бала Мұстафа сауатын ауылда мұсылманша ашып, кейіннен орыс мектебіне барады. Онан кейін Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы өте үздік бағамен бітіреді және алтын медальға ұсынылады. Бірақ генерал Самсонов алтын медальды орыс баласы Зепреметовке жазады. Ал Зепреметев алтын медальды Мұстафаға берілуі тиіс деп, өзі күміс медальді алған [12, 16]. Бұл оқиға Мұстафаның қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді.
Мұстафа Шоқай дүниеге келген Түркістан өңірі ХХ ғасырдың басында орыс отаршылдығының барынша қыспағын көріп отырған еді. Бұл жергілікті халықтың шаруашылық, әлеуметтік, саяси жағдайынан көрінді. Бұндай әділетсіздікке халықтың қарсылық көрсететіндей күш-қауқары болмады. Осының бәрін жасынан көріп-сезінуі қайраткердің ұлтшылдық, түрікшілдік, азаттық идеяларының қалыптасуына негіз болды. Бұған дәлел, 1929 жылы шыға бастаған Жас Түркістанның бірінші санында ол былай дейді: Атамекеніміз отаршылардың тепкісінде жатқанда, ішкі саясаттың мәселелері екінші планға ығысады. Атамекенді құтқару жолындағы күрес бірінші планға шығып, маңдай алды міндетімізге айналады. Біздің ұлтшылдығымыз Түркістанда ұлттық өкіметтің үстемдігінен басқа ешбір күшті мойындамау негізінде құрылған, бізге түрі де, мазмұны да ұлттық мемлекет қажет[1, 14]. Қазақтың ғана емес, барша түркі халқының азаттығы оның өмірлік арман-мұраты болды.
Шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, Абдуақап Қараның көрсетуінше, Ташкентте лицейде оқып жүргенде Түркістанның түрлі аймақтарынан келген әділетсіздікке ұшырағандардың шағымын біліп, құқығын қорғау үшін Мұстафа Шоқай оларға аудармашы болып көмектескен. Осылайша ол Түркістан губерниясы әкімдері мен жергілікті халық арасындағы негізгі проблемалармен етене танысқан. Осыған байланысты Түркістан генерал-губернаторы Самсоновпен бірнеше мәрте кездескен [12, 18] Демек, М.Шоқайдың саяси өмірге араласуы осы кезеңнен басталады деуге толық негіз бар.
Аталған кезеңде қайраткердің рухани салада өсіп кемелденуіне башқұрт ұлтының атақты ғалымы, фольклорист Әбубәкір Диваевты, неміс текті атақты ғалым, шығыстанушы В. Вадловтың ықпалы болғанын айту керек. Мәселен, 1937 жылы жазылған өзінің Радлов хақында деген мақаласында В.Радловпен 1910 жылдан таныстығын, оның орысшылдығын және сол орысты жек көретіндігін, түріктанушы ретінде түрік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz