Кәсіпорынның сату бөлімі


КІРІСПЕ
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді.
Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті жинақталған ақпараттың шын мәнінде тиімсіз пайдаланылуы (немесе одан сорақасы, одан айырылуы және т. б. ) бизнестің жойылып кетуіне әкеліп соғады. Уақытылы алынбаған құжат немесе ақпарат, біріншіден, жоғалған ақшаға, уақытқа және жіберіп алған мүмкіндіктерге әкеліп соғады. Осыдан келіп, кез келген кәсіпорында әр түрлі құжатпен жұмыс істесуде ерте ме, кеш пе ақпараттардың маңызды көлемін қауіпсіз түрде сақтау, өңдеу, жүйелеу мәселелері тұрады. Кәсіпорын қызметін оңтайландыруда құжат айналымның жаңа замандағы жүйелері маңызды рөл атқарады.
Корпоративтік бизнес-ақпараттың тасқыны шығуы мен берілу түрлеріне қарай әр қилы екенін атап өту керек. Бірақ оларды сақтау түріне қарай шартты түрде электронды және қағазды құжат деп тіркеуге болады.
Қағаз құжаттардың көп болуы (жүкқұжаттар және т. б. ), сонымен қатар олардың тез шешімін талап етуі тәжірибешілерді автоматтандыруға көп көңіл бөлу керек, өйткені дамудың негізгі қызметі қабылданған шешімдердің тиімділігін көтеру болып табылады.
Шыққан деректер көлемінің ұлғаюы, кезінде ақпаратты өңдеудің және шешім қабылдаудың (қағаз нұсқасы) ескі технологиялары түскен материалдарды уақытылы, әрі жылдам қабылдауға кедергісін келтіреді. Одан келіп, ақпараттарды өңдеудің персоналды жүйесін жетілдіру, құжатайналымды ықшамдау, жеке компьютерлер негізінде автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу мәселесі тұрады.
Дәстүрлі құжат айналымнан (қағаз нұсқа) машина жазбаға көшу процесі түскен материалдарды талдаудың шапшаңдығын ұлғайтуға әкеліп соғуы мүмкін. Осыдан келіп, адам факторын баспай, керісінше, барлық құрылымның жұмысын нақты, әрі дәлірек ету автоматтандырудың үлесінде болып шығады.
Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тиімді қолдану процестері кейіннен адам қызметінің барлық бағыттарында табысқа жетудің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта бірде-бір ірі технологиялық мәселені үлкен ақпарат көлемі мен коммуникациялық процестерді өңдеусіз шешу мүмкін емес, сол себепті өндіріске прогрессивті технологияларды қолдану деңгейін анықтайтын ақпараттық жарақталуы қажет.
Тақырыптың өзектілігі: тауарларды сату және қызмет көрсету саласында бухгалтерлік есептің маңызы зор, себебі бухгалтерлік есептің ішіндегі бұл бөлімнің маңызы ерекше және саудадағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекетін сипатталып, оның табысы немесе шығыны алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Саудадағы бухгалтерлік есеп субъектілердің есебін беру, басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Сондықтан да кез келген кәсіпорынның сату бөлімінавтоматтандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн, себебі кәсіпорынның сату бөлімініңжұмысын ұйымдастыру мен реттеу кез келген кәсіпорынның табыстылығына өзінің ықпалын тигізеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты «1С:Кәсіпорын» бағдарламалық өнімнің құралдарымен «1С: Сату бөлімі» маркетингтік ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Дипломдық жұмыс мақсатымен сәйкес келесі :
- таңдалған пәндік аймақты сипаттау;
- экономикалық есептің қойылымын құру;
- келіп түсіп жатқан ақпараттың толықтығына бақылау жасау;
- деректер базасының негізінде кіріс ақпараттарды құру;
- «1С: Кәсіпорын 8. 2» жүйесінде сату бөлімі маркетингтік конфигурация-сын құру;
- шығыс есеп берулер мен анықтамаларды жетілдіру;
- аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
- жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.
Әзірленген «1С: Кәсіпорын 8. 2» бағдарламасының модульдерін құрыстыру-да жүзеге асыру жұмыстарының барысын жоспарлау және басқару ағымдағы бақылау жүйесін құруды және ресурстар шығындарына талдау жасауды талап етеді. Бұл үшін бірінші кезекте ресурстарды шығындаудың және жұмыстардың орындалу мерзімдерінің бақылау нүктелерін орнату қажет, олар бойынша ағымдағы істер қалайша жүріп жатқандығын, барлық жасалған жоспарлардың орындалуын анықтауға болады. Бақылау жүйесі қарапайым және шынайы болуы тиіс, ол басқарушы-менеджерлерді уақытылы оперативтік ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.
1 Талдау бөлімі
1. 1 Пәндік аймақтың сипаттамасы
Берілген дипломдық жұмыста «НС Система» ЖШС-нің сату бөлімінің жұмысын автоматтандыратын ақпараттық жүйесін құрастыру іске асырылады.
«НС Система» ЖШС-нің сату деректерінің сақталуы және олардың құпиялылығына сенімділік аса маңызды болып табылады. Аталған құрылыс кәсіпорынының сату бөлімі сату бөлімі бастығынан және үш менеджер қызметкерінен тұрады. Сақталатын ақпарат мұрағатына толық қатынау мүмкіндігі сату бөлімінің бастығында ғана болады.
Құрылыс фирмасы құрылыс нарығында жұмыс істейтін бірнеше компанияларды біріктіретін құрылым болып табылады. «НС Система» ЖШС бұл фирмалардың нақты техникалық және қаржылық өзара әрекеттілігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын құрылғаннан кейін кәсіпорын басшысымен кәсіпорын негізінде жалпы құрылыстық функцияларды орындай алатын құрылымдық бөлімшені құру туралы шешім қабылданған болатын. Уақыт өтісімен, аталған кәсіпорын әр түрлі объектілердің құрылысында тәжірибелерді жинақтай бастады. Сонымен қатар, кәсіпорынмен қазіргі құрылыстық технологиялар меңгеріле бастады және құрылыс саласында сауатты, әрі тәжірибелі мамандарды кәсіпорынға тарту процесі жүзеге асырыла бастады. Соның арқасында, жеке қуатты құрылым - құрылыс кәсіпорны қалыптасты.
Қазіргі уақытта «НС Система» ЖШС құрылыстық-монтаждық жұмыстарымен айналысатын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорынның қазіргі таңда атқарып отырған функциялары өте көп, себебі бұл кәсіпорын ғимараттар, кейбір қажеті бойынша ғимараттарға қайта жөндеу жұмыстарын жасау, су құбырларын жүргізу және т. б. жұмыстармен айналысады.
«НС Система» ЖШС құрылыстық-монтаждық, ремонттық-құрылыстық және т. б. құрылыстың түрлерімен Қарағанды қаласы бойынша айналысатын негізгі құрылыс кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Бұл кәсіпорын, негізінен, 2002 жылдың ІІ-ші жартысында Қарағанды облысындағы монтаждық басқаруының мамандарымен құрылған болатын. Қазіргі уақытта 370-тен аса жұмыскерлері бар бұл кәсіпорын кең қанат жая отырып, тек Қарағандыда ғана емес, сонымен қатар Астанада да өзінің құрылыстық-монтаждық жұмыстарын жасай отырып, туған қаламыз бен елордамыздың гүлденуіне ат салысып жатыр.
«НС Система» ЖШС 18 жыл ішінде жаңа құрылыс технологияларын меңгере отырып, құрылыстық-монтаждық жұмыстарының өндірісі үшін қазіргі заман талаптарына сай жаңа құрал-жабдықтарды пайдаланып келеді. Соңғы жылдары бұл кәсіпорында тапсырушыға берілетін жұмыстар тізімі анағұрлым көбейе түсті. Кәсіпорын ұжымы монтаждық және құрылыстық кәсіпорындарында жұмыс істеген тәжірибелі инженерлік-техникалық және жұмысшы кадрларын жинақтастырған. Сондықтан да, «НС Система» ЖШС-нің еңбекқор ұжымы жоғарғы кәсіби квалификацияға ие.
Объектінің күрделілігіне қарамастан, кәсіпорынның жоғары өндірістік импорттық және отандық құрал-жабдықтарын қолдануы, сонымен қатар онда қазіргі заманғы құрылыс техникалары мен автотранспорттары бар жекеменшік парктің бар болуы барлық жұмыстарды қысқа уақыттың ішінде, әрі оны жоғары сапамен орындауға мүмкіндік береді.
«НС Система» ЖШС-нің басқарушысы әрдайым жұмыс барысының сапасына, әрі уақытылы орындалуына үнемі бақылау жүргізеді. Кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы кәсіпорынның құрылыстық-монтаждық жұмыстары кезіндегі барлық сұрақтары бойынша жоғарғы біліктілігімен ерекшеленіп отырады. Сондықтан да, өзінің жұмыс сапалылығы мен оны дер кезінде орындауымен ерекшеленетіндіктен, жалпы құрылыстық және қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілуі осы кәсіпорынға сенімділігін білдіреді.
Негізгі міндеті. Бас мердігерлік жұмыстарын орындау кезінде «НС Система» ЖШС-нің негізгі міндеті жаңа құрылыс объектілерін салу, істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттарды және т. б. ескі құрылыс объектілерін кеңейту немесе жаңарту сияқты құрылыстық-монтаждық жұмыстарының барлық кешендерінің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі болып табылады. Аталған мекеменің құрылыстық-монтаждық жұмыстары бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларына сәйкес, сонымен қатар тапсырыс берушінің келісімімен жасасқан көлемінде орындалады.
Негізгі функциялары. «НС Система» ЖШС-нің құрылыстық-монтаждық жұмыстарын жүзеге асыру кезінде төменде көрсетілген негізгі функциялары болады:
- жұмыс құжаттамалары мен құрылысқа берілетін өндіріс жобасының әзірленуін қамтамасыз ету;
- құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жұмыстың жеке түрлерін орындау мақсатында қосалқы мердігер ұйымдарымен келісім-шарттар жасау;
- қосалқы мердігер ұйымдарының белгілі бір уақыт ішінде жобалық-сметалық, сондай-ақ конструкторлық құжаттамаларын қамтамасыз етуі;
- құрылыс объектілерін белгілі бір қатаң тәртіпке сәйкес барлық материалдық-техникалық ресурстарымен қамтамасыз етуі;
- қосалқы мердігерлерге қажетті құрал-жабдықтарды, материалдар мен өнімдерді тапсыру, аталғандардың жеткізілімін бас мердігер жүзеге асырады;
- қосалқы мердігер ұйымының құрылыстық-монтаждық жұмыстарының орындалу графиктері мен жұмыс координацияларын құрастыруы;
- қосалқы мердігердің кейінгі жұмыстарды орындау мақсатында объектінің, құрылыстың және жұмыстың жеке түрлерінің құрылыстық әзірлігін қамтамасыз етуі;
- құрылыстық-монтаждық жұмыстарының өндіріс журналын басқару;
- қосалқы мердігер ұйымдары орындап жатқан құрылысы сыртынан техникалық қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру;
- авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалық ұйымдарының өкілімен жұмыс істеу;
- қабылдау актісі бойынша жөнге келтірілген жұмыстарды тапсырыс берушіге өткізу;
- аяқталған құрылыс объектісін тапсырыс берушіге өткізу.
«НС Система» ЖШС-нің ұйымдастырылу құрылымы
Қазіргі уақытта кәсіпорынның қызметкерлер штатында 370-тен аса адам жұмыс істейді. «НС Система» ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы
сурет 1-де және ондағы кейбір лауазымдарына қысқаша сипаттамалары кесте 1-де көрсетілген.
1. 1 сурет - «НС Система» ЖШС-нің ұйымдастырылу құрылымы
Кесте 1
Кәсіпорындағы бөлімдер мен лауазымдардың қысқаша сипаттамалары
Жоғарыда аталып кеткен жұмыстармен айналысатын кәсіпорынның сату бөлімі кәсіпорынның тауарларын сату және қызмет көрсету түрлерін ұсыну бойынша кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшелердің бірі болып табылады. Төменде сату бөлімінің негізгі функциялары көрсетіліп кеткен:
- отырылған келісім-шарттардың мақсаттылығы (келешегі бар) мен құндылығын арттыру;
- клиенттермен тиімді жұмыс істеу (клиенттер мен сату бойынша деректер базасын ендіру, тұрақты клиенттермен жұмыс істеу, жаңа клиенттерді тарту, клиенттермен сенімді қарым-қатынастарды орнату, тұрақты клиенттерді сақтау және т. б. ) ;
- кәсіпорын имиджімен жұмыс істеу;
- құжаттарды дайындаудың жоғарғы деңгейін сақтау;
- қызметкерлер квалификациясын, сонымен қатар олардың профессионалдық мүмкіндіктері мен қабілеттілігін арттыру және т. б.
Клиенттермен жұмыс істеу сату бөлімінің ең негізгі функцияларының бірі болып табылады. Оған мақсатты клиенттермен жұмыс істеу және оларды қарастыру сияқты компоненттер кіреді. Негізгі сегмент тұтынушылық, қызығушылық және тауар мен қызмет көрсетудің бағалары болып табылады. Сату бөлімінің негізгі функцияларымен бірге басқарушылық функциялар да қосылады. Оларға мыналар кіреді:
- жоспарлау;
- сату көлемдерінің өсімін болжау;
- жаңа өткізім нарықтарын зерттеу;
- әрбір сегмент үшін тиімді шарттарды құрастыру;
- сауда процесінің барлық қатысушыларын ынталандыру;
- мерчендайзинг;
- сауатты маркетинг процесін ұйымдастыру және сату-сатып алу процесінің барлық буындары арасындағы екі жақты байланыстарын құрастыру;
- сауданың барлық кезеңдерінде жан-жақты бақылау;
- болжамданатын негативті оқиғаларды түзету;
- клиенттердің барлық бағалар мен тілектерін есепке алу;
- «нәтижеге қол жеткізу» ережесін үнемі қолдану.
Ақпараттық қамтамасыздандыру
Кейінгі уақытта мекеменің сату бөлімінде ДК кең көлемде қолданылуда. Кәсіпорын тауар айналымын басқару жүйесінің функционалдау тиімділігі жеткілікті түрде ДК ұйымдастырылған ақпараттық базаға байланысты болып келеді.
Шынында, кез келген басқарушылық шешім факторлар әсер ететін жағдайлар біліміне және олардың өзара байланыстылығына негізделуі керек. Ақпаратты басқарудың барлық функцияларының жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады: жоспарлық, ұйымдастырушылық, бақылаушылық, реттеушілік және үлестірушілік.
Кәсіпорындағы сату бөлімінің кез келген есебі кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады, олар тауар айналымы қозғалысын бақылау үшін қажет. Айналымды басқаруда қолданылатын ақпарат өзінің сипаты бойынша нормативтік, анықтамалық, әдістемелік, бастапқы есеп материалдарына негізделетін есептік, сонымен қатар жалпы түрде көрсетілген есептік және т. б. болып бөлінеді.
Кәсіпорынның тауар айналымы жағдайын анықтайтын көптеген процестер қарқынды болып келеді: ағымдылықпен байланысты қызметкерлердің сандық құрамы мен барлық белгі жиынтықтары бойынша оның құрылымы өзгеріп отырады, құрылымдық бөлімшелер арасындағы қаражаттардың ішкі қозғалыс процесі тұрақты жүріп отырады, мамандық пен квалификация деңгейі өзгеріп отырады. Ақпарат бұл жағдайда жұмыс орындарын уақытылы кешендендіру үшін қажетті жұмыс күшінің тағайындалған құрылымға сәйкестілігін қадағалайтын құралы ретінде қызмет етеді. Сондықтан да, сату бөлімінің пайдаланатын ақпараттарына қойылатын негізгі талаптар оперативті және сенімді болуы шарт.
Жалпы айтқанда, бөлімдегі ақпарат сапасын бағалаудың келесідей критерийлері айта кеткен жөн:
- объективті (толық, қарама-қайшылықсыз, сенімді) ;
- өзекті (кәсіпорын басшылары мен сату бөлімі мамандарының объективті ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандыру) ;
- мақсатқа бағытталған;
- коммуникативті (басшылар мен мамандар үшін түсінікті, әрі жарамды) ;
- ықшам (сығылған, бірақ қажетті толықтылықты жоғалту себептерінсіз) .
Ақпараттық қамтамасыздандырудың міндеттері оның құрылымдары орындайтын негізгі функцияларына байланысты болып келеді. Ақпараттық қамтамасыздандыру АЕЖ қолданушыларын арнайы өздерінің кәсіптік міндетін орындау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.
Жүйе төмендегідей мүмкіндіктерге ие болуы қажет:
- ақпараттың өңделуі және бөліктендіріліп сақталуы;
- ақпараттың кәсіпорындағы деректер банктерінде жинақталуы;
- қолданушыларға ақпаратқа деген автоматтандырылған, бекітілген рұқсаттың берілуі;
- оның бір рет енгізілуі және көп рет, әрі көп мақсатта қолданылуы.
Ақпараттық байланыс тек әрбір функционалды ішкі жүйелерімен шешілетін есептер арасында ғана емес, сонымен қатар сыртқы деңгейлер арасында қамтамасыз етілуі тиіс.
Техникалық қамтамасыздандыру
«НС Система» ЖШС-нің сату бөлімінде Intel(R) Core(TM) 2 CPU 2. 00GHz процессоры базасындағы дербес компьютерлер қолданылады. Дербес компьютерлерде функционалдау жылдамдығы негізінен келесі параметрлермен анықталады:
- жедел жады көлемі;
- қатты дискінің және оның жоғары әрекеттілігінің сыйымдылығы;
- процессордың жоғары әрекеттілігі;
- видеожад көлемі.
Сату бөлімінде қолданылатын есептеуіш техникасы мен оған қатысты перифериялық құралдарының сипаттамалары төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 2) .
Кесте 2
Бөлімшеде қолданылатын есептеуіш техникасы мен перифериялық құралдарының сипаттамалары
Mobile DualCore Intel Core 2 Duo T7200, 2000 MHz
(12 x 167)
Intel(R) PRO/1000 PM Network Connection
Intel(R) PRO/Wireless 3945ABG Network Connection
Компьютерлердің сипаттамалары қазіргі нарық жағдайына байланысты таңдалынған және олар жұмыстың ыңғайлы шарттарын бейнелейді.
Мекеменің желі топологиясы - шина тәрізді, шина типті топологиясы - бұл барлық жұмыс станциялары жалғанған жалпы кабель (бұл кабель шина немесе магистраль деп аталады) . Кабельдің соңында терминаторлар орналасқан, олар жіберілген сигналдың шағылуын тоқтату үшін арналған.
Жұмыс станциясымен жіберілген хабарлама желінің барлық компьютерлеріне таралады. Әрбір машина жіберілген хабарламаны кімге адрестелгенін тексереді, егер хабарлама оған адрестелетін болса, онда бұл хабарламаны өңдейді. Деректердің бір уақытта жіберілуін болдырмау үшін «тарататын» сигнал қолданылады немесе компьютерлердің бірі басты компьютер бола отырып, басқа жұмыс станцияларына «сөз береді».
Үлкен желілерді құрастырған кезде түйіндер арасында байланыс ұзындығына қойылатын шектеу мәселесі туындайды, бұл жағдайда желіні сегменттерге бөледі. Сегменттер әр түрлі құрылғылармен - қайталағыштармен, концентраторлармен немесе хабтармен байланысады.
Thin Ethernet желі архитектурасындағы қайталағыштар кабель ұзындығының шектелуін, сондай-ақ қосылған түйіндер санын (электрлік сипаттамалар бойынша) жоюға арналған құралы ретінде қолданылады. Ішкі терминаторлары бар классикалық қайталағыш көрші сегменттердің соңы арасында қосылады. Thin Ethernet желі архитектурасындағы хабтар бұрмалы жұпта желінің міндетті байланыстырғыш элементтері, сонымен қатар кез келген жіберу құралдары үшін топологиялық, функционалдық және шапшаңдық мүмкіндіктерін кеңейтетін құралы болып табылады. Хабтардың порттарында RJ-45 ажыратқышы бар, бұл жіберу ортасын таңдауды қамтамасыз етеді. Хабтың портына жеке түйінді, басқа хабты немесе коаксиаль сегментін қосуға болады. Әр түрлі порттар жиыны бар хабтар әр түрлі кабельдік жүйелері бар желі сегменттерін байланыстыруға мүмкіндік береді.
Thin Ethernet желі архитектурасының артықшылықтары:
- қатынау үздіксіз, әрі тұрақты;
- құралдың өзіндік құны басқа желі құралдармен салыстырғанда арзан болып келеді;
- монтаж бен қызмет көрсетудің қарапайымдылығы;
- телефон желісіне толығымен байланыссыз болып келеді;
- деректерді жіберу жылдамдығы ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с-қа дейін жетеді.
Кәсіпорынның сату бөлімінің техникалық сонымен қатар мекеменің техникалық құралдар кешенінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін мекеменің есептеуіш орталығының ғимараттары мен құрал-жабдықтары, энергия жабдықтау жүйелері, желдетпе мен кондиционер жүйелері, су жабдықтары мен канализация жүйелері және т. б. қосымша техникалық құралдар кіреді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру
Бұл күнде қазіргі кәсіпорындарды компьютерлерсіз елестете алмайсын, ал компьютерлердің тиімді қолданылуы бағдарламалық қамтамасыздандырусыз мүмкін емес. Сол себепті, кәсіпорындағы белгілі бір есептерді шығару үшін арнаулы бағдарламалық қамтамасыздандыру өте қажет. Бірегей ерекшелігі мен нақты тапсырушының қажеттілігін есепке алатын бағдарламалық қамтамасыздандыруды жасау бағдарламалаушылардың негізгі міндеті болып табылады.
Мекеменің сауда бөлімінде Windows 7 Professional амалдық жүйесі қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz