Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
мектептің аты

Жұмыстың тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы
әдеби түс көру

Бағыты: тарихи тұлғалар
Орындаушы: тегі, сыныбы, мектебі
Жұмыстың жетекшісі:
Жұмыстың орындалған уақыты:

Мазмұны:

І. Кіріспе
Әбіш әлемі- ғаламдық құбылыс
ІІ. Негізгі бөлім
1. Түс - көркем дүние
2. Ханша Дария шығармасының тақырыбы - Шыңғыс хан
3. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
4. Ханша Дария хикаясындағы түс көру мотиві

IV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау барысында біраз ізденіп, Әбіш атамыздың шығармашылығындағы әдеби түс көру тақырыбына тоқталуды жөн көрдім. Өзге түркі халықтары секілді қазақ халқының да түс жору салты бар. Әбіш Кекілбаевтың Ханша-дария хикаясы -- жарты әлемді жаулап алып, талай жұртты қан қақсатқан Шыңғыс ханның өмірінің соңы немен біткені жайлы аңыздардың бірі өзек болған шығарма. Ханша-дария хикаясын оқи отырып, түс көру, түс жору деректерін жинақтадым.
Ғылыми жұмысты жазу барысында қазақ халқының жазушысы Әбіш Кекілбайұлының тарихи шығармаларына талдау жасау және тарихи тұлғалардың рух жігерін дәлелдеуін негізге ала отырып жазылды. Жазу барысында Әбіш Кекілбайұлының өмір дерегі, шығармалары мен тарихынан мәлімет бере отырып, әдебиет әлемінде өзіндік із қалдырған шығармаларымен танысу.Тарихи тұлғалардың ұлылығын, қадір қасиетін, тарихтағы алатын орнын сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға тәрбиелеу.
Осы шағын ғылыми жобам құрдастарым мен қатарластарымның дүниетанымын кеңейтіп, саяси көзқарастарының қалыптасуына ат салысады деп ойлаймын. Бұл жоба өз жалғасын таба бермек.

.

Жазған - сызғанымның бас - аяғын түгендеп алдарыңызға ұсынып отырмын. Көңілдеріңізге қонып жатса, шексіз қуаныштымын.
Әбіш Кекілбаев

КІРІСПЕ
Әбіш әлемі - ғаламдық құбылыс
Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Əбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі, қоғамдық ісі көпшілікке белгілі. Әбіш Кекілбаев өзінің Азаттықтың ақ таңы туындысында Тағдыр мен тарих қоғам мен ұлт өміріндегі ең шешуіші оқиғалардың ортасында жүруге бұйырды. Сыртқы бақылаушы ғана болып қалмай, додаға түсіп, талқылы мәселлердің шешім табуына қолма-қол араласуға итермеледі. Қайта құру деп аталатын кезеңнен бері мен жазу столында табандап жұмыс жасай алмаппын. Көп уақытым мәжіліс столдарының басында өтіпті. Ол үшін өкінейін деп те отырғаным жоқ,-деп жазған екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Әбекең - әлемдік өркениеттің ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінберіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәсе - лелерде кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қай - раткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуа - сын жайып салады. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін!",-деген екен.
Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Оңды ауылында туды.1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемле - кет - тік университетінің филология факультетін бітірді. Қазақ әдебиеті, Лениншіл жас газет - терінің редакцияларында жұмыс істеді, Қазақ - фильм киностудиясының бас редакторы болды. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мәдениет бөлімінің сектор меңгерушісі, Президент Аппараты Мәдениет және ұлтаралық қатынас - тар жөніндегі референтурасының жетекшісі болды. 1992-1993 жылдары Егемен Қазақстан газе - тінің бас редакторы болды. 1990 жылы Қазақстан Республикасының он екінші және он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ұлттық саясат, мәдениетті және тілді дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикасының он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. 1995 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасы Прези - дентінің Мемлекеттік кеңесшісі. Сол жылы жел - тоқсанда бірінші шақырылған Парламент Мәжілі - сінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.
Әбіш Кекілбаевтың есімі мен шығар - ма - шылығы қалың қазақ қауымына, оның әдебиетсүйгіш оқырмандарына кеңінен таныс. Әбіш Кекілбаевтың ойлары, философиясы және жалпы рухани әлемі мұхиттай терең. Әбіш Кекілбаевтың әдеби әлемі шексіз дүние, көпқырлы, мағыналы мұра. Білімінің көкжиегі шексіз, бірегей тұлға, әрі жазушы, әрі әдебиеттанушы, ғалым, тарихшы, ойшыл, философ қана емес, мемлекетіміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген көрнекті мемлекет қайраткері. Бұл - ұлы жазушылардың арасында өте сирек кездесетін құбылыс, - деп атап өтті Қасым - ЖомарТоқаев. Әбіш әдебиет, мәдениет саласы мен өнерінің барша жанрына бірдей қалам тартты. Ол әдебиеттің шағын үрдісі - әңгіме-повест жанрларын шырқау шыңға шарықтатқан прозашы, романист-эпик қаламгер, ақын, дараматург, аудармашы, тарихшы, әдебиет сыншысы, публицист, кино өнерін ұймдастырушы, саясат-қоғам қайраткері. Ол осы салалардың бәрінде қызмет атқарды, сөз сөйлеп, қалам тартты. Оның қаламының қуаты мен қажырын үдере соққан желдей, қалың нөсер селдей десек артық емес, қай тақырыпта да оза шауып, оза келіп тұрды. Талантты кісі қай істеде де талантты деген сөзді Әбішке қарата айтса болады деп өзінің Әбіш ата туралы мақаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай жазған екен.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Түс - көркем дүние
Адам өміріндегі ең жұмбақ, сырға толы құбылыстардың бірі - түс көру. Көбіміз ұйықтаған кезде миымыз тынығады деп ойлаймыз. Сахабалар Сүйіншілеу деген не? деп сұрағанда пайғамбарымыз Ол - түс деп жауап берген. Исламда түс үшке бөлінеді, олар: Алладан келген, шайтаннан болатын және адам өмірінде болып жатқан күнделікті тіршілікке, ойда жүрген нәрсеге қатысты түстер. Мұны қазақ халқы Түс - түлкінің боғы деп атайды. Алла тағала бізге түс арқылы өмірде болатын жақсылықтан хабар береді немесе ескертулер айтады. Түс көру дені сау адам үшін ешбір артық құбылыс емес. Оны қарт та көреді, жас та көреді. Түс әртүрлі болып көріне береді. Тіпті, кейде кәдімгі түрлі-түсті кино көргендей болу да ғажап емес. Ол қызықты да әсерлі, үрейлі де қуанышты, жайсыз болып кездесе беретіні белгілі. Түстің өзін ғылымда күнделікті әрекеттен болған күйзеліс пен қуаныштың нәтижесінде пайда болатын дүние деп сипаттайды. Ал әр халықтың өз тұрмыс-тіршілігі мен күнделікті өмірі, әдет-ғұрпына байланысты түс көру түрлері де болады.
Адамзат тарихында шешімін таппай, жанын жегідей жеп, қиналып жүрген істің түсінде шешімін оп-оңай тапқан кездер де болған. Мысалы, орыс химигі Д.И. Менделеев өзін әлемге танымал еткен химиялық кестесін, яғни, химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көріп, қағазға түсірген. Ал, неміс химигі Ф.А. Кенуле бензолдың құры - лым - дық формуласын да түсінде көріп, соны ертеңіне қағазға жазыпты. Белгілі жазушы Ф.Д.Достоевский Жасөспірім (Подросток) атты романының негізгі сюжетін түсінде көрген. Көрнекті орыс ақын-жазушылары А.С.Пушкиннің, В.Маяковскийдің, А.А.Феттің шығармашылығында да түс көру, соңынан оларды жырға қосып, поэмаға айналдыру ерекше орын алған. Мұндай қызықты мысалдарды басқа белгілі өнер адамдарының творчестволарынан да кездестіруге болады. Мысалы, ХVІІ ғасырда өмір сүрген итальян сазгері Джузеппе Тартини түсінде скрипкада ойнап отырған шайтанды көреді. Шошып оянған сазгер скрипканы қолына алып, құлағында қалған әуенді қайталап шығып, нотасын қағазға түсіреді. Бұл оның өміріндегі ең үздік шығармаларының қатарына қосылады. Осы сияқты мысалдар басқа талантты өнерпаздардың, суретшілердің және де басқа есімдері тарихта қалған ұлы адамдардың өмірлерінде аз болмаған.
Түс -- көркем де терең, философиялық, танымдық маңызы зор туынды іспеттес. Өз құрылымы, өз жүйесі, кейіпкерлері бар. Соның бәрі қосылып, бағыттайды, жөн сілтейді, тіпті, қажетінде тәлім-тәрбие де береді. Нендей қателік жасағаны - мызды, не істеу керектігін көптеген түстеріміз дәл айқындайды. Егер назар салсақ, қауіп-қатерден де сақтандырады. Шым-шытырық оқиғаны талдағаныңдай, қиын жұмбақты шешкеніңдей, көрген түсіңді барлап-зерттеу оңай емес. Әлемнің өзге ұлттары сияқты халқымызбен бірге жасап, қаймағы бұзылмай келе жатқан магиялық фольклордың бір түрі -- түс көру және оны жору. Түсте адам санасы шеңберден шығып, шетсіз-шексіз әлемді игереді, кеңістік пен уақытқа тәуелді болмайды. Сондықтан түсті көруден гөрі, оны жоруға ерекше мән беріліп отырған. Қазақ дәстүрлі қоғамында да түс көруге бей-жай қарамағанын, айрықша ден қойып, мағынасын жорығанын фольклорлық мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, Түс -- балқыған қорғасын, оны жақсылыққа жорысаң -- жақсы ниет қабыл болып, жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң -- жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым қалыптасқан.
Көрген түсті міндетті түрде талдап, жору -- қай халықта да берік сақталған салт-дәстүр. Әдебиетші ғалым Х. Досмұхамедұлы бұл жөнінде былай дейді: Түс жорудың (снотолкование) қазақтар арасында да үлкен мәні бар екені ежелден белгілі, сол себепті де ел ішінде арнайы мамандар -- түс жорушылар да ұшырасады. Бұрынғылардың айтуынша, түс жору Перғауынның (Фараон) түсін болжаған Жүсіп пайғамбардан басталады. Әрбір қазақ түсін біреуге жорытуға тырысады және осы жору сөзге әрдайым сенеді. Қыз Жібек, Қозы Көрпеш және т.б. жырларда түс көру мен оны жорудың поэтикалық суреттемелері баршылық [5,25]. Х.Досмұхамедұлының айтып отырған түс жорушы мамандары әлі де кездеседі. Олардың небір үлгілері халық прозасы мен көркем туындыларда көрініс тапқан.

.

Ханша Дария шығармасының тақырыбы - Шыңғыс хан

Әбіш Кекілбаев Ханша-дария хикаясын 1970 жылдары отыз жасында жазған философиялық иірімі терең, Шыңғыс ханның өлімі туралы толғанып жазған классикалық туынды. Ә.Кекілбаев - қазақ әдебиетінде Шыңғыс хан образын сомдаған бірінші жазушы. Тарих төрінен орын алған, тарихи дамуға ықпал еткен ұлы адамдар туралы жазу оңай емес. Оның үстіне Шыңғыс хан -ұлы қолбасшы, көреген саясаткер немесе қаныпезер жаулаушы, қатыгез, қанішер десең де сыятын, қай бағаң да қалт кетіп жарымайтын дара тұлға.
Ханша Дария романының оқиғасы өткен жерлер: Моңғолия аймағы. Бұл мекендер шығармада суреткерлікпен дәл бейнеленген.
Бұл өзі әлде шындық, әлде өтірік,
Ақиқатын білетін адамдарды
Жіберген уақыт өзі көрге тығып.
Еркін Ібітанов.
... Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ - Сары өзен, тибеттіктер Мачу - Қызыл өзен, маңғұлдар Хара-Мұрэн - Қара өзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол -Ханша-дария десеңіз бәрі де түсіне қояды. Неге олай? Күз таңының сұйқылт суық нұры шатырдың іш іне енді-енді жайыла бастағанда ол ұйқыдан оянды. Бүгінде таңертең төсектен тұрғанда таңдайынан дəмі кетпей тамсанып отыратын баяғы балқаймақ ұйқы жоғалған. Жан-жағындағы сатыр-сұтыр ат дүсірін де естімей, ердің басына қамшыңды тіреп, маңдайыңды соған қойып, сəл мызғысаң, қыз қойнынан өргендей көңілің бүрлеп сала беретін қунақылық та ұмыт болыпты. Күнде жатарда жеті кісіге қаратып, жеті əйелге қайта салдыратын құс мамық төсекке алғаш жатқанда, əлгі ауыздарының суы құрып, айта беретін пейіштерінің де тап осыдан артықтығы шамалы шығар деп ойлайтын. Қазір суық тиеді. Сол қомағай жібектің мұз боп қарығанынан құдды бір суық жердің қойнына кіріп жатқандай тұла бойы түрш ігіп, біразға дейін көз іліндіре алмайды. Онсыз да ерғашты көңілі бетімен лағып, əр нəрсені бір ойлап, зорға ұйықтайды. (шығармадан үзінді)
Шығарманың басы ұйқымен басталып, түспен өрбиді. Шығарма сюжеті түспен өрілген, түске негізделген. Кейіпкерлер түс көре отырып, оқиғалар жалғасын табады.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпия - сы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпия - ға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдер - ді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұй - рығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісін - ше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарың - нан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған. Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Ә. Кекілбаевтың Ханша дария хикаясының тақырыбы - Шыңғыс хан. Ханша-дария хикаясы (1968) повесінің идеясы - жауыздықты, қанішерлікті, тойымсыздықты әшкерелеп, адалдықты, пәктікті, адамдықты ардақтау. Хикаят кіріспесіне назар аударайық: ... Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ - Сары өзен, тибеттіктер Мачу - Қызыл өзен, маңғұлдар Хара-Мұрэн - Қара өзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол - Ханша-дария десеңіз бәрі де түсіне қояды. Неге олай? [6,1]. Автордың айтпағы - осы Ханша Дария аңызы... Яғни басты тұлға - аңызға кейіпкер болған. Шығыстағы ұлы өзеннің атын иеленген таңғұт ханымы, Азия ханшасы...
Шыңғыс хан өлімінің себептері жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі пікірлер бар. Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен. Шыңғыс хан өлімі туралы тарихшылар пікірі де әртүрлі: бір деректерде үнді елінен жорықтан келе жатып, ауырып өлсе, енді бір деректерде Арбух тауында құлан атып жүріп, аттан құлап өліпті дейді. Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ болады. Ал ресми мәліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Қытай тарихшылары басқа дерек айтса, маңғұлдың кейбір тарихшылары Таңғұттың асқан сұлуы Гүрбелжіннің қолынан өлді дегенді айтады. Біз талдайтын хикаятта осы соңғы нұсқа, моңғолдың тарихшыларының келтірген деректері көркемдік шешім табады. Ел аузындағы аңыз бен тарихи дерекке сүйенген жазушы көргені мен естігенін көркем дүниеге айналдырған. Тарихи тақырыпқа жазылған бұл шығармаға Шыңғыс хан тұлғасына қатысты аңыз негіз болғанымен жай фон үшін ғана алынғаны шындық. Шығармада тарихи дерек нақты суреттелмейді.
Ханша - дария хикаясы повесін оқып отырып, жарты әлемді қылыштың жүзі, найзаның ұшы, аттың тұяғы, білектің күшімен бағындырған, көшпелілердің қуатты ұлы империясын құрған Шыңғыс хан өміріне қатысты бір аңыздың суреткер призмасы арқылы қалай өткенін, тарағанын көреміз. Көп уақыт бойы қаһарлы да қатыгез ұлы әмірші бейнесі әдебиеттерде бұрмалана кескінделіп, адамнан гөрі, құбыжыққа ұқсаңқырап келгені белгілі. Ұлы Әміршіден адамды көру, адам бейнесін жасауға ұмтылу, сол арқылы шығарманың көркемдік тұтастығын біражола бекіту - аталмыш повестің басты мұраты.
Шығарманың негізгі тақырыбы - Шыңғыс хан. Қаламгер өз шығармасында ұлы Шыңғыс ханның да пенде екенін, адам екенін басты идея еткен. Оның да осал тұсы болатындығын жазады. Адамзатқа тән осалдыққа ол да ие. Адам баласы ұлы сезім махаббаттың алдында дәрменсіз. Шыңғыс хан да осы орайдан табылады. Аңдамай басқан бір қадамның өмір бойы ешкім таптай алмаған намысын мен мен жеңе алмаған тәніңді аяқ асты етуі мүмкін. Шыңғыс хан да күтпеген жерден қырсыққа ұрынады. Ешкімнен айласын өзінен асырып көрмеген хан бір-ақ сәтте соқыр сезімнің құлына айналып, нәзік жыныстының қолынан құрбан болады. Бар ғұмыры күреспен, жеңіспен өткен ханның өлімі жайлы сыр шертетін хикаяттың көркемдік шешімі осындай. Туған сәтінен бастап Тәңірінен талай сый алған тумысы ерек ұлы билеуші осындай сұмдыққа кез болды. Бұл орайда, шығарма өмірге келген кезеңдерде жазылған көрнекті сыншы Сағат Әшімбаевтың мына бір пікірі ойымызды бекіте түсетіндей: Гүрбелжіннің Шыңғыс ханға жасаған қастығы жайдан жай, кездейсоқ әрекет емес. Әйел жүрегінің түкпірінде қордаланған, аяусыз тапталып жоқ болуға айналған туған Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің бас көтеруі. Ондай қастықты күбің күйкі әрекетпен шатастырмау керек. Отанына шын берілген адал жанды арлы әйел сол жерде болмағанымен, басқа орында болсын сол қастандыққа баратыны сөзсіз.
"Ханша-дария хикаясының'' өзі де - мәңгіге қыз ғұмыр болып қала беретін құнды шығарма. Әдебиеттегі ғұмыры шексіз осындай құнды шығармаларды тасқынды судың ағысына ұқсатсақ ол да өмір өзенінің салынды басқан, сапырылысқан лайсаң аяғынан емес, төбесінен үңілгенде бейне түбінен көрінетін мөлдірей аққан тұп-тұнық басынан табыла бермек. "Күштіліктің шын аты - Мәңгілік" дейді Әбекеңнің өзі аңыздың ақырында. "Ханша-дария хикаясы-сол Мәңгілігін өзін басыбайлы еншілеп алған шынайы, шығарма. "Таңғұттардың Шидүрге деген бір бекзадасының Гүрбелжін деген әйелі қараңғы үйге кіріп барғанда, самаладай жарқырап кетеді дейді" - қаңғалақтаған қаукөкірек Қасар мергеннің осы бір ауыз сөзі тойымы жоқ кеудесін Қанеке жайлаған әміршінің тоғайрағынатағы бір құрбандықты шақырды. "Шыңғыс хан ойланып қалды". Оның ойлануы тағы бір ойранның басы болды да шықты. Таңғұт елі хан талапайға түсті. "Жер бетінде жалғыз таңғұт тірі қалса менің кегімді жоқтайды" - деген еді Шидүрге. Солай деген Шидүргенің көз алдында таңғұттың ең соңғы алпыс боздағының басы алынды. Алпыс бірінші бас Шидүргенің өзінікі болды. Буаз әйел біткеннің құрсағы қанжармен қарналды. Шыңғыс хан сол тұл төсек ордасына жерленіпті. Ұлы орданың екі үйі де сонда. Хан сүйегі салынған күміс табыт соның бірінің ішінде деседі. Басына әуелі жыл сайын адам шалынады екен, кейіннен тибеттіктердің дін басысының әмірімен жылқы шалынатын бопты. Баяғыда Гүрбелжін Шыңғыс ханнан қапай кек алатынын айтып көгершін аяғына хат байлап жіберген екен. Сонда сүйегімді судың аяғынан емес басынан іздеңдер депті. Жұрт жыл бойы сарсылып іздеп, сол меңзеген тұстан ханшаның сүйегін тауыпты. Ол Темір-Олхо деген маңай екен. Шыңғыс ханнан кек қайтарған арудың денесіне тауап етіп салынған топырақтан басы биік төмпекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы түс көру мотиві
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Тіл - көркем әдебиеттің негізгі құралы. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Пәндер