Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Педагогика.
Тақырыбы: Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері.

Орындаған: Каримова А.
19-01 ПО
Тексерген: Байжанова З.Т.

Нұр - Сұлтан, 2020

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. АДАМГЕРШІЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... .
1.1. Адамгершілік тәрбиенің негізігі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.2. Адамгершілік тәрбиелеу құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТЕРДЕ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Адамгершіліктің қоғамдағы мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Адамгершілікке жат қылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ПАЙДАЛЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты.
Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет. Адам бойындағы бұл қасиет кез келген жаннан табыла бермейді. Адамгершілік қоршаған ортамен байланысы арқылы құралады. Мысалы: бала-бақша, мектеп, университет, ата-ана, достар, туған-туыс, ұстаз, әлеуметтік желі және т.б. Адамгершілікке байланысты көптеген ұғымдар бар, олар: ұят, ар-намыс, адалдық, шыңшылдық, кішіпейілдік. Адамгершілік сияқты қасиет отбасымен, жора жолдаспен, қоршаған ортамен байланаса отырып, қоғамдық тәжербие арқылы қалыптасады. Адамгершілік болмай, әділдік болмас дейді дана халқымыз.
Адамгершілігі мол адам - басқаларға үлгі. Себебі, адамгершілігі бар адамының отанға да, отбасыға да алып келер пайдасы көп. Сол себепті, адамгершілікке адам бойына жастай кезінен баулу қажет. Бойынан жақсы қасиеті бар ұрпақ елдің батыры, көш басшысы бола алады.
Ұрпақ бойына жалғыз адамгершілік қасиетін ғана емес, сондай-ақ мына қасиеттердіде үйреткен жөн:
Отансүйгіштік:
Бұл қасиет елінің амандығын тілеп, оның болашағын ойлатын ұрпақ. Қазақстан Республикасына өзінің үлесін қосатын әрбір азаматтың бойынан табылады. Туған елінің тілін, мәдениетін, тарихын, құңдылығын дәріптеу, оны құрметтеу ол отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің арқасында біз тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. Себебі: ата-бабамыз қаның төгіп, отаның қорғап қалу мақсатында аянбай күресті десек артық болмас. Отансүйгішітік қасиет әр ұрпақтың бойында болса, қазақ елі ешқашан өлмейді.
Әділдік:
Әділдікті бойына жинаған адам әрқашан өз ойын еркін жеткізіп, тек ғана шындық үшін жақтасады. Әділдік болған жерде тәртіпте, адамгершілікте болады. Осы қасиет кез келген жаның бойына табыла бермейді.
Құрметтілік:
Құрмет көрсету - ішкі жан дүниесінің байлығы. Құрмет өнегеліктің негізгі талабы болып саналады. Өзінің құрметін көрсеткен азамат, әрқашан өзгелерге өнеге. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізеттілік таңытып жүру қажет.
3

1.1. Адамгершілік тәрбиенің негізігі міндеттері:
1.Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру;
2. Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу және дамыту;

3. Адамгершілік тәртіптің білімдерін және дағдыларын шығару;

Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір ойға негізделген көзқарасты, сенімділікті, парасатты, мінез құлықтары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілікті, сананы, қатынасты дамытуда, құндылықтарды пайдалануға бағытталған жалпы тәрбиенің құрамдас бір бөлігі болып есептеледі.
Адамгершілік тәрбиенің маңызды құралы болып мәдениетте әр кезеңде қалыптасқан өнегелік идеалдардың тарихи дамуы , оның ішінде адам баласы ұмтылған өнегелі тәрбиенің үлгілері.
Адамдық сезімдер , ақыл-ой және сана мен ойлау адамдық еркіндікті айқындаудың ынтасы болып табылады. Өнегеліктен тыс және өмірге деген тәжірибелік қарым-қатынассыз адамдық тұлға болмайды. Ол адамдық сезіммен және есті жігерлілік бірлік болғанда өмірге деген адамгершілік көзқарас жүзеге асады.
Моральдық әдеттің бастауы - терең естің және тұлғаның эмоционалдық көріністерінің баға біріліктері, адамдар арасындағы қарым - қатынас, олардың моральдық қасиеттері.
Моральдық әдет - ол моралдық идеяның және көзқарастың әліппесі.
Моральдық әдеттерді қалыптастыру - ол тәрбиешінің, тәрбиеленушінің рухани әлеміне ену жолы, онсыз адамды түсіну және оған нәзік құралдармен әсер ету - бір сөзбен айтқанда - әсемдікпен.
Моральдық әдет арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық мораль тұлғаның рухани табысы болып табылады. Моральдық әдетсіз өзін өзі тәрбиелеу, өзін өзі сыйлау болмайды.
Тұлғаның өнегелік тәртібі төмендегідей келесідей тізбектеледі:
-өмірлік жағдай - адамгершілік сезімдік күйініш - жағдайды және тәртіптің себептерін адамгершілікпен түсіну,
-шешімді таңдау және қабылдау - күштің ынтасы - іс. Өмірлік тәжірибеде ,
4
әсіресе экстермальды жағдайларда үнемі аталған компоненттер бірлестікте
жүзеге асырылады.
Адамгершілік тәрбиенің маңызды құралы болып мәдениетте әр кезеңде қалыптасқан өнегелік идеалдардың тарихи дамуы , оның ішінде адам баласы ұмтылған өнегелі тәрбиенің үлгілері.
Адамгершілік өнеге гуманитарлық дүниетаным ауқымында көзқарастардың жалпылама жүйелерінде және сенімділік, мұнда адам өзін табиғи және әлеуметтік қоршаған ортасына өзінің қарым - қатынасын білдіреді және адамның айналасында шоғырланады.
Сонымен қатар, адамның қарым - қатынасы тек әлемге деген көзқарастан тұрмайды, дегенмен қоршаған ортасындағы өз орнын, өзге адамдармен байланысын бағалайды [6].
1.2. Адамгершілік тәрбие құралы.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы
5
тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі -- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие -- балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледідегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Өзін-өзі тану пәні -- баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де Өзін-өзі тану пәнінің үйлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті -- халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде Өзін-өзі тану курсының ерекше.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу -- әдістемелік кешен Өзін-өзі тану курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары Амандасу рәсімі, Шаттық шеңбері, Көңіл күйді көтеру сабақтың негізгі мазмұны Сергіту сәті, Тыныштық сәті,Ойын, Дәйексөз, Шығармашылық тапсырма ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.
Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.
Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.
Мысалы: Отбасы аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған Менің отбасымгазетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.
8-наурыз аналар мерекесіне арналған Қыз сыны сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.
Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар -- демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда Білгенге маржан, Қауіпсіздік ережесі, Ата-аналарға кеңес, Кел жаттайық бәріміз деген бұрыштар бар.
Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: Балаға көркемдік тәрбие беру, Психологические особенности возрастных особенностей родителей ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың бала бақшадағы болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. Сөзді кішірейтіп айт, Кәне сөз іздейік, моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру.
Осы ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. Менің Қазақстаным, Жаңа жыл мерекесі, Бәйшешек бүр жарғанда атты аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және Қош бол балабақшам атты үлкен кештер өткіземіз.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.
Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем- атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақта балалар патриоттық сезімдерін тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды.
Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Отбасы тақырыбына байланысты Отбасы-алтын ұям атты ашық сабақ, ата-аналар қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.
Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінді сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, С. А. Назарбаеваның туған күніне байланысты Сара апамыз-анамыз, өз анамыз атты тәрбие кешін ұйымдыстырылды.
Бұл кеште Сара апайға арнап өлең, тақпақтар айтылып, ойындар ойналды, құттықтау сөздерімен жалғасты. Балалар кештің соңында өздерінің шығармашылық жұмыстарымен толықтырды. Құмыраға гүл салу жұмысында балалар өз қолдарымен әр түрлі гүлдерді жасап, Сара апайға ой түпкірлерінен шыққан шынайы, жылы-жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен -- дегендей халқымыз балалармен Әдептілік-әдемілік атты тәрбие сағаты да өткізілді. Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Ересектер тобында Мен елімнің азаматымын тақырыбына қосымша 7 мамыр -- батырлыр күні мерекесіне арналған Ел қорғауға әзірміз атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам, -- депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу -- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
2.Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде зерттелуі.
"Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi"- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымының негiзгi бөлімінің бiрi- тәрбие екенің білеміз. Тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынасын орнатады. Тәрбие ұлылардың асыл қазынасын сақтата отырып, олардың адамгершiлiкке ұрпаққа жеткiзедi. Адам өміріне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие де маңызыд. Еңбекке, патриотқа, эстетикаға, адамгершiлiкке, экологияға, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбие адамгершiлiкке алып келеді. Адамгершiлiк -адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiзі болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым. Ұрпаққа бiлiм беру iсiнiң мол қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi. Ата-бабаларымыз жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинап, өзiндiк салт-дәстүр, әдет-ғұрып қалыптастырған. Ежелгi үндi мақалында былай деген: "Қылық ексең -- әдет орасың, әдет ексең - мiнез орасың, мiнез ексең - тағдыр орасың". Әдет адамның мiнез - құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен [1].
Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi. Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: "Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште" десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: "Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi" дейдi[2]. Адамгершiлiк қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа жетелейді.
Бұған А.Д.Макаренконың "Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер" дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi.
Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып "Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика" деген тұжырымға келген[4].
Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет: имандылық, жоғарғы әдiлдiк, адалдық, ақкөңiлдiлiк, сыпайылық, момындық, адал ниетпен өсиет беру, жомарттық, қайырымдылық, дұрыс заңдылық [3].
Осы адамгершiлiк мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқан зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер.
Ә.Фараби: "Доскерлiк - адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету - жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу - тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады" [4].
М.Әуезовтың педагогика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. "Ғылым" атты еңбегiнде: "Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн - көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек"[5].
Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң "Тәртiп жоқ мектеп - сусыз диiрменмен тең" дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол "Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап етедi ". Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен"[2].
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi - азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. "Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң" деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: "Досыңа достық - қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол" деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр
Педагогиканың дәрістері
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Жанұя тәрбиесі
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі
Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер