«Макинский элеватор»



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. «Мейр Транс» ЖШС құрылуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... .. 5

II. Серіктестіктің мүлігі. Жарғылық капиталы және қорлары.
Таза табысты бөлу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

III. Бақылау және есеп жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

IV. «Мейр Транс» ЖШС . нің Есепке алу саясаты ... ... ... ... ... ... ... .. 14

V. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

VI. Серіктестіктің қаржы . эксплуатациялық қажеттіліктерін талдау ... ... 19

VII. Серіктестіктің салық салуымен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

VIII. Материалды емес активтердің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті

Экономикалық факультет

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

ӨНДІРІСТІК ІС ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ
ЕСЕП

Іс тіжәрибе орны ЖШС Макинский элеватор

Кафедрадан с тіжәрибе жетекшісі __________________
Қолы

Кәсәпорыннан іс тәжірибе жетекшісі

___________________________________ _____________
(Аты жөні, қолы)

Іс тәжірибе өту кезеңі
28 шілдеден 30 тамыз 2008 ж.

АСТАНА - 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
---------------- 3

I. Мейр Транс ЖШС құрылуы мен даму тарихы ------------------------------
5

II. Серіктестіктің мүлігі. Жарғылық капиталы және қорлары.
Таза табысты бөлу. ----------------------------------- ----------------------
------------- 8

III. Бақылау және есеп жүргізу ----------------------------------- ----------
---------- 12

IV. Мейр Транс ЖШС – нің Есепке алу саясаты ------------------------------
14

V. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ----------------------------------- ------
------ 16

VI. Серіктестіктің қаржы – эксплуатациялық қажеттіліктерін талдау -------
19

VII. Серіктестіктің салық салуымен танысу ----------------------------------
----- 21

VIII. Материалды емес активтердің есебі ----------------------------------- -
------ 27

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- -------------------------------
---------- 28

КІРІСПЕ

Темір жолдар ең үлкен салалардың бірі болып табылады, активтердің құны
бойынша ол елдің алғашқы үштігіне кіреді. Оның осындай маңыздылығы елдің
экономикалық жағдайында темір жолдар қызметі тиімділігінің маңызы үлкен
екендігін анықтайды.
Қазақстанда көлік аса маңызды роль атқарады, оның халық шаруашылық мәні
келесі негізгі факторлармен белгіленеді:
- республика аумағының орасан зор болуы;
- Қазақстандағы жүктің ТМД-дегі орташа көрсеткіштеріне таяу тасымал
қашықтығы;
- үлкен қашықтыққа тасымалдауды қажет ететін өнімнің сипаты: көмір, темір
рудасы, мұнай өнімдері, металлургия өндірісінің және ауыл шаруашылығының
өнімдері (астық, жүн, ет және т.б.);
- елдің көліктік–географиялық орналасуы – Еуразия құрлығының ортасында,
Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тез дамып келе жатқан сыйымды
нарықтарының арасында орналасқан еліміз арқылы үлкен транзит тасқыны өтеді,
бұл болашақта отандық темір жол көлігіне республиканың жоғары транзиттік
әлеуетін тиімді қолдануына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстанның көліктік жүйесі үлкен кешен болып табылады,
оған 116,2 мың км қатты жабыны бар автожолдар, 14,4 мың км жалпы
қолданудағы темір жолдар, 7,3 мың км өндірістік кәсіпорындардың кірме
жолдары, мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдайтын құбырлар
магистралінің мыңдаған километрлері, 4 мың км өзен жолдары, мыңдаған темір
жол станциялары, бірнеше ірі порттар, кеметұрақтар, өтпелі базалар,
әуежайлар, т.б. кіреді.
Жоғарғы тасымалдау қабілеттілігі, қозғалыс реттілігі және автомобиль
көлігіне қарағанда тасымалдаудың өзіндік құнының төмен болуы, темір жолды
іс-жүзінде маңызды экспортты жүктерді (мысалы, көмір, руда, металдар,
астық, құрылыс материалдары сияқты) орташа және алыс қашықтықтарға
тасымалдаудың баламасыз көлік түріне айналдырады.
Қазақстанның негізгі кіріс кіргізуші салаларының бірі – мұнай өңдеу
саласы да құбыр инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуына орай темір жол
қызметінен бас тарта алмайды.
Қазақстанның темір жол торабының конфигурациясы (құрылымдық пішіні)
келесі 2 фактор әсерінен қалыптасқан:
1) пайдалы қазбалардың кендерін және тыңды игеру нәтижесінде аймақаралық
және республикааралық жүк тасқынының өсуі;
2) транзитті жүк тасқынының өсуі.
Республиканың темір жол көлігі аймақаралық, республикааралық және
транзитті жүктерді тасымалдауда жақсы қызмет етеді, дегенмен, кейбір
республика аймақтары бойынша жүкті тасымалдауға темір жол торабы нашар
дайындалған. Мысалы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан аймақтары арасындағы
жүк тасымалы негізінен Ресей аймақтары арқылы, Батыс және Солтүстік
аймақтар арасындағы жүк тасымалы – Батыс Сібір, Орал, кейде Оңтүстік
Қазақстан арқылы жүзеге асырылады, бұл көлік шығындарын және тасымалдар
қашықтығын арттырады. Қазіргі кезде аймақтар арасындағы тасымалдау
қашықтығын кемітетін және түйісу станцияларында құжаттарды екі рет ресімдеу
арқылы көрші елдерге шығуды болдырмайтын ұлттық тораптың дамуы жүріп жатыр.
Ұзақ уақыт бойы көліктің барлық түрлерінің арасында жүк және жолаушы
айналымы бойынша алғашқы орында тұрған темір жол көлігінің сенімді және
тұрақты жұмысына елдің экономикалық кеңістігінің бірлігі, мемлекеттің
біртұтастығы, қауіпсіздігі мен қорғанысы елеулі дәрежеде тәуелді.

I. Мейр Транс ЖШС құрылуы мен даму тарихы

Мейр Транс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әрі қарай
Серіктестік деп аталады, құрылтайшының шешімі негізінде құрылған (2007 ж.
25 маусым шешімі).
Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады және қызметкерлерінің жыл
ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл бойғы активтерінің жалпы құны
60000 АЕК – тен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет
жасайды.
Серіктестіктің фирмалық атауы:
• Мейр Транс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Сарыарқа ауданы, Әуезов көшесі, 46 үй.
Серіктестіктің құрылтайшысы:
Джапаров Меиржан Сарсебекович, 21.10.1985 туылған жылы, 22.10.2002 жылы
ҚР ІІМ берілген № 010739816 жеке куәлігі, мекен – жайы Қазақстан
Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, VIP қалашығы, 32 үй, әрі қарай
қатысушы деп аталады.
Серіктестіктің қызмет мерзімі шектеусіз.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып
табылады, өзін - өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеу негізінде қызмет
етеді, оқшаландырылған мүлік ие болады, дербес балансы және банк есепшоты,
өз атауы бар дөңгелек мөрі, эмблемасы, фирмалық бланкі және басқа да
реквизиттер болады, өз атынан келісім шарттарды жасайды, мүліктік және де
мүліктік емес құқықтарға және міндеттерге ие болу, тартылушы, қуынушы,
жауапкер және де үшінші жақ сотта болады.
Серіктестік Қазақстан Республикасында және шекарасында өкілдіктер,
филиалдар, еншілес кәсіпорындарды құруына құқығы бар, бұл жағдайда
орналасқан аумағында қолданыстағы заңдарды басшылыққа алады.
Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен
жауап береді.
Қатысушы серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің қосқан салымының құны
шегінде тәуекел етеді.
Серіктестіктің бас мақсаты пайда табу болып танылады.
Серіктестіктің қызмет түрлері болып танылатын:
• жылжымайтын жеке мүлікті жалға беру;
• темір жол бөлінген жерлерде (тупиктарды) сатып алу;
• темір жолында экспедиторлық қызметі;
• жүк және адам тасымалдау, көлік тасымалдау;
• сауда – сатып алу қызметі;
• автокөлік қызметі;
• жобалық – сметалық құжаттарды дайындау;
• темір кірме жолдарын жөндеу;
• құрылыс салу, құрылыс учаскесін даярлау, құрылыс материалдарын
жасау, жобалау құрылыс жұмыстарын, жабдықтар, үйді көркемдеу, әрлеу
жұмыстарын жүргізу, жол салуға арналған жол құрылысы техникаларын,
жабдықтарды, машиналарды, агрегаттар мен тетіктерді сатып алу, жеткізіп
беру мен өткізу және жол құрылысы материалдарын өндіру;
• коммерция, сауда қызметтері;
• құрылыс материалдарды өндіру;
• құрылыс өнімдерді жеткізу және сату;
• делдалдық, әшекейлік, жарнамалық және кеңес беру қызметі, баспа ісі,
типографиялық іс, ақпараттық материалдарды қалпына келтіру, өндірістік,
сауда мен делдалдық қызметті ұйымдастыру және қатысу, кәсіпорындар мен
ұйымдарға маркетингтік, қаржылық қызметтер мен өзге де қызметтерді жүзеге
асыру;
• адвокаттық қызметіне байланыссыз кеңес, заңгерлік кеңес қызметі;
• халыққа тұрмыстық, әлеуметтік, коммуналдық және медициналық
қызмет көрсету, осы мақсатта кәсіпорындары және басқа да объектілерін,
сауықтыру – спорт кешендерін, қонақ үйлер, моншалар, сауналар, шаштараздар
мен сән салондарын ашуды;
• халық тұтынатын тауарларды, азық – түліктікті өндіру, сатып алу және
өткізу, бөлшек сауда мен қызмет, осымақсатта дүкендер, дәмхана,
мейрамханалар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен арзандатылған саудалар
ашу, фармацептикалық қызмет, дәріханалар ашу;
• қонақ үй қызметі, қонақ үй кешендерін ашу;
• халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға қатысу;
• Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық
қызмет;
• Қазақстан Республикасының Заңнамаларына тыйым салынбаған өзге де
қызмет түрлері болып табылады.
Атаулы қызмет аясында заңды тұлғаны құқықтық қабілеттігі тек қана
сондай лицензиясына иеленгеннен сәтте туады және оны алып қойған, қызмет
мерзімінің уақытынан өткенде немесе заңнамалық актілермен бекітілген
тәртіппен оның жарамсыз екенін тапқанда тоқтатылады.

II. Серіктестіктің мүлігі. Жарғылық капиталы және қорлары.
Таза табысты бөлу.

Серіктестіктің мүлігін негізгі және айнымалы қаражаты, сондай – ақ
серіктестіктің дербес балансында құны көрсетілген басқа да мүлік құрайды.
Мүлік меншік құқығы негізінде Серіктестікке жатады.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы 1983000 теңгені құрайды. Жарғылық
капитал Серіктестіктерінің қатысушыларымен мемлекеттік тіркеуге дейін толық
құрылған. Салым құрамына мүлік кіреді.
Серіктестіктің қатысушысы жарғылық капитал мөлшерін көбейтуі мүмкін.
Жарғылық капиталдың мөлшерін кеміту туралы шешім серіктестік әділет
органдарында қайта тіркелген сәттен күшіне енеді.
Серіктестік резервтік капитал және Серіктестіктің тиімді қызметіне
қажет басқа да қорлар құрайды.
Жарғылық капиталдың 15% мөлшеріне жеткенше жыл сайын таза табыстың
кемінде 5% мөлшерінде шығаруларын жіберу арқылы серіктестік резервтік
капиталы құралады. Жарғылық капиталын толтыру оның жылдық балансы бойынша
серіктестіктің операциялары бойынша анықталған зияндарын өтеуге арналады.
Серіктестік қорларын құру мен толтыруға және бюджеттің төлемдерін өтеу
бағытына кеткен шығынды қосқанда мүмкін болатын залал мен шығынды
шегергеннен, соның ішінде еңбек ақысына шығындардан қалған таза табыс
Қатысушылар қаржы жыл қорытындысы бойынша бөлінеді.
Қатысушы таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестіктің бөлінуінен
алып тастау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Серіктестік қызмет ету мезгілінде болатын залалдар резервтік капитал
есебінен өтеледі.
Қатысушы Серіктестіктің қызметіне Қазақстан Республикасының қолданып
жүрген заңдарына сәйкес қатысады.
Қатысушы қаза болған жағдайда үлесі оның мұрагерлеріне ауысады. Үлестің
мұрагерлерге ауысуы және оны бірнеше мұрагерлер арасында бөлу Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Оның қатысушысының мүддесіне қатысты Серіктестік қызметі туралы ақпарат
беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай іске асады.
Үлес сатып алушыларға Серіктестік қызметі туралы ақпарат беру тәртібі,
ақпарат мөлшері тараптардың келісімімен және үлес сатып алу туралы қосымша
келісім – шарт бойынша белгіленеді.
Серіктестіктің жоғарғы органы – Қатысушы, ол Серіктестік қызметінің
барлық мәселелерін шешеді.
Қатысушының ерекше құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) Серіктестік Жарғысының өзгеруі, Серіктестіктің жарғылық капиталы
мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауының өзнемесе серіктестіктің
жарғысын жаңа редакциясында бекіту;
2) Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін
мезгілінен бұрын тоқтату, сондай – ақ серіктестік немесе оның мүлкін
сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің
шарттарын айқындау;
3) серіктестіктің тексерушісін сайлау және оның өкілеттігін мезгілінен
бұрып тоқтату, сондай – ақ тексерушінің есептері мен қорытындыларын
бекіту;
4) жылдық қаржылық есептемесін бекіту және таза табысын бөлу;
5) Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды
қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
6) Серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай – ақ
коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
7) Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
9) Серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;
10) Серіктестіктің мүлкіне қосымша жарна енгізу туралы шешімдер.

Серіктестік Қатысушының ерекше құзыретіне кіретін мәселелері оның
шешімімен серіктестіктің атқарушы органына берілуі мүмкін емес.
Серіктестіктің атқарушы органы – Директор болып табылады, оны Қатысушы
5 жылға тағайындайды және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.
Директоры Қатысушы немесе жалданбалы кісі болу мүмкін.
Серіктестіктің Директорын жалдаған кезде Серіктестік онымен жеке еңбек
шартын жасайды. Серіктестік атынан шартқа Қатысушы қол қояды. Жеке еңбек
шартында Директордың құзыреті, құқықтары, міндеттемелері және
жауапкершілігі, қолданыстағы заңдармен көзделген кепілдері есебімен оның
материалдық қамтамасыз ету және атқарған қызметінен босату заңдылыққа және
осы Жарғыға сәйкес анықталады.
Серіктестіктің Директоры:
• Серіктестіктің атынан сенімхатынсыз әрекет етеді;
• Серіктестіктің өкілі болу құқығына сенімхаттар, соның ішінде қайта
сенім арту құқығымен сенімхаттар береді;
• банктерде ағымды және басқа шоттар ашады;
• Серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау
туралы, оларды басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар
шығарады, еңбекақы төлеу жүйелерін белгілейді, лауазымдық жалақы мен дербес
үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді,
көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолдайды.;
• өз құзыретіне сай өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Серіктестіктің Директорына:
• қатысушының келісімінсіз серіктестікпен одан мүліктік пайда табуға
бағытталған мәмілелер (сыйға тарту, қарыз, тегін пайдалану, сатып алу –
сату шарттарын және тағы басқаларын қоса) жасауға;
• серіктестіктің үшінші жақпен жасаған мәмілелері үшін серіктестіктің
өзінен де, үшінші жақтан да комиссиялық сыйақы алуға;
• үшінші жақ атынан немесе үшінші жақтардың мүддесі үшін олардың
Серіктестік пен арадағы қатынастарына әрекет жасауға;
• серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға тыйым салынады.

III. Бақылау және есеп жүргізу

Серіктестік өз қызметіне есеп – қисап есеп жүргізеді, Қазақстан
Республикасында қолданып жүрген ережелерге сәйкес статистикалық есеп
жүргізеді.
Серіктестіктің атқарушы органының қаржы – шаруашылық қызметіне бақылау
жасау үшін тексеру органы – ревизор құрады, мерзімі 1 жылға дейін.
Тексеруші кез – келген уақытта директордың қаржы – шаруашылық қызметіне
тексерулер жүргізуге құқылы. Тексеруші осы мақсатта серіктестіктің барлық
құжаттарына кедергісіз танысуға құқылы.
Серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай – ақ
оның істерінің ағымдағы жай – күйін тексеру және растау үшін серіктестік
онымен, атқарушы немесе қатысушымен мүліктік мүдделермен байланысы жоқ
кәсіби аудиторлық (сыртқы аудит) тартуға құқы бар.
Серіктестік пен қызметкерлер арасындағы қарым – қатынастары Қазақстан
Республикасының еңбек заңдарымен, жеке еңбек шартымен реттеледі.
Серіктестіктің қайта құруы (қосылуы, бірігуі, бөлу, бөлініп шығуы,
қайта құру) жалғыз қатысушы шешімімен, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргізеді.
Серіктестікті қайта ұйымдастыру, соның ішінде қайта құру Қазақстан
Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы Заңның VI бөліміне сәйкес жүргізіледі.
Серіктестік Қатысушының шешімімен немесе соттың шешімдерімен осындай
жағдайларда:
1) егер жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оның мөлшері көзделген
ең төменгі мөлшерден аз болып қалғанда;
2) егер қатысушы заңдармен бекітілген мерзімде серіктестіктің жарғылық
капиталын құрмағанда;
3) банкрот болғанда;
4) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта
бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылғанда;
5) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжаттарында
тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет
немесе өрескел бұза отырып жүргізілген жағдайда;
6) қайта ұйымдастырған кезде;
7) заң актілерінде көзделген басқа да негіздерде таратылуы мүмкін.
Серіктестіктің қайта құру кезінде осы Жарғыға және Заңды тұлғалардың
мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгертулер енгізіледі, ал таратқан жағдайда
ол туралы заңды тұлғаларына тіркеу жүргізілетін әділет басқармасына дереу
жазбаша түрде хабарлауы қажет.
Тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын тағайындайды,
баспада ақпарат жариялайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырылғаннан қалған мүлік
Серіктестіктің қатысушыларының меншігіне беріледі.
Серіктестік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының қолданып жүрген
заңдарына сәйкес тоқтатады.

IV. Мейр Транс ЖШС – нің Есепке алу саясаты

Есепке алу саясаты бухгалтерлік есептің 26.12.95 ж.-дан № 2732
қолданыстағы заңы, Есепке алу саясаты және ашу 1 КСБУ, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік қызметінің нақты өндірістік – экономикалық шарттар
есебімен ҚР заңдылық және нормативтік актілер бойынша ҚР Президентінің
Жарлығы талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Заңдылық немесе нақтылы
қоғамның жұмыс шарттары өзгерген кезде, есепке алу саясатының жеке
жағдайлары тез арада түзетілуі қажет.
Есепке алу саясатына толықтыруларды кіргізу қажет болған жағдайда, олар
сандық тізбекпен қосымша түрінде рәсімделеді.
Есепке алу саясаты кәсіпорын Жарғысымен қабылданған арнайы
принциптерді, әдістерді, ережелерді және практикалық бекітілімдерді
қарастырады.
Есепке алу саясатын құру және жүзеге асыру кезінде 1 СБУ Есепке алу
саясаты және оны ашу-да регламенттелген принциптер қабылданған. Осы
құжаттың құқықтық негізін серіктестік қызметінің шарттарына байланысты ҚР
заңнамалық және нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылған жағдайлар,
бұйрықтар, жарлықтар құрады.
Мейр Транс ЖШС статистикалық есептілікті және нақтылы салықтар
бойынша есеп беруді келесі мекенжайлар бойынша ұсынады:
• Астана қ. Сарыарқа ауданының Салық комитеті;
• Астана қ. статбасқару.
Басқа пайдаланушыға қаржылық, бухгалтерлік және басқа да есептілікті
ұсыну және ашық бұқара тек жетекшінің жазбаша келісімі бойынша
қарастырылған.
Мейр Транс ЖШС 2006 жылдың 13 қыркүйек айында ҚР Әділет
Департаментінде тіркелген. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік нөмірі 24039-
1901-ЖШС. Ұйымдастырушы болып жеке тұлға Джапаров Меиржан Сарсебекович
табылады.
Кәсіпорынның тіркелген уақытында жарғылық капиталы 103000 теңге сомасын
құраған.
Мейр Транс ЖШС заңды тұлға болып табылады, ҚР Заңнамасына сәйкес
келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:
• жеке жылжымайтын мүлікті жалға беру;
• темір жол тупиктерін сатып алу;
• темір жолға экспедиторлық қызметтер.
Мейр Транс ЖШС 50 адамға дейінгі орта жылдық жұмыскерлер санымен кіші
кәсіпкерлік субъектісі ретінде әрекет етеді. 60000 минималды есептік
көрсеткіштен жоғары емес жалпы активтер құны бар.
Мейр Транс ЖШС – нің есептік шоты бар:
021467286 Астана қ. Темірбанк АҚ филиалы.

Серіктестіктің жоғарғы органы – Қатысушы. Серіктестіктің Атқарушы
органы – Директор.
Бухгалтерлік есеп туралы заңға сәйкес жетекші, бас бухгалтер қызметіне
маманды таңдауға, бухгалтерлік есепті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
Сарымсақтың пайдасы жіне қызықты мәліметтер
Астана қаласының сипаттамасы
Астық қабылдау кәсіпорындары, астық өнімдері комбинаттары, элваторлар
Картоп егетін және жинайтын машиналар
Дән массасының негізі - дән
Картоп егетін және жинайтын машиналар комплексі
Астықты сақтаудың технологиялық тәсілдері
Жерді қазу тасымалдау машиналары
Қант қызылшасын күтіп бағу мен жинауға арналған машиналар комплексі
Пәндер