Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аграрлық - техникалық институты
Ветеринарлық медицина кафедрасы

Реферат
Тақырып: Популяциялық генетика

Орындаған:Куанышбаева Б.К.
Тексерген:Phd доктор Бермагамбетова.Н.Н.
Тобы:18-700-11
Курс:2

Қостанай,2020
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Популяция, анықтамасы.
2. Популяциялық генетика және оның генетикалық құрылымы.
3. Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі
III Пайдаланылған әдебиеттер

Популяция(латынша популяцио-тұрғын)терминін 1903 жылы В.Иогансен енгізді.Өсімдіктердің де,жануарлардың да зерзатына бірдей қолданылатын осы заманғы популяция терминін былай тұжырымдауға болады:қандай болса да саны көп үрім-бұтақ ішінде көбею жолымен ұрпақ қалдырған,бір немесе бірнеше биоценоздарды белгілі аумағында жалпы тетік қорды иеленген бір түр дарақтарының жиынтығы.Жалпы популяция дегеніміз-бұл түр және эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі.Популяция құрамы бір текті болмайды.Популяция құрайтын дарақтардың біріненөбірінің жынысы,жасы,сыртқы ерекшеліктері және гендер құрамы бойынша айырмашылықтары болады.Бұл айырмашылықтар популяция құрылымы ұғымында ескеріледі.Экономикалық географияның оқыту жүйесінен жыныс және тұрғындардың жасына байланысты құрылымы,оның тығыздығы,өсімі және өсім жылдамдығы сияқты демографиялық ұғымдары сендерге бұрыннан белгілі.Табиғи популяциялар үшін де ұқсас ұғымдар көп.
Популяция саны-дарақтардың жалпы саны.Бұл көрсеткіш түрлі-түрлі түрлер үшін өте өзгермелі нұсқада болады.Мысалы,кейбір құмырсқалар және балықтар түрлерінің популяциясында дарақтардың саны жүз және миллионға жетуі мүмкін.Сирек кездесетін құстар түрінің жалпы популяциясы-ақ тырнанікі 20-30 дарақтан құралады,ал Кіші Қаратаудағы берқаралық терек популяциясында бар болғаны 10 ағаш.
Популяция тығыздығы-аудан өлшем бірлігіндегі дарақтар саны.Ірі жыртқыштар популяциясының тығыздығы өте төмен.Мысалы,ілбісте-мың шаршы шақырымда бір тұқымтоп сақталды,жүз шақырымда бір ұя.Көптеген бунақденелілердің,астық тұқымдас шөптердің,ұсақ кемірушілердің және тіршілік үшін күрес дәрежесін,популяция ішіндегі жұқпаның таралуын және тағы басқасын бейнелеп көрсетеді.
Жыныстық құрылымы-жыныстық жағынан жетілген аталықтардың және аналықтардың саны арасындағы арақатынас.Бұл көрсеткіш те тірі ағзалар типіне тәуелді.Ол еркін жұптасатын түрлерде едәуір бір қалыпты,ал партеногенетикалы популяцияларда-аналықтар жағына қарай ығысқан.Сондай-ақ негізінде аталықтарын-кежектерін дәстүрлі атып алу кезінде көктемде қайталанатын үйрек аулау жағымсыз көрінеді.
Жас құрылымы-түрліше жастағы дарақтардың арақатынасы.Бұл маңыздырақ көрсеткіш,соның негізінде популяцияның одан әрі дамуы туралы пікір алысуға болады.Атап айтқанда,сондықтан кәсіптік жануарлар санына есеп жүргізген кезде төлдердің саны туралы дұрыс мағлұмат алуға сондай маңызды.Популяцияда жас дарақтар көбірек болғанда,егер табиғи өзгерістер болмаса,арта түседі.Егер популяцияда қартаң дарақтар басым болса, онда таяу уақытта тап сол түрдің саны кемиді.
Генетикалық құрылымы-популяцияның барлық дарақтар гендері аллельдерінің арақатынасы және жиынтығы.Популяцияның генетикалық құрылымында генетикалық салмақ-зиянды аллельдер ұғымы да қамтылады,оларға табиғи сұрыпталу кері әрекет етеді.Генетикалық құрылымды зерттеумен популяциялық генетика шұғылданады.
Өзгермелі нұсқа құрылымы - қандай болса да сыртқы ерекшеліктер бойынша популяция дарақтарының бөлінуі.Мысалы,бір аймақтарда белгілі рең бүкіл денесінде немесе жекелеген бөліктерінде болуы мүмкін.
Популяцияның генетикалық біртұтастығы олардың кең көлемді панмиксиясымен байланысты, яғни популяция даралары өзара еркін
будандасады. Популяция генофондында белгілі жағдайларда әртүрлі
аллельдерден тұратын генотиптер мөлшері ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты болады. Ол Г.Харди - В.Вайнберг заңы арқылы сипатталады. 1908 жылы ағылшын математигі Г.Харди және неміс дәрігері В.Вайнберг панмикстік популяциялардағы генетикалық үдерістерді сипаттап жазды. Оны Харди-Вайнберг заңы деп атады. Харди-Вайнберг заңы төмендегі шарттар орындалған жағдайларда байқалады:
Даралардың бір-бірімен еркін будандасуы керек(панмиксия);
Популяцияларда сұрыптау, яғни сұрыптаудың салдарынан гендер
жойылып кетпеуі керек;
Миграция салдарынан жаңа гендер келіп енбеуі қажет;
Популяция көлемі шексіз ірі, яғни даралар саны өте көп болуы қажет.
1908 жылы ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері В. Вайнберг популяциядағы генотип пен фенотиптің таралуын көрсететін формула ұсынды. Ол кейіннен Харди-Вайнберг заңы деп аталды. ♀♂ РА qа РА Р 2 АА Рq Аа qа Рq Аа q 2 аа Р 2 АА + 2 Рq Аа + q 2 аа
Мысалы, ірі қараның бір популяциясында мүйізділері -25% немесе 0, 25 болып, ал тоқалдары -75% немесе 0, 75 болып келсе, тоқалдық белгіні доминантты ген А , мүйізділігін рецессивті ген а анықтайды. Генотип аа -ның мөлшері бұл жағдайда 0, 25 болғандықтан а аллелінің мөлшері √q 2=√ 0, 25=0, 05. Доминантты аллель А-ның мөлшері де осы формулаға сәйкес анықталады. Р = 1 - q немесе А=1 -0, 05=0, 95 Сонда популяциядағы доминантты генотип АА-ның мөлшері Р²АА=(0, 95)²=90, 25. Рецессивті және доминантты гомозиготалы генотиптердің мөлшеріне қарап популяциядағы гетерозиготалардың мөлшерін анықтауға болады. 2 Рq. Аа=2*0, 95*0, 05=9, 5.
Популяцияның генетикалық динамикасы факторлары. Организмдердің эволюциясы барысында сапасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяция және оның генетикалық құрылымдары
Популяция туралы түсінік. Түрдің популяциялық құрылымы.
Түр. популяциялар құрылымы, динамикасы
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Популяция туралы түсінік
Популяциялар генетикасы және эволюциялық генетика негіздері
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Популяциялық генетика негіздері. Популяцияның генетикалық құрылымы. Адам популяциясының генетикалық әртүрлілігі
Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні
Экология пәнінен кейс
Пәндер