Сын тұрғысынан ойлауды оқытудың мұғалімге берері


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Экология және химия кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы:Химияны оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Ғылыми жетекші:DhD, аға оқытушы Берді Динара
Орындаған:Перне Айдана
Тобы:ЖХМ-711
Түркістан 2020
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы мен ерекшеліктері.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі мен стратегиялары
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын әдіс-тәсілдер
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан -жақты дамыту.
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандай болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да бір объективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлау жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
Мен нені білгім келеді?
Менің білімім қалай өзгерді?
Мен осы біліммен не істей аламын?
XXІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Сын тұрғысынан ойлаудың оқушыға берері:
- ақпаратты қабылдау әсері ұлғаяды;
- өтіп жатқан материалға, пәнге деген қызығушылығы артады;
- сыни тұрғыдан ойлай білетін болады;
- өз біліміне, болашағына жауапкершілікпен қарауға үйренеді;
- басқа да оқушылармен әріптестік қарым -қатынас сақтай ауға үйренеді;
- оқушының білім сапасы артады;
- үздіксіз оқуға дайын, адам болуға ынталы адам бола алады;
Сын тұрғысынан ойлауды оқытудың мұғалімге берері:
Сыныпта ашық және жауапкершілікті әріптестік жасай білу дағдысын жасай біледі;
- оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін және өз бетімен жұмыс жасай білу жүйесі жобаларын қолдана білу мүмкіндігін алады;
- өз қызметін саналы түрде сараптай алатын, өзіне сын көзбен қарай алатын тәжірибе адамы бола алады;
- басқа әріптестері үшін бағалы кәсіби ақпараттың көзі бола алады.
Бұл бағдарламаның мақсаты - барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұнды түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай - қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Әдістеменің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т. б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Аталмыш тақырыпта жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
Неміс педагогы А. Дистервег өзінің әйгілі «Неміс мұғалімінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», - деген.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек жоғарғы сынып оқушыларының ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.
Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарды үйрету
Сыни ойлау -өзіндік ойлау. Сыни ойлау -сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар америкалық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Куртис Мередит.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.
Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған сайын оларда төрт параметрдің көрсеткіштері өседі.
1. Жекеден → дамуға
2. Дифференциалдыдан → сенімділікке
3. Интуициядан → логикалыққа
Бір перспективадан → көптеген перспективаға
Ал бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:
1. Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамыту
2. Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу
3. Проблеманы шеше білу
4. Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет
5. Өз ойларын тиянақты түрде қорытып, жеткізе білуі керек
6. Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыра білуі қажет
7. Алған теориялық білімін іс-тәжрибеде нақты қолдана алуы.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын авторлар:
Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу; жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу; салыстыра алу; сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпараттты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сыни ойлау дегеніміз не? Дэвид Клустер Біріншіден, сыни ойлау-дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Сыни ойлау тек жеке (идивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет.
Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивировка) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Күрделі ойды тудыру үшін: фактілерді; идеяларды; мәтіндерді; теорияларды; берілген жәйттерді, тұжырымдарды-қайта өңдеу керек
Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушылардың танымдық процесі өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажына туындайтын проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады.
Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады. Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді.
Бесіншіден, сыни ойлау-әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі. Басқалармен пікір таласып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагогтар әрқашанда өз сабақтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде пікірталаспен дау дамайды және де шәкірт жазба жұмыстарының әр түрлі жариялануын қолданады.
СTО сабақтары
Мұғалімнің әдістері:
Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды
Өз ойларын жазуды ұсынады
Оқушының іс-әрекеті :
Ұжыммен жұмыс жасайды
Мәтінмен өздері танысады
Әр түрлі әдістер арқылы мәтінмен өздері зеріттейді
Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады
Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды
Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді
Бұл технология үш кезеңнен тұрады:
Қызығушылықты ояту;
Мағынаны тану (Мағынаны тани білу) ;
Ой толғаныс (қорытындылау) кезеңі
- Қызығушылықты ояту -жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі.
Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Үйрену
Процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады.
Оқушы:
Жаңа ұғымдарды;
Түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы:
Оқушы не біледі;
Не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Қызығушылық кезеңге қызмет ететін әдістер:
«Топтау» (ассосация) ой қозғау;
«Түртіп алу»;
«Ойлану»;
«Жұпта талқылау»;
«Болжау»;
«Әлемді шарлау»
«Миға шабуыл» т. б.
Бұл кезеңде оқушы:
Өз білетінін еске түсіреді,
Қағазға жазады,
Көршісімен бөліседі,
Тобында талқылайды,
Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.
Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырға біліммен ұштасырады.
- Мағынаны тану (Мағынаны тани білу) . - жаңа сабақты бекіту процесі
Бұл кезеңде оқушы:
Жаңа ақпаратпен танысады;
Тақырып бойынша жұмыс істейді;
Тақырып бойынша тапсырмалар орындайды.
Баланың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
ІІІ. Ой толғаныс (қорытындылау) кезеңі
Бұл кезеңде оқушы:
Алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды.
Не үйренгенін саралап, салмақтайды;
Топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды. Тақырыпты қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегіген өткізеді.
Толғануды тиімді етуге лайықталған:
«Бес жолды өлең»;
«Венн диаграммасы»,
«Еркін жазу»,
«Семантикалық карта»
“Ой-толғау”
Сұрақ-жауап Кубизм т. б. стратегиялар бар.
Эссе жазу.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
ББҮ стратегиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz