Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдісін қолдану жолдары


Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдісін қолдану жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- Жаңартылған мазмұнда білім берудің педагогикалық негіздері
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенділігін арттыруда қолданылатын әдістері . . . 7 - 11
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенділігін арттырудың жолдары . . . 11 - 22
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдісін эксперимент арқылы зерттеу әдістері.
2. 1. Бастауыш сынып оқушылыран оқыту барысындағы белсенділігін қалыптастыру әдістемесі . . . 22 - 28
2. 2. Бастауыш сынып сабақтарында оқушының белсенділігін арттыруды эксперимент арқылы зерттеу нәтижесі . . . 28 - 33
Қорытынды . . . 33 - 34
Әдебиеттер тізімі . . . 38 - 39
Глоссарий
1. Оқушы - мектеп қабырғасында немесе белгілі бір мамандық алатын орында оқитын жасөспірім. 2. Газет - журнал, кітап оқитын адамдар, оқырман.
2. Белсенділік - бір нәрсеге қажырлылық, ынталылық, активистік, жігерлілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. - Алматы: Дайк - Пресс, 2008. - 126 б.
3. Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. М. Жұмабаева. Жеке тұлғаны оқыту барысында жоғары белсенділікті дамыту әдісін қолдану. // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2011 - №3, 18б
4. Оқыту әдістері - оқытушы мен тіл үйренушінің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған іс - әрекет. М. Жұмабаева. Жеке тұлғаны оқыту барысында жоғары белсенділікті дамыту әдісін қолдану. //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2011 - №3, 18б
5. Оқыту - оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл - амалдары мен құралдарының жиынтығы. Педагогикалық сөздік. - Тараз:2010. -178б.
6. Оқыту - шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс - әрекеті. Педагогика:Қазақша және орыысша түсіндірме терминологиялық сөздік. А. К. Құсайынов - Алматы, 2007. - 248б.
Қандай ғалымдар зерттеді?
КІРІСПЕ
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. Алғашқы елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздаға жүктелетін міндет өте ауыр»- дегенін естен шығармауымыз керек [1] .
Қазіргі заман талабына сай еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 -2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты міндет - білім беру сапасын көтеру және ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сондықтан оқыту әдістемесін жетілдіру және оқушыларды даярлау тиімділігін одан ары көтеру қажеттілігі анық мәселе [ 2 ] .
Еліміздің егемендік алуы, ұлттық сана -сезімнің өсуі, жас ұрпақтың отан сүйгіштікке тәрбиелеу - білім беру саласында аймақтық компонентті енгізуді қажет етеді. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясатына байланысты ең маңызды бір бөлігі болып отыр.
Республика ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой - өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып - өркендеуі, оның әлеуметтік - мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы т. б қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан - жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. ХХI ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазірі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге белсенділігін арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағы оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәриелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта - мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құрылуға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Мұғалімдердің міндеті - мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Педагогикалық психология бойынша оқушының мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру қажет. Мектептің оқу үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Модульдік оқыту - оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту - оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту. Ал жекелеп (даралап) оқыту - бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту - танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру [3] .
Бастауыш сынып - оқушы тұлғасының негізі қалыптасып, бағытты дамуы бастау алатын ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Олай болса, оқушыларда сабаққа деген белсенділік қатынастарын бастауыш деңгейден бастап қалыптастыруды нәтижелі ету үшін мұғалімдер нақты пәнді игерудегі оқу іс - әрекетінің табиғатын терең меңгеруі тиіс. Бұл ретте белсенділікті арттырудың әдістерін қолданудың маңызы зор [4] .
Бастауыш мектептегі оқушыларды оқыту барысындағы белсенді оқыту әдісін қолдану және тәрбиелеудің тиімділігін көрсетіп, ғылыми-әдістемелік негізін жасау қажеттілігі зерттеудің көкейтестілігін анықтайды. Осыдан, бастауыш білім беруде белсенді оқыту әдісін қолдану арқылы сабағына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра отырып, нәтижеге бағытталған білім беру мәселесін зерттеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан зерттеу тақырыбын бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдісін қолдану жолдары - деп алуға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: оқытудың белсенд і тиімді әдістерін пайдаланып , бастауыш сынып оқушыларын белсенді оқыту әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдістерін пайдалану және тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенді оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіне белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етсек, онда оқушыларда оқу іс - әрекетінде қызығушылық, шығармашылық белсенділік қалыптасып, білім, білік және дағдыларының сапалық деңгейлері көтеріліп, білім берудің тәрбиелілік маңыздылығы артады, өйткені белсенді оқыту әдістері білім беру мен тәрбиелеудің таптырмас құралы болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
- оқыту әдістерімен, оқушылардың белсенділігін арттырудағы белсенді әдістерімен таныстыру;
- оқушыларға белсенді оқытудың белсенді әдістерін пайдалану;
- бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысындағы белсенді оқыту әдістерін пайдалану тиімділігін эксперимент арқылы зерттеу және оның нәтижесін анықтау;
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық салыстырмалы, индуктивті - дедуктивті талдау, педагогикалық озық іс - тәжірибелерді жинақтау, тәжірибелік - әдістемелік жұмыстарды жүргізу, әдістері қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, алдыңғы қатарлы педагогтардың іс- тәжірибесі, педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте сабақтардың сапасын арттыру жолдарына қатысты және оқу - әдістемелік кешендер, бастауыш білім беру стандарты, бағдарламалар, оқу құралдары, оқулық, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімдерінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың көкейтестілігі, мақсат - міндеттері, пәні, болжамы, жетекші идеясы, әдістері, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар анықталады.
«Жаңартылған мазмұнда білім берудің педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде, оқыту әдістеріне түсінік беріліп, оқушылардың белсенділігін арттыру және оқытудың белсенді әдістері талданды. Екінші «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында белсенділігін арттыру жолдары» атты бөлімде тақырыпты игерудің амал - тәсілдері, тиімді жолдары көрсетіліп, тәжірибелер жүргізіліп, нәтижелері ұсынылды.
Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысыдағы белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалану әдістемесі талданып, даму деңгейі айқындалып, жүзеге асыру жолдары эксперимент жүзінде тұжырымдалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі орын алған.
1. ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРІ.
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен тіл үйренушінің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған іс - әрекет. Оқу әдісі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік, дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың өзара бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі. [5] .
Оқыту әдісі мұғалім мен оқушының белгілі мақсатқа бағытталған танымдық қызметінің, яғни оқушылардың білім алу, икемділік пен дағдыны қалыптастыру қозғалысындағы белсенділігінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің басты міндеті - балаларға тек білім беріп қана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой - санасын дамыту арқылы ойы алғыр, танымы жоғары ізденімпаз оқушы даярлау. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін мұғалім сабақ түрін түрлендіру арқылы тиянақты білім беріп, оқушыны сол пәнді меңгеруге ынталандыруы керек. Сабақ барысында оқушылардың ойын сергітіп, миын шынықтыруға негізделген әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімді болатыны белгілі. Осы мақсатта мұғалімдер сабаққа деген оқушылардың ынтасын арттыру үшін әдіс - тәсілдерді қолданады [6] .
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидақтикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс құралдар.
XIX ғасырдың 20 - 30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық, әдістерін жетілдірді. сілтеме
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20 - 30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар [7] .
И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл - ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әр түрлі. сілтеме
Ю. Б. Бабанский оқу - танымдық іс - әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс - әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу - танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. сілтеме
М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: 1. ақпарат беру әдісі, 2. түсіндіру әдісі, 3. ынталандыру әдісі, 4. тәжірибелік әдіс. [8]
Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі - оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендірудіт міндеттейді. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы - бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін - ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып пәндерінің өзіндік орны ерекше.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы болып отыр. Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім жүйесі - құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды. [9]
Белсенді оқу əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының бірізділігі, белгілі бір жүйелі білім беру бағытын көздейді. Бұл белсенді оқыту стратегияларының құрамына мыналар кіреді: «оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету»
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.
Білім берудің жаңа бағыты оқыту мен тəрбиелеудегі демократтық жəне гуманистік бағыттарды ұстана отырып, түрлі мəдениеттердің дамуы мен ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Оқушылар қазақстандық көпұлтты қоғамда өмір сүре отырып, қарым-қатынас барысында өзара төзімділік таныту, басқа ұлт мəдениетіне деген сыйластық пен құрмет сезімін білдіру сияқты маңызды қасиеттерге ие болуы керек. Бұл ретте мəдениетті жəне түрлі мəдениетке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру əлеуетіне ие үдеріс - білім беру үдерісі екені белгілі.
Бұл бастауыш сынып бойынша оқу мақсаттарының жүйесі спиральды бағытпен жасалып, бағдарлама дамыта оқуға негізделген. Бағдарламаға сәйкестендіріліп жасалған оқулық, оқушылардың дәптері, мұғалімге арналған нұсқаулықтар жүйелі жобалармен жасалған [10] .
Оқушыға арналған оқулық:
- Оқыту мақсаттары əрбір сабақтың арнайы бағытын айқындайды.
- Сабақтағы тірек сөздер қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде берілген.
- Практикалық жаттығулар сабақта меңгерілген математикалық дағдыларды қолдануға арналған.
- Оқушылардың АКТ дағдыларын қолдануына арналған практикалық тапсырма Оқушыларға ақпараттарды есте сақтауға қатысты ескертпелер.
- Проблемаларды шешуге арналған сұрақтар.
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқыту мақсаттары əрбір сабақтың арнайы бағытын айқындайды. Ресурстар сабаққа дайындалу үшін айқын белгіленген.
- Тілдік жазбалар мұғалімге оқушылардың түйінді терминдер жиынтығы туралы хабардар болуын жəне сабақ мазмұнына сай төрт коммуникативтік дағдыны қолдана білуін қалай қолдау қажеттігі туралы кеңестер береді.
- Қалыптастырушы бағалау туралы жазбалар білім, түсінік жəне дағдылар бойынша күтілетін нəтижелер туралы жұмыс парақтарына жазылады жəне сабақ бойынша қорытынды бағалауға дайындайды.
- Қосымша тапсырмалар жұмыс парақтарының қолданылуын жəне сабақтағы қосымша жаттығулардың аясын кеңейту туралы идеяларды ұсынады.
- Егер қажет болса, жаттығулардың жауаптары жəне оқушылардың талқылау барысында күтілетін жауаптары ұсынылады.
- Сабаққа қатысты ескертпелер мұғалімге əрбір тапсырманы оқушыға арналған оқулықтағы тəртіппен беру туралы нұсқаулар ұсынады. Сонымен қатар, бұл бөлім қажет болған кезде саралау мүмкіндіктерін қарастырады.
- Сабаққа қатысты нақты материалдар мұғалімге қажетті негізгі ақпараттарды қамтиды.
- Сабақтың міндеттері оқушылардың нені білуі, түсінуі керек жəне сабақта орындауы тиіс міндеттерді қамтиды.
- Оқулықтың белгіленген беттеріне сілтеме беру дұрыс бағдарлау мен жоспарлауды жеңілдетуге көмектеседі.
- Əр сабақ бойынша тірек сөздердің тізімі оларды оқушылардың қолдануын жеңілдетуге арналған.
Оқушының жұмыс дəптері:
- Қызықты математикалық есептер.
- Оқушылардың білімін, түсінігін жəне дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін есеп шығару қабілеттерін дамытады.
- Оқушының жұмыс дəптері - бұл əрбір бөлім үшін дайындалған жəне білім, түсініктер мен дағдыларды қорытып, кеңейтуге мүмкіндік беретін жұмыс парақтарының іріктелімі болып табылады.
- Жұмыс парақтарын үй жұмысын немесе сабақ кезінде алдыңғы сабақтарды түсінгенін тексеру үшін пайдалануға болады.
- Жұмыс парақтары оқушылардың ілгерілеуін тексеруде, сондай-ақ қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау үшін қолданылады [11] .
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;
3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz