Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Мамандық:Есеп және аудит
Факультеті:ЭжБЖМ
СӨЖ
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңі
Орындаған: Ғалиоллаев Т.А
Тексерген: Даулиева Г.Р
Алматы 2020
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
2.Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
3.Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
4.Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
VI.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Кіріспе
Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн :
- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.
Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым - экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн.
Экономика бұл адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас. Бұл әр түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады. Экономикалық теория - қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады. Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті ресурстар шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды - материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ.
1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып отыру арқылы ғана тіршілік жасай алады және дами алады. Сондықтан экономика кез-келген қоғамның іргетасы болып табылады. Адамзат әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір сүреді. Демек, осының негізінде ғана экономикалық саясат, ғылым мен білім, дін, өнер сияқты салалар жұмыс істей алады. Қазіргі уақытта, экономика әрбір адамның өміріне дендеп кірді және адамдардың өздері экономика жайлы көбірек білуге ұмтылып келеді. Экономика дегеніміз не? Экономия ұғымы және одан туындайтын экономика сөзі ежелгі гректің ойкос, экос - үй, үй шаруашылығы және номос - заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Олай болса, экономика - бұл шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары. Ал, экономикалық ғылым - шаруашылықтың даму заңдылықтары туралы ғылым. Экономикалық ғылымды, яғни экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: Экономикалық теорияның зерттеу пәні - бұл экономикалық субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері. Экономикалық теорияның зерттеу аясы - бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі - бұл экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер. Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі - бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет және сыртқы орта. Экономикалық теория адамдардың экономикалық мінезқұлықтарын зерттейтіндіктен, олардың нарықтағы іс-әрекеттері материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен, бөлумен, айырбастаумен және тұтынумен байланысты болып табылады. Осыған қарап, біз экономикалық теорияны адамдардың шешім қабылдау заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық, әрі қоғамдық ғылым деп біле аламыз. Экономикалық теорияның зерттеу пәніне қатысты көптеген анықтамалар бар. Солардың негізгілерін төмендегідей қарастыруға болады. Экономикалық теория - адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы. Экономикалық теория - шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым. Экономикалық теория - байлық туралы ғылым. Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Экономикалық теорияның пәні нені және қандай құбылыстарды зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Кез келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады. Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері ежелгі грек ғалымы Аристотельдің еңбектері арқылы танылды. Ол экономикалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия және басқа да таным әдістері бүгінгі күнге дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен қолданылып келеді. Әрине, бұл жерде экономикалық теория пәнінің дамуы мен әрі қарай күрделенуі барысында оны танып білудің әдістәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады. Экономикалық ғылымның әдісі деп кең мағынада, біз экономикалық үдерістердің нақты ақиқаттылығына жету жолдарының және экономикалық құбылыстарды зерттеу құралдарының, айла-амалдарының жиынтығын айтамыз. Экономикалық теория адами, қоғамдық ғылым ретінде қоршаған ортаны және өмір тіршілігін танып білудің көптеген әдістерін қолданады.
Экономикалық теорияның жалпы әдістері:
1. Ғылыми абстракция - бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыстарды жеңілдетіп көрсетеді.
2. Анализ - бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету. Мысалы, нарықтық сұраныстың қалыптасу заңдылықтары оның анықтайтын әртүрлі факторлар - баға, тұтынушылардың табысы, олардың талғамы және тағы басқаларын зерттеуден тұруы мүмкін.
3. Синтез - бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. Мысалы, нарықтық сұранысты және оның қарқынын түсіну тек оның құрамына кіретін жекелеген бөліктерін (баға, тұтынушылардың табысы және талғамы, т.б.) қарастыру арқылы ғана мүмкін болады. Анализ бен синтез экономикалық құбылыстарды танып білудің өзара байланысқан екі жағын көрсетеді.
4. Индукция - бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару. Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады, берілген тауарды тұтынушы адам сол тауарды оған баға төмендеген жағдайда ғана әрі қарай сатып алуға дайын екендігін көруге болады.
5. Дедукция - бұл жалпыдан жекеге қарай өту. Мысалы, мынадай жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді. Көшеде азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап, оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады.
6. Эксперимент - бұл сараптама жүргізу. Көптеген ғылымдар сараптама жүргізуді танымның негізгі әдісі ретінде қолданады. Ол тәжірибеде алға шығарылған ғылыми болжамның дұрыстылығын бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, экономикалық теорияда бұл әдістің кеңінен қолданылуы шектелген. Экономикалық эксперимент - экономикалық құбылыстарды аса қолайлы жағдайларда жасанды түрде сипаттау және оны әрі қарай тәжірибе жүзінде қолдану. Экономикалық эксперименттердің бір кемшілігі болып олардың барлық ықтимал нәтижелерін нақты болжауға болмайтындығы табылады.
7. Гипотеза - бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу. Ғылыми дәлелдемелер мен қорытындылар үлгілерді зерттеу негізінде қалыптасып отырады, яғни экономикалық шынайылылықтың құбылыстары арасындағы байланыстардың түйінін келтіріп отырады. Мысал ретінде, қандай да бір нарықта қалыптасқан баға сол нарық жөнінде барлық қол жетімді ақпараттарды бере алатын тиімді нарық гипотезасын келтіруге болады. Мұндай болжамның шындығы немесе жалғандығы оны экономикалық шынайылықтың нақты деректерімен салыстыру жолымен тексеріледі.
8. Аналогия - бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономикалық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату. Мысалы, экономикадағы ақша айналымы жүйесін адам организміндегі қан айналымына ұқсатуға болады.
9. Әртүрлі тең жағдайларда әдісі - бұл қандай да бір құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру. Бұл экономикалық құбылыстар арасындағы функционалдық байланыстарды анықтау үшін экономикалық зерттеулерде қолданылатын аса маңызды ұстаным болып табылады. Мысалы, біз сұранысқа тауар бағасының қалай әсер ететінін білгіміз келсе, онда оған әсер ететін басқа факторларды тұрақты деп болжауымыз керек. Экономикалық теорияның ерекше әдістері: 1. Экономикалық-математикалық үлгілеу - экономикалық теорияда аса кеңінен қолданылатын зерттеу әдісі. Негізінен, нарықтың дамуын сипаттайтын нақты сандық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі өзгермелі факторлардың әсерін көрсететін жекелеген көрсеткіштердің сапалық бағалануын білдіретін әдіс болып табылады. Экономикалық үлгілер - экономикалық құбылыстардың себептерін, олардың өзгеру заңдылықтарын және сол өзгерістердің салдарларын анықтауға мүмкіндік беретін шынайылықты қарапайым түрде суреттеу. 2. Шекті талдау. Бұл әдіс экономикалық іс-қимылдың өзгерістерін зерттейді, экономикалық субъектілер өз мақсаттарына жетуі барысында іске асырған шығындарын табыстарымен салыстырып отырады, яғни олар іс-әрекеттері (игіліктерді өндіру, оларды сату және сатып алу) нәтижесінде қосымша шығындары қосымша алынатын табыстарына тең болғанға дейін өз пайдаларын және пайдалылықтарын мейлінше арттыра береді.3. Функционалдық талдау. Бұл әдісте алдымен зерттеліп отырған құбылыстың типтік сипаты, содан кейін осы құбылыстың сипатына әсер ететін факторлар анықталады. Зерттеліп отырған құбылыс пен оған әсер ететін факторлар арасындағы өзара байланыс функция арқылы түсіндіріледі. Функциялық шама өзгермелі болып табылады, яғни ол шама оған әсер ететін факторлар арқылы өзінің нәтижесін өзгертеді. Мысалы, егер у х-тің функциясы болып табылса, онда ол былай жазылады: у = f (x), мұнда у - х-тің функциясы болса, ал х - функцияның агрументі болады.
4. Баланстық әдіс. Бұл әдіс бірқатар нарықтардың (әсіресе, шикізат нарықтарының) өзгеру жағдайларын болжау үшін қолданылады. Оның мәні сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін орнатудан көрінеді. Өткен жылдардың берілген мәліметтері негізінде алдағы жылдарға өндіріс пен тұтынудың болжамдық балансы жасалады. Мұнда өткен жылдардағы шикізат қоры, ішкі тұтыну деңгейі және өнім көлемі есепке алынады. 5. Экстрополяция. Бұл әдіс зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың өткенгі және бүгінгі даму заңдылықтарын талдауға және оны болашақта қолдануға негізделеді. Бұл жерде берілген құбылысқа тән сипатты негізгі арақатынастар, пропорциялар және өсу қарқыны болашақта үлкен сеніммен маңызды түрде орын алады деп болжанады. Олай болса, экономикалық жағдайларды болжау 10 мақсатында қолданылатын экстрополяция әдісі өткеннің тәжірибесін есепке алуды арастырып, оны экономикалық дамудың объективті заңдылықтары ретінде сипаттайды.
2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларда нақты көрініс табады. Экономикалық заңдар - бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың даму заңдары болып табылады. Қоғамның даму заңдары - экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары болады. Бұларға тән ортақ белгілері болып экономикалық заңдар табиғат заңдары сияқты объективтік заңдар ретінде табылуы, яғни адамдардың еркі мен санасынан тыс тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтары - экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекеті мен қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек әрекеттерінің үдерісінде туып, осы үдерістер арқылы жүзеге асырылады. Табиғат заңдары (мысалы, бүкіләлемдік тартылыс заңы) болса, адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет ете береді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі) ұзақ мерзім бойы өмір сүретін мәңгілік заңдар емес. Экономикалық заңдар тарихи тұрғыда белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық жағдайлардың өзгерісімен тікелей байланысты болып табылады. Экономикалық заңдар объективтік сипатқа ие болғандықтан, адамдар осындай заңдарды талдап, танып біле алады және өздерінің экономикалық өмірлерінде пайдалана алады. Адамдар экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәніне терең үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету тетіктерін ұғынып отырады. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Сонымен, экономикалық заңдардың объективтік сипаты - олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, 11 бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды. Экономикалық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды да зерттейді. Экономикалық категориялар - бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы, несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.). Экономикалық заңдардың жиынтығы қоғамның даму заңдылықтарын сипаттайтын экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Осындай жүйені құрайтын заңдарды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болмайды. Қоғам өмірін талдауда экономикалық заңдардың барлығы дерлік маңызды және өзара байланысты болып табылады. Тек бір ғана заңды пайдаланудан болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдық өмірдің тепе-теңдігін жояды. Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1. Арнайы экономикалық заңдар - шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар. 2. Ерекше экономикалық заңдар - олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар. 3. Жалпы экономикалық заңдар - адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады. Экономикалық заңдар өз алдына жеке дара өмір сүріп әрекет ете алмайды, ал экономикалық прогресс өзімен-өзі алға қарай дами алмайды. Ол үшін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер қажет.

Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныс 12 тары Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты. Жоғарыда атап өткеніміздей, экономика термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430- 355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында экономия сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды. Алайда, уақыттың өзгеруіне байланысты экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастары дами бастады. Осыған орай, біртұтас мемлекеттің халық шаруашылығын басқару қажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы Саяси экономия трактаты атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады. Сөйтіп, экономия сөзі саяси экономия деп аталатын сөз тіркесіне айналды. Саяси экономия - бұл кең мағынасында халық шаруашылығын мемлекет тұрғысынан басқару туралы ғылым. Сол уақыттағы осы ғылым тұрғысында экономистер мемлекеттің ұлттық табысын арттыратын шешімдерді және шаруашылық жүргізудің негізгі мәселелерін алға тартты. Меркантелизм . Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп - меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683), орыс экономисі Иван Посошков (1652-1726) саналады. Меркантилистер экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуына айтарлықтай өз үлестерін қосты. Сонымен, меркантилизм - бұл байлықтың сыртқы сауда нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты. Физиократтар. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды. 13 Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер табиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда, т.б.) өнімсіз деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе, Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен, физиократизм - бұл пайда табудың жолы, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты. КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz