Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Кәсіпорынның қаржы тұрақтануына жету жолдары (кәсіпорын мысалында)

Орындаған:

3 курс студенті Бекбол Жібек 303 топ

Тексерген: Жумахметова Г. Ш.

Алматы 2020

Мазмұны:

1
3
1: 1. 1
3: 5
1: 1. 2
3: 11
1: 1. 3
3: 17
1: 2.
3: 20
1: 2. 1.
3: 20
1: 2. 2
3: 21
1: 2. 3
3: 27
1: 3
3: 30
1: 3. 1
3: 30
1: Қорытынды
3: 36
1: Пайдаланылған әдебиеттер
3: 37

І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ

1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы түсінік

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын таңдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарамастан бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны ангықтап алған жөн. Соңғы жылдарыв шығарылған анрайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріліеді. Профессор А. Д. шермет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өрістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілумен және оларды мақсатқа сай тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі) қаржы ресірстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орныдау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді. Табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады.

С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздерімен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштер-мен сипатталатын, оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндікетін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ, кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешеі барлығын куәландыруы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімджілік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксізжүргізуі мен өзінің қары зміндеттемелерін уақтылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бір автордың қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қастамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді . . . Қаржылық тұрақтылық - меншікті қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен өз активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттар) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытысында қайтатарытн шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.

Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығынынан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдваланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кеәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыгны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы. Қаржылық тұрақтылық - бұл тасытың шығыннан тұрақты жағдайда артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз ететін, оларды тиімді пайдалану арқылы өндір және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді, оның мөлшері мемелекетпен, жабықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық сіндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешемдерімен келісе алмаймыз. Қаржылық тұрақтылық мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.

1. 2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына әсер етуші факторлар

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына әсер етуші факторларды, В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді.

1) пайда болу орнына байланысты -ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

3) құрылыс бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақтыжәне уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіқсіз байланысқан өндіріоген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап лауы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оны басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдыруышы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп таратын болса, оның қаржылық мүкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те өседі - яғни кеәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль терген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорындарыдң қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызметі) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

- төлеген жарғылық капиталдың мөлшері;

- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқа жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т. б. ) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестіктермен реттелген іскерліку қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділіке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құныны толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімкен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жақ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай паызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар менімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық төлей алады.

Осылайшв, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызғушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудыңі ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытынбақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруг мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

1. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаттары

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайыының нарық талаптарына сай болуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындарыдң қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келсілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін «кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
  • қаржы есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табыстың салыстырмалы көрсенткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортытындылаушы кезеңі болып табылады. Ол 3 сатыны қамтиды: жабдыөқтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оныңосы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресусртарының жүйелі түрде түсуі сентиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қажылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық, қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорын қызметінің қажылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыста бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Керісінше, шикізат пен мареиалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражатының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, сождан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштердің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оныың жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған амқсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің өздіксіздігін және кәсіпорының қаржылықө жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

  • кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
  • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
  • кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  • баланс өтімділігін талдау;
  • кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.


ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

2. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорының қаржылық жағдайын атладудың ақпараттық негіз қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 26 желтоқсандағы №2732 «бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады.

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы аруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылады және бұл материалда сонымен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясаттан отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылау тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады. Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген тілде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл, егер де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез-келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген1 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 6 еселік емептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарын сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып, реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құрушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономиклық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.

«қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» №2 «бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қоданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепегі кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады (12) .

Қаржыық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржыық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпаратарды сипаттайды. Алайда қаржылық еспе қолданушыларға эконмикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын эконoмикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипатайтын ақпаратармен емес, сонымен қтар барлық ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдарың ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпаратарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық эконмика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілердің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты
Кәсіпорынның айналым активтерін басқару және оларды оңтайландыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz