Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PhD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

БОРАМБАЕВА ЛУИЗА АДИЛОВНА

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мамандығы: 6М011900-Шет тілі: екі шетел тілі

6М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы
бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертациясы

Қорғауға жіберілді:

Магистратура және PhD докторантура
Институтының директоры
________________ Г.Б. Нурлихина
(қолы)
__________________2014 ж.

Ғылыми жетекшісі,
филология ғылымдарының кандидаты_______Р.Е. Дабылтаева
(қолы)
Кафедра меңгерушісі __________________Р.А. Шаханова
(қолы)
Ғылыми семинар төрайымы________________Қ.Ө. Есенова

Алматы, 2014

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 тарау

Қазақстан Республикасында ұлттық идея тұрғысынан патриоттық тәрбие берудің негіздері

1.1 Қазақстандық патриоттық тәрбие беру - әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Оқушылардың патриоттық, адамгершіліктік құндылықтардың қалыптасуындағы ғылыми зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Шет тілін үйрету үдерісіндегі патриоттық тәрбие ұғымының құрылымдық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2 тарау

Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістемесі

2.1 Ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуеттік мүмкіндіктері, шарттары мен бағыт- бағдары. ... ... ... ... ... .23
2.2 Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижелері ... ... ... ..64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезең патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Президентің Қазақстан халқына Жолдауында оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін ерекше ескерткен және олардың еңбастыларының қатарында патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлт аралық келісім мен толеранттылық, тәнніңде, жанныңда дамуы, заңға мойын ұсынушылық аталып өткен, сонымен қатар, бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарындада сіңірілуге тиіс [1, №32-33]. Ендеше, патриотизм идеясы жастарға біліммен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктіңде одан хабардар болғаны жөн.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Ұлы мұраттар ұлы ниеттерден бастау алады немесе дамушы мемлекеттен - дамыған елдерге атты Қазақстан халқына жолдауындағы Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік - жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары атты тарауында Біз осы таяудағана Тәуелсіздігіміздің он бесжылдығын атап өттік. Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдерімізбен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды [2, 03, 2006]. Мұның бәріде, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көп ұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтанышпен сенімділікті туындатады, - деп Қазақстандық патриотизм жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тірегі екеніне тоқтала отырып, халық өзінің ерік - жігерін тарихи ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін жұмылдырған кезде жаңа даму деңгейіне жалпы қазақстандық патриотизмнің іргесі қаланатынын атап көрсетеді[3, №55.2007].
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отан сүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттiтiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуғада тiкелей ықпалы бар. Отан сүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүние жүзiлiк қауымдастықтан лайықты орыналуына мүмкiндiк беретiн бiрден - бiр күш.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк "Бiлiм" бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - "қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпы адамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру" - деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жекет тұлға қалыптастыру көзделiп отыр [4, б.25].
Еліміздің азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында "Патриоттық тәрбие негізінен мемлекеттік білім беру мекемелерінде іске асырылады. Бірақ білім беру мекемелерінде тарихи аспектідегі бүгінгі күн шындығына негізделген және қазақстандықтардың ұлттық менталитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-дидактикалық, ғылыми-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігін атап өтуге тура келеді. Білім беру саласында демократиялықпа триоттық дүниетанымды жүйелі түрде қалыптастыруда әлеуметтік технологияларды қолдана білетін әлеуеті-білікті мамандардың, гуманитарлық дамуы жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеудегі оңтайлы іс-тәжірибелердің жеткіліксіздігі патриоттық тәрбиеберудің өзектілігін нақтылай түседі"[1, №32-33], - деп атап көрсетеді .
Осы тұрғыдан алғанда қоғамның әлеуметтік даму жағдайында патриоттық тәрбие беруде қарама-қайшылықтар туындап отыр:
-патриоттық тәрбиені мемлекеттік органдардың мақсатты бағытталған процессретінде бағаламауында;
-әртүрлі ақпарат көздерінде қоғамға жат пікірлердің етек алуы;
-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық патриотизммен бүгiнгi қоғамдағы патриоттық тәрбиенiң өзара сабақтастығының болмауы;
-мектепте, мектептен тыс мекемелерде оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты жүйеленген ғылыми әдiстеменiң жоқтығы қарама-
Қайшылықты анық туғызады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанда мектептердегі шеттілін оқыту үрдісіндегі ерекшеліктерді саралап, патриоттық тәрбиетиімділігін арттыратын үлгі әзірлеу, анықтау және оны білім беру жүйесінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу.
Ғылыми болжамы: мектепте шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің тиімділігі артады, егер: отандық философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерде "патриоттық", "патриоттықтәрбие" ұғымдарының мәні талданса; оқушыларға патриоттық тәрбиеберудің теориялық және әдістемелік қағидалары оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланылса; Қазақстанның өзгерген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайында оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеудің мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие мазмұны патриотизмге тәрбиелейтін жаңа материалдармен толықтырылса; шет тілін оқыту үдерісі патриотизмді тәрбиелеуге бағытталса және шет тілін оқыту арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің озық тәжірибелері анықталып ғылыми және әдістемелік негізі жасалса; шет тілін оқыту мазмұны арқылы оқушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың моделі жасалса, онда, оқушылардың ұлттық сана сезімі артып Отанға, елге, туған жергедеген сүйіспеншілігін қалыптастыруға болады, албұл, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға негіз болады.
Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептегі патриотизмге тәрбиелеу үдерісі
Негізгі міндеттері:
-"Патриотизм" түсінігінің сараптамасымен құрылымына сәйкес шет тілін үйрету үдерісінде пайда болатын патриоттық қасиеттерді анықтау;
-"Патриоттық тәрбиедегі "шет тілі" пәнінің әлуетін анықтау
-Мектептерде шет тілін оқыту барысындағы патриоттық қасиеттердің пайда болу үлгілерін айқындау
-Педагогикалық шарттардың тиімді жүзеге асуын айқындау
-Ұлттық тәрбие құндылықтарын қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру
-Шет тілін оқыту арқылы оқушылардың анна тіліне деген махаббатын арттыру, өз елінің тарихы мен салт-дәстүріне, тарихи жетістіктеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру
Зерттеу жұмыстың көздері:
-Қазақстан Республикасы заңдары, нормативті құжаттары, оқушыларға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар;
-алыс және жақын шетел, Қазақстан ғалымдарының патриотизмге тәрбиелеуге байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық, тарихи, жазушылардың жасұрпаққа ел жандылық тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектер, шығармалар, диссертациялар, мақалалар, монографиялар, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың, қазақ зиялыларының тәлім-тәрбиелік мұралары, тұжырымдары;
-білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиеші-педагогтардың оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие жұмысындағы озық "қазақстандық патриотизм", "ұлттық патриотизм", "елжандылық" ұғымдарының мәні, олардың құрылымдық компоненттерімен функциялары, теориялық және практикалық мәні. Паториотизм ұғымының мәнін ашу, нақтылау патриоттық тәрбиенің сапалық деңгейін көтеруге септігін тигізуі. Орта мектеп оқу-тәрбие үдерісінде патриоттық тәрбинің беруде шеттілі пәнін тиімді пайдануды теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, патриоттық тәрбиесінің мазмұнын айқындау оқушылардың елжандылық сезімін оятуға, дамытуға негіз болуы;
-шет тілі пәні арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің мотивациялық, мазмұндық, ісәрекеттік компоненттерден құрамдалған моделі, өлшемдері, көрсеткіштерімен деңгейлері;
-шет тілі пәнін оқытуда оқушылардың патриотық ұғымын таныту, патриоттық тәрбиесін беру, жеке тұғаның патриоотық қасиеттерін дамыту мүмкіндіктері және олардың мазмұнына сипаттама;
-ағылшынтіліноқытубарысында, сабақтан және мектептен тыс жұмыс кезінде оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбелеудің мазмұны, бағыттары және әдіс-тәсілдері;
-шет тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушыларға елтану білімдерін беру, елтанымдарын дамыту арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
Жетекші идея: шет тілі пәні - көпұлтты және көп конфессиялы мемлекеттің оқушыларының патриоттық сана-сезімдерін қалыптастырудың жетекші құралдарының бірі.
Зерттеу әдістемесі: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби еңбектерге теориялық шолу, шет тілін оқыту үдерісіндегі ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену, оқушылар ментестік жұмыстар және сауалнамалар жүргізу; жалпы білім беретін мектептердің патриотизмге тәрбиелеуге байланысты тәжірибе жұмысының нәтижелерін жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- ұлтшылдық, ұлтжандылық, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм ұғымдарының қазіргі қоғамдағы атқаратын рөлі мен мәні ғылыми-теориялық тұрғыдан анықталды;
- оқушыларды патриотыққа тәрбиелеудегі шет тілі пәні мүмкіндіктері мен бүгінгі жағдайы айқындалды;
- шет тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған нақты жоба әдісі бойынша Қазақстанның көрнекті жерлері атты әдістемелік нұсқау жасалды;
-зерттеу нәтижелері отандық шет тілі оқулықтарын құрастырушы әдіскерлерге көмекші құрал ретінде пайдалануға және зертеуші магистр- ғалымдарға өз пайдасын тигізбек.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының нәтижелері 3 ғылыми жарияланымдарда жарық көрді: 1. " Шет тілі сабағының патриоттық тәрбиемен сабақтас байланыс негіздері" - Білім берудегі менеджмент журналы .- Алматы.- ақпан, 2013., 2. " Духовно-нравственное воспитание на уроках английского языка", 3. Методы и приемы содействующие нравственному воспитанию учащегося на уроке английского языка. - Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы - Педагогика ғылымдар сериясы №3 (35), 2014.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы Кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен оқулықтар тізімінен тұрады.

1 тарау
Қазақстан Республикасында ұлттық идея тұрғысынан патриоттық тәрбие берудің негіздері
1.1 Қазақстандық патриоттық тәрбие беру - әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Мектеп барлық кезде оқушыларға елін, халқын, туған жерін сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Әсіресе, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мәселесі барлық кезде де қоғам мен мемлекеттің назарынан тыс болмаған. Ал бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, яғни жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. Еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы жағдайында қоғамдық келісімді одан әрі нығайту міндеті басты назарда тұрғандықтан, мектеп оқушыларының елжандылық көзқарасын қалыптастыруда жаңа бағыттың қажет екендігі де аңғарылды.
Өйткені, өткен озық тәжірибелердің елжандылық сезімге игі әсер ететін тәлімді-тағылымдық әлеуеті мен бүгінгі мектептегі тәрбие әрекетінде, олардың пайдалануы арасында қайшылықтар қатты сезілуде. Себебі, Отан, сенім, ерлік дәстүрлерге құрмет, парыз, абырой, ар-намыс, елі үшін өзін құрбан ету сияқты құндылықтарға көзқарас өзгеріп кетті. Әлеуметтік-адамгершілік бағыт бұрмаланып кетті, керісінше жастарға өзімшілдік, антигумандық тән бола бастады. Күнделікті өмірде қазіргі жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік және рухани толыспағандығын көрсетуі, әртүрлі діни секталарға кіруі, жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден көрініс беруде. Туындап отырған жағдайлардың себептерінің бірі еліміз егемендік алғаннан кейін патриоттық тәрбиенің мәні мен рөлінің жете бағаланбағандығынан болып отыр.
Патриоттық тәрбиенің практикада жинақталған бай тәжірибесінің ғана беделі түскен жоқ, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға дайын және қабілетті елжанды азаматтың да, яғни тұлғаны қалыптастыру мен дамыту идеясының да беделі түсіп кетті.
Президент биылғы Жолдауында Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс [1, №32-33] деген болатын. Иә, расында, Әл-Фараби бабамыздан тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы[5,б.165] деген тәмсіл қалған.
Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен бастау алады. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойғы жинақталған тәрбие әдістерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті жолдауында осы заманғы оқу-оқыту саласын дамытуға аса көңіл бөлу қажеттілігін айта келе: "Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет" - екендігіне ерекше тоқталған болатын [2, 03, 2006]. Бұл мектептің ұрпақ тәрбиесі және оның дамуымен айналысатын педагогикалық қызметтің тәрбие факторлары тиімділігін, оның жолдарын табу мәселесімен айналысуын, оларды ең актуальды қажеттілікке, оның шешілуін және жедел іске асыруын объективті заңдылыққа айналдырып отыр. Бұл заңдылық қоғам мен тәрбиенің біртұтастығын да көрсетеді. Бұған дәлел адамзаттың дамуы тарихи кезеңдердегі тәрбие қоғам дамуының мүддесіне сай болғандығын және тәрбие әрқашанда нақты мақсат-міндеттерді айқындап, сол бойынша жұмыс жүргізгендігімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайды әлемдік деңгейдегі талантты ғалым Б.С.Гершунский: "Тәрбие беру мен қоғам бір жүйе және оның нақты деңгейін біз әлі мойындамай отырмыз. Бір нәрсе ғана анық: кез-келген қоғамға қатысты глобальды мәселе тәлім-тәрбие беру жағдайына өз әсерін тигізеді"-деп ерекше атаған [6,3-7 б].
Әр елде азаматтық тәрбиенің мақсаты әртүрлі. Мысалы АҚШ әрбір азаматының демократиялық қоғамның тағдырына жауапкершілігін қалыптастыруға ұмтылса, Европада адам құқығын оқытуға бағытталған. Ал Ресейде қазіргі кезде азаматтық тәрбиенің мақсаты адамның азаттық, адамгершілік, рухани шамасын анықтайтын мәдениетін қалыптастыру [7, б. 39]. КСРО-ның ыдырауы одақтық мемлекеттіктен бір сәтте айырылып қалған адамдар санасында үлкен қынжылыс, күйзеліс, елсіздік сезім туғызды. Отан, әсіресе тарихи Отан туралы ойлануға мәжбүр етті. Республикада жаңа азаматтық қауымдастықты қалыптастыру мәселесі жеке адамның өзін-өзі айқындауы, азаматтық тұрғыдан саралануды ең ділгір проблемаға айналдырып отыр [8,164 б.].
Қазіргі кезде жастар арасында қылмыс жасау көрсеткіші, сонымен қатар басқа да келеңсіз жағдайлар белең алып жатыр. Атап айтсақ, ұрпақ дүниетанымы мазмұны мен мәніне порнография, қаталдық пен зорлық-зомбылық сияқты регрессивті мәндегі дүниелер қатты ендеп кірігіп кетті. Сондай-ақ әр түрлі діни секталардың көбейіп, олардың насихатты-үгіттік жұмыстарының шектеу көрмей пәрменді жүргізілуі де жеткіншектердің санасын еріксіз бүлдіріп, оның улануын асқындырып жіберді. Көпшілік жастардың өзінің азаматтық борышын Отан алдында өтеуге деген көзқарасы мен жауапкершіліксіздікпен қарауы қатты байқалуда. Мұндай жағымсыз, теріс қылықтар жанұя құралы, ата-аналарының әлеуметтік және материалдық жағдайы, білімділігі, жас ерекшелігі, ата-аналарының мамандығы, тұрмыстық жағдайы, телевизор, газет-журналдар әсерінен пайда болатын көзқарас айналадағы жағдайды қабылдауына, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасына байланысты және оның қалыптасуы тікелей тәрбие процесінің нәтижесінде көрінеді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында орыс философы И.А.Ильин осындай жағдайдың мүмкін болуын ескерткен болатын. Ол: "тәрбиесіз білім беру жалған және қауіпті іс. Ол көбінесе шала білімді, шадыр, күдікті, менмен даукес, қырсық және шімірікпейтін мансапқор, рухани таяз адамдарды қалыптастырады, адамның бойындағы "қасқыр" мінезді құптайды"-деп жазады [ 9, 143 б].
Тәрбиенің маңыздылығы туралы айтпағанның өзінде де мына бір мысал тәрбиенің қажет екендігін дәлелдейді. Бір американдық мектеп директоры, әрбір жұмысқа алған жаңа мұғалімге төмендегідей хат жіберіп отырған.
Қымбатты мұғалім!
Мен концлагерьде болдым. Менің көзім адамзат көруге тиісті емес істерді көрді:
- білімді инженерлердің қалай газ камераларын салып жатқанын;
- білімді дәрігерлердің балаларды қалай уландырып жатқанын;
- білімді медбикелердің қалай нәрестелерді өлтіріп жатқанын;
- жоғары білімі бар адамдардың қалай балалар мен әйелдерді атып және өртеп жатқанын.
Сондықтан да білімдарлыққа сенбеймін. Мен сізден сұранамын: оқушыларға жай адам болуға көмектесіңіз. Сіздің қажырлы еңбегіңіз ешқашан да жауыз оқымыстылардың, әккі есалаңдардың, білімді Эйхмандардың пайда болуына жол бермеуі тиіс. Оқу, жазу және арифметика біздің балаларымызға адам болуға септігін тигізген кезде ғана маңызды болады [10, 20 ,б].
Қазіргі кезде жастардың мәдениет, тұрмыс салт туралы түсініктері бұрмаланған, оған бұқаралық ақпарат құралдары да мүмкіндік беріп отыр. Мән-мағынасы жоқ, бос уақыттарын ойын-сауықпен өткізуді жарнамалайтын, ақпараттар мен материалдардың баспасөз, теледидар, радио және Интернет арқылы кең тарап жатқаны баршамызға мәлім. Соның салдарынан зорлық-зомбылық, қылмыс жасау, жезөкшелік, нашақорлық көбеюде. Бұл тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын дағдарысқа итермелейді. Мысалыға соңғы кезде мектеп оқушылары түнгі уақыттарын кафелерде, компьютер клубтарда өткізулері, топ-топқа бөлініп ерегісулері, тіпті ерегіс соңы суық қару қолдануға апаратын жағдайлар жиі-жиі баспасөзде, т.б. ақпараттық құралдарда айтылып жатыр. Жылдан жылға нашақорлар саны өсуде. Жасөспірімдерде қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға соңғы кезде қоғамда болып жатқан әлеуметтік катаклизм да өз әсерін тигізіп отыр.
Жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыратын маңызды институттардың бірі жанұя болып табылады. П.Ф.Каптерев жанұядағы тәрбиенің басты мақсаты баланың басқаларға және қоғамға байланысты өзінің құқықтарын түсіну деп есептейді [11,77-82, б]. Жеткіншектерге патриоттық тәрбие беруде жанұяның маңыздылығын Г.Роковтың: "Патриоттық сезім... мектепке дейінгі жаста-ақ дамып қалыптасады; ол ерекше қамқорлықты қажет етпейді, өйткені ол жанұяға құштарлық сезімі сияқты табиғи және сөзсіз болатын сезім; күнде, әр сағат сайын, әрбір оқиға мен құбылыс, айналадағы өмір мен қоршаған табиғаттың бар бейнесі баланың өсуіне және дамуына көмегін тигізеді" - деп айтқаны дәлелдейді [12, 26-27 б].
Демек, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін адам өзінің дамуының бастапқы кезеңінде ырықсыз түрде бастан өткереді. Социологиялық зерттеулер бойынша жеткіншектерде елжандылық көзқарастарды қалыптастырудағы жанұяның беделі түсіп кетті. Бұның себебі - жанұяларға да әлеуметтік-экономикалық проблемалар кері әсерін тигізді. Жанұялар құқықтық, моральдық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса жеткілікті деңгейде қорғалмаған. Осының салдарынан материалдық жағдайы төмен жанұялар саны көп. Ал керісінше материалдық жағдайы жақсы жанұяларда ата-аналардың шамадан тыс жұмыс бастылығынан балаларына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Осының барлығы тәрбие процесіндегі ата-ананың рөлін төмендетеді. Сонымен қатар "әке мен баланың" арасында түсінбеушілік, дәлірек айтқанда префигуративті мәдениеттің қалыптасуы, яғни бұл үлкендердің өздерінің балаларынан "оқып-үйренетін" мәдениеті.
Патриоттық тәрбие беру сан-қилы оқу-тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асады және бұл процесс, біз жоғарыда жеке-жеке талдап кеткендей, қоғам, жанұя, мектеп және қосымша білім беру ұйымдары арқылы жүргізілген іс-әрекет арқылы қалыптасады. Ата-аналар балаларына сөз арқылы ғана әсер етіп қоймайды, олар патриоттық сезімге өздерінің істері, яғни Отанына қызмет етуі, еңбегі, қоғамдық белсенділігі, халықтың мүддесін ойлауы арқылы тәрбиелейді. Көптеген ата-аналар бұнымен шектеліп қана қоймай, балаларына патриоттық тәрбие берудебасқа да тәсілдерді қолданады. Олар ата-бабалар ерліктерін баяндау, батырлар жырларын оқып беру, мұражайларға ертіп апару, табиғатқа шығу, елінің жетістіктерін мадақтау арқылы тәрбиелеу тәсілдерін қолданады. Алайда жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеуде оқу процесінің маңызы зор. Сабақта оқушылар Отанымыздың өткені мен қазіргісін біледі, ғылымның, мәдениеттің озат өкілдерімен, туған елі, жерімен, мәдени мұрасымен, табиғатымен, батырларымен танысады. "Білім елжандылық сезімдер пайда болуының маңызды алғы шарты болып табылады. Сабақ-Отан туралы білім, мағлұмат алудың қайнар көзі" [14, 204 б.].
Қазақстанда шет тілін оқыту арқылы тәрбиелеу мәселесіне зерттеу жүргізу соңғы кезде қызығушылық туғызуда. Тәрбиенің жеке салаларында шет тілі пәнінің рөлі мен маңызы туралы алғашқы еңбектер [15,16] жарық көрді. Онда шет тілін оқыту арқылы экологиялық тәрбие беру, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Атап айтсақ, Ж.Н.Базарбекова өзінің Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері атты диссертациясында ағылшын тілін оқыту барысында экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасына талдау жасап сабақта, сабақтан және мектептен тыс жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, әдістерін, тиімді жолдарын ұсынған.
Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту барысында сабақта, сабақтан және мектептен тыс экологиялық бағытта ұйымдастырылатын іс-шараларды өзара бірлік негізінде қарастырып, ағылшын тілін оқытудың әр кезеңіндегі оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын және оңтайлы жұмыс түрлерін көрсеткен [15].
С.Н.Елчиева шет тілін оқыту үдерісінде студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми-теориялық аспектісін қарастыра келіп, тұлғаның адамгершілік мәдениетінің өлшемдерін, көрсеткішін, студенттерде адамгершілік мәдениетінің көріну деңгейін анықтаған [16].
Дейтұрғанмен, шет тілін оқыту үдерісінде жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, шет тілінің пән ретінде атап айтсақ ағылшын тілінің білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде жаңа сипатқа ие болып отырған елжандылық мәселесін Қазақстан Республикасының үштұғырлы саясатымен ұштастыра жүргізуді міндеттейді.
Патриоттық тәрбиенің тұтас педагогикалық процестің жалпы құрамына сәйкес өзіндік құрылымы бар. Оның түпкі мақсаты - Қазақстан Республикасының дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Осыдан келіп, елжандылыққа бағытталған тұлғаны айқындау міндетінің шығуы заңды. Патриоттық тәрбиеге елжандылық сана, сенім және көзқарас сонымен қатар ерлік іске әрқашанда дайын тұру тән. Оның міндеттері:
1. Оқушыларда патриоттық идея, гуманизм, патриоттық сананың, көзқарастың және сенімнің тарихи тәжірибесінің негізінде құндылық бағытты және сенімді қалыптастыру.
2. Патриоттық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру.
3. Жастарда басқа халықтар құндылығын ұғынатын ұлттық сана қалыптастыру.
4. Белсенді өмірлік ұстанымынын қалыптастыру.
Қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. "Туған жер" ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. "Отан от басынан басталады", "Отан оттан да ыстық", "Елің үшін отқа түс күймейсің" деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады. Бір сәт Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. К.Д.Ушинский айтқандай, Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс [17,б.45-48]-дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, патриотизм мен ерлікке тәрбиелеу - біздің басты міндетіміз болмақ.

1.2 Оқушылардың патриоттық, адамгершіліктік құндылықтардың қалыптасуындағы ғылыми зерттеулер

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда түрлі ғылым салаларында терең ғылыми зерттеулер жүргізілген. Тарихшылар М.Қ.Қозыбаев, М.Мұқанов, философтар А.Айталы, Д.Раев, А.Қасабеков, Ж.Алтаев, психологтар Қ.Б.Жарықбаев, А.Темірбеков, С.Балаубаевтар еңбектерінде қарастырды. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген Отандық ғалымдар С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Құнантаева, Қ.Бөлеев, Е.О.Омар еңбектерінде педагогика тарихы мен теориясына қатысты мәселелерде патриоттық тәрбие мәселелері қамтылған. Соңғы жылдары жеткіншектерді патриотизмге тәрбиелеу мәселесі бойынша түрлі бағыттарда Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, Д.С.Құсайынова, А.А.Бейсембаева, У.К.Санабаев, Л.Сейдахметова, Р.Н.Кенжебаева, Ж.Б.Қалиев, Н.А.Мұхамединова, К.Т.Әбілғазиева, Р.М.Рысбекова, А.К.Қалимолдаева, Ж.А.Касымбеков, Е.К.Утегенов, А.С.Қарпықбаевалар зерттеулер жүргізіп, оның мазмұнына, міндеттеріне және оларды шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар берген.
Оқушыларды патриотизм рухта тәрбиелеуде жинақталған ғылыми қордың бар екендігіне қарамастан, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу қоғам сұранысынан туындаған өзекті мәселе екенін ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар көрсетіп отыр.
Педагогикалық-психологиялық, оқу-әдістемелік еңбектерге және озық педагогикалық тәжірибелерге жасалған талдаулардың нәтижесінде шет тілін оқытуды И.А.Зимняя психологиялық тұрғыдан, ал Е.И.Пассов, В.П.Кузовлев, В.С.Коростелевтер шет тілін оқыту үдерісінде басқа тілдік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған амал-тәсілдерді қолдану жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, З.П.Горбенко өзінің диссертациялық еңбегінде ағылшын тілі материалы негізінде тұлғаға бағытталған оқыту үдерісінде оқушылардың субъектілігін дамытудың педагогикалық шарттарын жан-жақты қарастырады. Қазақстанда шет тілін оқыту үдерісінде де тәлім-тәрбие, атап айтсақ экологиялық, адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне зерттеу жүргізілген. Ж.Н.Базарбекова өзінің "Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері" атты диссертациясында ағылшын тілін оқыту барысында экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасына талдау жасап, сабақта, сабақтан және мектептен тыс жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, әдістерін, тиімді жолдарын ұсынған. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту барысында сабақта, сабақтан және мектептен тыс экологиялық бағытта ұйымдастырылатын іс-шараларды өзара бірлік негізінде қарастырып, ағылшын тілін оқытудың әр кезеңіндегі оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін тіл материалдарын және оңтайлы жұмыс түрлерін көрсеткен. С.Н.Елчиева шет тілін оқыту үдерісінде студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселесін қарастырған. Ғалым, шет тілін оқыту үдерісінде студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми-теориялық аспектісін қарастыра келіп, тұлғаның адамгершілік мәдениетінің өлшемдерін, көрсеткішін, студенттерде адамгершілік мәдениетінің көріну деңгейін анықтаған. Автор "тұлғаның адамгершілік мәдениеті" ұғымына талдау жасап, шет тілін оқыту үдерісінде студенттерде адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда қазақтың халықтық педагогикасын қолданудың жолдарын, шарттарын көрсетеді.
Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет жағдайында шынайы патриотизмді қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, білім беру саласы қазіргі кездегі әлеуметтік маңызды құндылықтар мен мақсаттарды қоғамның жаңа құндылық жүйесіне біріктіруі қажет. Ол ашықтықты, рухани және мәдени мазмұнға бай ұлтаралық татулықты, толеранттылықты қамтамасыз етуге бағытталған сара жол болуы қажет.
Патриоттық тәрбиесі философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылыми еңбектерде патриотизм ұғымы арқылы көрініс табады. Жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеуде классик-педагогтар К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеялары қарастырылған.
Советтік патриотизм Н.П.Егоров еңбегінде қарастырылса, Г.И.Щукина, Б.Т.Лихачев зерттеулерінде патриотизмнің мән-мазмұны тиянақты талданады. Бүгінгі таңда оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтары И.Е.Кравцев, М.А.Терентий, А.В.Русецкий зерттеу жұмыстарында қарастырылады.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес [18,б.22-42].
Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс. Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес деп жазды[17,48 б].
Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.
Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның Ұстаздан ұлағататты кітабында: Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету [19,б.105],-деп жазылған.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.
Ф.М.Достоевскийдің Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл [20,б.46], - дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды.
Н.А.Добролюбовтің: Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады [21,б55],-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мәселесіне жете көңіл бөлінбегендігі, шет тілінің пән ретінде, атап айтсақ, ағылшын тілінің, білім беру саласында маңыздылығын жете түсінбеуі, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастырылмағандығы анықталды. Сондықтан бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін, шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде жаңа сипатқа ие болып отырған елжандылық мәселесін Қазақстан Республикасының ұштұғырлы саясатымен ұштастыра жүргізуді міндеттейді. "Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары", "Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі"[22,б.13] деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы қазіргі кездегі елжандылық тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді.

1.3 Патриоттық тәрбие ұғымының құрылымдық мәні

Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде шет тілін оқыту мен оқып үйренудің маңыздылығы және тәрбиелілік мүмкіндіктерін анықтауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы Тілдердің ұштұғырлығы мәдени жобасы басшылыққа алынды. Шет тілін оқытудың жетекші мақсаты коммуникативтік, білім беру, тәрбиелік және дамыту функцияларын жүзеге асыру екендігі анықталды.
Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының патриотизмін қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда тану үшін патриот, патриотизмді қалыптастыру, оқушылардың патриотизмін қалыптастыру ұғымдарының мәнін ашуды қажет етеді. Қалыптастыру түсінігі ғылыми әдебиеттерде бірнеше мәнге ие болады. Оларда қалыптасу белгілі бір жағдай немесе дайын қасиет ретінде қарастырылады. Кейбір жағдайда қалыптасу деген түсінік қалыптасып болған, толық аяқталуына жеткізілген деген мағынаны береді. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде қалыптастыру түсінігі алда тұрған іс-әрекетке жеке тұлғаның бағыт алуы, белсенді өмірлік ұстанымды жүзеге асыруға қажетті білім мен іскерлікті меңгеру екендігі анықталған. Бұл жерде қалыптастыру жеке тұлғаның кең көлемдегі сапаларын дәлірек айтқанда жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қамтиды. Қалыптастыру жұмысы түсінігі педагог-тәрбиеші еңбегіне қатысты айтылады. Бұл жалпы алғанда педагог-тәрбиешінің адамға қатысты нақты міндеттерді саналы түрде шешуге арналған, педагог-тәрбиешінің іс-әрекетінің жиынтығын көрсетеді. Оқушылардың патриотизмін қалыптастыру жеке тұлғаның елжандылық үлгілерін қабылдауы арқылы, патриоттық үлгілерінің білімдерін, патриоттық іскерліктері мен дағдыларын, қызығушылығын, көзқарасын, идеалын қалыптастыру мақсатын көздейді.
Берілген анықтамаларды зерделей келе, біз патриот адам деп:
- тарих құрылымына жұтылып бара жатқан ұлттық құндылықтардың жандануына жан-тәнін сала күресетін ұлттық жаңару жаршысын;
- қазақ елінің рухани байлығын түгендеп оның кеңістігін толтыруға, өрісін кеңейтуге, қанатын жаюға бастаушы жанды;
- туған халқының кемеліне келіп өркендеуі үшін күрескерлік бағыт ұстанған жанды;
- ұлтының келешегіне үлкен үмітпен қарауға нақты негіз бар екендігіне көз жеткізерлік ой-толғамдарға негізделген дүниетанымы берік адамды;
- ұлт мүддесі үшін өмірлік маңызды мәселелерді жүзеге асыруға арналған ауқымды іс-шараларға, мақсат-міндеттерге қайраткерлікпен араласатын көзі ашық, көкірегі ояу жанды;
- Қазақстанның әлеуметтік дамуына қайрат-жігерін, күшін аямайтын;
- ұлт мүддесі, ұлт тілі, ұлт руханияты туралы қай жерде, қандай жағдайда, болса да саяси немесе басқа да бір ұпай жинауды мақсат етуді әсте де ойламайтын;
- арзан бедел үшін ұлт мүддесін бет перде етпейтін жанды айтамыз.
"Патриотизм" ұғымына философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда ғалымдардың анықтамаларын негізге ала отырып, жалпыадамзаттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, қазақ патриотизмі ұғымдарының мәнін бүгінгі күн тұрғысынан зерделедік. Философиялық сөздікте патриотизм (грекше patrіs - отан) - адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны - Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Туған жерге, тілге, салт дәстүрлерге адал болып, олардан қол үзбеу түрінде патриотизмнің тарихи элементтері көне заманда-ақ қалыптаса бастаған [23,б.203] - деп тұжырымдайды.
"Патриотизм" ұғымына сөздіктер мен ғылыми еңбектерден анықтама беріліп, педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің зерттелуіне сипаттама жасалды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: "Патриот - Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз отанын, халқын шексіз сүюшілік - барша күш-жігерін отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім"[23,б.204] - деп анықтама беріледі.
Патриотизм - өзінің Отанына деген сүйіспеншілік сезім, өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддесіне бағындыру және еліне адал қызмет ету, оны қорғау - екендігін ескерсек, біздің еліміздегі патриотизм ұғымының басты ерекшелігі мен өзгешелігі Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігімен байланысты танылады. Ғалым А.Айталының пікірі бойынша: Бірұлтты мемлекетте отаншылдықтың тірегі этникалық негіз болса, екінші тірегі - азаматтық бағыт. [24,б,29]
Сурет 1
Патриоттық құндылықтары қалыптасқан патриот тұлға моделі

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот - азамат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, тіліне, дініне құрметпен қарайтын
Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға өз үлесін қосатын

Халықтар арасындағы достықты нығайтатын

Қазақстан Республикасының экономикалық байлығын дамытатын
Ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған, ғылыми - техникалық прогресс көшіне ілесе алатын

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды менгерген

Патриоттық құндылықтары
қалыптасқан тұлға
Қоғамдық, саяси әлеуметтік, педагогикалық, шығармашылық еңбектер мен тәжірибелік жұмыстарды зерделеу, елжанды адамды төмендегідей қасиеттермен даралап көрсетуге мүмкіндік туғызды: елжанды адам дүниетанымдық сапалық белгілермен дараланады; елжандылық даралық қасиеттерге қоғамдық-саяси қарымдылық, саяси көрегенділік, отансүйгіштік, өркениеттілік, принципшілдік, кемшілікке төзбеушілік сияқты қасиеттер жатады; адамгершілік мінез-құлық сапалық белгілері: білімдарлық, зиялылық, хабардарлық, жаңашылдық, жоғары мәдени дүниетаным, ұқсай білуге іңкәрлік, өзіндік сыншылдық; ерік-күш сапалық белгілері: ыждақаттылық, ұқыптылық, қарымдылық; тұлғалық эмоционалды-динамикалық сапалық белгілері: көтеріңкі көңіл күй адамы, қызуқандылық, сезімталдық; іс-әрекет үдерісінде байқалатын сапалық белгілері: өнертапқыштық, өзбетінше әрекетшілдік, қарымдылық, көркемдік талғампаздылық, көпшілдік, сабақтастықты ұстану, бөгдеге ұқсамаушылық, кәсіби біліктілік, ұқыптылық, тәлімгершілдік; белсенділік белгілері: ынташылдық, іскерлік, қабілет, қайрат-қажырлылық, энтузиазм, кәсіпкерлік; мінез-құлық сапалық белгілері: ұйымдастырушылық, байқампаздылық, тапқырлық, мақсатшылдық, байсалдылық, шектен аспау, сарыуайымсыздық, елгезектілік, қарапайымдылық, іңкәршілдік; адамдарға қатысты көзқарасындағы белгілері: тілтапқыштық, ұжымшылдық, беделдік, мәмлегершілдік, әдепшілдік, ымырасыздық, демократшылдық; адамдармен қатынас жасау үдерісінде байқалатын сапалық белгілері: елгезектілік, мейірбандылық, орнықтылық, кішіпейілділік, төзімшіл, бір сөзде тұрушы, қол ұшын беруге дайын, ұқыптылық, зейінділік; адамдармен қарым-қатынас жасаудағы сапалық көріністер: тәрбиелілік, талапшылдық, қайырымдылық, міндеткерлік, назаршылдық; өзіне сын көзбен қарау сапалық көріністері: өзін-өзі орнықты ұстау, қарапайымды, өзіндік сын адамы.

Кесте 1
Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шет елдердегі патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың жіктемесі

Анықтамалар
Алынған әдебиет көзі
1
2
Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай "матрешка" сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін.
Ш.Уәлиханов Таңдамалы шығармалар жинағы[25,43].

Патриот - Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, отансүйгіш, Отаншыл азамат.
Даль В.И. Тольковый словарь живого великорусского языка. - М.1956. - Т. 3. .[26,36]
Атамекенді сүю жалқыдан жалпыға ұласатын құбылыс болуы керек. Отаныңды сүю деген сөз оның болмысынан өзінің идеалыңды көру, сезіну деген сөз.
Белинский В.Г. Шығармалар жинағы. М.: [27, 48]
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны - Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі.
Философиялық сөздік. Алматы. [28, 209-б.]
Патриотизм - Отанға, туған жерге, өзіңнің мәдени ортаңа деген сүйіспеншілік.
Педагогикалық энциклопедия [29,39 б]
Патриотизм - дегеніміз грек patrіotes - отандас, patrіo - отан, туған жеротанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды.
Қазақ совет энциклопедиясы [30,35 б]
Патриотизм-Отанға мемлекеткедеген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Ағылшын тілін оқыту маңыздылығы
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Оқыту әдістері мен түрлері
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер