ИМПЛИЦИТТІ МАҒЫНА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кинодиалогты аударудағы имплицитті (астарлы) мағынаның берілуі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1

1. 1 Сөйленім мағынасының қалыптасуы

1. 2 Импликатура және импликация

1. 3

2

2. 1

2. 2

3

3. 1

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ғылыми зерттеу нысаны ретінде кинодиалогқа деген қызығушылықтың артуы киноның ерекше өнер түрі ретінде танымал болуымен түсіндіріледі. Кино - көрерменнің дүниетанымын анықтайтын, нығайтатын және өзгертетін мәдени құбылыс; ол әр түрлі семиотикалық жүйелерді біріктіретін әлеуметтік-сөйлеу өнімі. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігі бола отырып, кино - социология, философия, психология, семиотика және лингвистика сияқты түрлі ғылыми орталардың қызығушылығын тудырады. Лингвистикалық тұрғыдан алғанда кинофильм дикскурс не креолизацияланған текстің айрықша түрі, киномәтін секілді бейне тізбегін мен кинодиалогты қамтитын құбылыс ретінде қарастырылады. Жалпы киномәтін аударма обьктісі болғандықтан бірқатар мәселелерді тудырады. Шет елдерде шыққан фильмдер мен сериалдарды тек ресми кино нарығында ғана емес, сондай-ақ бүкіләлемдік ғаламтордың виртуалдық кеңестігінде де аударма жасау сұранысына апарып соқтырды. Ресми дубляж студияларынан басқа, осы фильмдерді нарыққа, теледидар мен бейнеханаларға ұсынатын кинокомпаниялардың көбісі шетел индустриясына бағытталған интернет желіде жұмыс жасайтын аударма студияларын қолданады. Сондай-ақ әртүрлі интернет қауымдастықтарда жұмыс жасайтын бейресми релиз-топтар мен аудармашылар өздерінің өнімдерін, яғни субтитр не дыбыс жолағын ұсынады. Дегенмен, мұндай аудармалар әуесқой болып есептеліп, толық мағынаны ашпауы мүмкін.

Осында туындайтын басты мәселе бұл имплицитті мағынаның жеткізілу жолы. Вербалды қарым-қатынас мәтіндерінде имплицитті ақпараттың болуы оның бір тілден екінші тілге, яғни мәдениетаралық қатынастың жүзеге асыру барысында барабар берілу мәселесін туғызады. Имплицитті мағынаны түпнұсқа тілінде сөйлеушілер не қабылдаушы мәдениет, тіпті аудармашының өзі де анықтай алмайды. Мұндағы кездесетін ақпарат белгілі бір сәттерді құрап, оқиға желісіне жанама сілтеме жасайды. Ал аударма, әсіресе мәтін құрылымы моносемантикалық мәтіннен күрделі болатын кино аударма бірыңғай тұтастықты жеткізу керек. Алайда бұл көп жағдайда аударма тәсілдердің қолдану аясын қысқартады. Прагматикалық тұрғыдан алғанда трансформациялар және мәтін мағынасын түрлендіретін адаптациялық әдістерді қолдануды қажет етеді. Соңғы онжылдықтарда ғылымдар, әсіресе лингвисттер имплицитті мағынаға айрықша көңіл аударып отыр. Осы бағытта дискурсивті, коммуникативті-прагматикалық, контрастивтік, аудармашылық, психолингвистикалық және аспектілеріне зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Біріншіден, байланыстылық және тұтастықпен бір қатарда тұратын имплицитті мағына мәтіннің маңызды ақпартатық санаты болып табылады. Сол себепті оның ториялық және практикалық негізін әрі қарай қарастыру қажеттілігі жұмыс өзектілігін құрайды. Екіншіден, кинодиалогті аударудағы имплицитті мағынаның берілу жолдары әлі де кешенді зерттеудің тақырыбы ретінде қарастырылмады.

Зерттеу жұмысының нысаны . Қазақ және ағылшын тіліндегі кинодиалог.

Зерттеу жұмысының пәні. Имплицитті мағынаның жеткізілу жолдары мен аударма ерекшеліктері, қолданылатын әдіс-тәсілдері.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударма жасау кезінде имплицитті мағынаның кинодиалогта алатын орнын мен рөлін, құрылымын, сондай-ақ берілу жолдарын анықтау. Осы өрістегі имплицитті мағына түсінігін айқындап ашу.

Қойылған жұмыс мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

  • Кинодиалогты аударма бірлігі ретінде зерттеу;
  • Тілдегі имплицитті мағынаның табиғатын анықтау, осы мәселенің түрлі қырларын зерттеген ғалымдардың тәжірибесімен танысу;
  • Вербалды коммуникация кезінде имплицитті мағынаның қалыптасуын қарастыру;
  • Тілден тілге ауысу кезінде имплицитті мағынаның аудару тәсілдерін анықтау;
  • Имплициті мағынаның сақталу жолдарын талдау, ауыстыру және қалдырып тастау, түсіндіру секілді әдістерді зерделеу;

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кинодиалог аясында бұл зерттеу жұмысы имплицитті ақпараттың берілу тәсілдерін анықтау мен жүйелеудің алғашқы тәжірибесі болып табылады. Сол арқылы тақырыптың кең ауқымды зерделеу жүзеге асырылады.

Зерттеу әдістері. Жұмыста түрлі қосымша зерттеу әдістері қолданылды: трансформациялық әдістердің элементтері, салыстырмалы талдау, контексттік талдау және құрамдық талдау. Осы айтылған әдістер бір-бірінен оқшауланбаған түрде жүгізіліп, талдау кешенді жолмен зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттерін қанағаттандыратын әдіс пен тәсілдерді қолданғанын атап кету жөн.

Зерттеудің теориялық негізі. В. Е. Горшкова, А. В. Кашичкин, Е. А. Колодина, Е. В. Кремнев, И. П. Федотава, Е. О. Фирсова, А. И. Барышева, В. Н. Комиссаров, А. Ю. Белецкая және т. б. ғалымдардың ауқымды еңбектері негізге алынды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыс материалдары мен жасалған тұжырымдарды аударма теориясы мен практикасы курсында, сонымен қатар мәтіннің семантикалық және стилистикалық талдауында қолдануға болады. Бұл зерттеу жұмысы имплицитті мағына мен кинодиалог ұғымдарын түсінуді жақсартуға көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ИМПЛИЦИТТІ МАҒЫНА

  1. Сөйленім мағынасының қалыптасуы

Осы жұмыста қарастырылып отырған сөйленімнің имплицитті мағынасы сөйлеу мен мәтін мағынасының қалыптасудың әр кезеңінде болады.

Сөйлеу мағынасының қалыптасуын айтылымда қолданылатын тілдік бірліктерінің өзара әрекеттесуі және айтылым рецепторлары иеленген ұйғарынды мағына ретінде қарастырылады. Жалпы қабылданған қағидаттардан әр адамның белгілі бір білім қоры, яғни аялық білімі немесе танымдық ортасы болады. Ол ортаның құрамы коммуникация қатысушысына қарай дара түрде қалыптасады. Дегенмен, танымдық орта аясында коммуникация қатысушыларында ортақ білім не тілдік ұжымның танымдық негізі деп аталатын ортақ білімі болады. Сонымен, сөйлеу мағынасының қалыптасуында тілдің белгілі бір бірліктері, лингвистикалық мағмұлаттарды ( тіл білімі мен вербалды қатынаста қолданатын сол тілдік бірліктер) қамтитын танымдық орта қатысады. Мағына сөйленімді құрайтын тілдік бірліктерінің өзара әрекеттесуі мен коммуниканттардың танымдық ортасы арқылы жасалады. Осында сөйленімде кездесетін эксплицитті және имплицитті мағына бойынша ажыратылып зерттеледі. Сөйленім мағынасы мен мәтіннің құрылуы және түсінілуі өте күрделі мәселе ретінде бірнеше рет зерттеу нысаны болған. Мағына деп адам санасындағы (тұжырымдамалық жүйесінде) заттың, шындық жағдайының немесе олардың жиынтығының көрінісі. Ал зат - «референт» есебінде белгілеуге болатын әлем обьектісі деп түсіндіріледі. Жағдай - бұл зат немесе заттардың өзгеру үдерісі. Сөйленім мағынасы «пропозиция» терминімен де сипатталады. Яғни, мағына ретінде ділдік құрылым, нақты не жалған референт пен жағдайды шағылдыратын пропозиция (адам санасындағы мінсіз жүйе) есептеледі. Берілген ойлау жүйесі не ақпараттық кешен басқа тілдік құралдар арқылы түрленуі мүмкін. Бұл тілдік құралдардың мағынасы болуымен түсіндіріледі. Мұндай тілдік мағыналар әлем туралы дискретті білімді білдіретін ақпараттық элементтер, құрамдас бөліктер ретінде тілдік мағыналар ділдік құрылымды не пропозицияны жасауға қатысады.

«Интерпретация» термині жалпы сөйленім мағынасының қалыптасу үдерісін сипаттауға қолданылады. Интерпретация хабар жасайтын автормен ( мағынаның қалыптасу) және де рецептормен (мағынаны түсіну) жүзеге асырылады. Жалпы сөйленім мағынасының интерпретациялауында үш жүйелі кезең - семантизация, инференция, және импликация бөлініп қарастырылады. Интерпретация жаңа білімнің (мәтінді түсіну) тұжырымдамалық тұлға жүйесіндегі бар біліммен әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әрекеттестік ойды пайымдау, мағыналық қорытандылар, инференция т. с. с . білімнің қалыптасуына әкеледі.

Интерпретацияның бірінші кезеңі - семантизация. Бұл сөйленімнің тілдік мазмұнын шығару. Семантизация кезінде тілдік бірліктің бірнеше мүмкін мағыналарының ішінен басқа сөздердің қоршаған ортасына сәйкес келетін біреуі таңдалады. Тілдік бірліктердің мағыналары бір-біріне қатысты түсіндіріледі. Олардың кейбір семантикасы алынып тасталады, ал қалғаны комбинаторлық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде, оны құрайтын бірліктердің жалпы қосындысынан асып түсетін сөйленімнің жиынтық мәні қалыптасады. Осындай сөйленім нақты сілтемелермен байланысты емес және оны көптеген типтік ахуалдарды сипаттау үшін қолдануға болады. Мысалы, « біздің көршіміз ауылға барды». Бұл сөйлем жалпыланған және түрлі жағдайларды суреттейді. Мұнда тек жалпы түрде субьект, обьект, уақыт және іс-әрекет орны көрсетіледі. Осындай жағдайлар көп болуы мүмкін және кез келгені осы сөйлем арқылы сипатталуы мүмкін. Бұл сөйлем өте мағыналы және түсінікті. Сол себепті басқа тілге аударуға келеді. Алайда, ол тек үстірт, толық емес қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Өйткені мәтінге кірмей, белгілі бір ортаға және кез келген адамға қатысты болуы мүмкін. Бұл тұжырымды қабылдаудың нәтижесі тек жалпы түсінік болып табылады.

Тілдік мазмұнды шығару үшін жалпыға ортақ когнитивті жорамалдар - пресуппозиция қолданылады. Ол сөйлемшенің грамматикалық тұрғыдан дұрыс және қисынды тұрғыдан қайшы болатын, дәлме дәл мәнін түсінуге көмектеседі. Пресуппозиция - тілдік мазмұнын шығаруда қолданылатын аялық білімнің бөлігі. Сондай-ақ, тілдік мазмұнын дұрыс түсіну мен мәнмәтінге сәйкес келетін сөз мағынасын таңдауға, яғни өзектілендіруге мүмкіндік береді. Сөйлемде жаңа ақпаратты қамтымайды. Тек мағыналық негіз ретінде болып, вербалды жақтан білдіруді қажет етпейді. Бұл тұжырым нысаны емес, оны дұрыс түсінудің алғышарты, өйткені оны жасау мен түсінудің алдында болады.

Келесі кезең - инференция. Бұл бегілі бір қарым-қатынас жағдайындағы лингвистиикалық мазмұнды түсіндіру. Инференция когнитивті ортаның басқа бөлігін когнитивті мәнмәтінді тарту негізінде жасалады. Ол коммуниканттар тақырыбын мен когнитивті мәнмәтінді ( адам, хабарламада қозғайтын пән мен жағдай белгілері) білу арқылы қосымша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Интерпретация нәтижесі бұл қарым қатынас әрекеттердің көп бөлігін құрайтын нақты контексттік мағынаның шығарылуы болып табылады. Нақты контексттік мағына сөйленімнің мағыналық орталығы. Осы мағынаға сөйлеушінің ниеті жөніндегі ақпараты да кіреді. «Біздің көршіміз ауылға барды» деген сөйлем нақты адамның белгілі бір уақыт пен орында болатын әрекеттерді суреттейді және «жарайсың», « көптен бері баруға жоспарладым», «ақырында» т. с. с. мәлімдеуі мүмкін. Сөйлемді түсіну нақтырақ болады. Яғни, нақты контексттік мағына жағдайға негізделген. Бұл мағына түрлі жағдайларға және түрлі коммуниканттарға қарай айтарлық әркелкі болады. Инференция қабілеті барлық адамдарға тән, бірақ жағдай мен адамның когнитивті ортасына байланысты нақты контексттік мағына әртүрлі болады.

Импликатура - тілдік мазмұны немесе нақты контексттік мағынадан басқа ақпараттық мазмұнының не кешеннің қорытындысы және осында бастапқы мағына болуы мүмкін. Сонда «біздің көршіміз ауылға барды» сөйлемі « пәтер бос болды», «енді шуылдауға болады» т. с. с. мағынаны (импликатураны) білдіре алады. Жалпы мазмұны мен нақты түсінікке айрықша түйін іліседі. Импликатураны шығару қосымша білім мен басқа когнитивті орта бөліктері (аялық білім) қамтамасыз етеді. Жағдай мен әлем жайлы қосымша дәйектер қолданылады. Олар тілдік мазмұны мен нақты контексттік мағынаға қосылып, қосымша мағына қорытындысына жеткізеді. Бұл дәйектер (қосымша когнитивті жорамалдар) барлық тілдік қоғам мүшелерінің когнитивті ортасына енгізілетін немесе тек кейбір не тікелей қатысушыларына ғана белгілі болатын ақпартқа негізделген. Кейде нақты контексттік мағына мен импликатураны ажырату қиындыққа соғады, өйткені бұл сөйленім мағынасының бөліктері имплицитті болып табылады. Және біреулер үшін түсініксіз болып, басқаларына қолжетімді болатын қорытындыны көрсетуі мүмкін. Мысалы: ( мамыр айының соңында пәтердегә диалог)

-дала суық па?

-қар жауып жатыр.

Осы мысалдағы жауап сөйлемшесінен қар деген не және оның суық ауа райында түсетіні жайлы білім екенін байқауға болады. Сөйлемше жауабының тілдік мазмұны осы сәтте қардың түсуі болып табылады. Бұл диалогтың когнитивті мәнмәтініне нақты жыл мезгілі туралы білім кіреді. Егер бұл мамыр айының соқңы болса, сөйлемнің нақты контекстуалдық мағынасы «(өте) суық» болады. Импликатура нақты контекстуалдық мағынадан шығарылады және (егер қазір қар жауып жатыр және суық, онда) «жылы киіну керек» дегенге сүйінеді.

Осындай жолмен сөйленім мағынасы интерпртация үрдісінде үш кезеңнен өтеді: семантизиция, инференция, импликация. Мағынаның қалыптасуы мен шығарулудың әр кезеңінде тілдік мағына мен танымдық ортаның әрекеттесуі болады. Сөйлемнің тілдік мазмұны шындықты қарым-қатынас қажеттілігі үшін жеткілікті, толық түрде сипаттай алмайды. Мәтінді қабылдау кезінде оның тілдік мазмұны қабылдаушы хабарламаның танымдық ортасымен өзара әрекеттеседі. Коммуниканттар санасында тілдік мазмұнға қорытынды жасауғы мүмкіндік беретін белгілі бір жүйелі танымдық орта бөліктері қосылады. Сол сияқты когнитивті әрекет интрепретация үдерісі не қолдану шарттарына сәйкес келетін мағынаның түсіну үшін жеткілікті мағынаның шығарылуы болып табылады.

Сөйленім мағынасының қалыптасуында имплицитті мағынаның үш құрамдас бөлігі: пресуппозиция, нақты контекстуалдық мағына және импликатураны жасайтын қосымша когнитивті жорамалдар кіреді. Сөйтіп, барлық сөйлеу туындыларында мағынаның екі деңгейі болады. Біріншісі - эксплицитті, яғни айқын байқалатын және одан интерпретация арқылы шығарылатын ұйғарынды мағына.

Эксплицитті немесе анық айтылған мағынаға сөйлемнің үстірт бетінде, таңбалық құрылымы бойынша корреляцияға ие және оның құрамына кіретін тіл белгілерінің өзектендірілген мағыналарының жиынтығы болатын пропозицияны жатқызамыз. Эксплицитті мағына бұл барлық қарым-қатынас қатысушыларының түсінуіне қолжетімді болатын тікелей айтылған мағына. Бұл деңгейді «айқын», «дәлме-дәл», «үстірт» деп сипаттауға болады.

Имплицитті ұйғарынды мағынаға тілдік мазмұнының эксплицтті мағынасы мен коммуниканттардың тұжырымдамалық ортасының әрекеттесуі есебінен автор мен адресат санасында қалыптасатын мағына бөліктерін жатқызамыз. Имплицитті мағынаға пресуппозиция, нақты контексттік мағына және импликатура жатады. Имплицитті мағына коммуниканттардың когнитивті ортасының бөліктері тілдік мазмұнғы қосылуы арқылы жасалады және сөйленімді құрайтын тілдік бірліктердің мағынасын көрсетілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғалық белгілер
Қазақ мақал - мәтелдерінің табиғаты
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынастың қалыптасуын анықтау
Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
Қазақ тіліндегі окказионал (тосын) фразеологизмдер және олардың қазіргі тілдік қордағы жиі қолданылу сипаты
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Тұлға және даралық туралы
Сыпайылық пен қаратпа сөздердің семантикалығы
Түрлі ұлт өкілдеріндегі сыпайылық категориясының вербалды және бейварбалды қатынастар арқылы көрініс табуы (ағылшын, қазақ, орыс тілдері негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz