Жамбылдың өмір жолы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Еуразия Ұлттық Университеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жамбылдың саяси өлеңдері және саяси тапсырыс

Орындаған: 5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіруші
Ерболат Дамыс

Жетекшісі: Болат Қорғанбеков,
филология ғылымдарының кандидаты,
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.

Кафедра меңгерушісі: Қайырбек Кемеңгер
2021 ж
Жұмыстың тақырыбы: Жамбылдың саяси өлеңдері және саяси тапсырыс
Жұмыстың көлемі: 50 бет
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жұмыстың зерттеу әдісі: Диплом жұмысында талдау, баяндау,топтау, сараптау әдістері қолданылады. Сыни сипаттау, астарлы жеткізер ой, шеберліктің поэтикалық салмағын зерделеу әдісі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Бұл жұмыста Жамбылдың қазақ поезиясындағы ақындық тұлғасына тән қасиеттерін жүйелі турде жан-жақты талдаулар жасауды мақсат еттім. Зерттеудің негізгі міндеттері ретінде алғашқы орынға қоятын мәселелер:
1. Шығармаларының мәтінін негізге ала отырып Жамбылдың ақындық мұрасының халық өнерінің заңды жалғасы екендігін таныту
2. Өмір құбылыстарын шыншылдықпен, сыншылдықпен жырлаудағы зар заман ақындарымен үндестігін айқындау.
3. Ақынның өз заманында халықтың жан айқайымен қоса халықтың рухы үшін шығармалар жазғанын дәлелдеу.
4. Жамбылдың саяси өлеңдерінің астарын айқындау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, іштей жіктелген параграфтары бар үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыста қолданылған дерек көздері: Ғылыми еңбектер, мақалалар,сыни талдаулар.

Жоспар
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Жамбылдың өмір жолы
2. Жамбылдың саяси тақырыптағы өлеңдеріне талдау
3. Жамбыл шығармаларын зерттеудің қазіргі жай-күйі

III. Қорытынды

Негізгі бөлім:
I. Жамбылдың өмірі мен өнері
Жамбылдың туған жері Жамбыл обылысындағы Жамбыл тауының баурайы. Топырақ бұйырған жері Алматы обылысының Ұзынағаш елді мекені еді. Шыққан тегі, руы арғы тегі Ұлы жүр Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Тегі-кедей шаруа, жастайынан діни білім алған, шала молданың ісіне шыдамаған Жамбыл оқуын ерте тастап кеткен. Бойындағы таланты білімді қажет етпеген Жамбыл, қаршадайынан өлең-жырға, шешендік сөзге әуестеніп өскен.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен елге танылып, бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға бөлеп, көршілес Қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген еді. Осы кезде өнері жалындап тұрған, дарыны жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлділі Сүйінбай ақынға жолығып, оның арқалы өнеріне ден қойып батасын алып қайтқан. Менің пірім-Сүйінбай деген сөзі Жамбылдың кімді үлгі тұтатынын сездірген еді. Бала Жамбылдың ақын ретінде қалыптасуына қарт Сүйінбайдың ықпалы мол. Ұстазы мықтының ұстамы мықты деген қазақтың сөзі дөп келетіндей. Жамбылға Сүйінбайдың берген кеңесі Балам, өлеңің жүректің терең түпкірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен әділдікті айтатын болсын. Жырлардың ел ішіне кең жайылып, ауыздан-ауызға таралып жүрсын. Балалардың әбден жауып қылып таптап кеткен жеңіл жолын іздеушы болма- деген мағынасы терең, өмірлік жолды айқындауға берер шамшырақ екенін сезіндім. Сүйінбайдай текті адамнан терең мағыналы, астары мол кеңес естіген Жамбылды ірі тұлғалар қатарына қоспау әбестік екенін байқадым.
Жамбыл содан бастап өлең шығаруға жауапкершілікпен қарауды мақсат еткен. Тойынғанның толғауы немесе еріккеннің ермегі емес екенін, ақынның өлеің ол халықтың атынан сөйлер. Халықтың мұқтаждығын жеткізер хаттай, халықтың рухын көтерер жалынды сөздер еді. Жамбылдың бұны түсінгенін алғашқы өлеңдерінен байқауымызға болады. Бай манаптарлы, би болыстарды әжуалап бастаған өлеңдері еді.
Жамбыл қазақ әдебиетін мол қызынасынан көп дүние үйреніп, өзінің төкпе ақынға лайықты шеберлігін жетілдіре берді.

Арғы аталары дәулетті болғанымен Жамбылдың әкесі Жапаға шаруа қонбаған. Тарихи деректерде жыр алыбының әкесі туралы: Шоқпыт шапанды көшпенді кедей болған,- деген сипаттама бар. Мен киіз үйде өстім сол кездегі барлық қазақ балаларындай меніде көшкенде бесінмен ала жүрді- деп,кейін балалық шағы туралы естелік айтқан Жамбыл Жабаевтың сөзіне қарағанда қоңырқай тірлік кешкен. Қой, қозы бағуға құлықсыз Жамбыл өнер, ән десе аңсары ауып жапан түзде домбырамен сырласты. Ән салған бала Жамбылдың дауысынан Хан,Байқара, Жамбыл таулары жаңғырып, өзі ән айтқан сайын жігерлене түсетін. Өнерге құштар баланың дүмше молдадан сауат ашуға ниеті де болмады. Есесіне қарттар қауқалдасқан бас қосуда той кештерде сауық құған ортадан Жамбыл қалмайды екен. Ес біліп етек жиғалы ел аралаған сал серілердің айтыс ақындардың алдын көріп өсті. Мырзатай Жолдасбеков Жамбыл туралы: Қазаққа даңқы асқан Мәйкөт сияқты, Алпамыс эпосты жырлаған Құлмамбет сияқты үлкен ақындар Жамбылға қасынан орын берген. Осы өнер иелерін Жамбыл пір тұртқан. Ал, Жамбылдың негізгі пірі Сүйінбай еді-деген пікір білдіреді. Бұл пікірден Жамбыдың елге сыйлы екенін байқай аламыз. Жамбыл әкесіне дастархан басында өзінің қой бағып, иен далада ұйықтап қалғанында көрген түсін баяндайды: Әке, мен түсімде Сүйінбай ақсақалға ұқсайтын Қыдыр ата сияқты ақсақал еніп маған: Өлең аласың ба? Көген аласың ба? Деп сұрады . Мен өнер аламын деп жауап қайтардым дейді. Сонда Жамбылдың әкесі: Балам, елде 50 бақсы, 80 ақын деген сөз бар. Сол да жетеді бізге. Сен 81 болып қайтесің. Ақынның түбі қайыршылық. Бақсының түбі жын дейді. Жын жинап, бақсы болып ел кезгенше,оданда мал бақ балам деп өнерге қарсылығын білдірген деседі. Сонда бала Жамбыл әкесіне:
Батаңда маған бер әке,
Тіліме менің ер әке.
Жапаның ұлы ақын боп
Жақсы істепті дер әке
Домбыра алып сөйлейін
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң,
Елде болар береке.- деген өлең жолдарымен жауап қайтарған екен.
Баланың тегіне тартатыны рас қой. Жамбылдың туған нағашысы Қанадан Жетісу өңірінде танымал қобызшы әнші болған. Сол себепті Жамбыл әнге елтіп, ағаларынан домбыра тартуды үйреніп өнерге үйірсектік кейін даңғыл жолға айналды. Бөлтірік шешеннің де Жамбылды бір көргеннен танып:
Атың Жамбыл болса,
Көкірегің даңғыл болар.
Шырғалаңнан сөз келсе,
Шырқаушың түбі өзің боларсың-деген екен. Шешеннің Жамбылдың болашағын тани алуының өзі бізге Жамбылдың дана болғанын дәлелдейді.
Жамбылдың сүйген, ғашық болған құрбысы Бұрым Сұлу. Бұрыммен Жамбыл бір тойда тансып айтысады. Көпшіліктің көзіне түскен Бұрым көркінен кейін тамаша ақындығымен Жетісуға танымал болды. Жамбыл мен Бұрым айтыса жүрып талай кезесіп бір-біріне ессіз ғашық болады.
Нұрдәулет Ақыштың Жамбыл туралы әңгімесін тыңдасам: Айқым деген елдің Қыдырма деген кісінің қызы болған. Көрікті, жақсы қыз болғанан Жамбыл ұнатып, отбасы құруға ниеттенеді. Бірақ, не істейм?- деп, ойланады. Себебі, Бұрым атастырылып қойған еді. Бірақ, ғашықтық сезім жүрегін албыртып бара жатқаннан кейін,Жамбыл қызды алып қашуға бел байлайды. Атастырылған қызды алып қашу екі ел, ру арасындағы қайшылыққа себепкер болатынын білеміз. Жамбыл Бұрым сұлуды Сарыбай ауылына алып келеді.
Жер дауы мен жесір дауы қашанда қазақ ортасына салмағы болған, бір-біріне кезінде өкпелесіп қырық бөлініп кеткен Екей деген іргелі елдің басын Сарыбай қосқан еді. Дәл осы тұста айттырып қойған қызды Жамбылдың алып қашуы тағы да араздыққа себеп болады. Ауылдың ақсақалы Жамбылға: Балам, айттырылған қызды алып қашуыдың аяғы немен аяқталатынын білесің. Баласы қызымызды алып қашты,қайдан тапса одан тапсын, болмаса қолдасамыз ба, жауласамыз ба деген талабын естіп келдім. Жастықпен қызды қайтармай деп шорт кесіп айтып отырсың. Екей енді ғана ел болып келе жатыр еді тағы да бүлінеді, қыздың қайын жұрты ауқатты, айбарлы айтқанға көнбейді. Екіншіден, әкеңің аз ғана дәулетіне кесірің тиеді. Түгін қалдырмай шауып әкетем деп отыр. Атаң атастырған қалыңдығыңды ал, болмаса осы ауылдан таңдаған қызыңа жіп тақ. Өзім-ақ алып берейін - деген ақсақалдың ақылына көндіккен Жамбыл Бұрымды ауылына қайтарады. Бірақ, еліне қайтарғанмен Жамбылдың жүрегінде қыздың бейнесі қалып қояды. Жамбылдың сол қызға арнап шығарған біраз өлеңдері болған. Біразы жеткен. Сол жеткен өлеңінде,Жамбыл былай деген екен:
Айырылдым арманменен қайран Бұрым,
Айдай толықсыған аппақ жүзің.
Адастып, шалыс бастым қадамымды,
Білмедім жаны ашымас аға сырын. - дейді. Бұрымға деген сезімін осылай өлең шумақтарымен жеткізген. Жалпы, Жамбылдың әйелдер қауымына шығарған өлеңдері біршама болуы керек, бірақ ауыз әдебиеті болғаннан кейін бізге жетпеген. Дәл осы тұстан менің бір байқайтыным бұрынғының адамдардында сөз бостандығы болғанменен, қыз бостандығы болмағаны.Еріксіз тұрмысқа беріп, махаббатсыз бөтен ерге атастыру, қыз болашының бақытсыздығына баспалдақ деп сенемін. Қыз бақыттыз болса, қыздың көз жасы төгілсе оның өтеуін ұлт арқалап кетеме деген де қорқыныш бар.
Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі 90 жастан асқан кезге келді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның мәдени он күндігі шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз болған бұл мәдениет күндеріне жыр алыбы Жамбылдың жұлдызы жанды, абройы асқақтады. Жамбыл осы жылы Еңбек Қызыл ту оренімен марапатталды. Басылымдар сол кезде қарт Жамбыл туралы қайта-қайта жарыса мақала жазып жатты. Өнер өлкесінде аброй атақтан бөлек қызғаныш дейтін іштарлықтың қатар жүретіні бар емес пе, Ресейге баратындардың тізімі жасалып, бата тілекті мерекенің ашылуын Жамбыл жасайды дегенде бәс біреулер Мәскеуге домалақ арыз жөнелтіпті. Жамбыл ешқандайда ақын емес, жыршылығы да күманды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жүрегі жүз жыл жырлаған Менің пірім — Сүйінбай..
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жыр алабы - Жамбыл
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл - айтыс өнерінің шебері
Пәндер