Зиян келтірудің түрлері
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ МЕКЕМЕСІ
ҚОҒАМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТАР ПӘНДЕРІНІҢ ПӘНДІК БІРЛЕСТІК КОМИССИЯСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: ҚР Азаматтық құқық
Тақырыбы: Зиян келтіру салдарыннан туындайтын міндеттемелер
Орындаған:
Дютқ-1901 тобының студенті
Абдыкаримова М.
Жетекшісі:
Құқық пәндерінің оқытушысы
Альмухамбетов Ж.
Нұр-Сұлтан, 2020-ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...4
1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ..11
2.ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫННАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 2.1 Зиян келтіру салдарынның түсінігі, ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Зиян келтірудің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...27
КІРІСПЕ
Тақырыптың негізгі мақсаты- зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен манызын, пайда болу шарттарын, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік. Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқыктық жауапкершіліктабылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:
1)құқыққа кайшы іс-әрекет(әрекетсіздік);
2)зияннның болуы:
3)тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың(зиянның) арасындағы себеп ті байланыс;
4) кінә.
Зиян келтіру қағидасының артықшылығы -- ол кредитордың (жəбірленушінің) мүддесін максималды түрде қамтамасыз етеді, ал кемшілігі -- ол бұны кінəсіз тараптың (борышқордың) есебінен жасайды. Əңгіме шарттық жауапкершілік туралы болғанда зиян келтіру қағидасы сөзсіз үйлесім табады, əсіресе кəсіпкерлік міндеттемелер аясында, өйткені кінəсіз жауапкершілік кəсіпкерлікке тəн тəуекелділікке сүйенеді, ал деликтілік жауапкершілік үшін ол тиімсіз болады. Себебі деликтілік міндеттемелер азаматтық құқықтық қатынастардың ерекше түрі, өйткені олар шарттан емес, бір тұлғаның екінші тұлғаға зиян келтіру фактісінен туындайды. Осыған байланысты деликтік міндеттемелердің жария-құқықтық қатынастармен ортақ тұстары көп, өйткені оның туындау негізі болып деликт (құқық бұзушылық) есептеледі, бұл жағдайда деликтік (азаматтық-құқықтық) жəне жария (қылмыстық-құқықтық жəне əкімшілік-құқықтық) құқықтық қатынастар бірдей туындай бермейді. Сондықтан да кінə қағидасынан толығымен бас тарту дұрыс болмаған болар еді .
1 АЗАМАТТЫҚ -ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Азаматтық -құқықтық жауапкершілік түсінігі
Азаматтық құқықтық жауапкершілік-шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі. Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі -- міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі -- құқық бұзу
шы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі -- шығын келген тұлғаны мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің формасы ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпенжауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
Егер борышқор несие берушіге хабарлап, алайда зиян несие берушінің кінәсінен болса, борышқордың жауапкершілік мөлшерін азайтуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту азаматтық құқық нормаларының санкциясын іске асыру кызыметін атқарады.
Құкық бұзушылық үшін жауапкершілік, біріншіден, борышқордың міндеттемені орындауға ықпал етеді; екіншіден, оның тиісінше орындалмағаны немесе орьндамағаны үшін жазалайды; үшіншіден, несие беруші келтірілген зиянды өтеу үшін міңдеттемеге қатысады; төртіншіден, осындай шығындарды өтейді; бесіншіден, басқа тараптардың көз алдында борышқордың тәртіпсіздік фактілерін әшкерлейді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мына жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
А) несие берушінің талабын қанағаттандырып борышқордың жауапкершілікті өз еркімен өтеуі;
Б) жауапкершілік мөлшерін келімсіз тәртіпте ұстайтын несие берушінің бір жақты әрекеті:
В) міндеттеменің тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін борышқорға кұзіретті органдардың жауапкершілікті орындатуға шығарылған шешімі.
Шығынды өтеу -- азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптын екінші тараптың адцында жауапкершілікте болуын көрсетеді.
Сонымен, шығынды өтеу құқық бұзушының есебінен талапкердің мүлкін келтіруге бағытталған. Шығынды өтеу компенсациялық сипатка ие. Шығын ретінде қүқық бұзушының талапкерге мүліктік сипатта бағытталған кертартпа салдарлары жатады. Солдардың алғашқы бөлімі ретінде мүлікке нақты кемшілік келтіру кіреді. Ол айқын шығын деп аталады. Екінші бөлім талапкердің мүлкі арқылы табысынын көбеймеуіне байланысты айырылып қалған пайда деп аталады. Айырылып қалған пайда өзіне әдеттегі азаматтық айналымдағы секілді құқығы бұзылмағанда түсетін табысты қамтиды. Егер арендаға алушының кінәсінен алынған саяжай өртеніп кетсе, онда арендаға берушіге кайта жөндеу бағасы және калпына келтіру барысында түспеген аренда ақшасы да өтеледі (оған келтірілген шығынды өтетуге құқылы). Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлеуді тек қана арендаға алушы мен шартта көзделсе және бекітілсе ғана асырылады да келтірілген зияннын толық өтелуі қағидасын қамтамасыз етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабының 4 бөлігіне сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай калған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.
Егер тәртіп бұзудың құқықтың салдарынан пайда болуы тәртіп бұзушының кінәсіне байланысты болса. заң қүжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда ол кінәлі деп ұйғарылады.
Бұл ереже бойынша өтелуге екі шығын жатады нақты нұқсан және айырылып қалған пайда. Жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай арендаға алушы қайта жөндеу құқығын және жөндеу кезінде төленбей қалған аренда ақысын өтеуі тиіс, егер де заңда немесе шартта шығында өтеу көлемі аз мөлшерде деп көрсетілмесе туындайды.
Алайда, белгілі бір қызметпен байланысты заңмен келтірілген шығынды өтеу кейбір міндеттемелердің түріне байланысты шектелуі мүмкін.(АК 358-бап)
1.Міндеттеменің кейбір түрлері бойынша және кызметтің бір түрлеріне байланысты міндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады. (шектелген жауапкершілік) 3. Егер міндеттеменің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңмен белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретінде азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады.
Транспорттық кодекстер мен жарлықтар тасымалданушының шектелуі Жауапкершілігін құрайды. Мысалы СССР-дың әуе кодексінде көрсетілгендей
келісілген бағамен жүктің жеткізілуін, егер тасымалдаушы жүктің жеткізу құнының өскендігін дәлелдесе, онда келісілген баға көлемінде өтейді. Ал бұндай жағдайларда айрылып калған пайда өндірілмейді.
Баға әрқашан ауысуымен инфляция шартына сәйкес шығын есепке алынбайды. Бұндай ереже Азаматтық Кодекстің 385-бабында бекітілген: 1-ші шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемелекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар. ставкалар және т.б) қолданылады.
Азаматтық -құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен түрлері
Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады. Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа қпинікі әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білдіреді. Зиян -- заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.
Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бұзылған тұлға оған келтірілген шығынның орнын толық өтеуді талап ете алады.
Залал -- зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған маидалар (жіберілген пайдалар). Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі. Жіберіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі. Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді. Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады. Заңды тұлға -- жоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.
Моральдық зиянның орнын толтыру
Моральдық зиян -- жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамастан ақшалай нысанда төленеді.
Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері
Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14 -- 18 жас аралығындағылар жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болып табылады. Осыған орай бұл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі түсінікті.Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылаы 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болып, егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмай онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушылар немесе қамқоршылары жауап\ береді. Қазақстан Республикасының Азаматтықкодексіата-аналар мен т. б, адамдардыңкінәсіретіндебаланытиісті дәрежеде, тәрбиелемеу және бақыламаукарастырылған.11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.
Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген(оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.
Егер кәмелеттік жасқа толмаған қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты өлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.
Сонымен , азаматтық-құқықтық жауапкершілік -- шартта немесе заңда көрсетілген реттерде жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру үшін немесе мүліктік самақ салу түрінде болып келетін жауапкершіліктің бір түрі.
Азаматтыққұқықтық жауапкершіліктіңнегіздерінесолжауап кершіліктітудыратынжағдайларшарттан емесезаңдакөрсетілігенқұқықтардыбұз ужатады. [1]
Жауапкершілік түрлері - Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлерге бөлінуі оның алға қойған мақсаттарының белгілеріне қарай жүзеге асырылады. Сонымен негізгі мағына шартты және шарттан тыс жауапкершілікке бөлеміз. Шарттан тыс жауапкершілік құқық бұзушыға тек қана шартта белгіленбеген санкция қолдану кезінде пайда болады. Мысалы, сатылған заттың кемшілегі үшін тутынушының алдында сатушымен қатар затты дайындаушы да жауапкершілікте болады. Алайда сатушы тұтынушының алдында шартты қатынаста құрылғандықтан шартты жауапкершілікте, ал дайындаушы - тұтынушы мен затты дайындаушының арасында шартттық қатынас болмағандыктан шарттан тыс жауапкершілікте болады.
Заңдылық мағынасына қарай шартты және шарттан тыс жауапкершіліктің заңмен және шарттың жағдайларына қарай белгіленеді.Тараптар шартқа отыру кезінде заңда қарастырылмаған жауапкершілікті құқық бұзушылык үшін белгілей алады немесе заңмен салыстырылғанда жауапкершілік мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға құқылы.
Шартта және шарттан тыс жауапкершілікті ажыратудың қажеттілігі олардың әртүрлі ережеге бағынуына байланысты туындап отырады. Сонымен, егер зиян талапкерге шарт жасамай-ақ келтірілсе, онда ол өтелутиіс. Тараптық шартқа отыру кезінде зиян келтіргені үшін жауапкершілік көзделіп, бірақ ол міндеттемені орындаудан бас тартса, осы шарттың құқықтық қатынасты реттейтін заң бойынша жауап береді. Жауапкершіліктің сипатына байланысты бірнеше түрге: үлесті, солидарлы және субсидиарлы жауапкершілік деп ажыратуға болады.
Үлесті жауапкершілік егер несие берушіге борышқорлардың әрқайсысы заңға және шартқа сәйкес үлесті түрде жауапкершілікте болса орын алады. Үлесті жауапкершілік жалпы ережедегі мағынаға ие заңмен мөлшері белгіленген болса, онда тараптардың әрқайсысына теңдей үлес мөлшері пайда болады.Мысалы, тұрғын үйдің меншік иелері сатып алушының алдында үйдің кемшілігі үшін жалпы үлесті меншікте болады.
Солидарлы жауапкершілік егер заңмен немесе шартпен бекітілген кезде қолданылады. Залалды бірігіп келтірген тараптар солидарлы жауапкершілікте болады. Солидарлы жауапкершілікте несие беруші кез-келген жауапкерден бөлшектей немесе толық көлемде өндіріп алуға құқылы.
Солидарлы жауапкершілік несие берушіге тиімді болып табылады. Өйткені, ол кез- келген жауапкерден толық көлемде өндіре алады. Мысалы, егер азаматқа бірнеше тараптар бірлесіп зиян келтірсе, онда ол зиянды зиян келтірушінің ішінен залалды қалпына келтіруі мүмкін немесе ақшалай қаражаты бар тарапынан толық көлемде өндіре алады. Азаматтық кодекстің -77 бабының бөлігіне сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан құны шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестің салымды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Субсидиарлы жауапкершілік егер міндеттемеде екі борышқор болып, оны біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша (субсидиарлы)болған кезде орын алады. Бұл кезде несие берушінің алдына субсидиарлы борышқор негізгі борышқорға қоса қосымша жауапкершілікте болады. Осындай субсидиарлы жауапкершілік заңмен, басқа нормативті актімен немесе міндеттеменің шартымен белгіленуі мүмкін.Азаматтық Кодекстің 72 бабына сәйкес: Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзін бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушымен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Азаматтық сенім серіктестігі деп танылады.
2. ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫННАН ТУЫНДАЙТЫН АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШЛІК
2.1Зиян келтіру салдарынның түсінігі, ұғымы
Ұзақ уақыт бойы кінə ұғымы туралы, кінə мен құқыққа қайшы əрекет ұғымдарының ара қатынасы туралы ғылыми даулар тастамай келеді, сонымен бірге кейбір авторлар кінəнің белгілері мен құқыққа қайшы əрекет ұғымының белгілерін ұқсастырып қарастырады.
Мамандардың көпшілігікінə ұғымына қатысты мынадай əділетті шешімге келді: кінə -- жалпықұқықтық категория болғаны үшін ол барлық құқық салаларында бірдей мəнге ие болуы керек. Бұл мəселедегі айырмашылықтар ежелден бастап екі басты тұжырымдамада көрініс тапқан, олардың негізінде зиян келтіру қағидасы мен кінə қағидасы жатыр.
Бірінші қағиданың жақтастары бір ғана фактінің бар екенін таныған жəне танып келеді: ол -- зиян келтіру фактісі, оған сəйкес шарт талаптарының орындалмағандығы үшін, тіпті дүлей күштің нəтижесінде туындайтын барлық зардап келтіру тəуекелі борышқорға (зиян келтірушіге) жүктелетін болған.
О.А.Красавчиков пен М.Я.Шиминова кінəсі болмаса да жауапкершіліктің болатындығын дəлелдейтін бірнеше теориялардың бар екендігін айтып кетеді: екі бастама теориясы, ерекшелігі бар кінəлі бастама теориясы жəне объективті кезең теориясы [1; 45; 2]. Аталған теориялар оның ынталандырушы сипатына, заңның терминологиясы мен жəбірленушінің мүдделерін қорғау қажеттілігіне кінəсіз сілтемесіз-ақ жауапкершіліктің болуын ақтайды жəне оны жауапкершіліктен туындаған кінəге байланыссыз шығынды өтеу міндеттілігі деп атады. А.М.Белякованың көзқарасы бойынша, кінə қағидасы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі бола отырып, дəйекті түрде жүзеге асырылуы қажет [3]
Кінə қағидасының жақтаушылары зиян келтіру фактісін шарттық немесе деликтілік міндеттеме туындауының алғышарты деп ойлайды, яғни кінəлі құқыққа қайшы əрекет үшін ғана борышқор, зиян келтіруші жауапкершілікке тартылуы керек.
Бұл даулар қазақстандық азаматтық құқық ғылымында да талқыға түсті. Республикадағы нарықтық қатынастардың дамуына орай Қазақстанның азаматтық құқық саласында азаматтық- құқықтық қатынастарға зиян келтіру қағидасына үлкен мəн беру қажеттілігіне байланысты сұрақтар жиі туындай бастады. Бұл бағытты жақтаушылардың тұжырымдамасы бойынша, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі ең басты нəрсе -- ол бұзылған құқықты қалпына келтіру, оның негізгі функциясы -- басқа құқық салаларындағыдай жазалау емес, келген шығынның орнын толтыру. Сонымен қатар құқық бұзушының жасалған өзінің құқық бұзушылығына қатысты психикалық көзқарасы ешкімді алаңдатпауы керек, бұл жерде бұзушылық фактісінің өзі жəне оның құқыққа қайшылығы маңызды орынға ие болады. Ю.Г.Басиннің пайымдауынша, ҚР Азаматтық кодексінің (АК) 359-бабында көрсетілген кінə ұғымының мінез-құлықтық аспектісі орындалуға тиісті міндеттемеге қатысты борышқордың субъективті қатынасын былай сипаттайды: Құқық бұзушы міндеттеменің бұзылуына жол бермейтіндей барлық тиісті іс-шараларды қолданбады [4].
Зиян келтіргені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері ҚР АК де айтылған 1 тармағына сәйкес: Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс әрекеттермен келтірілген зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс..
Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстык құқық, әкімшілік құқық және т.б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу бел-гілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. Соның салда-рынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады.
Егер адамдардың іс-әрекеттері болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын болса, онда бұл іс-әрекеттерге тиым салу туралы талап қоюға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған талап-арызға негіз бола алады. Әрине, мұндай талап-арызды қою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) зиян келтірілу міндетті емес болып табылады. Бұл талап келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен бірге қойылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардың қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтірумен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті қызметті токтатуға міндеттеуге тиіс.
Кейбір жағдайларда тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметтік маңызын ескере отырып, оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің қызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп танылады. Сот, егер бұл оны алып отырса, заңнаманы бұзумен жүзеге асырылып отырған іс-әрекеттерге тиым салуға тиіс.
Талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылған субъект өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынан алдағы уақытта айрылмайды.
Зиян азаматтық құқықта материалдык немесе материалдық емес игілікті (адам өмірі, денсаулығы) кеміту (жою) арқылы бағаланады. Зиян азаматтық құқықта мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын. жеке анықтауға немесе біртектес белгілерімен анықталған) бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады (ҚР АК 9-бап, 4-т). Сондай-ақ зиян құрамына жәбірленушінің дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) да кіреді. Айырылып қалған пайда деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай-ақ бүлінген мүліктен нәтижелер төл түрінде алынуы мүмкін болған табиғи өсімдерді де түсінген жөн. Басым жағдайда нақты залал тікелей "бастапқы" зиян бола отырып айқын көрінеді. Бірақ ол жанама түрдегі "кейінгі" зиян ретінде де көрініс беруі мүмкін. Зиян адам өмірі, оның денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұғушылық, жеке және отбасылық құпия сияқты игіліктер бойынша туындайтын жеке мүліктік емес құқықтарды бұзатын, сондай-ақ атауға, өзіндік бейнеленуіне және басқа да материалдық емес игіліктерге деген құқықтар бұзылған кездегі құқыққа қайшы іс-әрекеттердің салдары болуы мүмкін. Денсаулықты зақымдаумен, адам өмірін айырумен келтіріліген зиян еңбек ақыны, заңды тұлғаны құрумен немесе құрусыз жеке кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты жоғалтудан мүліктік залал түрінде де көрініс табуы мүмкін. Бұл орайда мүліктік зиянның құрамына емделуге, күтімге, тамақтануға, протездеуге, көлік құралдарын алуға, жерлеуге және т.б. кеткен шығындар кіретін болады. Сонымен денсаулықты зақымдаумен келтірілген зиян белгілі бір бөлігінде нақты мүліктік залал болып табылады, бірақ ол алынбай қалған пайда нысанында да көрініс табуы мүмкін.
Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік. Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындағы жауапкершілікті қарастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардыңщ басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын, тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқа да ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.
Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме табылады. Зиянды өтеу міндеті жүктелуі мүмкін болатын субъектілер болып азаматтармен еңбек ққықтық қатынастарына (басымды түрде) түсе алатын кез келген тұлғалар табылады. Оған барлық мүмкін болатын ұйымдастырушылық құқықтық нысандардағы кез келген меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар жатады. Сондай-ақ оларға сол бір немесе өзге азаматтармен еңбек шарттарын жасасқан заңды тұлғаны құрмай-ақ әрекет ететін жеке кәсіпкерлер де жатады.
Зиян еңбек шартының шарттарымен немесе заңнамамен жұмыс уақыты ретінде анықталған кез келген уақытта келтірілуі мүмкін. Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін. Егер жұмысшылар кәсіпорындағы үзіліс уақытында ішімдік суларын ішіп алып, артынан төбелес шығарса және өз іс-әрекеттерімен біреуге залал келтірсе, жұмыс беруші олар үшін зиянды етеуге міндетті емес. Жаңа азаматтық заңнамамен аталған тұлғаларға зиянды өтеу жөніндегі міндетті жүктеудің мүмкін болатын жағдайлары елеулі түрде кеңейтілген. Белгілі бір тұлғалардың қызметіне, олармен бекітілген азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде бақылау жасауға тиіс болған, сондай-ақ жұмыстар жүргізуге тапсырма берген заңды тұлғалар мен азаматтар өздерімен шарт жасасқан тұлғалардың (мердігерлердің) келтірген зияны үшін егер зиян келтірген іс-әрекеттер олармен тапсырма аясында жасаласа, немесе зиян келтіру тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алса, жауап береді. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік коғамдар мен өндірістік кооперативтер өздерінің қатысушылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz