Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ҮҚазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Араб тілі кафедрасы

Академик Махмуд Фахми Хиджази және тіл мәселелері (2001-2012 жж)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы - «6B01701 Шетел тілі: екі шетел тілі»

Алматы 2021

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

«Академик Махмуд Фахми Хиджази және тіл мәселелері (2001-2012 жж) »

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы - «6B01701 Шетел тілі: екі шетел тілі»

Кафедра меңгерушісі ФАӘ

Орындаған Ф. А. Ә. Тұрсұнғазыева Ф. Б

Ғылыми жетекші т. ғ. д., проф. Ф. А. Ә. Ш. Керім

Норма бақылаушы Ф. А. Ә.

Алматы 2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . 3

  1. Махмуд Фахми Хиджази кім?Махмуд Фахми Хиджазидің өнегелі өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі. ” . . . 10

1. 2 Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі ……5

II. Академик Нұр-Мүбарак университетінің ректоры

2. 1 Махмуд Фахми Хиджазидің ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған ислам университетінің тарихында алатын орны . 5 .

2. 2 Еліміздегі қоғамдық іс - шараларға қатысуы. 10

2. 3 Қазақстанда қызмет атқарған аралықтағы жазылған еңбектері мен мақалалары . . . 4

Қорытынды5 . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . .

Қосымша (лар) . .

Кіріспе

Осы кездегі өрені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Қазақ жерінде ислам дінінің өркендеуіне зор үлес қосқан, қазақ жастарының білімінің молайып, ақыл парасатының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі - Махмуд Фахми Хиджази .

Қазақ рухани тарихында Хиджази ұстаздың есімі аталып, бірді-екілі кішігірім мақалаларға арқау болғанымен, қарап отырсам ол кісінің шығармашылық өмірбаяны, Қазақстанда қызмет атқарған жылдардағы (2002-2014) қоғамдық қызметі, елдегі діннің, тілдің дамуына қосқан үлесі жайлы арнайы зерттелмеді.

Диплом жұмысының өзектілігі - Нұр-Мүбарк университеті тарихының бір бөлігі болып саналатын академик Махмуд Фахми Хиджазидің ректорылық қызмет жолын алғаш рет тұтастай толық қарап, оның еліміздегі тіл дамытуға қосқан үлесі мен бағыттарын анықтау. Ғалымның араб жерінде ойып алар орны бар екені сөзсіз, алайда біздің ана тілімізде ол кісі жайлы ешқандай ауқымды дерек жоқ. Академик араб және шетел шығыстынушыларының тілді зерттеу, араб тілінің мұсылман әлемінде зерттелу деңгейі, ата мұраны зерттеу, араб тілінің әлем сахнасындағы орны, араб елдері және халықаралық деңгейде араб тілін үйрету, тілді үйретудің қыр-сырлары, сөздіктер жасаудың жаңа бағыты, Таха Хусейннің тіл және мәдениет туралы көзқарасы, тіл білімі мен ауыз әдебиеті, ұлттық әдет ғұрыпты зерттеу мен тілдің байланысы, есімдерді зерттеу, тілдік топтар, тіл біліміндегі жаңа бағыттар, компьютер және сөздік жасау, қазіргі араб әдебиетіндегі Европа бейнесі т. б. көптеген тақырыптарға қалам тартқан . Сондай - ақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру мен оқу - әдістемелік бағдарламаларды дайындауда көп еңбек еткен . Араб тілін шетелдіктерге үйрету, араб тіл білімінің шетел ғылымында дамуына ерекше көңіл қойып, бұл жолда үлкен қызметтер атқарған . Сөздіктер, энциклопедия, Ғылыми журналдар шығару, аударма мен терминдер мәселесіне қатысты қыруар еңбек еткен. Ғалымның мақалалары, еңбектерінің, тұжырымдарының арқауында адамзаттың құндылықтарын аялау керек деген ұстаным байқалады .

Дипломлық зерттеуге арқау болып, бұрын ғылыми айналымға түспеуі себепті алғаш жалпы шығармашылық тұтастық күйінде арнайы сөз болуы және академиктің елімізде сүріп өткен дара жолының ауқымында саралануы тақырыптың зәрулігін анықтайды.

Махмуд Фахми Хиджазидің еліміздегі өмір жолын түбегейлі зерттеп, оның басты ерекшеліктерін, атап айтқанда, университет құрудағы көшбастаушылық, жетекшілік ролін, араб тілін үйретудің маңыздылығын тереңірек зерделеу қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде университет тарихында, тіпті мемлекеттік деңгейде арнайы ғылыми зерттеу арналмаған Махмуд Фахми Хиджазидің шығармашылығы мен қызмет жолын толықтай зерделеп шығу тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының мәні: Нұр-Мүбарак университетінің жиырма жылдық тарихында 13 жыл ректор болған Махмуд Фахми Хиджазидің тіл біліміне, университетімізге сіңірген еңбегімен бөлісу.

Зерттеу жұмысының болжамы: Біздің мақсатымыз, қолда бар материалдарға, мұраларға сүйене отырып, Академиктің ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту. Сондықтан да біз көбінесе Хижазидің өзінің таза ғылыми еңбектерінде, ол кісі жайында жазылған кітаптарда келтірілген деректерге сүйенеміз.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Махмуд Фахми Хиджазидің өмірі мен шығармашылығы ғылыми тұрғыда қазақ тілінде арнайы зерттелген емес. Ғалымның мұраларына қатысты жеке зерттеу еңбек Бакр Исмағил Кусуфидің «Ұстаз Махмуд Фахми Хиджази және оның тіл білімі мен әдебиетке қосқан үлесі" атты кітабындағы құнды пікірлер айтты. Әр түрлі газет-журнал, сайттарда академик жайында мақалалар мен естеліктер жазылды. Ректор құрметті қонақ болған немесе сөз сөйлеген баспасөз бетінде жарияланған конференциялар, симпозиюм, қоғамдық іс-шаралардың аты аталып кетеді.

Ғалымның аты аталып өткен әр дүние оның мұраларына, оның тілдің, діннің дамуына қосқан үлесіне ғылыми тұрғыдан баға беретін татымды дүниенің бастауы, бір арнасы ғана. Алайда Академик шығармашылығын кеңінен қарастырып, әдеби-тарихи контекстте байыптау, сол арқылы ұстаздың өзіндік дара бітімін ашып, тіл дамудағы, рухани өмірдегі орнын айқындау, зерттеу кешеуілдеп келді. Әдеби-тарихи кезеңді объективті бағалауға қолайлы жағдай жасалуы, сондай-ақ әдебиет тарихына қатысты көптеген деректердің жиналуы, молығуы әлі күнге тұтас зерттеле қоймаған көрнекті шығармашылық өкілдерінің өмірі мен әдеби мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан таразылауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - өз отанын қалдырып, елімізде, Орта Азияда дінді, араб тілін, мұраларын дамытуды мақсат тұтып келген Академиктің еңбек жолын бір жүйеге жинақтау, оның университет құрудағы жетістіктерін айқындау және көркемдік өрнектеріне талдау жасау арқылы тұтастай баға беру болып табылады. Сол себепті Диплом орындау барысында ректордың 2002-2014 жылдар аралығындағы еңбек жолы жүйеленіп, мазмұндық мағынасына орай сипатталды.

Негізгі мақсатты орындау үшін осы Дипломлық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Махмуд Фахми Хиджазидің өмір сүрген дәуірдің қоғамдық саяси-әлеуметтік сипатын саралай отыра, оның жекелей ғұмырнамасы мен әдеб ортасына баға беру;
  • Махмуд Фахми Хиджазидің біз білмейтін қырларын ашу:
  • Хижазидің еліміздің тыныс- тіршілігіне етене араласуы .
  • Академик туралы әдеби-тарихи мағлұматтарды, архивтік деректерді, жеке адамдардағы материалдарды жинастырып, оны толықтырып, жан-жақты сараптау жұмыстары жүргізілді;
  • Ақынның тіл білімінің дамуына қосқан үлесін анықтау, шығармаларын атап өту;
  • Лингвист туралы айтылған әр қилы ой-пікірлерге, түрлі материалдарға назар аудара отырып сараптамалар жасау;
  • Махмуд Фахми Хиджазидің университет дамытуы, жетілдірудегі үлесін,

шеберлігі мен кәсіпқойлық деңгейіне сипаттама беру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ХХІ ғасырда қазақ жеріндегі араб тілінің кеңінен таралуына өз үлесін қосқан, соның ішінде, салыстырмалы тіл білімі мен өзге тілде сөйлейтін адамдарға араб тілін үйретуді дамытып жетілдірген Махмуд Фахми Хиджазиді қазақ әлеміне таныстыру, университеттің тарихының бір бөлшегі болатын жұмыс ұсыну, академиктің еңбек жолының алғаш рет толықтай жинақталып зерттелуінің өзі тақырыптың ғылыми сипатын көрсетеді.

Хиджазидің Қазақстандағы қызмет жылдарында зерттеу барысында Дипломлық жұмыстың жаңалықты тұстары төмендегі мәселелерден көрінеді:

1. Махмуд Фахми Хиджазидің шығармашылық өмірбаяны тұңғыш рет қазақ тілінде біртұтас жүйеде қарастырылып, осыған дейін түрлі жинақтарда, баспасөз беттеріндегі әр қилы пікірлер сараланып, оған тұжырымды дәлелдер беріліп, ғылыми тұрғыда сарапталды.

2. кейбір мәселелерін қазіргі жаңа көзқарас тұрғысында бағалауға талпыныс жасалып, зерделенді.

3. Дипломлық жұмысты жазу барысында Махмуд Фахми Хиджазидің бұрын еш жерде басылмаған, баспасөз бетінде жарияланбаған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорынан және ұрпақтарынан алынып, оларға тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізілді.

4. қосқан үлесі сараланды.

7. Академик жайында жекелеген мақалалар көлемінде болмаса, Дипломдық тұрғыдан зерттелмеген. Ғылыми нәтижесі тұңғыш рет қазақ тілінде ғалымның қызметі, еңбек жолы, шығармашылығы жан-жақты жинақталап, талданып көрсетілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы . Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдардың, қорытынды пікірлердің практикалық мәні үлкен. Ғылыми нәтижелерді Қазақстан тарихына, тіл білімі, салыстырмалы тіл біліміне қатысты зерттеу жүргізгенде, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің араб бөлімдерінде ашық сабақтар өту барысында, арнаулы курстар мен семинарларда, сондай-ақ араб тілі оқытылатын мектептерде сабақтарда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Дипломлық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде ғылымының жетістіктері, ғылыми ізденістері басшылыққа алынды. шығармашылығын қарастырған еңбектер зерттеуіміздің негізгі методологиялық әрі ғылыми тірегі болды. Сонымен қатар араб ғұламалардың Диплом мәселелеріне қатысты зерттеулері мен ой-пікірлері негізге алынып, тақырыпты игеру барысында әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломлық жұмыста жүйелі-кешенді, тарихи-хронологиялық-сипаттамалы талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нысаны және негізгі дерек көздері ретінде , әр жылдар мерзімді басылымдарда жарық көрген шығармалары, қолжазба қорында сақталған мұралары, өмірбаяндық очерктері, баспасөз беттерінде жарияланған сын-зерттеу материалдар, танымдық мақалалар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен сарапталуы. Дипломлық жұмыс нәтижелері мен тұжырымдары белгіленген тиісті

Диплом жұмысының құрылымы. Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлім

Бойынан азаматтығы, кісілігі есіп тұратын, парасат-пайымы бөлек, ой өлшемі ерен, әр сөзі нәрлі, жан-жағына шуағын төгіп жүретін жандар болады. Солардың қатарына әлемдік дәрежедегі лингвист Махмуд Фахми Хиджазиді қоса аламыз. Академик Махмуд Фахми Хиджази 1940 жылы қаңтар айының бірінде Мысырда дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жері Дакахлия губернаторлығы, Мансура орталығы. Тал бесіктен белі шыққалы тағылымды тәрбие алып өскен ол, бала кезінен-ақ тілге махаббаты оянады, кейін тіл мен әдебиетке деген қызығушылығы оны тек өз елінде ғана емес, басқа да мемлекеттерде білім алуға, жоғары лауазымды қызметтер атқаруға жол ашты.

Алғаш есігін ашқан жоғарғы оқу орны Каир университеті болды. 1954-1958 жылдар аралығында Каир университеті филология факультетінің араб тілі мен әдебиеті бөлімінде білім алады. Өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысты. Таха Хуссейн, Шауки Даиф жәнеСухейр Аль-Калмавидің тәлім-тәрбиесінде болды. Сол кездегі университет тарихында бакалавр дәрежесінің ең үздік тәлімгері. Каир университетінің ең жас түлегі және өз қатарластарының ішінде бірінші болып магистр дәрежесін тәмамдайды. (1958, 1959жж) .

Сол уақытта жоғары білім министрлігі жанындағы Аль-Алсун факультетіне қарасты неміс тілі бөлімініде жүріп, неміс тілін еркін меңгереді. Алғашқы мысырлық неміс тілінің мұғалімі болды.

Белгілі бір мақсат соңында жүрген соң жететін биігің, алатын асуың болады. Сол мақсаттарды бағындыру жолында, өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында Германияға докторлық дәреже алуы үшін оқуға жіберіледі (1960-1965 жж. ) . Эрланген федералды университетінің философия факультеті, шығыстану бөлімінде 1960 - 1961 жж., кейін Мюнхен университетінің философия факультеті - семиттік лингвистикалық зерттеулер бөлімінде 1961-1965 жж оқыды, неміс тілінде докторлық диссертациясын Мюнхен университетінде 29. 06. 1965 жылы қорғаған. Мюнхендегі Гете институтының неміс тіліндегі дипломына, 1961 жылдың ақпан айында Эрланген университетінің иврит тілінің дипломына ие. Эрланген және Мюнхен университеттерінің лингвистика және салыстырмалы әдеби лингвистикалық зерттеулер бойынша сертификаттарға қол жеткізген .

Бес жылдан астам уақыт ішінде салыстырмалы тіл білімі курстарын, тіл біліміндегі әдіснамалық кустар, тіл саласына мамандандырылған (шығыс және еуропа ) курстардан өтті және лингвистикалық талдау әдістемесі бойынша академиялық біліктілігін арттырып, іліміне білім үстеп, тәжірибесін молайтты.

«Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні рас. Тарихтан белгілі ғұламалардың өзі мұны сол заманның өзінде қолға алып, келер ұрпаққа ой тастаған. Мәселен, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби жетпіске жуық тіл білгені тарихтан белгілі. Өйткені, ғылым мен білімнің дамуы да тілді үйренумен тікелей байланысты. "Көп тiл бiлген көптi iлер" деген де бар. Сондай полиглоттар қатарына Хижази ұстазды жатқызамыз. Tіл тек қана қатынас құралы ғана емес, өзі тілін үйреніп отырған ел мәдениетінің кілті деп түcінген ізденуші Шығыс пен Батыстың мәдениетін тең игерген . Ол шет тілдерін жақсы меңгерген. Тілдерде сөйлеп қана қоймай, сол тілдерде еңбектер жазды, аудармалар жасады. Неміс, ағылшын және француз тілдерінде, сондай-ақ еврей және арамей тілдерінде, ежелгі семит тілдерін еркін меңгерген, суахили, латын, түрік тілдерін білген. Неміс және ағылшын тілдерінде дәрістер оқып, француз тілінде еркін сөйлей білді. Араб, неміс және ағылшын тілдерінде бірқатар кітаптардың авторы болды.

Өз еңбек жолында терең ізденіс пен ұдайы алға ұмтылу ұстанымына берік болған ол тіл білімімен байланысты жүздеген мақалалар мен ғылыми жұмыстардың, 12-ден астам кітаптар мен анықтамалық жұмыстардың авторы.

Жеке басылымдары:

[1] Аль-Серафи методологиясындағы лингвистикалық анализдегі неміс тіліндегі 1965 ж.

[2] Ғасырлар қойнауындағы араб тілі 1968 1968 ж. (Каир 1968 ж., Бірнеше басылымдары) ;

[3] Мұра мен заманауи оқу бағдарламалары арасындағы лингвистика (Каир 1970 ж., Бірнеше тілдерде басылған) ;

[4] Араб лингвистикасы - Кувейт 1973 - Бірнеше басылымдары басылды. Араб лингвистикасы - мұра мен семит тілдері аясында салыстырмалы тарихи кіріспе (Кувейт 1973 ж., Бірнеше басылымы қайта басылды) ;

[5] Тіл біліміне кіріспе - Каир 1975, 1979, 1984, 1997. (Каир 1975, бірнеше басылымдары) ;

[6] Аль-Тахтауи бойынша қазіргі араб ойының бастауы - Кувейт және Каир - 1975 ж. Аль-Тахтауидің қазіргі араб ойларының пайда болуы (Кувейт, содан кейін Дар-Ғариб баспа және баспа ісі үшін, Каир 1975) ;

[7] Терминология ғылымының лингвистикалық негіздері, Каир 1993 ж. термин ғылымының лингвистикалық негіздері (Каир 1993) ;

[8] Лингвистикалық зерттеулер, Каир 1993 ж;

[9] Қазіргі заманғы араб тілі, Каир 1997 ж. Қазіргі дәуірдегі араб тілі (Каир 1997) ;

[10] Қолданбалы лингвистика . . . Таңдамалы мәселелер, Каир, 1998 ж.

[11] Таха Хусеиннің өмірі мен көзқарастары (Каир 1998) ;

[12] Мәдениетаралық диалог, араб мұралары және қазіргі араб әдебиеті туралы неміс ғылыми әдебиеттері туралы және Франкфурт халықаралық кітап көрмесіне орай араб елдеріндегі неміс зерттеулері туралы (2004) ;

[13] Тіл саясатындағы үрдістер (Эр-Рияд 2015) .

Профессор доктор Вулфдричтің 1994 жылы құрметті кітабын және профессор доктор Юсеф Халифтің мемориалдық кітабын шығаруды басқарды. Сондай-ақ, Al Siyasa апталық журналы - «Аль-Такафа» және Мысырдағы ең көрнекті мәдениет қайраткерлері Амин Эл Хоулиді, доктор Мұхаммед Фарид Абу Хадидті еске алуға арналған көптеген кітаптар шығаруға арналған көптеген ғылыми жұмыстар ұсынылды.

Анықтамалық ғылыми жобалары: Оның алғашқы жұмысы бір томы 1500 бағаннан тұратын неміс-араб сөздігі болды. Неміс авторы Г. Шрегичпен және үш араб профессорымен бірлесіп жазған. Ол алғаш Висбаденде, содан кейін Бейрутта (бірнеше басылым) болып жарыққа шықты, оның авторлығы 1970 жылы аяқталып, кейін оның толық нұсқасы б. з. д. 173 ж. басылып шықты.

Профессор Махмуд Хиджази доктор әл-Саид Мұхаммед Бадауи, доктор Али Ад-Дин Хилал, Фарук Шоуша және бірқатар сарапшылар мен редакторлармен бірге Сұлтан Кабус араб есімдерінің энциклопедиясын (8 томдық) жоспарлап, бақылаған. Ол екі томдық «Араб атауларының сөздігі», төрт томдық «Араб атауларының тізімі» және Оман туларының анықтамалығы (бір томдық) және «Араб атаулары» әдістеме (бір том, ол қазіргі заманғы ғылыми атаулардың статистикалық, лингвистикалық және әлеуметтік аспектілерден алынған қазіргі заманғы анықтамалық еңбегі) Маскатта Оман 1990-1991 жж. басылған. Фуад Сезгининнің «Араб мұрасының тарихы» еңбегін аударды, зерттеді. (10 томдық, 1983 жылы Эр-Рияд қаласында басылды) . Бұл неміс тілінде жазылған еңбек араб мұраларын зерттеудегі қазіргі заманғы маңызды сілтемелердің бірі. Карл Брокельманның «Араб әдебиетінің тарихы» (7-19) бөліктерін аудармасына жетекшілік етті (1993 жылы Каирде басылып шыққан) . Араб мұралары мен оның қолжазбалары саласындағы осы анықтамалық жұмыстардың бір бөлігін аударып, кітаптың бүкіл 12 шығарылымын толық басылымына жетекшілік етті, оның 9 томы осы уақытқа дейін Каирде сақтаулы. . Аталған екі еңбектің де қазақ даласынан шыққан орта ғасырлық ғұламалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеуде мол маңызды дереккөзі қызметін атқаратынын атап өткен жөн .

Өнегелі өмірі мен еселі әрі нәтижелі еңбек жолында жинақтаған зор тәжірибесі, атқарған қызметі оны марапатсыз қалдырмады. Қажырлы да қызу, табанды еңбекпен табысқа кенеліп, ақжарма алғысқа бөленеді. Ол көптеген медальдарға ие болды, және оған көптеген халықаралық лауазымдар тағайындалды, бұл тек оның тәжірибесі, талғампаздығы, жоғары шеберлігі, әсіресе ғылым, мәдениет және тіл саласындағы еңбегінің жемісі.

Араб зерттеулері институтының лингвистикалық ғылымдарының профессоры және қазіргі заманғы лингвистикалық мәселелер саласындағы институттың әдебиет жетекшісі. 1997 ж

Ол көптеген ғылыми комитеттерге қатысып, осы салада көптеген жетістіктерге жетті және оның қосқан үлестері:

Сала саңлағы, еңбекқор басшы, абыройлы азаматқа Германия Федеративті Республикасының (1997) бірінші дәрежелі Федералды Құрмет Орденімен және Каир Университетінің гуманитарлық ғылымдар саласында алғыс сыйлығымен (1998) және Египет Араб Республикасы әдебиет саласындағы еңбек сіңірген сыйлығымен (2000) және 2013 жылдың 14 желтоқсанында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Шапағат» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, профессор, Халықаралық дәрежедегі қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры атағы бар докторлық атаққа ие болды, Қазақстан Республикасы (Алматы), 2004 ж. 2013 жылы тіл білімінің дамуына қосқан үлесі үшін Король Фейсал сыйлығы берілді.

Қаншама жылдар бойы білім жолында ізденген, магистратура, докторантура тәмамдап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты және көптеген елдерге жасаған сапарлары, осының бәрі оған үлкен тәжірибе мен кез-келген уақытта жол тауып шығатын қасиет берді, сондықтан оның күш-жігерін бағалап көптеген академиялық және ғылыми лауазымдарға тағайындалды. Оның ұстанымын, қабілетін, күш-қуатын және жолында кезіккен қиыншылықтардан шыға білетін қабілетін ескере отырып, оның университеттік қызмет жолы келесідей:

Каир университетінің өнер факультетінің тіл ғылымдарының профессоры және Египет ғылыми қоғамының мүшесі (1995 жылдан), 1975-1980 жылдар аралығында ALESCO Халықаралық ұйымы Бас директорының кеңесшісі, Каир университетінің профессоры (1978), 1984-1993 жылдар аралығында ISESCO Халықаралық ұйымының тіл жөніндегі сарапшысы, 1985-2001 жылдары Египет Араб Республикасы Жоғары білім министрлігінің профессорлық дәрежесін тағайындайтын Комитет президенті, 1994-1997 жылдары ЕАР Үкіметі жанындағы Ұлттық кітапханалар мен мұрағаттау комитетінің төрағасы, 1999 жылдан ЕАР Араб тілі академиясының академигі болды. Ал 2002 жылы Қазақстанда ашылған алғашқы және жалғыз ислами жоғары білім ордасы - Нұр-Мүбарак университетінің ректоры болып тағайындалды. Ол сонымен бірге Египет ұлттық кітапханасы мен архивтері жөніндегі бас органның директорлар кеңесін басқарды (1994-1997) . Ғалым Дамаскідегі араб тілінің (1995 жылдан) және Египет Жазушылар одағының (1985 жылдан) мүшесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Академик Р. Сыздық және әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлері
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым
С. Қасқабасовтың қазақ фольклористикасының зерттелуіне қосқан үлесі
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz