Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережелері

1. Зертханада тазалықты, тыныштық пен тәртіпті сақтау қажет. Тәртіпсіздік, асығыстық немесе алаңғасарлық қайғылы жағдайларға соқтықтырып жатады. Жұмыс жасап жатқан студенттерді мазалап, кедергі жасауға болмайды. Бөгде адамдарға зертханаға кіруге қатаң тыйым салынады.
2. Зертханада оқытушы немесе зертханашының қатысуынсыз жұмыс жасауға рұқсат берілмейді. Зертханада жалғыз жұмыс жасауға қатаң тыйым салынады.
3. Берілген тапсырмадан тыс, қандай да бір жұмыстарды жасауға рұқсат етілмейді.
4. Әрбір зертханалық жұмыс теориясын толық меңгеріп, жетекшінің рұқсатымен орындауға кірісіңіз. Жұмыс жоспары журналға толтырылып, жетекшінің қолымен бекітілуі керек.
5. Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қажетті құрылғылар мен ыдыстарды жақсылап тексеріп, химиялық реактивтердің берілген жұмысқа сай дұрыс алынғандығына көз жеткізіңіз. Реакцияларды алдын-ала реагенттердің аз мөлшерін пайдаланып, сынауықта сынап көру ұсынылады.
6. Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл немесе аз мөлшерде алу қажет. Студент реактивтерді үнемді қолдана білу керек.
7. Жұмыс орындарыңызды таза және ұқыпты ұстаңыздар, жұмыс орнында артық ыдыс, қағаз немесе басқа да бөгде заттар болмау керек.
8. Жұмысқа қажетті арнайы ыдыстардан немесе құрылғыдан басқа ешқандай затгарды қыздыруға, қосуға болмайды.
9. Сұйықтык пен қатты заттарды сынауықта (колбада) қыздырған кезде, химиялық ыдыстың аузын өзіңе немесе көрші студентке қаратпаңыз; қыздырып жатқан сынауықтың (колбаның) үстінен қарауға болмайды. Қыздырып жатқан зат қопарылыс беріп, қайғылы жағдай орнауы мүмкін.
10. Қандай да бір заттың дәмін татып көруге қатаң тыйым салынады. Қосылыстың иісін ыдысты мұрыннан алысырақ ұстап, ауаны қолымен ақырын мұрынға қарай желпу арқылы иіскеуге болады. Ешуақытта мұрынды тәжірибе жасалып жатқан ыдысқа жақындатып терең тыныс алуға болмайды.
11. Улы қосылыстармен жұмыс тек қана оқытушының қатысуымен ғана жүргізіледі. Мынадай химиялық заттармен: синил қышқылымен, калий цианидімен, натрий цианидімен, фосгенмен, диметилсульфатпен, қарапайым қышкылдардың хлорангидридтерімен, хлор, бром, көміртек оксидімен, азоттың қос тотығымен, фосфордың галогентуындыларымен жұмыс жасағанда ерекше сақ болыңыздар. Бұл реактивтер көп мөлшерде қолданылса, жұмысты арнайы бөлмеде орындау керек. Аз мөлшерде қолданылса талдау тартпа (сорғыш) шкафының астында жүргізіледі.
12. Майлардың галогентуындылар қатары-бромды этил, хлороформ, бромоформ және т.б ерітіндіде болмаса, натриймен, калиймен (мысалы, оларды кептіру) әрекеттестіруге болмайды, қатты қопарылыс беруі мүмкін.
13. Барлық жағдайда көзіңізге ерекше көңіл бөліңіз! Көз қабыршығына сілті мен аммиак өте қауіпті екені есіңізде болсын! Қорғаныс көзілдірігін қолданыңыз!
14. Қышқылдың, сілтілер мен өткір иісті сұйықтықтардың қалдықтарын қол жуғышқа төгуге болмайды, оларды арнайы кұтыларға кұйыңыз.
15. Қол жуғышқа қағаз, құм және басқа да қатты заттарды тастамаңыз.
16. Зертханада су ішуге, тамақ жеуге болмайды, темекі шекпеңіз, никотин қауіпті заттардың белгіберетін иісін бәсеңдетіп тастайды.
17. Газды, электр тогы мен реактивтерді үнемдеңіз; реактивтерді көрсетілген мөлшерден артық жұмсамаңыз. Газбен, су және электр тогымен жұмыс жасап болған соң, тез арада кранды жауып, электр құрылғыларын токтан ажыратыңыз.
Апатты жағдайдағы сақталатын қауіпсіздік ережелері
1. Өрт бола қалған жағдайда спирт шамын, желдеткішті өшіріп өрт сөндіру шараларын қолдану қажет. Қажет болса газдан сақтағыш кию керек.
2. Өрт бола қалған жағдайда, тез арада 101 телефонына қоңырау шалу керек.
3. Май жанған кезде суды қолдануға болмайды. Өрт аумағында сумен белсенді әрекеттесетін концентрленген қышқылдар мен сілтілер, сілтілік және сілтілік жер металдар химиялық заттар болса, өртті сумен өшіруге болмайды.
4. Сілтілік металдарды кварцталған қүммен, ұсақ ас тұзымен, кальцилендірілген содамен өшіреді. Көмір қышқылды өрт сөндіргішпен өшіруге болмайды.
5. Оталғыш сұйықтықты ұнтақты өрт сөндіргішпенсөндіреді.
6. Қопарылыс бола қалған жағдайда, одан ары тұтанбас үшін электр құрылғылар мен желдеткіш жүйелерін тоқтатып, жұмыс орнынан тез арада кету керек.
7. Электр тогы соққан жағдайда тез арада қауіпті аумақтағы қосқышты өшіру керек немесе зардап шегушіні токтан құтқару амалдарын жасау керек. Жедел жәрдем шақырылады, дәрігер келгенше зардап шегушіні тыныштандырып, пульсы мен тыныс алу жағдайын бақылауда ұстау керек. Қажет болған жағдайдазардап шегушіні жасанды жолмен тыныс алдыру керек.
8. Терінің аздаган мөлшері әлсіз термиялық күйік алған жағдайда- залалсыздандырылған дәке таңып, ағынды судың астында ұстау керек. Жақпа майлар мен мазьдарды қолдануға болмайды, күйік әсерінен пайда болған шарды жаруға болмайды, дәрігер шақыру керек.
9. Химиялық күйік алған жағдайда күйген орынды суық судың қатты ағынында ұстау керек. Тері сілтіге күйсе 3%-тік сірке қышқылы ерітіндісімен, ал қышқылға күйген жағдайда-3%-тік натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен бейтарапталады.
10. Көз химиялық күйікке ұшыраған жағдайда сумен бірнеше қайтара шаю керек және дәрігер шақыру керек.
11. Ауыз қуысы мен асқазан күйіп алған жағдайда - көп мөлшерде су ішу керек! Қышқыл түсіп кетсе - бор ерітіндісімен, ал сілті түсіп кетсе-сұйытылған сірке суымен (эссенция емес!) шаю керек.
12. Газжәне улы бумен уланған жағдайда-зардап шегушіні тез арада таза ауаға шығарып, тыныштық орнату керек. Жасанды дем беру тек қана қажет болған жағдайда ғана қолдануылады және міндетті түрде дәрігер шақыру қажет.
13. Денені шыны сынығымен кесіп алған жағдайда-суды қолдануға болмайды! Жараның маңайы антисептикпен өңделіп, залалсыздандырылады. Мақта қолдануға болмайды! Ауыр жарақат алған жағдайда - дәрігер шақырту керек!
Жұмыс соңындағы сақтық ережелері
1. Аспаптармен электр кұрылғыларды электр жүйесінен ажырату.
2. Жұмыс орнындағы реактивтерді, ыдыстарды, қорғағыш заттарды жинастыру.
3. Химиялық ыдыстарды жуып, тоңазытқыштардағы суды ағызу.
4. Жұмыс орнын жуып, шайып, тазалау.
5. Сорғыш шкафты, желдеткіш жүйесін токтан ажырату.
Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтын талаптар (Інұсқау)
1. Тәжірибені әдістемеде көрсетілген нұсқау бойынша жасаңыз.
2. Тәжірибені сыртындағы жапсырмада реактивтің атауы жазылған ыдыстағы заттармен ғана жасаңыз.
3. Реактивті иісі арқылы анықтағанда ыдысты мұрынға жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті сезу үшін ыдыстың аузынан мұрынға қарай алақанмен ауаны желпу керек.
4. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып алыңыз.
5. Реактивтердің қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салмаңыз және құймаңыз.
6. Улы заттармен жасалатын тәжірибе тартпа шкафында орындалады.
7. Спирт шамды жанып тұрғанда орнынан қозғамаңыз, өшіргенде үрлеп өшірмеңіз, қалпақшамен жауып өшіріңіз.
8. Ыстық ерітінділермен жұмыс жасағанда аса сақ болыңыз, қажет болған жағдайда қолға ыстық өткізбейтін қолғап киіңіз.
Шыны ыдыстармен жұмыс жасағанда сақталатын ережелер (ІІ нұсқау)
1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.
2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұстаңыз, бір қолмен түбін, екінші қолмен жоғары бөлігін ұстаңыз.
3. Сұйықтықты бір-біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, фарфор ыдысты пайдаланыңыз.
4. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабыңыз.
5. Ақауы бар химиялық ыдыспен жұмыс істеуге болмайды.
Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс жасау ережелері (ІІІ нұсқау)
1. Күйдіргіш затпен жұмыс жасағанда тек нұсқаулықта көрсетілген тәжірибені жасаңыз.
2. Зерттханалықжұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталаңыз.
3. Алдын ала тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексеріңіз.
4. Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстаңыз: суды шайқай отырып, оның үстіне қышқылды жайлап сыздықтатып құйыңыз, қышқылға су құюға болмайды!
5. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде өте абай болыңыз! Егер, байқамай қолға немесе киімге тиіп кетсе, қолма - қол судың көп мөлшерімен жуып жіберіңіз.
6. Құбырға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітінді қалдықтарын арнаулы ыдысқа құйыңыз.
7. Егер қолға қышқыл тамызып алсаңыз, көп мөлшерде құбырдағы сумен жуып және сода ерітіндісімен бейтараптаңыз.
Оңай тұтанатын затпен жұмыс жасау ережелері (ІV нұсқа)
1. Оңай тұтанатын затпен жұмыс жасағанда, міндетті түрде спиртшамы мен электр қыздырғышты өшіріп қойыңыз.
2. Спиртшамды жанып тұрған қалпында ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.
3. Электроқыздырғыштан өрт шыққан жағдайда дереу өрт сөндіргіш заттарды: құм, өрт сөндіргішті, жүннен жасалған көрпені пайдаланыңыз.
4. Оқыс жағдай бола қалған жағдайда тез арада оқытушы немесе зертханашыға хабарлаңыз.
Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер (V нұсқа)
1. Улы затпен жасалатын тәжірибе міндетті түрде тартпа шкафы астында жүргізіледі.
2. Зертханалық жұмыс басталарда тартпа шкафы іске қосулы болу керек.
3. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафын өшіруді ұмытпаңыз.
4. Зертханада газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды, газдың иісі туралы оқытушыға хабарлау керек.
Химия зертханаларына қойылатын талаптар
1. Химия зертханасы оқу орнының жоғарғы қабатында орналасу керек. Терезе оңтүстік- батыс жаққа қарайды.
2. Зертхананың ауданы 66 м2, лаборант бөлмесі 15 м2, биіктігі 3,3 м2 болуы керек.
3. Зертханашы бөлмесі зертхананың тақта жағынан есік арқылы орналасуы керек.
4. Зертхана бөлмесі жарық, жылы болуы керек.
5. Зертханалық үстелдің биіктігі 750-800 мм, ені 550 мм, екі орындықтың ұзындығы 1600 мм, үш орындықтың ұзындығы 2400 мм болуы керек.
6. Зертханалық үстел мен демонстрациялық үстелдің арақашықтығы 800 мм.
7. Ең соңғы парта тақтадан 10 м қашықта орналасуы керек.
8. Зертханада ыстық және суық су тартылған қол жуғыш болуы керек.
Зертханада қолданылатын құрал-жабдықтар, химиялық ыдыстар және олармен жұмыс жасау ережелері
Сапалық және сандық талдау жасау барысында әр түрлі зертханалық құралдар электр пештері, су моншалары, кептіргіш шкафтар, муфель пештері, микроскоп, спирт шамдары, т.б. қолданылады.
Сурет-1. Центрифуга
Центрифуга (сурет 1) - орталықтан тебілетін күшті туғызу арқылы әртүрлі тығыздықтағы күрделі қоспаны құрам бөліктерінен және ертіндіден тұнбаны бөліп алу үшін қолданылатын құрал. Ең бірінші центрифуга сүттен қаймақты ажырату үшін 1887 ж. Германияда жасалған. Осыдан бастап центрифуга зертханалардың ең қажетті аппаратына айналды.
Оптикалық жүйелі аналитикалық центрифуганы 1922 ж. шведтің физиохимигі Т.Свердверг ұсынған.
Центрифугалар зертханалық тәжірибеде, авиацияда, медицина мен ветеринария кеңінен қолданылады.
Центрифуга ротордан, қосатын жүйеден, корпустан, жұмыс камерасынан және басқару жүйесінен тұрады. Қосатын жүйе қолмен немесе электр арқылы іске асырылады. Оның негізгі қызметі - роторға айналу қозғалысын тудыру. Роторға зерттелетін зат ыдысымен орналастырылады. Жұмыс жасау принципі ротор айналғанда туындайтын ортадан тебілу күші зерттелетін заттың бөлшектерін тығыздығына байланысты ығыстырады.
Зертханаларда жалпы (айналу жылдамдығы 6000-8000 айналыммин.), жылдамдықты рефрижераторлық (айналу жылдамдығы 18000-25000 айналыммин.) және ультра центрифугалар (айналу жылдамдығы 75000-80000 айналыммин.) қолданылады.
Пайдалануға қолайлы болу үшін көптеген центрифугалар қосқыш реостатпен қамтамасыз етілгеді. Ол арқылы айналым баяу басталады және оның жылдамдығы реттеліп отырады. Ережеге сәйкес айналымды жылдамдату және бәсеңдету біртіндеп іске асырылады. Бірден қатты жылдамдық бергенде ыдыстағы сұйықтық төгілуі және центрифуганың істен шығуы мүмкін. Қазіргі кездегі центрифугаларды автоматты түрде қосуға немесе тоқтатуға болады. Көптеген үлкен салмақты центрифугалар автоматты тежегіштермен жабдықталған. Соның арқасында аппаратты тоқтан ажыратқаннан кейін тоқтау уақыты қысқарады. Мысалы, үлкен роторлы центрифугалар тоқтан ажыратқаннан кейін, тежегіш жоқ болса, 15-30 минуттан кейін тоқтайды, ал тежеуіш болған жағдайда ол уақыт бірнеше есе қысқарады. Тежегіш жұмысқа автоматты түрде қосылады.
Центрифугада жұмыс жасағанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі нұсқауларды сақтау қажет:
1. Центрифуганың айналымын жұмысқа біртіндеп, баяу қосу керек;
2. Қорғаныс қақпағы үнемі жабық болуы керек;
3. Ерітінді құйылған жұп санды сынауықтар арнайы ұяшықтарға, бір-біріне қарама-қарсы орналастырылады; сынауықтардағы ерітінділердің мөлшері бірдей болу керек;
4. Центрифугада діріл пайда болған жағдайда құрылғы дереу тоқтатылып, себебі анықталынады. Ондай діріл сынауықтарға құйылған ерітінділердің көлемі тең болмағанда, қарама-қарсы орналаспағанда немесе біреуі сынғанда пайда болады;
5. Барлық шыны ыдыстардың астында амортизациялық қабат болуы шарт. Сондай-ақ гильзалар мен стақандарда шыны сынығының болмауын қадағалау керек.
6. Центрифуганың барлық үйкеліске қатысатын беттерін үнемі қадағалап, уақытында майлап отыру керек.
7. Центрифугаға тек қана центрифугалық сынауықтар қойылады.
8. Центрифуганың қақпағын тек құрылғы толық тоқтағаннан кейін ғана ашу керек.
Микроскоп - объектілердің немесе бөлшектердің кәдімгі көзге көрінбейтін құрылыстарының үлкейтілген кескінін алу үшін қолданылатын оптикалық құрал.
Сурет-2. Микроскоп
Микроскоп құрылымы (сурет 2): 1 - дөрекі фокустайтын бұранда; 2 - ұстайтын мойны; 3 - окуляр; 4 - бинокулярлы тубус; 5 - револьвер; 6 - объектив; 7 - заттық үстел; 8 - препаратты жылжытқыш; конденсор; 10 - айна; 11 - штатив негізі; 12 - нақты фокустайтын бұранда.
Микроскоп деген терминді 1625 ж. Рим академиясының мүшесі И.Фабер ұсынған. Микроскоп таға тәріздес, салмақты штативке бекітіледі. Негізі тіреуішпен қамтамасыз етілген, оның ішінде микромеханизмі орналастырылған.
Микорскоптың тубусын қозғайтын макро- және микровинтер, объективтерге арналған револьер, тубустарды ауыстыру үшін жоғарғы жағында ұя, визуалды зерттеуге арналған бинокуляр, сүретке түсіруге арналған монокуляр қондырғылары бар.
Микорскоптың зат қоятын үстелі ондағы препаратты қарама-қарсы бағытта қозғайтын жабдықпен қамтамасыз етілген. Айна арқылы шағылысқан жарық сәулесі конденсор арқылы жиналады. Конденсор металл қорабтағы бірнеше линзалардан тұрады. Конденсордың жарықтық күші (апертура) линзалардың санына байланысты. Байқау әдістеріне байланысты конденсордың жарық, ашық, қисық, фазды контрасты жазықтар беретін түрлері қоланылады. Айна мен конденсордың арасында конденсордың апертурасын реттейтін иристі диафрагма бар. Ондай диафрагма конденсордың линзаларының аралығында орналасуы да мүмкін.
Микроскоптың негізгі оптикалық элементі объектив. Ол зерттелетін объектінің үлкейтілген және төңкерілген кескінін береді. Объектив - бірімен бірі ортақтастырылған линзалардың жүйесі. Объективке ең жақын орналасқан линза фронтальды линза, ал қалғандары коррекциялық линазалар деп аталады. Объективтегі кескінді оптикалық жүйе - окуляр арқылы көрінеді.
Микроскоптарға жарық көзі ретінде әртүрлі лампалар - қыздыру, сынап-кварц лампалары пайдаланылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz