Акуинолық Томастың сезім және ақыл туралы ойлары
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
№1 Есептік граффикалық жұмыс
Мамандығы: Электроэнергетика
Тақырыбы: Орта ғасырлық философия жан туралы
Орындаған: Иксанов Ж.Е. Тобы: ЭЭк-19-4
Тексерген: Аршидинов М.М.
Алматы 2020
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Патристика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аунустиннің ішкі өмір туралы ойлары
Акуинолық Томастың сезім туралы ойлары
Пьер Абеляр
Помпонаццидің жан туралы пайымдары
Қортынды
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Орта ғасыр дәуірдегі философия ілімi "схоластика" ("мектептік ілім") деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX - XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің "заңдылығын" дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология ілімі қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV - XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың "қосақиқаттылық" тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты.
Тарихта ақыл мәселесімен айналысатын философтарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісі - интроверт философтар, олар адам ақылын түсіну үшін интроспектілік сана құбылысына адамның ішкі дүниесі арқылы мұқият зер салу керек деп санайды. Екіншісі - экстраверт философтар, олар ақыл құбылысын анықтауда адамның мінез-құлқын бақылаудан бастап, өзгелердің ақыл қабілетіне, күйіне және әрекетіне баға беретін қағидаларды зерттейді. Екінші мыңжылдықта Декарт пен Юмды интроверт мектебі парадигмасының өкілдері ретінде танысақ, Акуинолық Томас пен Витгенштейнді экстраверт әдісін әртүрлі деңгейде қолданған философтарға жатқызамыз. Экстраверттер Аристотельді өздерінің ежелгі дәуірдегі көшбасшысы деп білсе, интроверттер мектептің негізін салушы ретінде әрі әлі күнге осы бағыттың ең ділмар өкілдерінің бірі саналатын Аугустинді құрмет тұтуына болады.
Осы есептік графикалық жұмыста біз орта ғасыр философиясынның адамның жаны туралы философтардың көз қарастарын қарастырамын.
Аугустиннің ішкі өмір туралы ойлары
Аугустин өз еңбектерінде ішкі адам және сыртқы адам туралы жиі жазды. Оның бұл сөздерін жан мен тән арасындағы айырмашылықпен шатастыруға болмайды. Тән ғана емес, біздің жанымыздың кейбір қырлары да адамның сыртқы болмысына жатады. Дәлірек айтқанда, сөйлеуге қабілетсіз хайуанаттармен ортақ сезім және сенсорлық жад сияқты қасиеттеріміз бар. Ішкі адам - біздің жағымды бөлігіміз. Есте сақтау мен елестету, сонымен қатар рационалдық пайымдау мен интеллектуалдық аңдау қызметін атқаратын ақыл осы ішкі адамның қасиетіне жатады.
Сыртқы адам дүниені көру, есту, иіс, дәм және сипап сезу сияқты сезімнің бес түрі арқылы қабылдайды. Аугустин көруді сезімнің парадигмасы ретінде таниды. Тасты немесе жалынды көрген кезде үш нәрсені есте ұстауымыз керек: көзге көрінетін зат, затты көру құбылысы және Аугустин intentio animi деп атаған ақылдың нысанға бағытталу құбылысы. Аугустин атап өткен үшінші элемент тек ақылға ғана қатысты. Себебі көз адам денесінің бір бөлігі болғандықтан, көру тәндік сезім саналады. Менталды элемент көрудің өзі мүмкін болмаған жағдайда да көруге деген ұмтылысты сақтап қалады.
Көру - әрі нысан, әрі сезімнің көрінісі. Көзге көрінген нысан сезім арқылы формаға ие болады, яғни көрінген заттың бейнесі қалыптасады.
Осы мағынада, көзімізге көрінетін дененің формасы мен адамның қабылдауында пайда болатын формадан ешқандай айырмашылық таба алмаймыз. Өйткені бұл екеуінің арасындағы байланыстың жақындығы соншалық, аражігін ажырату мүмкін емес. Алайда көрінген заттың бейнесі болмаса, ол ақылымыздан орын алмаса, кез келген затты түйсіне алмас едік , - деп тұжырым жасауға толық негіз бар.
Бейне заттан өзгеше, бірақ бейнесіз зат та болмайды. Сол сияқты, сақинаны сұйықтыққа салғандағы сұйықтықтың ығысуы сақинаны қайта алғаннан кейін өзгеріп, өзгеше сипат алады. Тізбекті бейне көзге көрінетін нысанның формасы мен оның көз қабылдайтын бейнесінің арасында айырмашылық бар екенін нақтылайды. Көздің қарашығын басқанда көріністің қосарлануы да дәл осы айырмашылықтың бар екеніне дәлел бола алады. Бейнеленген форма біз көрген заттың түрлерімен тығыз байланысқаны соншалықты, оларды ажырату мүмкін емес. Түсіндірмешілер осы тұжырым Аугустиннің сезімдік қабылдаудың репрезентативті теориясын жақтайтынын көрсете ме? деген мәселені қызу талқылаған. Репрезентативті теория бойынша қабылдаудың тікелей нысаны бейне немесе сезімдік дерек болса, мұны Аугустин қолдамайды. Ол қалыптасқан бейне айқын болмаған жағдайда, оның бар екені деректер негізінде дәлелденуі керек деп есептейді. Аугустин бұл теорияны жадтың сезім арқылы себепті байланыстан туындайтынын түсіндіру үшін қажет деп қабылдауы әбден мүмкін. Сезімдер - дүниедегі заттар туралы деректердің көзі. Алайда оларды ақпарат алудың бір ғана жолы дей алмаймыз. Соқыр адам көре алмаса да, көруге қабілетті өзге адамдардан кез келген дүниені сұрап біле алады. Сезімдік қабылдау мен ақпаратты жинаудың айырмашылығы неде? Бұл сұраққа жауап беру үшін Аристотель ертеден-ақ рақат ұғымын пайдаланған. Ол: Сезімдік қабылдау бар жерде ауырсыну да, рақат сезімі де бар және олар болған сәтте ықылас та туады, - деді. Сезімдер (оның көмегімен жүзеге асырылатын ажырату) арқылы алатын ақпаратқа, сезімнен басқа да жолмен, құрылғылар арқылы да қол жеткізуге болады. Біз адамдардың бітім-болмысындағы айырмашылықтарды жіктеу үшін оптикалық аспаптардың көмегімен көрнекі ақпарат алып, ал дистанциялық зондтар арқылы ай бедерінің көрнекі ерекшеліктерінің каталогын жасай аламыз. Мұндай операциялардың сезімдік қабылдауға қатысы жоқ, өйткені ол рақаттанусыз не ауырсынусыз жүреді: статистикада сипатталған адамдар сұлу не ұсқынсыз деп қабылданбайды, сол сияқтыландшафттар да қорқыныш пен үрей туғызбайды.
Аугустин сезімдік қабылдаудың танымдық емес, гедонизм жағына баса назар аударып, сезім ұғымының екі аспектісін бөліп қарастырады. Ол Ерік еркіндігі еңбегінде рақаттану мен ауырсынудың денелік сезімдердің құзырында екенін баса айтады. Көру қабілеті - түстердің үйлесімін немесе үйлесімсіздігін, ал есту қабілеті - дауыстың әуезділігін, болмаса жағымсыздығын анықтайды (DLA 2. 5. 12. 49). Мінәжат еңбегінің 10-кітабында адамды арбайтын түрлі сезімдік рақаттардың тізімін келтіреді. Оның айтуынша, рақат сыйлау және әуестікті қанағаттандыру сияқты сезімдерді қолданудың екі түрін ажырата білуіміз керек. Екінші элемент те еліктіруге итермелеуі ықтимал. Соның нәтижесінде тәжірибе мен білімге деген ынтығудың түбі күнәһарлыққа жетелеуі мүмкін Аугустин сыртқы сезім нысандарын бір сезім мүшесі арқылы қабылданатын (мысалы, түс, дыбыс) және бірнеше сезім мүшесі арқылы қабылданатын (мысалы, мөлшер және форма) деп екіге бөледі. Аугустин сыртқы сезімдермен қатар ішкі сезімнің бар екенін айтады. Жануарларды алсақ, олардың көру сезімі - көзге көрінетін нәрседен қашу немесе оған ұмтылу емес. Олар көзге көрінетін нәрседен кейде ләззат алса, кейде жиіркеніп қашуы мүмкін. Бұл сезім - сезімнің негізгі бес түрінің ешқайсысына тән емес. Мұнда дербес қабілетті түйсіну арқылы анықтай аламыз. Алайда оны ақыл иелерінен бөлек, иррационал жануарларға да тән болғандықтан ақылдың бөлшегі деуге келмейді Аугустин адамның ақыл қабілеттерін сипаттау барысында бәрінен бұрын жадты тереңірек зерделеу арқылы оны кең мағынада қолданып, тіпті ақылмен теңестірді. Ол жадтың бірнеше басты қасиетін Мінәжат (Х. 13) еңбегінде қарастырды. Қараңғыда және тыныштықта өз қалауымызбен түсті елестетіп, ақ пен қараны ажырату оңай. Тіл мен көмейден дыбыс шықпаса да, кез келген әнді орындауға болады. Жадты әдетте өздігінен бар нәрсе деп қарастырамыз. Ал Аугустин жадтың ғажап нәрсе екенін бір сәтке де ұмытпау қажеттігін ескертеді. Адамдар таудың шыңына, суы мол сарқырамалар мен таудай толқындарға, құрлықты қоршап жатқан мұхит пен аспандағы жұлдыздарға тамсана қарайды. Солай бола тұра, аспанды, теңізді, жерді және басқа да көп дүниені қабылдайтын өзінің және жадының ерекше қасиеттеріне аса мән бере қоймайды. Бұрын көрмеген, өзгелердің әңгімелерінен ғана естіген таулар мен толқындарды, өзендер мен жұлдыздарды, тіпті мұхиттарды да ақылыма енгізе алмасам, табиғат ғажаптары туралы сөз қозғай алмас едім. Оларды ішімде сыртқы дүниедегіден де тамаша елестете аламын, - дейді Аугустин. Аугустин адамның жадын қараңғы әрі құпия қуыс-қалтарыстары көп терең үңгірге теңейді. Интроверттік дәстүрге сай, ішкі адамды осы үлкен қойманы зерттейтін жанға балайды. Бұл қойма арқылы қысқа немесе ұзақ уақыт ішінде адам өзіне қажетті дүниелерді еске түсіре алады.
Кейбір естеліктер ақылдың алдына түсіп, құйындатып келеді. Кейде әлденені іздеп, басқа нәрсе туралы сұрағанда, олар: Сенің іздегенің біз бе? - деп алдымнан шыға бастайды. Жүрегіме бағынып, жадтың қараңғы тасасынан керегімді тауып алғанша, қажет емес естеліктерді жадымның айнасынан қуып отырамын
Аугустин есімін еске түсіре алмаған адамның бет-әлпетін ұмытпау, басқа нәрсеге алаңдап отырып оқыған хаттың мазмұнын ұмытып қалу, ұмытсам деген жағымсыз естеліктің жетегінде жүру сияқты еске түсіру мен ұмытудың қасиеттерін асқан дарындылықпен сипаттап жазды. Ол жадты философиялық тұрғыда талдағанда, оны сыртқы көру түйсігіне қатысты үлгіге салып түсіндірді. Біз нысанды көрген сәтте көру қабілеті іске қосылып, ақыл-ойымыз сол нысанға бағытталады. Бір нәрсені ойымызға оралтқанда сол мезет туралы жадта бар дүниені, ойлағанымызды еске түсіреміз. Аугустиннің айтуынша, диспозициялық жад біздің арнайы үйренген және ұмытпаған дүниеміз) пен есте сақталған сәт арасындағы айырмашылық - көру аясынан тыс нысан мен көз алдымыздағы нысан арасындағы айырмашылыққа ұқсас . Ол еске түсіруді көрудің ішкі қабілеті есебінде зерделейді. Ал көрудің сыртқы және ішкі қабілеттерін қарастырғанда, оның ерікті түрде жүзеге асатынына айрықша көңіл бөледі. Ақылдың бағытталуы мен ойдың назары туралы сөз қозғағанда, адам еркінің қызметі жайлы ой толғайды. рік сыртқы немесе ішкі көруді таңдап, екеуінің біріне тұрақтай алады. Осы айтылғанның екіншісін таңдаса, ішкі көру қандай да бір заттың өзіне ұқсас кейпін айнытпай еске салады. Тіпті сол заттың өзі мен елесінің айырмашылығын ажырату қиынға соғады. Қорқынышты елес зәреңді ұшырса, жыныстық қатынас туралы қиял ләззат сыйлайды. Алайда мұндай әсерленудің барлығы бақылана бермейді. Түс көргенде және ессіз жағдайда ой арқылы қандай да бір рухани субстанциялардың рухани араласуының құпия күштеріне назар аударуымызға болады. Мен көргендерімді ғана есіме түсіре аламын. Алайда кез келген дүниені ойлауға мүмкіндігім бар. Мысалы, аспанда бір ғана Күннің бар екенін білсем де, екі немесе үш Күннің болғанын; оның қазіргі өлшемінен де үлкен немесе кіші болатынын; тұрған қалпынан ауытқып, орын ауыстырғанын, сондай-ақ формасының шеңбер емес, төртбұрыш, ал түсінің жасыл екенін де елестете аламын. Аугустин бұл сияқты ойларды адамның іштен көру қабілетінің арқасында жүзеге асатынын, бұл қабілеті өмірінің бір күнін есте сақтаудан пайда болғанын айтады. Ал біреудің айтқандарының бізге әсері мен есімізде сақталу-сақталмауының себебін зерделей бермейміз. Айтылғандар, расында да, есте қалды ма?, мәселе - сонда.
Акуинолық Томастың сезім және ақыл туралы ойлары
Акуинолық Томас қарапайым адами түсініктің қалыптасуы және жаратылыстану ғылымымен айналысу үшін Құдайдың нұрына бөленудің қажеттілігі жоқ деп таныды. Ол үшін адам жанына тән қабілеттер иерархиясының шыңында орналасқан ақыл - белсенді ақыл және пассивті ақыл - адам болмысының қабілеттері.
Аристотельдің көзқарасын ұстанған Акуинолық Томас өсімдіктердің вегетативті жаны, жануарлардың сезімдік жаны және адамның рационалды жаны тәрізді жанның үш түрін ажыратады. Адамда тек бір ғана жан бар. Ол - рационалды жан. Бұл жан өзінің ерекше интеллектуалдық күшінен бөлек басқа екі жанның күшіне сай бола алады. Өсіп-өну, көбею үшін вегетативті күшке, сондай-ақ жануарларға тән сезім және қозғалыс күшіне ие болады. Жануарлық және рационалды деңгейде екі түрлі күш бар. Олар - когнитивті немесе дерек жинаушы күш және қалау немесе мақсатқа негізделген күш. Жануарлық деңгейде қабылдау және құмарлық күші бар, ал рационалды деңгейге ойлау және қалау күштері жатады. Ол рационалды және сезімдік қабілеттердің әрекеттері өзара тығыз байланысты деп есептейді. Сезімдердің қызметі интеллектуалдық ұғымдардың қалыптасуы мен іс-әрекеті үшін өте маңызды. Тіпті жаңа заман философы ақыл белсенділігі деп қарастыратын мәселелердің көбі - Акуинолық Томас үшін ішкі сезімдердің бірі болып есептелетін ерекше сезімнің, яғни елестетудің қызметі.
Әдеттегі көру, есту, сипау, дәм және иіс сезуді қамтитын бес сыртқы сезім тұжырымдамасын мойындаған Акуинолық Томас: Сезімдер бір-бірінен түрлі дене мүшелері арқылы қабылданатынына қарай емес, әрқилы нысандарға ие болуына байланысты ажыратылады, - деді. Көру және есту сезімдері көздің құлақтан өзгешелігінен емес, түстер мен дыбыстар әртүрлі болғандықтан, бір-бірінен ерекшеленеді. Сезімдер - суық пен ыстық, ақ пен қара және т.с.с. айырмашылықтарды тани алатын негізгі күштер. Әр сезімнің өзіне тиісті, өзі ғана анықтай алатын нысаны бар. Дегенмен бір нысан бірнеше сезімге ортақ бола алады. Мәселен, форманы көруге де, сезуге де болады. куинолық Томастың пікіріне сүйенсек, сезім - сыртқы нысанның әсерінен түрлі өзгеріске ұшырайтын қабілет. Белгілі бір түсті көргенде, көзіміз сол түске айналып кетпейді. Әдетте А-ның формасын материалдық нысан қабылдаған кезде, нысан А-ға айналады. Сол сияқты тасты қыздырғанда, ол ысиды. Бұл - өзгерістің стандартты формасы, яғни материалдық өзгеріс. Акуинолық Томас түсті көрген кездегі өзгерісті арнайы өзгеріс деп атайды. Түстің формасы көздің ішінде әдейі орналасады немесе өзі айтқандай, түстің көздегені (intentio немесе түрлер) көзде пайда болады. Intentio (ниет) - көрініс емес. Акуинолық Томас оны кейде қабылданған нысан ұқсастығы немесе similitudo деп атайды. Кейбір философтар сезім тәжірибесін жинақтау кезінде біз нысандарды немесе сыртқы әлем заттарын тура бақыламаймыз деп пайымдайды. Керісінше, жеке сезім деректерін жинап, олардың негізінде сыртқы нысандар мен заттардың табиғаты туралы тұжырым жасаймыз. Акуинолық Томас еңбектерінде қабылдаушы мен қабылданған зат аралығында ешқандай дәнекер болмайтыны баяндалады. Сезімдер сезу кезінде қабілет нысанның ұқсастығымен әрекетке түспейді. Қабілет нысанның формасын қабылдап, өзі нысанға айналады. Бұл әрекеттегі сезім қабілеті әрекеттегі сезім нысанымен бірдей (sensus in actu est sensibile in actu) деген Аристотельдің сөздерін қорытындылайды.
Қалай болғанда да, Акуинолық Томастың интенция туралы ілімі сезім теориясын түсіндіретін құпия механизмді ұсынуға бағытталмаған. Бұл - айналада не болып жатқанын анық көруге мүмкіндік беретін жалпыға белгілі философиялық ақиқат. Аристотельдің айтқысы келгені мынау: тәттіні аузыма салғанда, оның тәттілігін сезетінім (сезім қабілетімнің әрекеті: sensus ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz