ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы - техникалық колледжі
Мамандық: -
Курстық жұмыс
Пән бойынша: Педагогика
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру жүйесі
Студент
Каргул Н.Е_______________
(қолы)
ШК-17-9_________________
(тобы)
Жетекші
__________
(қолы)
Курстық жұмыс _____ (____________) бағаға қорғалды
Хаттама № _____ _____ _______2021 ж.
ПЦК меңгерушісі _________________
Балқаш қаласы, 2021ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Инклюзивті білім беру және оның ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .5
1.2. Инклюзивтік білім берудің халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 9
1.3. Қазақстандағы инклюзивті білім беруге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ҚОСЫМШАЛАР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
"Кемшілік балаға емес, керісінше, мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы кедергілерді еңсеруге және өзінде бар ресурстарды қолдануға мүмкіндік бермейтін әлеуметтік жағдайларға тән".
Л.С.Выготский
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, ...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады (Білім туралы ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Өткен жүз жылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру жүйесі.
Зерттеу пәні: Педагогика
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын зерттеу, оларға арнайы білім беру мен түрлі іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы психикалық процестерін, тілдерін дамыту.
Міндеттері:
1. Курс жұмысының тақырыбына байланысты ғаламторлардан, әдебиеттер мен ақпарат көздерінен мағұлмат іздестіру, жинақтау.
2. Жинақталған материалдар бойынша жоспар құру.
3. Жинақталған тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеде мүмкіндігі шектеулі балаларға ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттер, ойындар, еңбек өткізу.
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ойын, еңбек жұмыстары арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу.
5. Зерттеу жұмыстарының қорытындысын жасап, нәтижесін шығару.
Болжам: Егер бастауыш сыныптарда оқу іс-әрекеттерін өткізу арқылы оқытушылар даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру жұмыстары жүргізілетін болса, онда мүмкіндігі шектеулі бала ой-өрісі дамыған, дүние-танымы биік, әлеуметтенген жеке тұлға тәрбиеленеді.
Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелей аламыз.

1.1. Инклюзивті білім беру және оның ерекшелігі
Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:
Сызба 1
барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті білім беру дегеніміз
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы, Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.
Сызба 2
Инклюзивті оқыту
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. (Сызба 2). Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. (28)
Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. Жалпыға бірдей білім бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
1.2. Инклюзивтік білім берудің халықаралық тәжірибесі
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Арнайы білім беруді Ресейде ұйымдастыру.1991 жылдың күзінен бастап Ресейде Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап Арнайы(коррекциялық) педагогиканың негіздері, Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері деген курстарды енгізді.
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;Интернат-үйлер; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінгенарнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптардыбіріктіру жолымен орналасқан.
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық орталыққа барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz