Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Кафедра: Юрфак

СӨЖ
Тақырып: Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде дамуы.

Орындаған:Жұмаш Д.М.
Тексерген:Кусаинов Д.О.

Жоспар:
1. Әкімшілік құқықтың ғылым және құқық саласы ретіндегі түсінігі және
пәні.
2. Әкімшілік құқық ғылымының мақсат-міндеттері.
3. Әкімшілік құқық және полициялық құқық, ара қатынасы және даму
этаптары.
4. Әкімшілік құқық саласы мен ғылымының дамуының қазіргі
жағдайлары.

Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі. Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша құқық миссиясы терең кажеттіліктерден туындаған.
Олар:
- азаматтық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
- басқарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету.
- автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
Бұлардың бірі әкімшілік құқыққа да қатысты.
Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялық қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып табылады. Әкімшілік сөзі латынша басқару мағынасында, сондықтан бұл саланы көбінс баскару құқығы деп те атайды. Сонымен әкімшілік құық дегеніміз мемлекеттік басқару саласында, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру процессінде қаллыптасатын қоғамдық катынастарды реттейтін заң саласы.
Әкімшілік құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясында карастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар мәселесі көтеріледі.
Әкімшілік кұқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын тақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы тараптардың қызметін реттейді.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:
- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты адамадар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарының нығаюына оң әсер ету.
- азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту,
- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
- әкімшілік нормалармен, өзге де құқық салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау.
- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару саласындағы қатынастарды ығыстыру.
3.Әкімшілік құқық және полициялық құқық, ара қатынасы және даму
этаптары.
Тарихи анализ жүргізу арқылы, көптеген заңгерлер, философтар әкімшілік қүқықтың арғы атасы - полицей құқығы деген ұғымға келген. Бұл теорияның негізін қалаушы француз административисті Людовик XIV кезіндегі Н. Деламора, оның еңбегі Мысли о полиции (1707 ж.). Полиция туралы ойлар халықты қорғау саласындағы полицияның қызметі, меншік, жолдар, сауда, қаржы, кауіпсіздікпен камтамасыз ету мәселелерін қарастырады.

Сонымен катар Шарль Луи Монтескьенің О духе законов, яғни заңдар рухы туралы атты еңбегінің алатын орны ерекше. Құқықтық ғылымның негізгі даму кезеңіне Гегельдің еңбектерін жатқызуга болады. Ол өзінің құқық философиясы деген еңбегінде мемлекетке философиялық тұрғыдан тереңірек түнісінік береді.
Әкімшілік құқық саласындағы ең ірі өкілдердің бірі неміс ғалымы, оқымыстысы Лоренц Штейн болып саналады, оның еңбектері XIX ғасырда жарыққа шыққан болатын. Ол өз еңбектерінде полицияға және полиция құкығына көбірек көңіл бөліп, сол саланы тереңірек зерттейді. Оның ең танымал еңбектерінің бірі басқару туралы ілім (1865 ж.), онда мемлекеттің теориясы мәселелері, оның қоғаммен қарым-қатынасы, қоғамдық өмірдің ең негізгі 3 әлементінің жеке, рухтық, және шаруашылық әлементтерінің үндестігін қарастырады (личного, духовного, хозяйственного). 1874 жылы Санк-Петербургте басқару туралы ілім және басқару құқығы деген еңбегі аударылып жарықка шықты. Бұл еңбек атқару билігін, оның ішінде басқару мен оның қызметін жан-жакты реттейтін саланы құқық саласы деп таныған. Құқық сонымен қатар мына басты институттардың қызметін ретке келтіреді: Үкімет, полиция, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны
Әкімшілік құқық түсінігі
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Пәндер