Балалардың психикалық даму белгілері


БАЛАНЫҢ ДЕНЕСІ МЕН ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУ АКСЕЛЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Орындаған: Кенжебаева Н. Е
Тобы : 304 топ
Мамандығы :5В050300-Психология
Жетекшісі : Нұрғазы Мадина Тұрсынғазықызы
психология пәнінің оқытушысы
Ақтөбе, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
ІБаланың денесі мен психикалық дамуы акселерациясының теориялық тұрғыдан қарастырылуы . . . 6
1. 1Акселерация туралы жалпы түсінік . . . 6
1. 2Балалардың психикалық даму белгілері . . . 9
1. 3 Баланың психикалық дамуын зерттеген ғалымдардың ой-пікірлері . . . 12
ІІБаланың денесі мен психикасының даму жолдары . . . 14
2. 1 Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні . . . 14
2. 2Оқу-танымдық әрекеттің бала психикасының дамуына ықпалы . . . 16
ІІІ Іс-тәжірибелік бөлім . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
ҚОСЫМШАЛАР . . . 32
КІРІСПЕ
Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы, тілді, іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді т. б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түседі. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы рөл атқарады.
Бала жеке тұлға адам болып табылатындықтан, адам психикасы дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теориясы тұрғысынан алғанда қате болып табылады және практикада үлкен қиындықтарға әкеп соқтырады. Өйткені, бұл жерде педагогқа көпе-көрінеу пассивті рөл бөлінеді.
Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіншілік береді[11; 25] .
Баланың психикалық дамуы отбасынан бастап, балабақша, мектеп, орта және жоғарғы білім беру мекемелеріне дейінгі баспалдақтар бойынша сараланып, әр саланың өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Соның отбасынан кейінгі, бірінші орында тұрған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың психикалық дамуын ескере отырып, жетілдіру мен дамыту жолдары болып табылады.
Атақты психолог ғалымдары Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. С. Запорожец, Л. Д. Венгер, Д. Б. Эльконин, Е. И. Игнатьева, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер т. б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттер, олардың психикалық дамуы мен белсенділігі, шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі[5; 39] .
Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні атты бірінші бөлімінде баланың психикалық дамуының ерекшеліктері, баланың психикалық дамуын зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың ой - пікірлері қарастырылады, «Баланың танымдық процестерінің даму жолдары» атты екінші бөлімінде баланың танымдық процестерінің даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары қарастырылады.
«Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы эксперименттік жолмен анықтау» атты үшінші бөлімінде оқушылармен жүргізілген, оқушылардың танымдық процестерінің дамуы бойынша жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар нәтижелері айқындалды. Қорытынды және зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылды.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер баланың денесі мен психикасының дамуына әдіс - тәсілдерді тиімді қолданса, онда баланың психикалық дамуы өз деңгейінде жүреді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- Бала дамуы жайлы, оның ішінде дене дамуы мен психикасының дамуы туралы түсінік беру;
- Баланың психикалық дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру, ой - пікірлерін талдау;
- Бала ағзасының дамуындағы акселерацияны қарастыру.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдау;
2. Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
3. Баланың психикалық дамуын эксперименттік жолмен анықтау.
Зерттеу обьектісі:
-Қазақстан Республикасының заңдары, нормативті құжаттар, кешенді бағдарламалар;
-Бала психикасының дамуына байланысты педагогикалық - психологиялық ғылыми зерттеу еңбектері;
Зерттеу пәні: баланың психикалық дамуы.
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту - түзету (коррекция) жұмыстарының, сондай - ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20 - шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған:
1. Арнаулы білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдары жүзеге асырады;
2. Дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психикалық - педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, балабақшалар, психикалық - медициналық - педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.
3. Ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай - ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мұмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспірімдер бұл ұйымдарға ата - аналарының, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар негізінде жіберіледі.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдалды.
Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастырылды.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: оқушыларды салыстыру, жинақтау, бақылау, сауалнама, тест әдістерін пайдалана отырып зерттеу. Қорытынды жасау. Нәтижелері төмен болған оқушылармен жұмыс жасау.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, жинақтау, ғылыми әдебиет көздеріне талдау, бақылау, сауалнама, тест, эксперимент.
Зерттеу жұмысының базасы: мектептегі біртұтас оқу - тәрбие процесі.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І Баланың денесі мен психикалық дамуы акселерациясының теориялық тұрғыдан қарастырылуы
1. 1Акселерация туралы жалпы түсінік
Даму дегеніміз не? Оның мінездемесі қандай?Объект өзгеруі мүмкін, бірақ дамымайды.
Даму - жаңаның пайда болуы, жаңа процестер, жаңа құрылым, яғни жаңа сапалық өзгерістер дегенді білдіреді.
Даму психологиясының объектісі -онтогенезді қалыпты, өзгермелі, дамитын адам.
Даму психологиясының пәні -дамудың әр жастағы кезеңдері-бір кезеңнен екінші кезеңге өтудің механизмдері, себептері, онтогенездегі психикалық дамудың бағытталығы, темпі, жалпы даму заңдылықтары. [5]
Даму психологиясының теориялық міндеттері:
-адам өмір сүру барысында психикалық дамудың қайнар көзі мен қозғаушы күшін тану.
-онтогенездегі психикалық даму кезеңдері
-психикалық процестердің жас ерекшеліктеріне байланысты ерекшеліктерді танып білу
Х. Вернер мен Л. С. Выготский даму ерекшеліктерінің белгілерін атап көрсетті. Олар: дифференциация, бұрынғы бір элементпен бөлшектеу, жаңа белгінің пайда болуы, дамудың өзінде жаңа элементтің пайда болуы және т. б.
Л. С. Выготский даму типтерін былай бөледі: преформалы тип бойынша басында белгіленген құбылыстардың жетілу қорытынды нәтижесі бекітіледі де, ағзаның нәтижесі көрсетіледі. Мысалы, оған эмбрионалды даму жатады.
Преформалы емес тип дамудың кең тараған түрі. Дамудың бұл түрін алдын ала анықтау мүмкін емес. Оған жердің, ғаламшардың дамуы, қоғамның дамуы, биологиялық эволюция процесі жатады. Бұл типке бала психикасының дамуы да жатады. Әр кезеңдегі қоғамда балалардың дамуы, психикасы әр түрлі деңгейде болады.
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу. Алғашқы кезеңдегі балалар психологиясының міндеті фактілерді жинақтау болса, келесі міндет констатациялық эксперименттң пайдалану болды. Қазіргі кезеңдегі стратегиялық зерттеу психикалық процесті қалыптастыру стратегиясы. Оны зерттеген ғалымдар Ж. Пиаже, Н. А. Рыбников, Н. А. Менчинская, В. С. Мухина, т. б. болды.
1925 жылы Ленинградта Н. М. Щеловановтың басшылығымен балалардығң қалыпты даму клиникасы пайда болды. Онда 24 тәулік бойы бала үздіксіз бақыланды, баланың алғашқы кезеңі туралы мәліметтер жинастырылды.
Ж. Пиаже өзінің үш баласын үздіксіз бақылау арқылы сенсмоторлы интеллект туралы еңбегін жазды. Д. Б. Эльконин мен Т. В. Драгунованың жасөспірімдерді 3 жыл бойы үздіксіз зерттеуі жасөспірімдер мінездемесін жасауға ісер етті. В. С. Мухинаның егіз ұлдардың дамуын сипаттап жазған күнделігі бала психикасын зерттеуде үлкен еңбекке айналды. [8]
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан.
Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек. [18]
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.
Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. [18]
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы.
Акселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.
Ю. К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.
Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады.
Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады.
Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда.
Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды.
Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Акселерация- биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр.
Бала дамуының жалпы заңдылықтарынан басқа, бала психикасы дамуының әр жағына тән нақтылы педагогикалық шарттарды да ескерудің маңыздылығы дәлелденіп отыр. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалар білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игереді. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту.
Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ықпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады[16] .
1. 2 Балалардың психикалық даму белгілері
Даму- баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі.
Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғары формалардағы психикалық іс - әрекеті жанама сипаты болады. Адамдар ежелден -ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді т. б . игерумен айтарлықтай сабақтас.
Балалардың дамуы ның оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психолоктары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. [15]
Көптеген зерттеулерде Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов оқыту мазмұнына арнайы құралдарды енгізуақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана алмайды деді.
Пиаженің есебі бойынша 11-12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалық операциялардың, егероларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон -үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді.
Л. С. Выготский еңбектеріндегі бала дамуы мен «психологиялық жас» категориясы туралы түсінік. Л. С. Выготский жас ерекшелік кезеңдерінің дамуын «балалардың психологиялық негізі» және кілті деп атап көрсетеді. Кезеңдерді талдай келе, ол кезеңдеудің 3 түрін ашып көрсетеді:
1. Бала психикасының сатылай дамуға байланысты балалық шақ кезеңі. Мысалы, Ст. Холлдың биогенетикалық принципіне байланысты алғашқы қауымдық және т. б. сатыларға бөлінуі.
2. Балалық шаққа бөлінуге байланысты дамудың бір шартты критерийі алынады. Мысалы, дентиция - П. П: Блонский бойынша тістердің пайда болуы мен өзгеруі немесе З. Фрейд бойынша жыныстық даму тұжырымдамасы.
3. Даму үрдісі мен заңдылықтарды феноменологиялық ерекшелік
ретінде сипаттау ( А. Гезелль еңбегі бойынша) [17 ] .
Л. С. Выготский балалық шақ үрдісінің дамуын есепке алатын принциптерді көрсетеді. Кезеңдерді ашып көрсету үшін бірнеше шамаларды атайды. Дамуға байланысты ішкі шама. «Баланың тұлғалық қалыптасуына тек қана ішкі дамудың өзгерісі әсер етеді». Объективтілік. Жас кезеңге бөлуде шарттылық және ырықтылық болмауы тиіс. Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясының негізін қалайды. Ол «психологиялық жас» деген түсінікті алдыға тартады да, оны бала дамуын талдаудағы «бірлік» ретінде қарастыруды ұсынады. 1932 - 34 жж. Л. С. Выготский «Проблема возраста» еңбегінде «Жас - жүйелі тұтас динамикалық пайда болу. Ол әрбір жеке дамудың негізгі бөлшегінің құрылысын көрсетеді». Әрбір психологиялық жас, Л. С. Выготский бойынша, әлеуметтік жағдаяттық дамудан тұрады.
Л. С. Выготский бойынша жас кезеңдерінің бөлінуі:
- Жаңа туған кезең дағдарысы;
- нәрестелік кезең ( 2 айдан - 1 жас) ;
- 1 жасарлар дағдарысы;
- ерте балалық кезең (1 - 3 жас) ;
- 3 жасарлар дағдарысы;
- мектеп жасына дейінгі кезең (3 - 7 жас) ;
- 7 жасарлар дағдарысы;
- мектеп жасы (8 - 12 жас) ;
- 13 жасарлар дағдарысы;
- 14 - 17 жас;
- 17 жасарлар дағдарысы.
[Д. Б. Эльконин] даму кезеңдері мен жас кезеңдер динамикасы туралы түсінік. Д. Б. Эльконин өзінің «К проблеме периодизации психического развития в детском возрасте» (1971) еңбегінде туғаннан 17 жасқа дейінгі баланың психикалық даму кезеңдерін ашып көрсетті. Әрбір психологиялық жас кезең бір - бірімен күрделі қарым - қатынаста болатын көрсеткіштермен мінезделеді:
1) Әлеуметтік даму жағдаяты.
2) Негізгі іс - әрекет.
3) Жаңа құрылымның пайда болуы.
. Баланың дамуына, сонымен қоса сол жасқа байланысты іс - әрекет те тығыз байланысты.
Негізгі іс - әрекет - баланың ұзақ уақытын алатын іс - әрекеті емес, психика дамуының негізгі іс - әрекеті. Олар:
- негізгі іс - әрекет ретінде өзінің ішінде жаңа іс - әрекетпен ажыратылады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі кезеңде бала ойыны арқылы оқудың алғашқы элементтері пайда болады.
Сөйтіп оқытуда балалар белгілі бір есептерді және оларды шығарудың тәсілдерін игереді . Кең көлемді есеп шығару мүмкіндігі тәсілді жалпылауға байланысты, ал әркелкі мөлшерде жалпылау тәсілі алдымен өзінің құрылымен ерекше. Мәселен, көптеген балалар 1- класста арифметикалық іс-әрекетке көше отырып шығарады. Сондықтан балалар есепті шығаруда қателіктерге ұрынады. Мысалы, «Бала досына үш қарындаш берді, өзіне бес қарындаш қалдырды. Оның неше қарындашы болды-деген есепте балалар алу амалын қолданады. Демек, балалар арифметикалық амалдың жалпылама мәнін түсінбейді [14] .
Сонымен оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс-әрекет тәсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірізділік балалар дамуының негізгі қырларының бірін сипаттайды.
Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделенуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Дамупроцесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтерімен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға:
1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері.
2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері
3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
Баланың жеке басының белсенділігі- психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz