Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тұрдах Таһмина Тағайқызы

Тақарыбы: Түркістан облысындағы ішкі туризм даму бағыттары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Кіріспе

1 Ішкі туризмнің Түркістан облысындағы сипаты

1. 1 Түркістан облысының қазіргі жағдайы

1. 2 Ішкі туризмнің экономиканы дамытудағы рөлі және оған әсер ететін факторлар

2 Ішкі туризмді дамытудағы ықпалы басым қала - Түркістан

2. 1 Түркістан қаласының даму тарихы

2. 2 Түркістан қаласындағы ішкі туризмнің басты бағыты

2. 3 Түркістан қаласының жаңадан құрылу жобасы

3 Түркістан облысының ішкі туризм дамыту

3. 1 Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары

3. 2 Түркістан облысында ішкі туризм дамыту іс-шаралары

3. 3 Ішкі туризмді дамыту үшін жаңа және заманауи бағыттар

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Диплом жұмысының тақырыбың өзектілігі: 2018 жылы 19 маусымда Қазақстан Президентінің жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгертіліп, оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді. Түркістан шаһарының облыс орталығы ретінде анықталуы - ел тарихының жаңа парағы. Бұл ішкі геосаясаттық өзгеріс аталмыш аймақтың күллі салаларына сан түрлі оң әсерің тигізуде. Мемлекеттік денгейде, Түркістан өңірің дамытуға арналған елеулі бағдарламалар қабылданып, ауқымды қаржы бөлінуде. Алға қойған жоспарлармен мен мақсаттардың бір бөлігі ішкі туризм саласын дамытуға көзделген. Осыған қоса, 2018 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы президентінің тарапынан “Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде” қаулысының қабылдануы, Түркістан өңірінің жалпы және ішкі туризмінің даму болашағы жарқын екенін білдіреді.

Күмәнсіз, Түркістан облысының туристік әлеуеті жоғары. Мысалы, 2018 жылы Түркістан облысында 1 миллион 300 мыңнан астам турист болған. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының мәліметінше сол туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары екен. Шетелдіктерден бөлек өзіміздің Қазақстанның барлық ай-мағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер көп. Соңғы жылдары пандемия әсерінен шетелдік туристтердің саны азайып, өз еліміздің азаматтары шетелге барудың орнына, Түркістан аймағында саяхат етуі, бұл өңірдің ішкі туризмінің көрсеткіштерің және беделің көтерді. Жалпы, Түркістан облысының туризмінің қозғаушы күші - Түркістан қаласы болып табылады. Ол 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған тарихи-мәдени ескерткіштерге толы қала. Алайда, Түркістан облысының ішкі туризмісің дамыту жалғыз Түркістан қаласымен шектелмейді. Себебі, бұл өңірдің кез келген түпкірі жайлы климаты және орасан зор табиғатымен танымал. Ары қарай, осы диплом жұмысында Түркістан облысының туризмге байланысты букіл ерекшеліктері мен элементтері талқыланып, олардың потенциалдары бағаланып, ішкі туризмді дамыту бағыттары ұсынылады.

Зерттеу объектісі «Түркістан облысындағы ішкі туризм даму бағыттары» тақырыбындағы диплом жұмысы үшiн зерттеу объектісі ретінде Түркістан облысындағы ішкі туризм даму бағыттары таңдалады.

Зерттеу құралы «Түркістан облысындағы ішкі туризм даму бағыттары» тақырыбындағы диплом жұмысы үшiн зерттеу құралы ретінде Түркістан облысындағы ішкі туризмнің бағыттарың дамытудағы іс-шаралар мен жолдарын ұсыну болып табылады.

Зерттеу мақсаты Дипломдық жұмыстың мақсаты, Түркістан облысындағы ішкі туризмнің жағдайын талдау және потенциалын бағалау, сонымен қатар дамыту бағыттарының іс-шаралары мен алға басу сипатын анықтау болып табылады.

Зерттеу міндеттері Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

- Түркістан облысының ішкі туризм нарығындағы қазіргі жағдайын талдау;

- Ішкі туризмнің экономиканы дамытудағы ролі және оған әсер ететін факторларын қарастыру;

- Түркістан облысының белгілі туристік бағыттарын, тарихи-мәдени ескерткіштерін анықтау;

- Түркістан облысында ішкі туризмді дамыту бағыттарының іс-шараларын құрастыру;

- Ішкі туризм үшін ықпалы басым қала ретінде Түркістанның алға басу сипатын зерттеу;

- Ішкі туризмді дамыту үшін жаңа және заманауи бағыттар зерттеу;

  • Зерттеу нәтижелерің қолданып, ішкі туризмнің жаңа классификациясы мен даму бағыттарың ұсыну.

Жұмыстың әдістемесі туристік кәсіпорындардағы Түркістан облысы туралы қолданыстағы әдебиеттерді теориялық талдаудан және «Шымтур» туристік компаниясындағы, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілігідегі, туристерді қарсы алу орталығындағы кітапханадағы және Халықаралық Туризм Университеттердегі ақпараттарды зерттеу және талдаудан тұрады.

Тәжірибелік мәні

Жұмыстың тәжірибелік мәні Түркістан облысының ішкі туризм бағытың одан әрі дамыту мақсатында осы дипломдық жұмыста ұсынылатын сан түрлі әдістерді және аталған бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі болып табылады. Түркістан аймағында туристік объекттілерін талдау нәтижелерін ішкі туризмді алға жылжыту құралы ретінде қолдану. Ішкі туризмді дамыту қиындықтары мен оларды заманауи шетелдік тәжірибені зерттеу.

Жұмыстың бірінші тарауында, Түркістан қаласының даму тарихы

Жұмыстың екінші тарауында Түркістан облысының ерекшеліктерің зерттеу; Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін анықтау, Түркістан облысының ішкі туризм бағыттарын анықтау, ішкі туризм үшін ықпалы басым қала ретінде Түркістанның алға басу сипаты зерттеледі.

Үшінші тарауында, Түркістан облысында ішкі туризмді дамыту бағыттарының іс-шараларын құрастыру, ішкі туризмді дамыту үшін жаңа және заманауи бағыттар зерттеу, шетелдердегі ішкі туризмінің әсерлі тәжірибелерің зерттеу, туризмнің материалдық базасы мен инфрақұрылымының дамуын ұсыну, Зерттеу нәтижелерің қолданып, ішкі туризмнің жаңа даму бағыттары ұсынынысы жасалынады.

Қорытындыда, Түркістан облысындағы ішкі туризм даму бағыттары тақырыбына диплом жұмысын жазу барысында нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынады.

1 Ішкі туризмнің Түркістан облысындағы сипаты

1. 1 Түркістан облысының қазіргі жағдайы

Түркістан облысы - Қазақстан мемлекетіміздің оңтүстігінде орналасқан. Түркістан облысы еліміздегі рухани мәдени, экономикалық, көлік логистикалық, демографиялық әлеуеті зор, инвестиция тартуға қолайлы, сонымен қоса туризмнің потенциалын дамытуға өте жақсы аймақ. Бұл аймақ оңтүстік жағында Өзбекстан Республикасы, солтүстік жағында Қарағанды, шығысында Жамбыл, батыс жағында Қызылорда аудандармен шектеседі. Түркістан облысының аумағы 117, 3 мың шаршы км. Қазіргі кезде облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қала - Түркістан. 1932 жылы 10 наурызда Кеңес одағы кезінде құрылған әкімшілік - аумақтық бөлік 1962-1992 жылы Шымкент облысы, ал 1992-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды және жоғарыда аталған мерзімдерде облыс орталығы Шымкент қаласы болды. 2018 жылы 19 маусым күні «ҚР-ның Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру, Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл геосаясаттық өзгеріс әуелден стратегиялых маңызы жоғары Түркістан қаласының дәрежесің еселеп көтерді.

Түркістан облысының құрамында 13 әкімшілік аудан, 3 қалалық әкімдік (Арыс, Кентау, Түркістан), 13 кент, 171 ауылдық округ және 932 ауыл бар. Түркістан облысының халық саны 2018 жылғы дерек негізінде екі миллионнан астам адамға тең. Бұл Қазақстан халқының 15 %-ың құрайды. Халықтың 47 %-ы қалада, 53 %-ы ауылда тұрады. Облыста халық санының 26 %-ың құрайтын 100-ден астам этнос өкілдері өмір сүреді. Диаспора өкілдерінің мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрің сақтау мақсатында арнайы мәдени орталықтар жұмыс атқарады, тіпті өзбек мектептері бар.

Кез-келген өңірдің климаты мен географиялық ерекшеліктері ішкі туризмге елеулі ықпалың тигізеді. Осыған сай, Түркістан облысының климаты континенттік болғандықтан, қысы жұмсақ әрі қысқа; жазы ыстық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы -2-9 градус, ал шілде айының орташа температурасы 25-29 градус болуы тұрмысқа және шаруашылыққа қолайлы. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шөлді аймақта 100-150 мм, тау баурайларында 300-500 мм, биік таулы аймақтарда 800 мм. құрайды. Облыс аумағының орталық бөлігін Қаратау жотасының сілемдері солтістік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - 2176 м шамасындадағы Бессаз тауы. Ал облыстың оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шаньның сілемдері және Талас Алатауының батыс сілемдері қамтиды. Облыстағы ең биік жері теңіз деңгейінен 4299 м биіктегі - Сайрам шыңы. Түркістан облысының оңтүстік-батысының басым бөлігі жазық әрі құмды болып келеді. Бұл өңірде халықтың тығыз орналасуы жер асты суының мол қоры болуына да байланысты. Шаруашылықтың қозғаушы күші болып табылатын бірнеше өзен-көлдер бар. Табиғи өзен-көлдердің таралу аумағы біркелкі болмауынан, жасанды бөгендер мен каналдар жетілдірілген. Өңірдегі ең ірі өзен - суы мен тарихы мол Сырдария. Өңірдің көлдері таяз және тұзды болып келеді. Ал жасанды бөгендер мен магистралды каналдар облыстың арнайы жерлерінің тұрақты сумен қамтамасыз етілуінде үлкен рөл атқарады. Облыстың аталған географиялық сипаты мен климатың ескере отырып, өсімдік және жануарлар әлемі бай екеніне күмән тумайды. Жалпы өсімдік түрлерінің басым бөлігі шөлді аймаққа тән өсімдіктер болып табылады. Өсімдіктердің болмысы қоршаған ортасына сай түрленеді. Шөлді далаларда, өзен жағалауларында, тау баурайларында, тауларында сан түрлі өсімдіктер мен жануардарды кездестіруге болады. Уақыт өте өсіп жатқан халық тығыздығы жауарлар әлемің шамалы ығыстыруда, алайда жануарлар жаңа мекен табуда. Оған қоса, табиғи өсімдіктерді және жануарларды сақтап қалу үшін 1926 жылдан бері Түлкібас ауданында табиғаты тамсанатын Ақсу-Жабағылы қорығы қызмет атқарады.

Түркістан облысының жер қатпарларында фосфорит, вермикулит, уран, темір, полиметалл, қоңыр көмір, отқа шыдамды саз, барит, тальк, мәрмәр, гранит, гипс, кварц, әктас және т. б. пайдалы қазбалар бар. Республика бойынша уран, фосфорит және темір қорынан алдынғы орындарды алады. Өңірдің ауыл шаруашылығы және өнеркәсібі де жақсы дамыған әрі еңбек ресурстары мол болып келеді. Түрлі ірі кәсіпорындар, цемент, асфальт зауыттары және тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші компаниялар қызмет атқарады. Жоғарыдағыға қоса, Түркістан облысы - минералды және газды сулардың, жеміс, көкеніс, нан-макарон өнімдерінің, мақта, тері, сүт өнімдерінін ірі өңдірушісі. Мысалы, облыста өңдірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі - 833, 2 мың га. Жылы бақшалар жер көлемі 1358 га. құрайды. Сондықтан, Республика бойынша облыс көкеністің 25 %-ын, жүзімнің 70 %-ын, басқа жеміс түрлерінің 37 %-ын өңдіреді. Ал мақта шаурашылығы тек осы өңірдің Мақтарал, Сарыағаш, Шардара секілді аудандарында өңдіріліп, республика бойынша 100 %-ық үлеске тең. Сол себепті, еліміздің экономикалық маңызы зор мақта дақылдарының жоғары сапалы сорттары дамытылып, өңдірістің көлемің арттыру мақсатында заманауи инновациялық технологиялар қолданылуда. Мысалы, облыс бойынша шитті мақта өңдеумен айналысатын 19 мақта зауыты бар. Зауыттардың жалпы қуаты бір жылда 12, 5 мың тонна шитті мақтаны құрайды. Облыстағы тағы бір өзекті шаруашылық - мал шаруашылығы. Өңірде төрт-түліктің саны жыл сайын артып, құс және балық шаруашылығы да өркендеуде. Облыс бойынша 704 ауыл шаруашылық кооператив, 12, 2 мың бірлік бордақылау алаңдар және 2, 7 мың жанұялық сүт фермалар жұмыс істейді. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы облыстың “Сыбаға”, “Алтын асық”, “Құлан” секілді мемлекеттік бағдарламарының жүзеге асырылуында үлесі зор.

Жоғарыда айтылған күллі өнеркәсіптерді алға алып жүру үшін облыста білім беру жүйесінің жұмыс сапасын арттыру және материалдық-техникалық базасын жетілдіру жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облыста 2 университет, бірнеше арнайы кәсіптік-техникалық орта оқу орындар бар. Алайда жақын уақытта геосаясаттың ықпалынан оқу орындарының саны одан ары көбею күтілуде.

Түркістан облылысына тәң: көркем табиғаты, тарихи орындары, киелі жерлері, шипалы су көздері, шипажай мен сауықтыру орталықтары, демалыс орындары, лагерлері және т. б. туризм саласына сай ерекшеліктері дипломдық жұмыстың келесі бөлімдеріңде талқыланады.

1. 2 Ішкі туризмнің экономиканы дамытудағы рөлі және оған әсер ететін факторлар

Түркістан облысының даму тарихы

Халқымыз үшін тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның еліміз үшін орны өте бөлек. Ол бүкіл Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Түркістан -қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген аяулы перзенттері мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген әйгілі тұлғаның, 24-і ел басқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастаған батырлар, ауқымды сөз бастаған билер. Түркістан тарихы - күллі қазақтың тарихы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Туризм инновациясы
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Туристік қызметке сұраныс
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz