Конституциялық құқық жүйесі
Баишев Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамның дамуына ықпалы
Орындаған: МжЖБ-301 топ студенті
Амантай А.
Тексерген: Магистр, аға оқытушы
Қалмағамбетова С.Р
Ақтөбе 2020 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6
1.1.Конституция-Қазақстан республикасының негізгі заңы ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1.Қазақстанда өмір сүріп жүрген халықтардың қоғамдық саяси дамуы ... ...12
2.2.Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуының конституциялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3.Мемлекет және азаматтық қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІІ.КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1.Конституциялық құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2.Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ
Халқымыздың заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, үлкенге құрмет кішіге ілтипат, от басында, қоғам ортасында мәдениетті сөйлеу қарым қатынасына айрықша баға берген.
Ел басқару ісіне де жіті мән беріп, қазақтың билері, ақсақалды қариялардың айтқан қасиетті сөздері, нақылдары, өсиеттері ел арасына кеңінен тарап, конституция баптарындай бағыт беріп отырған.Қазақтың ханы Қасым Жәнібекұлы Әдет заңын жүйелеп, XII ғасырда қазақтың алғашқы Қасым ханның қасқа жолы деп аталатын 5 бөлімнен тұратын заң жобасы шыққан. Қоғамның даму барысы қазақ заңдарын одан әрі жетілдіру қажеттігіне әкеп тіреді. Осындай міндетті атқарған қазақ тарихында елеулі із қалдырған Есім хан болды. Одан кейін қазақтың құқық жүйесіне үшінші елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды. Әз-Тәуке хан сол кездегі биік тұлғалар - Төле би, Қазыбек, Әйтеке және Әнет баба секілді билермен ақылдасып, Жеті жарғы атты белгілі заңдар топтамасын - шын мәніндегі қазақтың бірінші Конституциясын жасап шығарды. Бүгінгі Конституция- Алаш қозғалысының құжаттарының табиғи жалғасы болып табылатыны мәлім.
Ата Заң бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік береді. Конституциядағы өзгерістер өмір талабына байланысты қажеттіліктен жаңарып өзгере береді.
Конституция - ол қай-бір мемлекеттің болмасын тұрақты жотасы, заң шығаратын базаның фундаменті. Барлық заңдар тек қана Ата заңға сүйеніп қабылданады, яғни қазіргі уақытта қолданыстағы заңдар, кодекстер, нормативтік актілер өзінің бастауын осы Конституциядан алады.Біздің, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда Қазақ елінің тарихында тұңғыш рет референдумда қабылданып Мемлекеттік мереке күні ретінде жарияланды.Бұл Ата Заңымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әрі бастамасымен әзірленгені ақиқат.
Конституция Қазақстан азаматтарының күнделікті өмірлеріне қажетті сұрақтардан бастап стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге негізделген құжат. Оның басты көздейтін нысаны-адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.Конституция осы жиырма жылдың ішінде жас мемлекетіміздің тұғырына берік тұрып, билік пен басқару жүйесін жан-жақты нығайтып қана қоймай, ел экономикасын түбегейлі реформалауға, сыртқы және ішкі саясаттың оң нәтижелі жүзеге асыруына ықпал жасады. Қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатты. Біз сөзбен айтқанда Ата Заң қоғам дамуының түпқазығына айналды.
Негізгі Заң Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі қағидаларын бекітіп, демократиялық институттарының дамуына мықты қуат берді. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу түбегейлі принциптері болып табылады.Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Негізгі заң халыққа түсінікті де мағыналы түрде баяндалған. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы адам, оның құқығы мен бостандықтары болып табылады.
Халықтың бірлігі - бұл ең алдымен мем - лекеттік институттардың мызғымастығы. Бұл мақ - сатқа Конституцияның арқасында қол жеткізілді. Елімізде халықтың барынша ба - сым қолдауы жағдайында күшті прези - дент - тік би - лік орнықты. Мемлекеттің қа - лыптасуы, әлеуметтік, экономикалық және саяси жаң - ғырту жағдайында жоғары биліктің әлсіз болуға құқығы жоқ. Барлық мәселелер біртұтас мемлекеттік билік тармақтарының өзара ықпалдастығы туралы қатаң конститу - циялық қағидаттар негізінде шешілді. Конституция қоғамның демократия - лық әлеуеті өсуінің сенімді негізі болды. Бұл - көп - ұлтты халыққа, оның тілдері, діндері мен мәдени қажеттіліктері туралы қам - қорлық. Конституциямыз барлық адамдардың теңдігін, құқықтарының біркелкілігін қамтамасыз етеді.Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары азамат Конституцияда бейнеленген жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда өз Конституциямызды құрметтеп қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті мен парызы
І.ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ ЫҚПАЛЫ
1.1 Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы
Конституция термині constitutio - орнатамын, тағайындаймын деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.
Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа дәуірінҚазақстанның алдындабүкілхалықтық талқылаудан кейін ел парламенті қабылдаған ҚазақстанРеспубликасының 1993 жылғы Конституциясыжәнехалықаралық саяси өмір шындығына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Жаңа Конституциясыашып берді.
Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғыҚР Конституциясының белгілі бір оң рөлін атап көрсетті - яки, олҚазақстанныңегемен мемлекетжәнеәлемдік қауымдастықтың толық мәнді мүшесі ретінде қалыптасуының аяқталуын ресімдеді, қорытынды құжат, конституциялық заң шығарудың 1990-1992 жылдардағыбірінші толқынына өзінше бір белгі болдыжәне ...қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі кезең болды
Сонымен бірге, өтпелі кезеңде, тәуелсіздік алу, мемлекеттікқұқықтықжүйенің ауысужәнеелді демократиялық даму жолында бекіту жағдайындажасалған 1993 жылғы ҚР Конституциясы қазіргі заманғы дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.Бұл жаңа Конституцияны қабылдауды негіздеді, оның басымдықтарын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы наурыздаҚазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мазмұндады. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде, бұрынғымемлекеттік құрылымның кемшіліктерін жойдырған Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясы қабылданған еді.
Конституциянымемлекеттіңбасты, негізгі заңы деп әділ атайды. Егерелімізде қолданыста жүрген көптеген құқықтық актілерді белгілі бірұйымдастырылғанжәнеөзара байланысқантұтас, әлдебіржүйе ретінде қабылдасақ, онда конституция - бүкіл құқықтың негізі, өзегіжәнебір мезгілде оның дамуының қайнар көзі. Конституция негізіндеөткенде қолданыста болған дәстүрлі, сондай-ақжаңа, экономикадағы, әлеуметтік дамудағы, саясаттағыжәнемәдениеттегі өзгерістерді есепке ала отырып жасалған құқықтың әралауан салаларының қалыптасуы жүреді.
1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипаты н білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. Жалпы ережелермемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. Адамжәнеазаматжеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.
3-бөлім. Президент бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. Парламент заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. Үкімет Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. КонституциялықКеңес КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. Соттаржәнеәділсотсот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқа рушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті - жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. Қорытынды және ауыспалы қағидалар (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.
1995 жылғы ҚР Конституциясынданегіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялыққұрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесіжәнежергіліктіөзін-өзі басқару негіздері.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтарыменбостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтікмемлекет ретінде нығайтуға ұмтылысын білдіреді.Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді.
Азаматтық (жеке)құқықтарәрбір адамға туғанынан тиесілі және азаматтықпен байланысты емес. Оларға өмір сүру құқығы (ҚР Конституциясының, жеке бостандық , ар-намыстың дербес құқықтылығы ., жеке өмірдің дербес құқықтылығы(ар-ождан бостандығы сияқты және басқа да құқықтар жатады.
Негізгі заңға енгізілген түзетулер іркулер мен қарама-қарсылықтардың жаңа жүйесін іске қосты, оның шеңберінде мемлекетті басқарудың аса маңызды функциялары қазір атқарушы биліктің қолында ғана емес, сонымен бірге Парламенттің де иелігінде, ол іс жүзінде Үкіметті құрайды, оның қызметін бақылайды, ішкі және сыртқы саясатты жүргізудің тұжырымдамасына түзетулер енгізеді. Өзгерістерге сайлау үдерісі де ұшырады, онда айрықша рөл, басқа да жоғары дамыған демократиялық мемлекеттердегідей, саяси партияларға берілді.
Біздің Конституция орасан зор әлеуетке ие, ол елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының орнықтылығын да, динамизмін де қамтамасыз етуге тартылған бүкіл құқықтық жүйенің берік және бір мезгілде икемді тірегі. Ең бастысы - бүкіл қоғамның өмірінде заң шығарудың және құқық қолданудың күнделікті машығында конституциялық қағидаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
1.2 Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Конституцияның 19-бабында Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.
2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.
3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.Конституция - қоғам өмірін қолдауға және дамытуға бағытталған, өзінде қаланған мақсаттарын, құндылықтарын, принциптерін, идеяларын, нормаларын ескере отырып, белгілі бір мағынаға рұқсатты дамытудың әлеуеті бар саяси-құқықтық шынайылықтың үлгісі. Осыған байланысты, қоғамды дамыту процесінде, уақыт өте келе, Конституцияның нормаларын тереңдетіп түсіндірудің көмегімен оны ешқандай өзгертусіз Конституция нормаларының жаңа мағыналық сипаты ашылуы мүмкін. Бұл Конституциялық Кеңестен барынша ғылыми танымдылық қызметті, жоғары зияткерлікті талап етеді. Қоғамның, мемлекет пен құқықтың эволюциясына, Конституцияның мағыналық сипатын кезеңкезеңмен тереңдетіп және кеңінен тануға байланысты, Конституцияның және Конституцияны іске асыратын нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ құқық қолдану практикасының нормаларының мағыналық мазмұнын үйлесімге сәйкес келтіру қажеттігі туындайды, ол үлгілі Конституцияның шынайылығын неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, Конституцияның тікелей әрекет етуі және іске асырылуы - біржолғы әрекет емес, қоғам эволюциясының, Конституцияның және заңнамалардың контексін дамытатын күрделі, көпжоспарлы, шексіз процесс. Конституцияның жоғарғы заң күші туралы конституциялық ережеге сәйкес ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей әрекет етеді және қолданылады, соттар істерді қараған кезде барлық қажетті жағдайларда Республика Конституциясын тікелей әрекет ету актісі ретінде қолдануы, ал Конституцияның 78-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске жүгінуі тиіс.Адамның және азаматтың Конституцияда белгіленген құқықтары мен бостандықтарының басымдығынан туындай отырып, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтардың тиісті міндеттерсіз болуының мүмкін еместігін ескере отырып, Конституцияның 4-бабының 4-тармағында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады деп белгілейді. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін қозғайтын барлық нормативтік құқықтық актілерге - негізгі және туында (соның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына, регламенттерге, ережелерге, нұсқаулықтарға және негізгі нормативтік құқықтық актілермен бекітілетін және олармен біртұтас болып табылатын басқаларына), олардың қосымшаларына (тізбе, есеп кестесі, сәйкестік кестесі және т.б.) қатысы бар.Қоғамның барлық мүшелері рухани және саяси тұрғыдан азат болғанда ғана демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қызмет ете алады. Сондықтан идеологиялық және саяси әралуандылық Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы негіздерінің бірі болып табылады. Идеологиялық және саяси әралуандылық дегенде, қоғам мен мемлекетте идеологиялардың бірде-бірі ресми мемлекеттік идеология мәртебесін заң жүзінде алмайтын, ал әртүрлі саяси идеялар мен көзқарастарды білдіру және іске асыру үшін Конституция мен заңдар негізінде әрекет ететін партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер құрылатын жағдайды түсінеміз. Идеологиялық әралуандылық конституциялық принцип ретінде, қоғам мен мемлекеттің өмір сүруі және дамуы мәселелері бойынша әртүрлі саяси көзқарастардың, тұжырымдамалардың, идеологиялардың, көп партиялы жүйенің қоғамда еркін өмір сүруі мүмкін екенін көздей отырып, қандай да бір идеологияны ресми, мемлекеттік идеология деп тануға салынған тыйым болып табылады. Идеология дегенде, әдетте, әлеуметтік ақиқатқа, тұлғаға, қоғам мен мемлекетке, олардың өзара қарым-қатынасына, тұлғаның қоғамдағы және мемлекеттегі орнына, қоғам дамуының жолдары мен болашағына деген құқықтық, саяси, философиялық діни және өзге де көзқарастардың жүйесін түсінеміз. Идеологиялық саналуандылықтың конституциялық деңгейде танылуы, жеке адамдар мен олардың бірлестіктері қоғам мен мемлекеттің өмір сүріп, қызмет атқаруының саяси, экономикалық, құқықтық, діни және өзге де салаларындағы сол немесе өзге бір қоғамдық құбылыстарға өздерінің көзқарастарын, идеяларын еркін түрде әзірлеп, көпшіліктің назарына жеткізе алатынын, сол идеяларды жеке өзі немесе басқа бір адамдармен және солардың бірлестіктерімен қосылып еркін түрде басшылыққа алатынын; өздерінің идеологиялық тұғырнамаларын кез келген заңды тәсілмен, соның ішінде БАҚты пайдалана отырып ешбір кедергісіз тарата алатынын, мемлекеттік органдар тарапынан қудалауға ұшыраудан қауіптенбей, өздерінің идеологиялық көзқарастарын көпшілік алдында білдіре алатынын аңғартады.
Халықаралық - құқықтық стандарттарға сай мемлекет қоғамдық бірлестіктердің қызметіне шектеу қоя алады. Конституцияның 5- бабының 3-тармағында қоғамдық бірлестіктердің құрылуына және қызмет атқаруына тыйым салынатын негіздердің толық тізімі белгіленген. Конституциялық нормаларды дамыта отырып, Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның 5-бабында экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген құрлымдарды құруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендірілген құрылымы, түрі, арнаулы айырым белгілері, әнұрандары, жалаулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше ережелері, қаруы, соның ішінде қару іспеттес заттары бар әскерилендірілген құрамалар үлгісіндегі қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен адамгершілік негіздеріне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді. Демек, Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынбайтын басқа мақсаттармен құрылған қоғамдық бірлестіктер қызмет атқаруына құқығы бар.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ
2.1 Қазақстанда өмір сүріп жүрген халықтардың қоғамдық саяси дамуы
Қазақстандағы азаматтық қоғамның өмір сүруінің және оның дамуының кепілі - мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ, тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік емес институттар, яғни үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғам институттарының ішіндегі мейлінше қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Олардың қызметі туралы Ата Заңда: қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейтіндігі жазылған.
Үкіметтік емес ұйымдар халықтың ең әлеуметтік белсенді топтарын біріктіреді және жаңа проблемаларды шешуде дәстүрлі емес әдістерді көп пайдалану арқылы тиімді әрекет етеді.
Азаматтық қоғам құрылымындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен мәні негізінен олардың азаматтық бастамаларды қалыптастыру мен ілгері жылжыту қабілеттерімен тұжырымдалады. Осы ұйымдар мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы бітістіруші рөл атқарады.
Конституция - келешек Қазақстанның мінсіз бейнесі, оның қоғамдық-саяси құрылысы, әлеуметтік-экономикалық қатынастары, азамат пен мемлекет арасындағы өзара қатынастардың, ұлттық менталитеті мен мәдениетінің көрінісі. Бұл тұрғыда Конституция құқықтық ортаның тұрақтылығын құра отырып, елдің көптеген онжылдықтарының даму бағытын бейнелейді.Азаматтық қоғам еркін адамдардың қауымдастығы ретінде мемлекет мен экономика арасындағы арақатынасты бейнелейді. Азаматтық қоғамның онтологиялық негізі нарық және ондағы қатынастар болса,мемлекеттікі - саясат және саяси қатынастар, ал азаматтың негізі - меншік. Экономикалық қатынастар саяси және құқықтық орнықтыруды қажет еткендіктен, мемлекет мен азаматтық қоғам институттарының байланысы қажет.
Азаматтық қоғам - көп бөлігі өз жеке мүдделері бар меншік иелерінен тұратын қоғам. Жеке меншік азаматтық қоғамның дамуының іргетасы. Сондықтан, елде орта таптың қалыптасуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін, атап айтар болсақ, мемлекеттік меншікке бақылауды, басқарушылықты қамтамасыз ету керек, ең бастысы - ортақ меншіктің жекешелендірілуінде заңдылық пен әділеттілік орнауы тиіс. Адамдарды мемлекетке тәуелсіз ететін экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастардың дамуына жол ашады, бұл азаматтық қоғам институттарының дамуына елеулі ықпал етеді.1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы" Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.
Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек - Ұлттық бірлік күні деп аталды. - Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады.
1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.
ХХ ғасырдың аяғы - ХХI ғасырдың басында Қазақстан өз тарихында жаңа кезеңмен ерекшеленді, бұл мемлекеттік емес институттардың белсенділігімен, олардың қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы ісәрекетімен байланысты болды. Азаматтық қоғамның негізгі қолданысы тұлғаның түрлі материалдық, рухани-мәдени және өзге қажеттіліктерін толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызу бо лып табылады. Дамыған азаматтық қоғам жағдайында азаматтардың мүмкіндіктері мен қабілеттерінің толыққанды жүзеге асырылуына, шынайы халық билігіне, тұлғаның қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және өзге де салаларында таңдау жасауға еркіндігіне алғышарттар жасалады. Тұлға мен мемлекеттің арасында делдал бола отырып, азаматтық қоғам мемлекеттің заңға бағынуын, қоғамдық институттардың мемлекеттік билікке бақылау орнатуын, мемлекеттің тұлғаның жеке өмірінің барлық салаларына араласпауын, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады.
Азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің өмір сүруі мүмкін емес, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары, еркіндіктері және заңдық мүдделері қорғалмайды. Азаматтық қоғам барлық қоғамның гүлденуге қол жеткізуін, ел халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуын, қоғамның рухани-мәдени дамуын, мемлекеттің заңға бағынуын көздейді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде мемлекеттік биліктің және қоғам өмірінің барлық салаларының реформалануы нәтижесінде жүзеге асады. Ол биліктің мемлекеттік құрылымдарымен мемлекеттік емес құрылымдар қоғамдық бірлестіктердің, ассоциациялардың, қозғалыстардың, одақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеттерінің тең ынтымақтастығы мен үйлестірілуіне бағытталады.
Қазақстанның тарихында алғаш рет Конституция азаматтық қоғамның тұрақты жұмыс істеуіне негізді қамтамасыз етуде. Ол саяси өмірдің демократиялық бастауларын, жеке меншіктің негізін және кәсіпкерліктің еркіндігін, тәуелсіз сот жүйесінің өмір сүруін, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінің құқықтық рәсімделуі мен жүзеге асуына кепілдік береді.
Дәл осы факторлар дербес тұлғаның, азаматтылықтың қалыптасуына, адамдарды ортақ және топтық мүдделерді қанағаттандыру үшін өзін-өзі ұйымдастырудың катализаторы рөлін орындайды.
Қазақстан тарихында алғаш рет халық сөзі ұлттық менталитет үшін аса маңыздылыққа ие болып отыр, ол нақты сипат алып, біздің мәдениетіміз бен қоғамдық өмірімізде қолданыстағы ұғымға айналып отыр.
Марк Тулий Цицерон өз дәуірінде: Мемлекет - халықтың игілігі, ал халық - адамдардың кез-келген бірлестігі емес, ол құқық және ортақ мүдде мәселелері бойынша келісіммен біріккен көптеген адамдардың бірлестігі [1] деген еді. Ол барлығына теңқұқықтылық азаматтық қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығының кепілі болып табылады деп есептеді. Нақ осы принцип біздің Конституциямызда бүгінде көрініс тапқан.
Осылайша, Конституция - қазақстандық қоғам өмірінің барлық қырларына нәтижелі ықпал ететін, қолданыстағы құжат. Ол - барлық қазақстандық заңнаманың өзегі.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде толыққанды азаматтық қоғамның қалыптасуына жол ашты. Алайда, азаматтық қоғамның қалыптасу процесі ұзақ өтпелі кезеңді және мемлекет тарапынан көмекті қажет етеді.
Қазақстандағы қалыптасу кезеңіндегі азаматтық қоғамның басты қызметтеріне мыналар жатады: азаматтардың заң шығару қызметтеріне қатысуы; азаматтық қоғам институттары тарапынан мемлекеттік билікке бақылау орнатылуы; азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуы; қоғамдық институттардың сот әділдігін орнатуға қатысуы; мемлекеттік саяси билікке қолдау көрсету немесе оған қарсы тұру; мемлекеттің биліктің материалдық көмек беруі; тәрбие және білім беру қызметтері; халықтың денсаулығын сақтау; қоршаған табиғи ортаны қорғау; құқық бұзушылықтан азаматтар мен олардың бірлестіктерін аластату; жеке құқықтары, бостандықтары мен заңдық мүдделерін жүзеге асыруда құқықтық белсенділік; тұлғаның құқықтық мәртебесін жүзеге асыруда мемлекеттік биліктің қызығушылығын қалыптастыру.
Ата Заңның алғашқы бабында-ақ, еліміздегі азаматтық қоғамның қызметінің басты принциптері бекітілген. Ең алдымен, Конституцияның 1 бабын қарастыруымыз қажет, онда Қазақстанның өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендігін нақтыланған [2]. Бұл мемлекетте жүзеге асырылатын түрлі салалардағы іс-әрекеттер адам және оның еркін дамуы мен қолайлы жағдайда өмір сүруі жасалатындығын аңғартады.
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңдардың мәнін, мазмұнын, заң шығарушы және атқарушы биліктердің қызметін анықтайды, сот төрелігімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет құқықтық, демократиялық бола тұра билеуші аппараттан, ең алдымен адам және қоғамның ерігін білдіретін әлеуметтік қызметке айналады.
Азаматтық қоғам және қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларындағы демократиялық қайта құрулар мен реформалар бір уақытта жүргізілуі керек.
ҚР Конституциясы Қазақстанды демократиялық мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялай келе, президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін бекіткен.
2.2Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуының конституциялық негізі
Қоғам -- саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті ерікті шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы жəне саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай -- бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі -- адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі жəне қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, əлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. Қоғамдық мүдде- мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай одақ нəтижесіз болып, тез тарап кетер еді. Адам -- қоғамның бірінші клеткасы. Қоғам -- күрделі əлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері əлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлект пен құқық пайда болды. Адамдар өз тарихын өздері жасайды, -- деп жазды Маркс, -- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мəжбүр болады.
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
* саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
* қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде-мақсаттың қалыптасуы;
* адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
* қоғамдық мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды реттеп-басқару, қоғамды басқаратын, қоғамдық тəртіпті қорғайтын мемлекеттік аппараттың өмірге келуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне жəне күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез жарап жатады. Олардың өмірі, іс-əрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмады, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл процестің жасампаздық сипатта өрбуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап, қолдауы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің ел халқына Жолдауындағы тапсырмасына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz