Оңтүстік Балқаш маңы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жергеорналастыру және кадастр кафедрасы

5В060900 - География мамандығы 2-курс студенттерінің
кешенді зоналық іс - тәжірибе
ЕСЕБІ

Қазақ бөлімі:
Топ мүшелері:
Адеханова Ақбота
Айтбай Жадыра
Амангелді Әмина
Асылқадыр Нағима
Әбілқасымова Әсемай
Божбанова Меруерт
Желал Эсма
Кешубаева Алтынай
Қудышева Аяулым
Сырғабай Елдос
Теменова Айгерім
Улдахан Рауан
Топ жетекшілері:
Кожаxметова Б.Т. _________
Суймуxанов У.А _________
Аубакирова Г.Б. _________
Екейбаева Д.П. _________

Алматы, 2019 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Балқаш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.Балқаш көлінің физикалық-географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... .
1.Аумақтың географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.Зерттеу аумағындағы геологиялық тектоникалық процесстер ... ...
3.аумақтың геоморфологиялық ағдайы, яғни сыртқы көрінісі, шығу тегі, жасы және таралу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
-жер бедері
-Флювиальдық рельефі
-Өзен аңғарларын зерттеу суайрықтарды зерттеу
-Жер бедерінің антропогендік түрлерін зерттеу
-Қоршаған ортаның жағдайы және табиғатты қорғау шаралары
1.2.Балқаш қаласының кономикалық-географиялық зерттеулері ... ... ...
1.зерттеу аумағының экономикалық-географиялық орны ... ... ... ... ..
2.табиғат жағдайы мен ресурсы
3.тұрғындары мен еңбек ресурсы
4.зерттеу аумағына тарихи талдау жасау
5.шаруашылығы
6.өнеркәсібі
7.шаруашылығы
8.өнеркәсіп орындары
9.ауыл шаруашылығы
10.көлік инфрақұрылымы
11.шаруашылықтың даму болашағы

2.Қарағанды қаласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Каланы зерттеу бағдарламасы.
- Географиялык орны.
- Табигат жағдайы мен ресурстарына шаруашылық бага беру.
- Кала калыптасуының тарихи-географиялык ерекшеліктері.
- Халык санағы бойынша кала тұргындарынын саны.
- Каланың казіргі кызметі (функциясы).
- Кала манындагы территория.
- Каланың сыртқы байланы ары мен даму келешегі.
2.2.Кэсіпорынды (мекемені) зерттеу бағдарламасы.
1. Географиялык орны.
2. Дамуының тарихи-географиялык ерекшеліктері.
3. Касіпорынның экономикалык-географиялык сипаттамасы.
4. Құралы-жабдыктары (оборудование).
5. Кадрлары және кадрлар мәселесі.
6. Өнімінің өзбагасынын денгейі.
7. Даму келешегі.
2.3.Электрстанцияны (мекемені) зерттеу бағдарламасы.
1. Географиялык орны.
2. Электростанцияның түрі.
3. Кыскаша экономикалык сипаттамасы

3.Нұр-Сұлтан қаласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1.Каланы зерттеу бағдарламасы.
- Географиялык орны.
- Табигат жағдайы мен ресурстарына шаруашылық бага беру.
- Кала калыптасуының тарихи-географиялык ерекшеліктері.
- Халык санағы бойынша кала тұргындарынын саны.
- Каланың казіргі кызметі (функциясы).
- Кала манындагы территория.
- Каланың сыртқы байланы ары мен даму келешегі.

4.Баянауыл ұлттық саябағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Баянауыл ұлттық саябағының физикалық-географиялық сипаттамасы
-Аумақтың географиялық орны
-Зерттеу аумағындағы геологиялық тектоникалық процесстер
-Аумақтың геоморфологиялық ағдайы, яғни сыртқы көрінісі, шығу тегі, жасы және таралу ерекшелігі:
-Жер бедері
-Флювиальдық рельефі
-Өзен аңғарларын зерттеу суайрықтарды зерттеу
-Жер бедерінің антропогендік түрлерін зерттеу
-Қоршаған ортаның жағдайы және табиғатты қорғау шаралары

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Кешенді зоналық практика 2019 жылдың 27 мамырында бастау алған болатын. 27 мамыр күні Алматы қаласынан шығып, Балқаш қаласына келіп, түнедік.Мыс балқыту зауытында болдық. Жергілікті жерде қаланың географиялық орналасуы мен кәсіпорынның даму келешегі зерттелді.29 мамырда көл бойымен шығып, зерттеу жүргізуді бастадық. Флювиалды процестер мен қоршаған ортаның жай күйін, топырақ - өсімдік жамылғысы зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілді. Қарағанды қаласына келіп, ҚарМУ университетімен таныстық. Онда бізге география және жерге орналастыру кафедрасы бойынша экскурсия жасап, мұражай көрсетті. Қарағанды қаласының дамытудың қазіргі заманғы функциялары мен даму келешегі зерттелді.Нұр -Сұлтан қаласына аттанып, түнеуге шықтық.Нұр -Сұлтан қаласынан шығып, Баянауылға келдік. Бұл жерде тұр базаға орналасуға бастадық. Баянауылдың географиялық орналасуын және аймақтық геологиялық-тектоникалық процестері бойынша зерттеу жасадық.3 маусымда аумақтың геоморфологиялық жағдайын зерттеу, яғни, рельефтің жекелеген түрлері мен олардың таралу ерекшеліктері, пайда болу, өсу және сыртқы келбетін зерттеу.Баянауылдағы жел қызметімен, жер бедерінің формаларын зерттедік. Топырақ өсімдік жамылғысын зерттеумен айналыстық. Гербарий үшін өсімдіктер жинадық.6 маусымда Баянауыл рекрациясының аймағын зерттеп, қәзіргі уақытта қоршаған ортаның жай күйіне бағалау жасадық. Турбаза аумағы бойынша жиналу және Баянауылдан шығып Алматы қаласына қайта оралдық

1. Балқаш көлі
1.Балқаш -- Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары -- Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары -- Басарал, Тасарал. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды.
Балқаш көлі өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +24°, қыстағы орташа температурасы -- 8°-қа жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +27°-қа жетеді. Балқаш көлінің табиғат байлықтары. Көл әртүрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі -- тек Балқашта өсетін балықтар.

1.сурет

1.1Балқаш көлінің физикалық-географиялық сипаттамасы
Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі.
Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы - Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен, Іле Алатауымен, батыста - Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр.
Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар: Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және солтүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады.
Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш - Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17-22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,24%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. Чертежи всех сибирских городов и земель атты атласында Балқашты Теңіз деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19ғ-да Клапроттың (1836) және Швед картографы И.Г.Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. П.В.Рихтгофен (1877) мен А.Ф.Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В.Мушкетов, А.М.Никольский, Л.С.Берг т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф.Домрачев, В.Н.Абросов, Л.И.Лев, Н.М.Страхов, Д.Г.Сапожников, М.Н.Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық- географиялық сипатын зерттеумен 1970-90 ж. Қазақстан ҒА-ның институттары, Қазақ балық шаруашылық ғылыми зерттеу институтыты, Қазақ гидрометеорология ғылыми - зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы). Көл - шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15-170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8 мс. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында - солтүстік-шығыстан соғады. Сол себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым - шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылдары көтеріліп, 1946 және 1987 жылдары төмендегені байқалды (кестені қара). 1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрология және гидрохимия жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі.

2.сурет
Балқаш - жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк.
Аралдар
::Басарал
::Алғазы аралы
::Тасарал
Шығанақтар
::Ақжайдақ
::Қарақамыс (шығанақ)
::Балықтыкөл (шығанақ)
Түбектер
::Байғабыл түбегі
::Балай
::Көктөбе (түбек)
::Қараағаш түбегі
::Сарыесік
::Ұзынарал
::Шауқар
Балқаш көлі тектоникалық түзілімдегі ойыста ораналасқан. Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстаның шөлейтінде, ежелгі Балқаш Алакөл су айдынының бір бөлігін ғана алып жатыр. Ол соңғы төрттік мұзбасу кезеңінен бері белігі. Қазіргі кездегі географиялық жағдайына келсек көлдің батыс және солтүстік-батыс жағаалаулары төмен шөгіп, солтүстік шығыс жағалаулары көтерілуде.
Сәйкесіне батыс және солтүстік-батыс жағалаулары жалпы ингрессионды сипатта, ал солтүстік - шығысы - регрессиялды.
Көл екі табиғи аудандардың шекарасында ораналасқан. Көлдің солтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Орталық Қазақстаның жазығы жатыр, Оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс Қазақстанның құмды жазықтары көмкерілген.
Балқаштың жалпы су жинау ауданы 413 мың км2. Оның көп бөлігі (353 мың км3). Қазақстан территориясында, ал Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасына орналасқан. Алакөл көлінің бассейінінен бөліп тұратын суайрық сызығы Балқаш көлі мен Сасықкөл көлдерінің аралығында жатыр (биіктігі 400 м жуық).
Бассейн күрделігімен ерекшеленеді. Оның территоиясында биік таулар жүйесін, аласа тауларды сондай-ақ жазықтар мен Балқаш маңы құмдарын кездестіруге болады.
Балқаш маңы жазығын 2 негізгі аудандарға бөліп қарастыруға болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы (нақтырақ айтсақ Солтүстік және Солтүстік батыс)
2) Оңтүстік Балқаш маңы
Солтүстік Балқаш маңы Қазақстан ұсақ моқысының оңтүстік бөлігі болып келеді.
Оның орташа биіктігі 400-500 м. Рельефі жазық болып келеді. Жеке шоқылар, қыраттар, опырылымдар, өзеннің құрғап қалған алаңдары мен тілімденген алаңдар араласып кездеседі.
Оңтүстік Балқаш маңы аккумулятивті жазықты болып келеді. Балқаш көліне қарай еңістеу. Мұнда құмды массивтер кең таралған.
Көме жақындаған сайын барханды, бүлірлі, ұялы құмдар көп. Бүйірлі құмдар солтүстік-батысқа бағыталып орналасқан. Жергілікті жазықтықпен салыстырғанда биіктігі 5-10 м. Көл маңында көлі-апмовиальды жазық тараған. Бұл өңірді ежелде Ежелгі Балқаштың сулары алып жатқан болатын. Телімнің кейбір жерлерінде құмды төбешіктер кездеседі.
Балқаш ойысының территориясы құрғақ, шұғыл континентті климатта жатыр. Жылдық жауын-шашыны 150-200 мм аспайды. Өсімдігі шөлейт зонасына тән.
Бассейіннің өзен арналары Тянь-Шань таулы зоналарында және Қазақстан ұсақ шоқысының оңтүстік беткейлерінің кейбір бөліктерінде реттеледі. Балқашмаңы жазығы (әсіресе Оңтүстік Балқашмаңы) ағынсыз ауданға жатады.
Солтүстік Балқашмаңы өзендері (Мольеты, жалиші, Таптау, Бақанас, Аякөз қар суымен қоректенеді. Тянь-Шань таулы аудандарынан өз бастауын алатын өзендері (Іле, Қаратал, Ақсу, лепсі) қарлы мұзды және жаңбырлы қоректену типіне жатады

Балқашқа құятын Іле өзеніне Қапшағай су қоймасы салынғалы бері суының деңгейі 2 м төмендеді. Қазір Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанған, оған әсіресе Балқаш мыс комбинаты көп зиян тигізуде. Мыс комбинаты Балқаш көлінен жылына 59 млн. текше м суды өндіріске пайдаланады. Пайдаланған су жақсы тазартылмай, көлге қайта жіберілетіндіктен, қазір көл суы құрамында мыс 14 -- 54 есе артып, молибден, мырыш қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда. Экологиялық жағдайы өте нашарлағандықтан, көлден ауланатын көксерке балығы қоғам дамуының қазіргі жағдайында өмір беруді дамытуға, өндірістің барлық үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл қойылып отыр. Балқаш көліңің- су жинау алабы 413 000 шаршы шақырым аумаңты алып жатыр. Оньщ 350 400 км2 (85%) бөлігі Қазаң мемлекетінің шегінде жатса, ал өзге бөлігі (15%) Қытай Халық Республикасында орналасқан.Бұл көл алабының гидрографиялық желісі жеткілікті дәрежеде дамыған (0,6 -- -3,0 кмкм2), әрі ағынды қалыптасатын белдемінің айтарлықтай бөлігі аумағында орналасқан (Іле өзенінің жоғарғы ағысы). Ал ағын сусыз кеңістіктерден тұратын Қазақстан аумағында гидрографиялық желінің жиілігі 0,01 кмкм2-ге дейін құлдырайды.
Аймақтағы тау тізбектерін бір-бірінен бөліп жатқан өзендердің терең депрессиялық аңғарлары батыстан келген ылғалды ауа массаларының тауларға тереңдей енуіне, сөйтіп бұл ылғалдың осы тау ағынын қалыптастырушы жүйелерге атмосфералың жауын-шашын түрінде түсуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, мүнда ТАҢЖ бетінде атмосфералық ылғал конденсацияға ұшырап, соның бір бөлігі беттік ағындыға айналса, екінші бөлігі жерасты су ресурсын толықтырады. Конденсация қалыптасатын жерде төмен атмосфералық қысым аймағы қалыптасады, сондықтан да бұл аймаща қосымша ылғалды ауа ағыны ұмтылады. Бұл жағдай өз кезегінде тау жуйелері ағынын қалыптастыру күшін күшейтеді. Осы көрсетілген ылғалға байланысты Балқаш көлінің алабында қалыптасатын, жыл сайын жаңаратын су ресурстарының көлемі 28,85 км3 оның 16,05 км3-і аумағында қалыптасты, аумағында (Текес өзенінің жоғарғы ағысын қоса есептегенде) қалыптасады екен. Осы ағындының айтарлықтай бөлігі биік таулардағы қар мен мұздықтардың еріген суынан қалыптасады, сондықтан да ұсынылып отырған мақала да осы проблемаға бағышталған.
Гидрологиялық және атмосферадағы ылғалды конденсациялау тұрғысынан қарасақ, аумақ ландшафының ерекше әрі аса маңызды элементіне мұзқұрсануды жатқызар едік. Себебі, алаптағы негізгі өзендер түгелдей мұздықтардан бастау алады. Мұздықты тұрақты жұмыс істейтін фабрика немесе тұщы су сақтайтын ғасырлық қойма деп қарастыруымызға болады.

3.сурет
Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті.
Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем.Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.
Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңт.-шығыс аймағында 20 ғ-дың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп -- Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өз. арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш к-нің экол. тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км3-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км3 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысатын. 1970 -- 85 жылдардағы Балқаш к-не құятын өзендер суының жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлш. жылына 7,0 -- 8,0 км3-ке дейін өсті (1-сурет), оның 6,5 км3 суы егін суаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км3-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абс. биікт. 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылд. жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 -- 46 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 смжыл) біршама жоғары. Іле өз. атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 23 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығыны 1600 -- 1800 м3с-тен 700 -- 800 м3с-ке дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағыны жылдам өзгеретін (0 -- 1000 м3с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш к-не құятын Іле өз-нің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалған Іле ғана қалды. Су шығынының 90%-і тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына симай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңт. жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 -- 5-і ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлш. 17 -- 18 мың т-дан 10 -- 11 мың т-ға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мыс., бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ін табан, жайын, көксерке, т.б. құрады (1997). Ал, аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды (2-сурет). 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералд. күрт өсті (3-сурет). Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың т-ға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералд. 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мыс., 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 -- 90 ж. Іле -- Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғыл. зерттеулер жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 м-ге төмендетілді, сөйтіп көлемі 2 есеге (28 км3-дің орнына 14,5 км3) кеміді де, жер суаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш к-нің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп -- Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл -- халықтар. деңгейде реттелетін мәселе.

4.сурет
Балқаш фаунаға өте кедей, молюскілер мен шаян тәрізділердің кейбір түрлері бар. Балықтардан: балқаш алабұғасы, ақ балықтың екі түрі және сазан, губач, сибирь елеңі кездеседі, қолдан табан балық, теңге балық, ұсақ бәкіре жіберілген.
Алакөл үлкендігі жөнінен Балқаш-Алакөл ойысындағы көл. Оның ауданы 2 076 кв км. Алакөл маңайындағы Сасык көл, Yenялы және Жалаңаш көлдерімен бір кезде жалғасып жатқан, ал қазір олар бөлек топ құрайды. Ертеде ол Балқашпен қосылып жатқан. Барлық топ Балқаш-Алакөл ойысының оңтүстік-шығысында жатыр.
Оңтүстік батыс және батыс жағалаулары биік және көлге тік жар жасап құлаңды. Көл қазан шұңқырында алты терраса бар, олардың биіктігі 2 ж-ден 65 ж-ге дейін болады. Бұл террасалардың және оларға іргелес жатқан көл шегінділерінен тұратын бірсыпыра кең сортаңды жазықтардың болуы, таяудағы өткен кездерде көлдердің аумағының қазіргіден үлкен болғандығын және ойыстың терең бөлігінде сақталған осы көл дәлелдейді.
Балқаш қаласының экономикалық-географиялық зерттеулері

Балқаш -- Балқаш жағалауында орналасқан қала. Балқаш көлінің жағасындағы ең ірі қалалардың бірі - Балқаш қаласы. Қала Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертыс айлағында орналасқан. Халық саны - 75,6 мың адам.
Тарихы

1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Қала 1937 жылы Прибалхашстрой кентінің базасында құрылды.

Қаланың қысқы көрінісі

Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кен орны мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. 1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс халықаралық мыс эталоны болып танылды.

Туризм

Қала жағажайы

Көл және көл маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы, тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды. Көлдің батыс жағалауында халықаралық және республикалық маңызы жоғары Алматы - Екатеринбург тас жолы өтеді. Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі - Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектауата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар Әулие үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі - туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.

Халық саны

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 2,1% басқа ұлт өкілдері.
2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу - 18,53 өлім - 14,36 табиғи өсім - 4,17

Ауыл шаруашылығы

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.
2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га - егістік алқаптар.
2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га.
2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі - 3,1 мың бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс - 5,4 мың бас.

Білім

Қалада 20062007 оқу жылы басына
21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12456 оқушы оқиды,
1 кешкі жалпы білім беретін мектеп - 200 оқушы
4 колледжде - 2736 оқушы,
2 кәсіби-техникалық оқу орнында - 1195 оқушы,
1 жоғары оқу орнында - 2595 оқушы оқиды.
Қалада
9 кітапхана,
5 клуб типті мекеме,
1 мұражай істейді.

Инфрақұрылымы

Қаладағы Ағыбай батырғаарналған ескерткіш

Қаладағы Мəдениет үйі

Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар.

Транспорты

Балқаш - ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.

Экономикасы

Қаладағы мыс қорыту зауыты

Балқаш мыс -- Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. Балқашкөлінің солтүстік жағалауындағыБертісшығанағында(Балқ аш қаласынан 2 -- 3 км) орналасқан. Ол алғаш (1938) Балқаш мыс және түсті металл өңдеу зауыттары мен Қоңырат мыс және Гүлшат қорғасын-мырыш кеніштерін біріктіру нәтижесінде Балқаш кен-металлургия комбинаты болып құрылған. 1997 жылы "Балқашмыс" акционерлік қоғамы болды.
"Балқашмыс" негізінен тазартылған мыс, асыл және сирек кездесетін металлүгінділерін, қорғасын мен мырыш өнімдерін, никельді және оттексіз вайербарс тотияйындарын, молибден мен темір концентраттарын, селен, теллур, кадмий, рений тұздары мен қышқылдарын, аммоний перренаты мен күкірт қышқылын шығарады. "Балқашмыс" кен өндіруден бастап түсті металл прокатын шығаруға дейінгі технологиялық процестер толық атқарылатын және түгелдей автоматтандырылған бірден-бір өндіріс орны. Кәсіпорын ұзақ жылдар (1940 -- 1980жж) бойы Қазақстан ауыр өнеркәсібінің көшбасында болды. Еңбекті ұйымдастыру мен жаңа технологияны енгізуде үлкен жетістіктерге жетті. 20 ғасырдың 70-жылдары кәсіпорынның шикізатты кешенді пайдалану жөніндегі тәжірибесі республиканың барлық түсті металлургия кәсіпорындарына енгізілді. Мұнда мыспен қоса кен құрамында болатын алтын және күміс өндіру көлемі ұлғайды, мысты және онымен бірге жүретін шикізатты өңдейтін технологиялық жүйе, эмальсым шығаратын зауыт іске қосылды. Нәтижесінде өнімнің сапасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Балқаш маңы аумағының шөлдену мәселелері
Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Балқашмаңы Іле - Алакөл физикалық географиялық ауданы жер бедерінің морфологиялық және морфометриялық көрсеткіштерін анықтау
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Пәндер