Дарынды балаларға - талантты ұстаз Республикалық педагогикалық олимпиада


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауының он жетінші бағытында: « . . . бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» - деп көрсеткен[1] .

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан-жақты, ақыл-ой өрісі кемелденген оқушы тәрбиелеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі[2] . Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет. Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда.

Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің жаңа зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін дарынды балаларға білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзаттық құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Кез-келген елдің жоғары дамуы олардағы өсіп келе жатқан жастардың жоғарғы шығармашылық және талпыныс күшіне байланысты. Балабақша, мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің алдында балаларды тәрбиелеуде, оларға жан-жақты білім беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Зерттеу жұмысында дарынды оқушыларды анықтау деңгейі, ғылыми әдіснамалық негізі, дамыту ерекшеліктері қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі дарынды оқушыларды тәрбиелеу жұмысының педагогикалық жетілуінің жүйелік сипатымен негізделеді. Дарынды оқушылардың ерекшеліктерін дамыту деңгейі қазіргі заман талабына сай жүзеге асады. Жалпы дарынды оқушылардың қалыптасуы оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейіне, мұғалімнің іскерлігіне, оқушылардың ынтасына, көзқарасына тәуелді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, дарынды баланы тәрбиелеудің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-физиологиялық, педагогикалық-психологиялық мәселелеріне аса зор мән берген жөн.

Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байыпты мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу педагогтің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Жұмыстың теориялық бөлімі дарындылық ұғымының педагогикалық-психологиялық ғылыми әдебиеттерде алатын орнын талдаумен сипатталады.

Балалардың дарындылығының педагогикалық мәселесін түсінудің бастауы Я. А. Коменский, И. Г. Песталоции, А. Дистервег, Дж. Дьюи, К. Д. Ушинский секілді көрнекті педагогтардың еңбектерінде қаланған. Олар өздерінің еңбектерінде балалардың жеке ақыл-ой ерекшеліктеріне, сондай-ақ оқушылардың ерекше қабілеттерін дамыту қажеттілігіне аса көңіл бөлді.

АҚШ-та интеллектуалды дарындылық мәселесін зерттеумен Х. Гарднер, Дж. Рензулли, Р. Дж. Стернберг айналысса, шығармашылық дарындылықты зерттеуде танымал АҚШ зерттеушілері Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор, Дж. Кэррода, Б. Блуман, Ж. Брюно танымал болғаны белгілі, ал Англияда - Дж. Фримен, Германияда - К. А. Хеллер, Г. Трост, Х. К. Урбан, Израильде - Э. Ландау зерттеулері қарастырылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу жағдайына келетін болсақ, дарынды оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне бейімделуінің кейбір аспектілері В. Н. Дружинин, Н. С. Лейтес, А. И. Савенков, М. А. Холодная, С. Рензулли, Э. Ландау, С. В. Кузнецова, С. И. Қалиева, Н. А. Құдиярова, Г. Нұрымбетова, В. И. Иванов еңбектерінде қарастырылған.

Соңғы кездерде дарындылық жайлы мынадай тұжырымдамалық ережелер әзірленген: яғни, интеллектуалдық дарындылық феноменіне жасқа сай келу тұжырымдамасы (Н. С. Лейтес) ; дарындылыққа жақындап келу адамның шығармашылық қабілетінің көрінісі секілді (А. М. Матюшкин, В. С. Юркевич), дарындылықтың динамикалық теориясы (Ю. Д. Бабаева, М. А. Холодная), адамның экопсихологиялық даму шеңберінде дарындылық дамуына экопсихологиялық келу (В. В. Панов) .

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П. П. Блонский, М. Жұмабаев, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек деді.

Зерттеу мақсаты: дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі педагогтың кәсіптік дайындығының ерекшелігін, шеберлігін ескере отырып, қажеттілігін көрсету.

Зерттеу нысаны: дарындылық психологиясы және дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі педагогтың кәсіптік дайындығы.

Зерттеу пәні: дарынды балаларды тәрбиелеу жұмысындағы педагогикалық-психологиялық негіздері.

Зерттеу болжамы: егер білім беру мен тәрбие процесінде педагог дарындылықтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін тереңірек түсініп және мұғалімнің педагогтық сапасы, кәсіби жарамдығы, кәсіби дайындық рольдері дұрыс бағытта анықталса, онда баланың бойындағы дарындылық нышанын жетілдіруге болады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Дарынды балалар туралы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, саралау;
  2. Диагностикалау негізінде дарынды балалардың типтерін анықтау;
  3. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің кәсіптік деңгейін белгілеу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - дарындылық психологиясын көп ғалымдар зерттеген, олар: ағылшын психологы Ф. Гальтон (ІХғ), неміс педагог-психологы Э. Мейман (ІХ аяғы мен ХХ ғ басы), неміс психологы В. Штерн (ХХ ғ І жартысы) . Д. Ж. Гильфорд, П. Торренс, Ф. Баррен, К. Тейлор.

Ресей психологтары: Л. С. Выготский, Б. Т. Ананьев, Н. С. Лейтес, В. М. Теплов, М. Матюшкин, В. Э. Чудновский, В. А. Крутовский, Л. А. Венгер.

Сол сияқты өзіміздің Қазақстан жерінде туып-өскен қазақтың жантанушы, ағартушы ғалымдары Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, М. Мұқанов, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Қоянбаев.

Зерттеу әдістері - зерттеу бағыты бойынша педагогикалық және психологиялық әдістемелік әдебиеттерді талдау; педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибелермен танысып, ғылыми тұрғыда сараптау; дарынды балалармен топтық және жеке жұмыстар жүргізу; олардың арасында психологиялық әдістемелер, тренингтер өткізу; жүргізілген психологиялық әдістемелердің, тренингтердің тиімділігін анықтау мақсатында тапсырмалар дайындау және алынған нәтижелерді өңдеу.

Зерттеудің кезеңдері - бірінші кезең - зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер туралы материалдар жинақталып, талдау, қорытынды жасалып, жүйеленді; қарама-қайшылықтар анықталып, зерттеудің нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері анықталып, болжамы жасалды.

Екінші кезең - анықталған педагогикалық-психологиялық шарттар мен жасалған үлгіні эксперимент жүзінде тексеру мен зерттеудің болжамын растау мақсатында қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.

Үшінші кезең - тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижесі талданып, жүйеленіп, қорытындыланды; алынған нәтижелерге статистикалық өңдеулер жасалынды; зерттеу нәтижесінде алынған материалдар дипломдық жұмыс түрінде рәсімделді.

Зерттеу базасы: Ақтөбе қаласы, №22 орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

  1. Дарындылық туралы жалпы түсінік

«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек», - Н. Ә. Назарбаев[1] .

Қазіргі кезде қоғамымызда негізгі болып дарындылықтың ғылымилығы ғана емес, сонымен бірге дарындылықтың өмірде шынайы көрінуі, оны анықтаудағы әдістер, балада дарындылықтың дамуы және оның әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Бүгін дарынды балаларды қамқорлау бұл ертеңгі ғылым дамуы мен мәдениетті және әлеуметтік өмірді сақтау болып табылады. Дарындылықты анықтаудың әдістері баршылық, олардың өз қабілетін жүзеге асыру үшін өзіндік жобалар жасалуда. Балалардың дер кезінде өз дарындылығын түсіну және өз шығармашылығын жетілдіру, жауапкершілікті де өз мойнына алу мәселелері де жеткілікті келеді. Дарындылық әртүрлі жаста, әр салада көрінуі мүмкін. Мектепке дейінгі шақта сурет салуға, музыкаға, жалпы шығармашылыққа деген қабілеттілік ерте дамиды. Ең негізгі міндет - дарындылық сипаттамасында оның өткінші, яғни белгілі жас шағында көрінетінін немесе оның нақты ерекшелігін анықтау болып табылады. Балада байқалатын дарындылық көрсеткіштерін көріп, оның болашақтағы шығармашылық потенциалын бірден анықтауға болмайды, себебі ол уақыт өте келе өзгеруі де мүмкін.

Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде кездеседі.

Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп қарастырылған. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдыретінен, оның белгілеуінен.

Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.

Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты[3] . Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.

Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі[4] .

Орта ғасырдағы Еуропалықтардың пікірінше, егер адамдар бірдей жағдайда өмір сүрсе, олардың ақыл-естері бірдей болар еді дегенге тірелді.

Джон Локк өзінің «Адамның ақыл-ой тәжірибесі» атты философиялық еңбегінде мынадай пікір айтады: адамда туа біткен пікірлер болмайды, олар тәжірибе негізінде пайда болады; адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы «таза тақта» секілді, сезімде жоқ нәрсе ақыл-ойда да болуы мүмкін емес[5] .

Неміс классикалық философтары (Э. Кант пен Гегель) дарындылық түсінігінің ерекшелігін зерттеу, осыған дейінгі қиялшылдығы басым философиялық ұғымдарды жетілдіріп адамның дарындылығын дамыту және әрекеттік сипатын сезінуге мүмкіндік береді[6; 7] .

Балалардың дарындылығының педагогикалық мәселесін түсінудің бастауы Я. А. Коменский[8], И. Г. Песталоцци[9], А. Дистервег[10], Дж. Дьюи[11], К. Д. Ушинский[12] секілді көрнекті педагогтардың еңбектерінде қаланған. Олар өздерінің еңбектерінде балалардың жеке ақыл-ой ерекшеліктеріне, сондай-ақ оқушылардың ерекше қабілеттерін дамыту қажеттілігіне аса көңіл бөлді.

ХІХ ғ соңында Ф. Гальтон «Дарындылықтың тұқымқуалаушылығы: оның заңдары мен салдары» атты еңбегінде талант пен дарындылықтың, психологиялық ерекшеліктердің, жеке қасиеттердің тұқымқуалаушылығын көрсету мақсатында Еуропа мен Англияның көрнекті қайраткерлерінің өмірбаяндық, статистикалық және тарихи зерттеулерінде кең ауқымды мәліметтер келтірген. Оның ойынша, тұқымқуалаушылық пен іріктеу - қоғам мен адам дамуының маңызды факторлары. Ф. Гальтон өз зерттеулерінде таланттың тұқымқуалаушылығы туралы қорытындыға келді[13] . Сондай-ақ ол таланттар мен дарындылардың дамуына қоршаған ортаның ықпалы мен дарындылар мінезінің ерекшеліктері де әсер етпей қоймайды дегенді айтады. Сонымен қатар бірінші орынға ол «табиғи дарындылықты» қояды, оның астарында адамды биік беделге жетелейтін іс-әрекет жасау мүмкіндігі мен қабілетін беретін ақыл-қасиет бар деп ойлайды. Ең маңыздысы осы қасиеттермен бірге «еңбектегі төзімділік» сәйкес келуі тиіс, яғни ұзақ уақыт бойына қиын жұмысты жасау қабілеті. Солай бола тұра, осы қасиеттердің бәрі әлі де жеткіліксіз, адамның өзі ішкі күш-жігері мен ынтасына сүйеніп, жолындағы кедергілерді жоя отырып, адам ұлылығының шыңына қол жеткізуі тиіс. Сонымен, Гальтонның ойынша, дарындылық энергия мен ауыр еңбекке деген қабілеттілік тұқым қуалайтын қасиеттер. Ол атап көрсеткен кедергілерді дарынды адамдардың өміріндегі дағдарыстық кезең деп қарастыруға болады, дәл осы дағдарыс олардың дарынының көрінуі мен дамуына жағдай жасаған болатын. Оның айтуынша, дарынды адамдар үшін білімді және білімсіз болу маңызды емес. Адамның маңызды жетістігі - кезінде маңызды кедергілерден өтіп, оны жеңе білуі адамның дарындылығынан хабар береді.

Ф. Гальтон көптеген әйгілі де қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе, кез-келген деңгейдегі қабілеттілікте «тұқымқуалаушылық - негізгі шарт» деген қорытындыға келеді.

Ф. Гальтоннан кейін неміс педагогі және психологі Э. Мейман (ХІХ-ХХ ғ. ғ) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылық пен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Э. Мейман дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік арасалмағын қарастырды[14] .

ХХ ғ бірінші жартысында неміс психологі В. Штерн адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп, жеке бас психологиясының негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» көрсетті. В. Штерн ақыл-ой қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынды: «Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімделетін, жалпы ақыл-ой қабілеттілігі». В. Штерннің пікірінше, дарынды деп жаңа талаптарға әртүрлі салада, әртүрлі жағдайларда тез бейімделе алатын адамды айтуға болады[15] .

Осы зерттеудің ізбасарлары - ресейлік ғалымдар Н. К. Кольцов[16], Ю. А. Филипченко[17], П. П. Чулков[18] т. б Ресей империясының атақты Л. Н. Толстой, А. С. Пушкиннің және Ф. И. Шаляпин, М. Горький, С. А. Есениндердің ата-тегінің генеологиясын зерттеп, мынадай қорытындыға келеді: «дарынды адам құнды тұқымқуалаушылық қабілеттердің өте сирек кездесетін жиынтығының көрінісі» болып табылады. Академиялық зиялы қауым өкілдерінің ата-тегін зерттеу, өз кезегінде, оның аса көрнекті өкілдері «жоғары, кейде айрықша дарынды және сонымен қатар жұмысқа деген аса жоғары қабілеттілігімен» ерекшеленетінін көрсетті. Зиялы қауым өкілдері неғұрлым күшті болып, оның ауқымы да кеңейе түсіп, оның өмір сүру жағдайы да қолайлы болған, олардың қатарынан дарындылардың пайда болуы ықтималдығы артады. Зиялы қауымның кедейлігі кезінде таланттардың көптігін күту өте қиын.

1927 жылы В. М. Бехтерев КСРО Үкіметіне «Ми пантеонын» құру туралы ұсыныс жасады[19] . Аталған жобаның міндеті Ленинградта Мемлекеттік рефлексиологиялық институт жанынан «дарындылық пен данышпандықтың анатомиялық негізін» зерттеу жөніндегі зерттеу базасын ұйымдастыру және осы мақсатта саяси, мәдени және өнер салаларындағы дарынды адамдардың «Ми банкін» құру болатын. Осындай ойлар бұрын да айтылған болатын. 1918 жылы психолог және педолог М. А. Рыбников[20] «Өмірбаяндық институтты» ұйымдастыру жобасын дайындады, оның міндеті ұлы тұлғалардың «өмірбаянының үлкен бөлігін сақтауға» арналса, 1921 жылы медицина докторы Г. В. Сегалин[21] «Дарындылықтың шығармашылық институтын» құру туралы ұсынысын білдірді. Осылайша, дарындыларға қызығушылық өте жоғары болды.

ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы. Алтынсарин: «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», -дейді[22] .

Қазақ ағартушылары дарындылықтың туа біткен қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

А. Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбектің іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады»[23] .

Дарындылық теориясының негізі Ресей педагогтары мен психологтарының еңбектерінде жақсы көрініс тапқан. Л. Выготский[24], Б. Г. Ананьев[25], В. А. Крутецкий[26], Н. Лейтес[27], Б. Тепловтың[28] психологиялық-педагогикалық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Соңғы кездерде дарындылық жайлы мынадай тұжырымдамалық ережелер әзірленген: яғни, интеллектуалдық дарындылық феноменіне жасқа сай келу тұжырымдамасы (Н. С. Лейтес[27] ) ; дарындылыққа жақындап келу адамның шығармашылық қабілетінің көрінісі секілді (А. М. Матюшкин[29], В. С. Юркевич[30] ), дарындылықтың динамикалық теориясы (Ю. Д. Бабаева[31], М. А. Холодная[32] ), адамның экопсихологиялық даму шеңберінде дарындылық дамуына экопсихологиялық келу (В. В. Панов[33] ) .

Қазіргі таңда дарындылық мәселесі барлық елде негізгі маңызды мәселе болып отыр. Әртүрлі әдебиеттерді талдай келіп, интеллектуалды дарындылық мәселелері біздің елде және шетелде де ғылыми зерттелу үстінде екені айқын болды. АҚШ-та интеллектуалды дарындылық мәселесін зерттеумен Г. Гарднер[34], Дж. Рензулли[35], Р. Дж. Стернберг[36] айналысса, шығармашылық дарындылықты зерттеуде танымал АҚШ зерттеушілері Дж. Гилфорд[37], П. Торренс[38], Ф. Баррон[39], К. Тейлор[40], Дж. Кэррода[41], Б. Блуман[42], Ж. Брюно[43] танымал болғаны белгілі, ал Англияда - Дж. Фримен[44], Германияда - К. А. Хеллер[45], Г. Трост[46], Х. К. Урбан[47], Израильде - Э. Ландау[48] зерттеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Ерекше балаға – ерекше мектеп
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz