Сералы Лапиннің 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі өмірі мен қызметі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-16
1. Сералы Лапиннің 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі өмірі мен қызметі . . . 17-68
1. 1. С. Лапиннің өскен және білім алған ортасы . . . 17-30
1. 2. С. Лапиннің XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси қызметі . . . 30-56
1. 3. С. Лапиннің шығармашылық қызметі . . . 56-68
2. Сералы Лапиннің 1917 жылғы революция тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі 69-128
2. 1. Ақпан революциясынан кейіңгі Түркістан өлкесіндегі саяси ахуал және С. Лапин . . . 69-86
2. 2. С. Лапин - "Шуро-и-уламо" ұйымының жетекшісі 86-107
2. 3. С. Лапиннің "Түркістан" мұхтариятының құрылуы мен күшпен таратылуы тұсындағы қызметі" 107-128
Пайдаланылған деректер тізімі 135-149
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатка ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе біржақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан елімізде төл тарихымыздың олқылау жазылған тұстарын толықтыра түсуге барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Осынау сәтте, яғни халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан мезгілде, қазақ халқының тарихыңда өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды да қолға алғанымыз абзал. Мұндай ғұмырнамалық зерттеулер жекелеген қайраткерлердің өмір жолын танып білумен бірге, олар өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де өз септігін тигізеді.
Еліміздің тарихында өзіңдік елеулі із қалдырған қайраткерлер катарына ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында тарих сахнасынан шыққан казақ зиялыларын жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сол зиялы қауым өкілдерінің бірқатарының ғүмырнамасы жасалып, көпшілік қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдете жүргізіп, қазақ зиялыларының ғұмырнамасы қатарын толықтыра түсуіміз керек.
Қазақ зиялыларының өмір жолы кеңестік дәуірде аракідік зерттелді. Олардың көпшілігі революциялық қозғалыстарға, кеңестік кұрылысқа атсалысқан кайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм идеологиясы аясынан аса алмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих ғылымының ұстанған идеологиясы тосқауыл болды.
Кеңестік тарих ғылымы сүйенген идеология кеңестік империя мүддесі жолында ұлттық мүддені ескермеді. ұлтшылдыққа қарсы күресемін деп ұлттық сипаты бар құбылыстарды аяққа басты. Кеңестер олағында аз халықтардан шыққан ұлтжанды, елін сүйген қайраткерлер ұлтшылдар болып қудалана тұсті.
Марксизм-ленинизм мен методологиясын басшылыққа алған "зерттеушілер 1917 жылғы казақ революциясына дейін қазақта ұлттық интеллигенция қалыптасып үлгермеді деген тұжырымды ұстанды. Ал, революцияға дейінгі кезеңде саны аз болған қазақ зиялыларының қызметі "ұлттық буржуазия мен үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғау жолындағы әрекет" ретінде түсіндірілді Таптық мүддені қызғыштай қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолыңда атқарған қызметін жоққа шығарып, теріс бағалады. Осығай орай қазақ зиялыларының арасында өзіндік ұстанымдарымен дараланған С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұралары объективті, шынайы тұрғыда бағаланбай қалды.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының алғашқы шоғыры қатарында С. Лапин да қазақ халқын және Түркістан өлкесінің өзге де түркі-мұсылман халықтарын ұлттық бостандыққа жеткізу, тұрмыс жағдайын көтеру, өркениетті елдер қатарына қосу жолында аянбай еңбек етті. Түркістаңда 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін "Шуро-и-уламо" ұйымына жетекшілік етті. Қоғамдық-саяси қызметпен қатар шығармашылықпен айналысты.
С. Лапиннің өскен ортасында атқарған қызметін және шығармашылығын зерттеу отандық тарих ғылымында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларының орнын айқындауға, оларға қатысты нақтылы объективті ғылыми баға беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырыпты ғылыми өзекті мәселеге арналған деуге толық негіз бар.
Мәселенің зерттелу деңгейі. С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұралары отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметінің түрлі кезеңдеріне қатысты және оның шығармашылық мұраларына байланысты бағалар берілген. Оңдай бағалар өзінің өркелкілігімен ерекшеленеді.
С. Лапинге қатысты алғашқы ғылыми пікірлер XIX ғасырдың соңғы кезеңінен бастау алады. Бұл ретте көрнекті тарихшы-ғалым В. В. Бартольдтың есімін ерекше атап көрсетуге болады. Оның бірқатар еңбектерінде С. Лапиннің шығармашылығына қатысты пікірлер берілген. Ол "сарт" сөзінің (шығуы мен мәніне және "сарт тіліне") байланысты ғылыми пікір таласқа түсіп, С. Лапиннің бұл мәселелер жөнінде жасаған болжамдары мен тұжырымдарын сынға алғанымен, оның өзін қалыптасқан зерттеуші ретінде бағалайды. С. Лапиннің авторлығымен шыққан "Орысша және өзбекше сөздікке" және "Самарқан қаласындағы тарихи ескерткіштердегі жазулардың аудармасы" атты еңбегіне 1896 жылы Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі В. В. Розен және белгілі тарихшы-археолог В. Л. Вяткин тараптарынан да бағалар берілген.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы ретінде танылған Ә. Бөкейхановтың "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде жариялаған мақалаларында С. Лапиннің Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанында атқарған қызметіне және 1914 жылы Санкт-Петербургте өткен бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысуына байланысты пікірлер білдірген. Ол пікірлерді объективті тұрғыда берілген деп есептеуге болады.
С. Лапиннің 1917 жылғы қос революция тұсында атқарған қоғамдық-саяси қызметіне қатысты қазақ зиялыларынан алғаш пікір білдірушілер қатарына М. Шоқайды жатқызуға болады. Ол өзінің эмиграцияда жүріп жариялаған "1917 жыл естеліктерінен үзінділер" атты еңбегінде: "Сералы Лапинмен өзімнің жеке қарым-қатынасыма келгенде, ол кісі мені туған інісіндей жақсы көретін еді деуіме болады. Тек саяси мәселеде бір-бірімізге жолай алмадық, " - дей отырып, оның саяси ұстанымдарын сынға алған-ды. Оның бұл сыны азаттық қозғалыстағы С. Лапиннің мұсылмандық, діни негіздерді басшылыққа алуынан ғана емес, Ташкенттегі кеңестер өкіметі мен Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясы) қантөгіске бармай өзара ымыраға келуін ұсынуынан да туындаған еді. Осы жерде көрнекті қоғам қайраткері Зәки Валиди Тоғанның еңбегінде С. Лапинге байланысты білдірілген пікір М. Шоқайдың пікіріне ұқсас екендігін де айта кеткен жөн.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезенде С. Лапиннің 1917 жылғы қызметіне алғаш Г. Сафаровтьщ. 1921 жылы жарық көрген еңбегінде баға беріліп, онда С. Лапин Түркістан өлкесінің жергілікті халықтарының діни-ұлттық мүддесін қорғауды мұрат тұтқан кайраткер ретінде көрсетілген-ді. Алайда, XX ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік тарих ғылымы қатаң идеологияландырылуына байланысты С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметіне деген көзқарас өзгеріп, оның 1917 жылғы революция тұсындағы саяси ұстанымы "панисламистік" пиғылмен ұштастырылды. Сондай-ақ оның "Шуро-и-уламо" ұйымына жетекшілік етуі "контрреволюциялық", "бұқара халықтың мүддесіне қайшы келетін әрекет" ретінде түсіндірілді. Мұндай баға берген авторлар Е. Федоров, А. Симонов және П. Алексеенков еді. Дегенмен бұл авторлардың қатарында Е. Федоровтың еңбегінде С. Лапиннің бірінші орыс революциясы тұсындағы қызметіне қатысты оң баға орын алған.
Кеңестік тарих ғылымы алдымен сталиндік жосықсыздықтардың, содан кейін валюнтаризм мен субъективизмнің тоқырау идеологиясы шырмауында болып келген 1930-1980 жылдары аралығында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі зерттелмеді. Әрине, бұл мәселе мүлдем назардан тыс қалып қойды дегенді білдірмейді. Бірақ оған революцияға дейінгі Қазақстан мен Түркістандағы революциялық қозғалысқа немесе кеңестік құрылысқа арналған еңбектерде негізгі мәселеге жанама сюжет есебінде қарау үрдісі қалыптасты. Оны И. К. Долонов, К. Е. Житов, Х. Иноятов, А. А. Гордиенко, Х. Турсунов, М. У. Аминов, И. И. Минц секілді тарихшы-ғалымдардың Орта Азияда кеңестік биліктің орнауына, яғни 1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі туралы еңбектерінде С. Лапиннің сол тұстағы қызметіне және ол жетекшілік еткен "Шуро-и-уламо" ұйымына қатысты мәліметтердің берілуінен де аңғаруға болады. Осы аталған авторлардың барлығының дерлік еңбектерінде С. Лапин маркстік-лениндік метолологияның талап-тарына сай бағаланды. Соның ңәтижесінде қазан революциясы қарсаңы мен одан кейінгі кезеңдегі С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі барынша қараланып көрсетілді.
Кеңестік құрылысқа арналған еңбектердің барлығында бірдей С. Лапиннің атқарған қызметі теріс көрсетілді деп біржақты тұжырым болмайды. Өйткені С. Лапиннің қызметінің кейбір кезендеріне кеңестік құрылысқа арналған кейбір еңбектерде оң баға да берілді. Мәселен, С. З. Зимановтың еңбегінде С. Лапиннің Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанында Б. Қаратаев, Е. Оразаев секілді т. б. қазақ зиялыларымен бірге аткарған қызметіне және XX ғасыр басында қазақ баспасөзін шығару жолында жасаған әрекетіне объекгивті баға беруге талпыныс жасалған. Мұндай талпыныс С. Зимайовтың К. З. Ыдыросовпен бірге әзірлеген еңбегінен де аңғарылады.
С. У. Созақбаевтың 1985 жылы заң ғылымдары бойынша әзірлеген кандидаттық диссертациясында С. Лапиннің қызметіне жоғары баға беріліп: "С. Лапин университетте алған білімін қазақ халқының игілігіне жұмсауға тырысты. Ол Түркістан өлкесінде орыс-қазақ мектептерін ашуға бар күшін салып, Ресей мен Қазақстанның достық қатынасын нығайтуда қызу қызмет жасады, " [11] - делініп көрсетілді.
"Қазақ совет энциклопедиясында" С. Лапинге қатысты берілген мақалада оны шығыс сәулет өнерін зерттеуші, ағартушы әрі адвокат деп көрсеткен. Ол жөнінде мынандай пікір білдірілген: "Шығыс тілдерін (араб, парсы, т. б. ) жетік білген. Лапин Самарқандағы көне архитектуралық ескерткіштердің жазуларын парсы тілінен орыс тілінен өлеңмен аударды және олардың салынған жылын (араб әріптерінің орналасу жүйесіне байланысты), салдырған адамдарды және сәулетшілердің есімін анықгады. Өзіне дейінгі- белгісіз болып келген "Туһарт әл-Хани", "Шаһнама" дастандарының нұсқаларын, қолжазбаларын тапты. Шаһи Зинда, араб қолбасшысы ибн Куссам жайлы аңыздарды жазып қалдырды".
С. Лапиннің ғылыми үйірмелердің қызметіне қатысуы жайында шығармалары туралы мәліметтер кеңестік дәуірде жарық көрген К. Е. Бендриков пен И. В. Луниннің еңбектерінде де кездеседі.
1990 жылы зерттеуші Б. Қойшыбаевтың "Жазықсыз жапа шеккендер" атты еңбегі жарық көрді. Оның бұл еңбегінде С. Лапиннің өмір жолы мен қызметіне арналған "Ориенталист Лапин" атты тарау берілген. Зерттеуші Б. Қойшыбаев С. Лапиннің өміріне қатысты мәліметтердің біразын С. Лапиннің қарындасы Гүлзидәмнан алғандығын еңбегінде атап өтіп, бірқатар мерзімді баспасөздердегі С. Лапин туралы дерек көздерін ғылыми айналымға тартқан. Б. Қойшыбаевтың осы еңбегін отандық тарих ғылымында С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығын зерттеуге арналған алғашқы талпыныс ретінде бағалауға болады. Оның С. Лапин туралы мынандай пікірі ерекше назар аудартады: "Ол Түркістан өлкесінде қазақ балалары үшін мектеп ашу ісіне араласты. Оның адвокаттық" қызметінің пайдасын қарапайым халық 1905 және 1916 жылдары айқын сезінді. Осы кездердегі ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жергілікті халық өкілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек) ақтауы Лапиннің заң қызметіндегі үлкен еңбегіне саналады. Ол Түркістан өлкесінде тұратын мұсылмандардың жинаған қаржысына Петербургте 1913 жылы мешіт салу ісіне де атсалысты.
Б. Қойшыбаев осылайша С. Лапиннің қызметіне жоғары баға бергенмен оның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметінің кейбір тұстарына назар аудармаған-ды. Мәселен, С. Лапиннің Түркістан мұғалімдер семинариясындағы қызметі кезінде ғылыми үйірме жұмысына қатысуы, Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы қызметі кезінде заң жобаларын әзірлеуге атсалысуы, 1914 жылы бүкілресейлік мұсылман съезіне катысуы және 1917 жылғы қос революция тұсындағы қызметі Б. Қойшыбаев еңбегінде каралмаған.
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан жазу жолында алғашқы қадамдар жасалынып, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің ерекшеліктері мен бағыттарына ғалымдар зер салып, онда "ақтаңдақ, "_беттерін ашып көрсетуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл ретте М. Қойгелдиев пен К. Нүрпейісовтің еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Олардың еңбегінен кейін ғалымдар арасында қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге деген құлшыныс арта тұсті. Мұндай талпынысқа Д. Аманжолованың да еңбегі елеулі дәрежеде ықпал етті. 1996 жылы Ғ. Ахмедовтың "Алаш "Алаш болғанда" атты еңбегі жарық көрді. Онда алғашқы қазақ интеллигенциясы өкілдерінің тізімі беріліп, олардың қоғамдық-саяси қызметінен шолу жасалған еді. Ол еңбекте С. Лапиннің өміріне қатысты мәліметтер де орын алған. С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тұжырымдар мен ғылыми пікірлер негізінен 1990-жылдардың орта тұсынан бастап кандидаттық диссертацияларда айтылды. А. Ш. Махаеваның "Қазақ комитеттерінің құрылуы қызметі" атты кандидаттық диссертацияеында С. Лапиннің 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қызметінің кейбір тұстарына байланысты жаңа көзқарас тұрғысынан баға берілген. Зерттеуші "Бірлік туы" газетіндегі материалдарға сүйене отырып, С. Лапиннің 1917 жылы Перовскіде құрған "Халық өкілдері кеңесі" ұйымына қатысты ой-пікір білдіріп, ондай ұйымдар жергілікті халықтың мүддесін Уақытша үкімет жағдайында қорғауды мақсат тұтты дейді.
Т. Қ. Мекебаевтың Уақытша укіметтің Қазақстандағы билік орындарының қызметіне арналған диссертациялық жұмысында С. Лапиннің Уақытша үкіметтің жергілікті органдарына қатысты көзқарасы қарастырылған. Онда ізденуші С. Лапинге баға беруде М. Шоқайдың еңбегіңдегі пікіріне сүйенген. С. Лапинге ондай баға беру А. Ө. Раджапов пен К. Ілиясованың кандидаттық диссертацияларына да тән.
Құрылтай жиналысына сайлау кезіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметін зерттеген И. Е. Еремина өзінің диссертациясында С. Лапин жетекшілік еткен "Шуро-и-уламо" ұйымына да тоқталған. Бірақ ізденуші бұл ұйымның Құрылтай жиналысына депутаттыққа өз алдына бөлек кандидаттар тізімін ұсынғанын назардан тыс қалдырған. Мұндай кемшіліктің орны Е. Қ. Серікбаевтың кандидаттық диссертациясында біршама толықгырылған.
С. Лапиннің 1917-1918 жылдардағы атқарған қоғамдық-саяси қызметіне Х. М. Тұрсынның Түркістан мұхтариятының қалыптасуы мен күйреуіне арналған диссертациялық жұмысында шынайы баға беруге деген талпыныс айқын аңғарылды. Бұл жұмыста ғылыми айналымға енгізілген тарихи деректер өзінің сонылығымен ерекшеленеді.
Қазақстанның XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалысты зерттеуге арналған С. К. Рүстемовтың кандидаттық диссертациясында бұл қозғалысқа С. Лапиннің да атсалысканы тың мәліметтердің негізінде көрсетілген. Автордың пікірінше, С. Лапин мұсылмандық қозғалысқа атсалысу арқылы қазақ халқының ғана емес, Ресей империясындағы өзге де түркі-мұсылман халықтарының мүддесін қорғауды көздеген. Былайша айтқанда, С. Лапин қазақ халқының азаттық қозғалысын өзге түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысымен ұштастыруға талпынған. С. Рұстемовтың мұндай пікірі белгілі дәрежеде С. Қ. Шілдебайдың және Г. А. Бисенованың кандидаттық диссертацияларында қолдау тапқан. С. Қ. Шілдебай өзінің зерттеуінде С. Лапинйің 1917 жылы құрған "Шуро-и-уламо" ұйымына көбірек көңіл бөлген. Ол бұл ұйымға баға беруде М. Шоқайдың пікіріне сүйенген.
С. Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі соңғы жылдары елімізде жарық көрген ғылыми әдебиеттердщ ішінде тек Ә. М. Ауанасованың ғана монографиясында [көрініс тапқан. Ол еңбекте С. Лапиннің бірінші орыс революциясы тұсында және 1917 жылғы қос революция кезіндегі қызметіне орынды баға берілген. Дегенмен ол еңбекге С. Лапиннің Санкт-Петербургте атқарған қызметі жайында ешқандай пікір білдірілмеген.
Жуырда жарық қөрген "Қазақстан тарихының" академиялық басылымының 3-томында С. Лапин қазақ зиялыларының алғашқы толқынының өкілі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ С. Лапиннің өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер 2000 жылы V жарық көрген "Түркістан. Халықаралық энциклопедиясына» енген. Ол туралы мақаланы С . Смағұлова жазған.
Соңғы уақытта мерзімді баспасөз беттерінде де С. Лапинға қатысты мәліметтер жарық көре бастады. Мәселен, "Түркістан" газетінде зерттеуші Т. Дайрабайдың "Қазақ тарихындағы Лапиндер ізі" атты мақаласы жарияланған. Ол бұл мақаласында С. Лапиннің қызметі мен шығармашылығына ғана емес, Лапиндер әрекетіне де қатысты тың мәліметтер берілген.
С. Лапиннің 1911 жылдың бас кезінде Перовскіде . ашқан сауда-өнеркәсіптік серіктестігі жайлы мәлімет алғаш рет отандық тарих ғылымында Д. И. Дулатова мен НД. Нұртазинаның 1917 жылы жарық көрген мақаласында көрініс тапты. Авторлар аталмыш серіктестік жергілікті халықты патша өкіметінің отаршылдық саясаты жағдайында әлеуметтік жағынан қорғауды мақсат екенін дәлелді түрде негіздеп, мақала соңында серіктестікке қатысты мұрағаттық құжатты көпшілік назарына ұсынған.
Өзбекстандық зерттеушілердің 1990-жылдардан бастап жаңа сипатта шығара бастаған бірқатар еңбектерінде С. Лапиннің XX ғасырдың бас кезінде атқарған қоғамдық-саяси қызметіне байланысты ой-пікірлер білдірілген. Бұл ретте М. Хасановтың макаласын ерекше атауға болады. Оның мақаласында С. Лапиннің кеңестік биліктен жергілікті халық мүддесімен санасуды талап етуіне жоғары баға берілген. Мұндай бағаларды Д. А. Алимова, А. А. Голованов, Н. Абдурахимова, Г. Рустемова, Б. В. Хасанов секілді зерттеушілердің еңбекгерінен де кездестіруге болады.
Түркістан мұхтариятының тарихын зерттеуші С. Агзамходжаевтың еңбегінде С. Лапиннің 1917-1918 жылдардағы қызметіне қатысты объективті тұжырымдар жасалған. Зерттеуші А. Мингноровтың 1917-1918 жылдардағы Түркістандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың тарихын зерттеуге арналған еңбегі С. Лапин жетекшілік еткен "Шуро-и-уламо" ұйымының қызметі талданған. Бұл ұйымның қызметін ашып көрсетуде негізінен ұлттық баспасөздердің мәліметтеріне сүйенген.
В. А. Германов 2000 жылы жарық көрген еңбегінде алғаш рет С. Лапиннің 1918 жылы Германияға кетуін, ондағы тағдырын ашып көрсеткен. С. Лапиннің эмиграциялық қызметі осы уақытқа шейін ғылыми әдебиеттерде көтеріле қойған жоқ еді. Автордың келтірген деректері ғылыми айналымға бұрындары енгізілмеуімен ерекшеленеді.
Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысын зерттеумен айналысып жүрген москвалық зерттеуші С. М . Исхаковтың 1917 жылғы қос революция тұсындағы түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси өміріне арналған еңбегінде С. Лапинге катысты объективті баға берілген. Автор С. Лапинді 1917 жыл кезінде Түркістан халықтарының мүддесін қорғауда аса белсенділігімен көзге түсті дей отырып, оның жергілікті зиялылармен белгілі бір мәселелер төңірегінде бір пікірге келмеуінің себептерін де ашып көрсеткен. С. М. Исхаков еңбегі Москва мұрағаттарынаң алынған мол дерек көзіне негізделуімен ерекшеленеді.
Кеңестік дәуірге дейінгі Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысы батыстық зерттеуші С. Зенковскийдің еңбегінде қарастырылған. Оның еңбегінде С. Лапин жетекшілік еткен "Шуро-и-уламо" ұйымы Түркістан халықтарының мұсылман мүддесін қорғауда діни ұстанымдарға беріктігімен ерекшеленді деп тұсіндіріледі. Мұндай пікірді Б. Хаиттің еңбегінен де кездестіруге болады.
Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады. Осы уақытқа дейін мұндай мәселені арнайы карауға қажет алғышарттар да қалыптаса қойған жоқ-тын. Ондай қолайлы жағдай еліміз егемендік алғаннан кейін ғана қалыптасты. Мұның өзі біз қарастырғалы отырған тақырыптың өзектілігін айғақтай тұссе керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz