МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Баишев Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері”
5В051000- “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы
Орындаған: Жайбергенов А.
Ғылыми жетекші: Қалмағанбетова С. Р.
магистр, аға оқытушы
Ақтөбе 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . 4
І. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ . . . 5
- Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің субьектілерінің атқаратын қызметтері . . . 5
- Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару мәні, нысандары…… . . . 8
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ . . . 15
2. 1Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының міндеттері15
2. 2 Мемлекеттік басқару обьектісі және субъектісі………. . 18
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ . . . 21
3. 1 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру. . …21
3. 2 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғары сапасына қол жеткізу………25
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі болып мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру» еліміздің дамуындағы басым мәселелердің бірі ретінде аталған. Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .
Өйткені мемлекетті басқару - бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Мемлекеттік басқару қоғамдық жүйеге мемлекеттің әсер етуі болып табылады, яғни мемлекеттік басқару объектісі ретінде бүкіл қоғам қарастырылады, яғни қоғамдағы құбылыстардың барлығы мемлекетпен басқарылады. Мемлекеттік басқару субъектісі ретінде түрлі мемлекеттік органдар қарастырылады.
Мемлекеттік басқару ғылымынының зерттеу саласы: мемлекет, саясат, мемлекеттік басқару, билік және тағы басқа түсініктер аясында болады. Мемлекеттік басқару теорясының мазмұнын қоғамдық басқару институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының саяси- құқықтық, әлеуметтік қарым- қатынастарды талдау болып табылады.
Мен жұмысымның тақырыбын « Мемлекеттік басқару субъектісін тиімді ұйымдастыру мен қызмет етуінің мәселелері» деп алдым.
Жалпы жұмысымның мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесінің элеметтеріне сипаттама беріп, еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолдарын анықтап, сол бойынша болашақта қызмет ету.
Жұмысым екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде - мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы шолу жасалады, яғни мемлекеттік басқару жүйесінің элементтері: оның объектілері мен субъектілері, басты принциптері мен негізгі әдістеріне тоқталып өттім;
Үшінде бөлімінде - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бағыттары, жолдары қарастырылған. Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер қолдандым, «Мемлекеттік басқару теориясы» мен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағындағы іс- шаралар» заңын пайдалана отырып жаздым.
Жалпы мемлекеттік басқару жүйесімен кеңірек танысу жұмысымның барысында көруге болады.
І. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
- Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің субьектілерінің атқаратын қызметтері.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида заңдылықты, қатынастарды, элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді.
Қандай да бір қағидадан «бас тарту» бүкіл жүйенің қалыпты қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады:
а) мемлекеттік басқарудың кез-келген емес, тек ең маңызды, басты, объективті, қажетті заңдылықтарын, қатынастары мен өзара байланыстарын білдіру;
ә) мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты заңдылықтарды сипаттау;
б) мемлекеттік басқарудың өзге басқару түрлерінен ерекшелігін білдіру.
Мемлекеттік басқару қағидаларының ерекше белгілерін де атап өткен жөн: бұл олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқарушы субъектінің біліміне,
қабілетіне байланыстылығы және қағидаларының өзара байланыстылығы.
Отандық және шетелдік ғалымдар басқару қағидаларын жүйелеу мен жіктеуге әр түрлі көзқарастар білдіреді. Олар мемлекеттік басқарудың ерекшелігін ескере отырып, басқару қағидаларының жүйесін үш топқа бөледі:
Жалпы ортақ қағидалар: жүйелілік, объективтілік, өзін- өзі реттеу, кері байланыс, оңтайлылық, ақпараттық жеткіліктілік, демократизм, жариялылық, құқықтық реттілік (заңға сәйкес келу) ;
Қоғамның түрлі салаларында (экономикалық, әлеуметтік- саяси, рухани) және әр түрлі қоғамдық құбылыстарды, ұйымдарды, институттарды талдау барысында қолданылатын жекелеген қағидалар;
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-технологиялық жақтарын қарастыратын ұйымдастырушылық- технологиялық қағидалар. Бұл «жіктеу» соңғы емес.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару қағидалары жүйесінің көптеген түрі келтірілген, олар шектеулі емес. Сондықтан мемлекеттік басқару тәжірибесінде қолданылатын барлық қағидаларды қамту мүмкін емес. Осыған байланысты мемлекеттік басқару ісінде барынша маңызды болып табылатын қағидаларға ғана тоқталғанды жөн санадым.
Қоғам күрделі жүйе болып табылатындықтан, басқарудың негізгі қағидасы ретінде жүйелілік қағидасын атауға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекетінің сипатына қарай жүйелер жабық және ашық болады. Сол сияқты қоғам да жабық және ашық болуы мүмкін.
Жабық қоғамда басқару объектісі мен субъектісі арасында кері байланыс үлкен мәнге ие болмайды. Мақсатқа жету үшін мұндай жүйенің дамуын басқару директивті басқару қағидасына сүйенеді.
Мұның айқын мысалы кеңестік жоспарлы жүйе. Оның салдарының қандай болғаны белгілі. Нәтижесінде директивті-жоспарлы экономика мейлінше тиімсіз болып шықты.
Екінші түрі - ашық қоғам, дамудың қатаң белгіленген варианты тән емес және мақсатқа жету қағидасы ретінде терминалдық басқару, яғни «қозғалысты» дамуды еркін бағдарламалау.
Қоғамның ашықтық деңгейі жоғары болған сайын, онда демократия орын алып, басқару объектісі мен субъектісі арасындағы кері байланыс қағидасы жоғары мәнге ие болады.
Басқару субъектісі объектінің реакциясын дәл және уақытында білуі тиіс, өйткені ол соған сәйкес оперативті түрде басқарушылық шешімдерді қабылдайды.
Кері байланыс мемлекеттік басқару аппаратының қызметкерлеріне қатысты бақылау функциясын орындайды деуге болады. Бұл қағидамен ақпараттық жеткіліктілік қағидасы тығыз байланысты. Қоғамда коммуникациялық процестердің пәрменділігі мен ақпараттық ағымдардың көлемі барған сайын өсуде және соған орай жүйе элементтерінің (объект, субъект) байланысы күшейе түсуде. Бұл қағиданы дұрыс қолдану ақпаратты алушылыр деңгейі жоғарылаған сайын оны ретке келтіруі тиіс. Яғни басқарудың қай деңгейі үшін қандай ақпарат қажет екендігін анықтап, ретке келтіру керек. Ондай болмаған жағдайда жоғары басқарушылық деңгейде артық акпарат «жиналып» қалуы мүмкін.
Оңтайлылық қағидасы (аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткізу) - шығындар белгілі бір шектен шықпайтындай жеткілікті болуын білдіреді. Олай болмаса еңбек жағдайы төмендеп, заңдылық бұзылуы мүмкін. Сондықтан басқару оңтайлы болуы үшін келесі шарттар орындалуы керек: басқарылатын объектіге басқару объектісінің жай-күйін шынайы бейнелейтін объективті ақпарат негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау: қойылған міндеттерді шешу үшін ресурстардың мүмкіндігінше жеткілікті болуы; жолға қойылған жақсы кері байланыс механизмінің болуы.
Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда демократизм қағидасына ерекше мән беріледі. Бұл қағиданың орнығуы халықтың биліктің бірден-бір бастауы және егеменді иесі өзі болып табылатындығын мойындату үшін және адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін күресінің нәтижесінде мүмкік болды.
Демократия - мемлекеттік басқаруда халықтың билігін білдіреді. Бұл қоғам мен мемлекет және олардың құрамдас бөліктері арасында терең қарым- қатынас орнатуды талап ететін күрделі де көпқырлы қағида. Демократизм қағидасы басқарылатындардың (әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, жеке тұлғалардың) мемлекетті және қоғамды басқаруға тікелей немесе сайланбалы органдар арқылы қатысу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал мемлекет болса, халықтың басқарушылық функциясын атқаруға тиісті ұйымдастырушылық, саяси және материалдық- техникалық жағдай туғызады.
Басқарушы субъектінің қызметі қоғам үшін ашық, айқын болуын ұйғарады, өйткені көпшіліктің бәрін білуге құқығы бар. Аталған қағида мемлекеттік басқаруды толықтыру және қоғамдық процестерді реттеуді, одан әрі өрбіту нысаны ретінде қоғамдық өзін- өзі басқаруды дамытуды ұйғарады.
Демократиялық мемлекет қоғамдық өмірдің барлық элементтері мен үрдістерін басқаруды және оларды тікелей өзінің бақылауына алуды мақсат тұтпайды. Өйткені қоғамдық өмір азаматтық қоғам шеңберінде әрекет етеді, оның институттарының функциясы болып табылады. Демократизм қағидасы мемлекеттік басқарудың жариялылық қағидасымен үндеседі.
Жариялылық демократияның, қоғамның саяси өмірінің ажырамас элементі болып табылады. Ол басқарушы субъектінің келесідей қызмет түрлерін қамтиды: басқарылатындарды қазіргі таңдағы экономиканың, әлеуметтік сфераның, қоғамдық қатынастардың жағдайы, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты туралы жан-жақты хабардар ету; барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметін сипаттайтын ресми құжаттарды, аналитикалық есептерді, статистикалық мәліметтерді, социологиялық зерттеулер нәтижесін және басқа да материалдарды үнемі баспасөз бетінде жариялау; ұлттық және аймақтық деңгейдегі мақсатты бағдарламалардың жобасын, белгіленген саяси бағыттарды, сонымен қатар оларды жүзеге асыру жолдары мен әдістерін ашық талдау; басқарушы органдардың қызметіне ашық халық тарапынан бақылау жасау, бағдарламалар мен жоспарлардың нәтижесін және салдарларын талдау мен бағалауға қоғам мүшелерін кеңінен тарту.
Плюрализм қазіргі саяси режимдерге тән сипат. Плюрализм түсінігі мемлекеттік өмірге мүдделері, ой-пікірлері, ұстанымдары үнемі әрқилы, салыстырмалы, бәсекелес болатын әр түрлі өзара байланысты, сонымен қатар тәуелсіз әлеуметтік және саяси топтардың, партиялардың, ұйымдардың араласуын мойындауды білдіреді. Ол демократия элементі ретінде кез- келген нысандағы монополияның болмауын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқару теориясында плюрализм түсінігін онтологиялық және гносеологиялық- методологиялық аспектілерде қарастыруға болады.
Онтологиялық аспект мемлекеттік басқару жүйесінде алуан түрлі және қарама- қарсы элементтердің, идеялар мен ұстанымдардың, мүдделер тобының көрініс беруі мен әрекет етуі. Ол методологиялық категория ретінде басқару жүйесін әр алуан билік пен басқару буындары шоғырланған, әр түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің үйлесімділік қағидасы негізінде тәуелсіз әрекет етуі ретінде қарастыратын көзқарасты сипаттайды. Бұл басқару мақсаттарын қалыптастыру, баламалы жобаларды таңдау және шешім қабылдау, оларды жүзеге асыру құралдары мен әдістерін анықтау барысында басқарушылардың еркін пікірталасын негіздейтін ұстаным.
Плюрализм - бірыңғай жүйе шеңберінде әр түрлі және баламалы құндылықтардың, басқарушылар мен басқарылатындардың мінез- құлық үлгілерінің бәсекесін және жүзеге асуын ұйғаратын басқарушылық мәдениет құрамындағы дүниетанымдық идея. Сонымен бірге заңдылық және қоғамның мойындауы, яғни мемлкеттік органдар құрылымының, олардың қызмет ету ережелерінің, нысандары мен әдістерінің және басқрылатындардың мінез- құлықтарының заңды (легитимді) болуы да мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына жатады.
Заңдылық қағидасы заңдарды сақтау және орындау талабының жалпы міндеттілігін білдіреді.
Мемлекеттік билік органдары және лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін- өзі басқару органдары, азаматтар және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті. Мемлекеттік басқаруға қатысты бұл қағида заңның үстемдігін және Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін, басқарушылық функциялардың заңдар және заң актілері негізінде жүзеге асуын көздейді. Жүйенің құқықтық қамтамасыз етілуі және қоғамның қолдауына ие болуы - оның өміршеңдігіне, әркеттілігіне кепілдік беретін негізгі фактор.
Басқару қағидаларын тиімді қолдану үшін әрбір қағиданы жеке қолдану мәселесін, жекелеген қағидаларды ерекше қолдану шартын, тұтастай қағидалар жүйесін жалпылай ортақ қолдану шартын айқындау қажет. Қағидалардың тиімділігі ең алдымен объекті мен субъекті арасындағы тәуелділікке байланысты. Мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдары қағидалар жүйесінің талаптарына қаншалықты сай болса, мемлекеттік бесқеру нәтижелері де соншалықты әлеуметтік жағынан тиімді болады. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидасын тиімді қолданудың басты шарты мемлекеттік басқару жүйелілігіне, ол арқылы қоғамдық өмірдің кешенділігіне және ұйымдастыру ісіне байланысты.
1. 2 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару мәні, нысандары.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.
Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
- заң шығарушы;
- атқарушы;
- сот билігі
болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
- авторитарлық;
- тоталитарлық;
- демократиялық
болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
- пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
- пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
- жария-саяси сипатта жүруі,
Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады - монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т. с. с) .
Монархияның белгілеріне:
- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
- басқаруының уақыты шексіз (абсолютті) болады;
- сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы - Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия) .
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен - мемлекеттік, қоғамдық іс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
- өкіметтің сайлануы;
- белгілі уақытқа ғана сайлау;
- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т. б. ) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т. б. ) - парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т. б. ) - Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент - Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса) . Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен - «тыйым салу») .
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада - үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды - оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні - пролетариат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, басқарушы және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындағы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет рухы сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жіктелінеді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қолданылатын функцияларына тоқталғанды жөн көрдік.
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдастыру-реттеушілік (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық жұмыстар) ; ұйымдастыру-шаруашылық (әр түрлі мемлекеттік функциялардыорындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты оперативтік-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар) ; ұйымдастыру-идеологиялық (мемлекеттің әр түрлі функцияларының орындауын қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік-түсіндіру, тәрбиелік жұмыстар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz