Қоғамдағы әлеуметтік нормалар
Жоспар
Кіріспе
1 бөлім. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар.
0.1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және сипаты, белгі мен нышандары.
0.2. Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың түсінігі.
2 бөлім. Әлеуметтік нормалардың түрлері.
2.1.Діни нормалар, корпоративтік нормалар, әдет-ғұрып нормалары.Салт-дәстүр және саяси нормалар.
2.2. Құқықтық нормалар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Баяғы заманнан адам баласы өзінің күнделікті өмірінде пайдаланатын түрлі нормалар мен ережелер түрін қалыптастырды. Және олардың ішінде моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық және корпоративтік нормалар, діни дәстүрлер, дағдылар, адамгершілік нормалары, іскерлік ережелер, салт-дәстүрлер, этикет, әдептілік, сыпайылықтың талаптары, және басқа да түрлі ережелер кездеседі. Жалпы нормалар ол - әлеуметтік қатынастар қатысушыларының жүріс-тұрысының белгілі бір стандарттары, үлгілері, өлшемдері. Оларсыз адамдардың өмір сүруі, тіпті, мемлекет пен қоғам сияқты құрылымдардың да қызмет етуі мүмкін емес.
Заңда барлық нормалар үлкен екі топқа жіктеледі. Олар: әлеуметтік және техникалық нормалар. Бұл бастапқы және жалпылама мәнге ие жіктеу. Аталған екі норма негіздері бойынша көптеген түрлерге жіктеледі. Қолданылу аясындада айырмашылықтар бар. Мысалы, гуманитарлық саланың мамандары техникалық нормаларды аса қолдана бермейді. Яғни, олар әлеуметтік норманы қолданады. Жалпы екеуін ажырата білу өте маңызды. Егер әлеуметтік нормалар адамдар мен олардың бірлестіктерінің арасындағы әлеуметтің өмірдің қатынастарын реттесе, техникалық норма адам мен сыртқы әлем, табиғат, техника арасындағы қатынастарды реттейді. Сонымен қатар әлеуметтік және техникалық нормалар реттеу пәніне қоса, өздерінің мазмұны, құрылымы мен бекіту тәсілдері, формальды анықталуы және өзге де өлшемдер негізінде ажыратылады. Екеуінің ортақ белгісіне келетін болсақ, олардың адам қызметін реттеуі болып табылады.
Менің тақырыбым екі норманың ішіндегі әлеуметтік норма туралы. Қоғамдағы индивидтер мен адамдардың мінез құлықтары арнайы нормалар арқылы шектеледі. Қоғамда қалыптасқан тәртіп пен өмірдің қатынастары адамдарды бір қалыпты, талаптар, тәртіп, өзінің мінез құлқын қалыптастыруды талап етеді. Қоғам қабылдаған адамның мінез құлық ережелерін, жиынтығын, сан алуын түрлерін әлеуметтік нормалар қалыптастырады. Осы курстық жұмыста әлеуметтік нормаға байланысты ұғымы, оның сипаты мен белгі-нышандары қарастырылады. Сонымен қатар, норманың түрлері, саралануы да қаралды. Бірінші бөлімде қоғамның әлеуметтік нормалары, олардың түсінгі, сипаттары мен түрлері жайында. Екінші бөлімде әлеуметтік нормалардың саралануы, түрлеріне анықтама беріліп, мысалдар келтірілді. Ал, қорытындыда осы жазылған бөлімдерге талдау жасалды.
Әлеуметтік норманың түрлері азаматтық өмірде жиі кездеседі, алатын орны көп. Сол нормаларды орнымен қолданып, өмірде келеңсіз жағдайлардың болмауына жағдай жасауымыз қажет. Әлеуметтік норма жалпы өмірде керек ең маңызды тақырыптардың бірі десек болады. Оның мазмұнын ашып толығымен қарастырц өте маңызды.[1]
1. Қоғамның әлеуметтік нормалары.
1.1Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен сипаты, белгі-нышандары.
Жалпы адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда болды. Соның ішінде: моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік, адамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрыптық нормлар.
Норма - белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-әрекеттерін реттейтін талаптар.
Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:
1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады мақсат,ой-арман,рухани құндылық т.б.
2) белгілі ір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
3) қоғамдық ұйғарымның санкцияның негізі болуы керек.
Әлеуметтік норма - бұл адамдарға қажетті және қажетті емес шекараны көрсететін объективті маңызды ереже болып табылады. Әлеуметтік норма қоғамдық дамуда әртүрлі заңдылықтарымен көрініс табады. Тарих дамуындағы объективтік заңдар норма болып табылмайды. Мұның соңғылары өмірге адамдар қоғамымен, әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді. Біреулері уақыты келгенде жойылады, басқалары пайда болып, өзгереді, ал үшіншілері белгілі топ немесе билік деп аталады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік норманың пайда болуы, қалыптасуы субъективті фактор болып табылады. Олар адамдармен жасалады және объективті қажеттілік деп түсіндіріледі. Мысалы: құқықтық норманың пайда болуы туралы былай деді:Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын өнеркәсіп актісі, азық-түлікті бөлу немесе айырбастау, өнеркәсіп туралы жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады. Содан соң заң болып қалыптасады.[2] (Ф.Энгельс)
Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде қалыптасады. Ол экономикалық, басқада қатынастарды қатаң және мақсатты бағытта реттей бастады. Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір аппаратқа сүйенетін, белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу шараларын қолданатын көпшілік билік пайда болды. Әлеуметтік нормалардың пайда болуы қарым-қатынастың әлеуметтену процесімен, адамадардың ерекше табиғи-биологиялық және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты болды. Норма, ереже ұғымдары тең және ауыспалы мағынада қолданылды. Әдетте олар әдебиеттерде, анықтамалық баспаларда анықталады: норма- бұл ереже, ереже- бұл норма. Алайда мұқият зерделеп қараса, норма ұғымына қарағанда, ереже өте тар термин.Соған байланысты бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Құқықтық нормалар өзінің құрылымы жағынан өте күрделі. Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс табады. Ал, нормалардың көбі маңызына қарай өте бай болып келеді.
Әлеуметтік нормалар- жалпы көпшілікпен танылған және кеңінен таралған жүріс-тұрыс ережелері, үлгілері және өзара әрекеттестігін реттеу құралдары болып саналады. Олар қоғамдық өмірді ретсіздіктен, өз бетімен жүріден сақтандырады, оны қажетті және дұрыс арнаға бұрып отырады. Жәнеде ол жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі болмайды. Ол сонымен қатар өмірде, тәжірибеде дәлелденген дәл іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.
Норма - бұл белгілі бір нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі. Әлеуметтік норма кез-келген нәрсені емес, кеңінен таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ байланыстар, әрекеттер нормада көрініс таппайды. Норма үнемі сыртқы және ішкі қарым-қатынастарды реттеуге бағыталған.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғынуымыз керек.Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады да,олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың толықтай жүйесін құрайды.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдық және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастру-техникалық ережелері жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруа алуы-қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды түрі.
Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі-нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы-сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру.Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік нормалардың белгі - нышандары:
1) Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекеттік мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болып табылады. Жеке адамдар, ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сай өмір сүруге, жұмыс жасауға бейімделеді.
2) Әлеуметтік нормалар-қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, тиісінше орындау барлық азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына ілінеді, жауапкершілікке тартылады.
3) Әлеуметтік нормалар-жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі орындалуы тиіс ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс болады. Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.
Осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралынаболып саналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
-құқықтық;
-моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б қасиеттер;
-саяси;
-эстетикалық;
-қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары; адамгершілік нормалары-олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді; әдет-ғұрып нормалары: адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері; салт-дәстүр нормалары: әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасқан дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері; діни,имандылық, инабаттылық нормалары.
Осы әлеуметтік нормалар қосыла келе-адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма-қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі. Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста кеңейеді. Себебі, олар бір экономикалық аумақты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады. Сонымен, әлеуметтік нормаларды әдет-ғұрып, діни нормаларының, қоғамдық, корпоративтік ұйымдардың нормаларының, мораль нормаларының, құқық нормаларының жиынтықтары құрайды.
Әлеуметтік нормалар-бұл адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережесі болса, техникалық нормалар адамдардың табиғатқа, техникаға, өндірістік құрал-жабдықтарға қатыстығын сипаттайтын ереже. Ал, техникалық -құқықтық нормалар, заңдарда бекітілген техникалық нормалар болып табылады. Әлеуметтік нормалардың белгілері болып табылатындар:
1. Бұл мінез-құлық ережелері;
2. Ортақ және жалпы міндеттілік мәнділігі;
3. Адамдардың саналы-ерікті қызметі нәтижесінде пайда болуы;
4. Адамдардың бірлестігімен және тиісті құралдармен қамтамасыз етілуі;
5. Қоғамның даму деңгейі мен шарттасуы;
6. Қоғамдық қатынастарды реттеуі.
Әлеуметтік нормалардың мәнін екі тұрғыдан түсінген жөн: біріншісі-қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі- жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты.
Сонымен, әлеуметтік норма- қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелерімен оларды реттеп-басқару нормалардың жиынтығы. Техникалық нормалар - бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғи заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мелекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) субъектілік құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор.Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең ауыры.
1.1Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні.
Мораль нормалары - қоғам өміріндегі процестерде табиғи жолдармен қалыптасқан адамдардың қайырымдылық пен зұлымдықтар, әділеттілік пен әділетсіздіктер, ар-ожданы жөніндегі талаптардың жалпы ережесі. Мораль-қоғамдық сананың бір формасы, маңызды әлеуметтік институт. Ол белгілі өмірлік қалыптасқан көзқарастарды, бағалауларды соның негізінде пайда болатын тәртіп нормаларын, адамдардың бір-біріне, мемлекетке, отбасына, жалпы қоршаған ортасына деген қарым-қатынастарын сипаттайды. Келтірілген негіздемелер тек жалпы моральды бір ғана жағынан танытады. Оның мазмұны және құрылымы өте үлкен. Моральдағы ең маңыздысы-жақсылық пен жамандықтың көрініс табуы. Адамгершілік адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы ғана емес, өзіне деген көзқарасы, ар-намысы, сыйластығы, өзін тұлға ретінде түсіне білуі. И.Кант: Кімде-кім өзін құртқа айналдырса, аяқпен басып-жаншылдым деп арызданбауы керек - деп көрсетті. Маңызды әлеуметтік құндылықтар, яғни ар, намыс бұлар заңмен қорғалады. Ар-өмірденде артық. Осыған байланысты халық даналығында мынандай сөз бар: Малым- жанымның садағасы, жаным -арымның садағасы. Шындық және өтірікте моральдың бір бөлшегі болып табылады. Тұлға үшін жоғарғы заңда, жоғарғы сотта өзінің жеке ұяты саналады. Себебі, ол адамгершілігінің ең толық, терең белгісінің бірі деп саналады.
Мораль - бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі болып табылады. Яғни моральдық норма- қоғамды реттеу жағынан қабілеті кең, барлық индивидтерге қатысы бар, сол қоғамда қабылданған ізгі нитеттілік, адамгершілік сияқты маңызды құндылықтарды өмір қажеттілігіне айналдыратын нормалар жиынтығы. Бұл жерде адам қандай да бір заңды жауақа тартылмаса да, көпшілік назарына ілігіп, жағымсыз пікірге қалады. Моральдық норманың мәні осында.
2.Әлеуметтік нормалардың түрлері.
2.1.Діни нормалар, корпоративтік нормалар, әдет-ғұрып нормалары. Техникалық және саяси нормалар.
Діни нормалар - адамзат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап, өсиет түскен. Мұса пайғамбарға-Тауарт,Дәуіт пайғамбарға-Забур,Исаға-Інжіл және ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке-Құранды жіберді. Діни нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы. Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
а)Орындау жеке адамның өз еркімен болады. Дінде зорлық жоқ,-деп көрсетілген қасиетті Құранда.
б)Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес.Дін мемлекеттен,мешіт мектептен бөлінген.Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке басының ісі.Ал мұсылман мемлекеттерінде,әсіресе ислам діні мемлекеттік дәреже санатындағы Сауд Арабиясы,Иран,Пәкістан,Марокко,Йеме н,Біріккен Араб Эмираттары сияқты 28-ге жуық елдерде діни нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелінген.
в)Мемлекетт діни нормаларын уағыздайтын қоғам,ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол бермеуін қадағалайды,қажет болған жағдайға сот арқылы тиым салады.
г)Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм,адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамға пайдалы жемістерін бермек.Діни нормалар құдайға құлшылық етуге шақырып,құқық бұзушылықты ең ауыр күнә деп есептейді.
Діни нормалар- деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа үңілетін болсақ көптеген дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азаматтық-құқықтық, отбасы-некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады. Діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудегі мәні өте зор іс атқарады. Сондықтан діннің емін-еркін өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кбере отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы болады. Діни нормалар-бұл әлеуметтік нормалардың бір түрі, тиісті діни нанымдар жөніндегі қасетті қазықта бекітілген мінез-құлық ережесі. Бұл нормалардың орындалуы әр-адамның сана-сезіміне байланысты, бұл дүниедегі күнәһар адамдар о дүниеге барғанда құдай жазасына ұшырап, тозаққа түсулері мүмкін деген діни адамдардың уағыздауларының нәтижесі деп білуіміз керек. Діни норма арнайы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілетін нақты талаптар мен ережелер жиынтығы.
Құқық және корпоративтік нормалар.
Корпоративтік нормаларға құрмға негізделген еркін қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың, партиялардың жарғылары мен басқа да құжаттарында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады. Ол нормалар азаматтық қоғамның, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп үлесін тигізеді.
Корпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығын олардың екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқауымызға болады.Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы - олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелердің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпоративтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz