Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыртастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Қазіргі ғылымдағы зерттеу дағдылары ұғымының педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Кіші мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ..16
2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың бір жолы - жобалау әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.3 Кіші мектеп оқушыларының математика және дүниетану сабақтарында зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... .38
3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... .44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай - ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының халыққа жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.[1]
Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.
Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:
oo білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;
oo оқу біліктері негізін меңгерген, өзінің іс - әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;
oo мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)
Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.
oo оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;
oo рухани - адамгершілік және эстетикалық тәрбие;
oo білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;
oo оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;
oo оқушының даралығын сақтау және қолдау.
Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Бұл жаңа оқу стандарттарының тағы да ерекше жақтары. Оқу үдерісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.
Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер оқушыны бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс - белсенді бала жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуін де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.
Зерттеу әдісі - өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары - проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.
Дегенмен, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалары енгізілген материалдар саны өте аз. Осы өзекті мәселе Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру тақырыбын таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу, іс - тәжірибеде жүзеге асыру.
Зерттеудің нысаны: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын даярлау үрдісі.
Зерттеудің болжамы: Егер, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеліп, кіші мектеп жасындағы оқушылар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері анықталса, сабақта бағытты - практикалық, кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары сараланса, онда оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейі жоғарылар еді.
Зерттеудің пәні: Қоршаған ортамен таныстыру кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
1) Қазіргі ғылымдағы зерттеу дағдылары деген ұғымды сипаттау;
2) Зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
3) Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдарын саралау;
4) Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу деңгейінің диагностикасын жүргізу;
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Алға қойылған міндеттерін шешу мен бастапқы белгіленген болжамдар жағдайын тексеру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: зерттеліп отырған мәселе бойынша әдебиетті зерттеу және теориялық талдауы, ақпаратты синтездеу және жалпылау, бақылау, тестілеу; тәжірибелік - сараптамалық жұмыс және оның қорытындыларын өңдеу.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, ҚР Білім Беру Туралы Заңы, ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру журналдары, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, тәрбие, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, педагогикалық оқулықтар.
Зерттеу жұмысының әдістері:
oo ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
oo сұрақ - жауап;
oo түсіндіру;
oo педагогикалық бақылау;
oo педагогикалық эксперимент;
Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің базасы: Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы, №38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінің 2 Д сыныбы.

1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыртастырудың теориялық негіздері
0.1 Қазіргі ғылымдағы зерттеу дағдылары ұғымының педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы кіші мектеп оқушыларының жан - жақты терең ойлау дағдыларын арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу - ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі - құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну. [2. 62 бет]
Зерттеу мен зерттеушілік дағдылары ұғымына не кіреді екен? Өзінің Кіші мектеп оқушыларын зерттеу әдістеріне оқыту кітабында А.И.Савенков келесі анықтаманы береді: Зерттеу - бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі [3. 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.
Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :
oo оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;
oo ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;
oo өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;
oo ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;
oo сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:
oo Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.
oo Дамытушылық: зерттелініп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.
oo Тәрбиелік: өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару. [13. 25бет]
Өз кезегінде бүкіл зерттеушілік дағдылар аталған міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ететін бірнеше сатыларға бөлінеді:
1саты - Мәселенің өзектілігі. Мақсаты: Болашақ зерттеудің сұрақтары мен бағыттарын анықтау.
2 саты - Зерттеу саласын анықтау. Мақсаты: Біз жауабын алғымыз келетін негізгі сұрақтарды жинақтау.
3 саты - Зерттеу тақырыбын таңдау. Мақсаты: Зерттеу шекараларын белгілеу.
4 саты - Гипотезаны шығару. Мақсаты: гипотезаны немесе гипотезаларды жасау, соның ішінде орындалмайтындары да провокациялық түрлері де айтылуы қажет.
5 саты - Шешім бағыттарын анықтау және жүйелеу. Мақсаты: Зерттеу әдістерін таңдау.
6 саты - Зерттеуді жүргізудің бірізділігін анықтау.
7 саты - Ақпаратты жинақтау және өңдеу. Мақсаты: алынған білімдерді жазып қою.
8 саты - Алынған материалдарды жалпылау және талдау. Мақсаты: белгілі логикалық ережелер мен амалдарды қолдана отырып, алынған материалы құрылымдау.
9 саты - Есепті даярлау. Мақсаты: негізгі ұғымдарға анықтамалар беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама даярлау.
10 саты - Баяндама. Мақсаты: өз құрбылары мен ересектердің алдында көпшілікте оны қорғап шығу.
11 саты - Аяқталған жұмыстың нәтижелерін талқылау.
Зерттеушілік дағды деп - біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз. [4. 96 бет]
Зерттеушілікке оқыту - оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты - оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс - әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.
Зерттеу түсінігі үлкен кеңес энциклопедиясында Жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады делінген. Танымдық әрекет оқуы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. [жексенбаева 12 жылд бб] (6бет).Соңғы жылдары зерттеушілік әрекеті мәселесіне жаңа термин ретінде - зерттеушілік әдебі термині еңгізілді. А.И.Савенков зерттеушілік әдебі - күрделі психикалық құбылыс, оған нақты анықтама берілмейді дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде: Зерттеушілік әдебі - аспаптар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту - зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі деп түсіндіреді. [савенков учебное пособие] (43 бет)
Ал біздің қолдануымызда зерттеушілік әдебіндегі басты ерекшелік - өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі дамыту арқылы қалыптасатын зерттеушілік белсенділігі. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым - қатынасы түрліше болуына байланысты, оның әдебі түрлі формада байқалады. Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Ал, шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста: бірінші, қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі, ізденіс үрдісінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық-зерттеушілік үрдістің өзінен ләззат алуға қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік әдебі мағыналары мәндес болып табылады.
Зерттеу әдістерін таңдауға И.П.Павлов ерекше назар аударды: Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін деген[савенков 12 жылд бб](10бет). Сонымен зерттеу әдістерін мынандай топтамада қарауға болады: теориялық әдістер - қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою; болжам жасау және операция әдістері - талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстракциялау және нақтылау; эмпирикалық әдістер: танымдық іс-әрекеттер зерттеу, мониторинг, бақылау, сұрақ қою, тестілеу. Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең - әдебиеттерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау және эмпирикалық кезең - тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізу. Оқушының әрекеті зерттеушілік әрекет болуы үшін зерттеудің проблемасы мен тақырыбың анықтап, нақты мақсаттар қоя білу керек. Оқушылар ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін үйренуі тиіс. [скокова] 125 бет
Педагогикалық зерттеу әдістері бұл - мұғалім жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру кезінде солардың көмегіне жүгінетін әдіс - тәсілдер. Білімді жинақтаудың көптеген әдістері бар. Соның ішінде дәстүрлілерін атап өтейік (эмпирикалық) және жаңалары (эксперименталдық, теориялық).
Дәстүрлі әдістер бұл - қазіргі педагогикаға ертеден педагогикалық ғылымның бастауы болған зерттеушілерден мұра болып келген әдістер. Ол кезінде Платон және Квинтилиан, Коменский және Песталоцци қолданған, қазірдің өзінде ғылымда пайдаланылып келе жатқан әдістер. Дәстүрлі әдістерге жататындар: бақылау жүргізу, озық тәжірибені, алғашқы ақпарат көздерін зерделеу, мектеп құжатына талдау жасау, оқушылар шығармашылығының өнімдерін, әңгімелерін зерттеу.
Бақылау жүргізу - зерттеудің педгогикалық практикадағы неғұрлым қолжетімді және кең тараған әдісі. Ғылыми бақылау жүргізу ұғымында арнайы ұйымдастырылған нысанды қабылдай білу, үрдіс немесе жаратылыстың ұғымы жатыр. Ғылыми бақылау жүргізу күнделікті, тұрмыстықтан анағұрлым айырмашылығы бар. Оның басты айырмашылықтары:
1) міндеттері анықталады, нысандары айқындалады, бақылау жүргізудің схемасы жасалады;
2) нәтижелері міндетті түрде жазылып отырады;
3) алынған мәліметтер өңделеді, бұрын белгілі болған мәліметтермен салыстырылады және өзге әдістермен қайта тексеріледі. Неғұрлым тиімдірек болу үшін, бақылау жүргізу ұзақ, жүйелі, жан - жақты, объективті және қоғамдық болу керек.
Бақылау жүргізу әдісінің маңыздылығын, оның қолжетімділігін және кең таралғандығын айта отырып, сонмен бірге оның кемшіліктерін де атап өткен жөн, демек: ол педагогикалық жаратылыстардың ішкі жақтарын қамтамасыз ете алмайды, ол дегеніміз, ақпараттың толық объективтілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бақылау жүргізу көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңдерінде өзге тәсілдермен үйлестіріле қолданылады.
Тәжірибені зерттеу - педагогикалық зерттеудің бұрыннан қолданыдып келе жатқан әдісі. Ол оқу - тәрбиесі жүйесіндегі тәрбиелеудің тарихи байланыстарын анықтауға, ортағын іріктеуге бағытталған танымдық ұйымдастырылған әдісті білдіреді. Оның көмегімен нақты мәселелерді шешу жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың мақсаттылығы жайлы салмақталған қорытындылары шығарылады. Сондықтан аталған әдісті тарихи немесе мұрағатты деп те атайды, ол алғашқы ақпарат көздері әдістерімен тығыз байланыста. Көне жазба ескерткіштері, заң актілері, жобалар, циркулярлар, есептер, баяндамалар, қаулылар, съезд және конференция материалдары; оқу және тәрбие бағдарлмалары, жарғылар, кітаптар, сабақ кестелері тыңғылықты ғылыми талдауға жатады. Бір сөзбен айтқанда - жаратылуды, қандай да бір мәселенің бастауы мен динамикасын түсінуге көмек беретін материалдар. Шығармашыл еңбек ететін мұғалімдердің немесе жеке мұғалімдердің озық тәжірибесін зерделеу де орын алады. Педагогикада басты болып қалыптасқан көзқарасқа сыни тұрғыда қараған озық педагогикалық тәжірибе мысалдарын келтіруге болады, даусыз мәселе болып көрінетін сұрақтарды шешуге жаңаша көзқараста қарау. Еске түсірейікші, бастауыш сынып мұғалімі С.Н.Лысенкованың тапқан бірегей жаңалықтары мен педагогикалық ойы мектеп практикасын қалай дүрліктіріп еді.[подлаый, 151бет]
Зерттеу әдістерін қолдану дегеніміз - мәселелі міндеттерді анықтау, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысы, тәжірибе жүргізу және т.б. Бұл әдіс тиімділігінің басты шарты - зерттеу кезеңдері мен сатыларындағы оқушының өздігінен жұмыс жасауы, ол келесі танымдық әрекеттерді орындаудан тұрады: деректер мен жаратылыстарға бақылау жасау мен зерделеу; гипотеза ұсыну; зерттеу жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін жинақтау; алынған нәтижелерге бақылау жүргізу және тексеру, оның маңыздылығына баға беру.
Алғашқы зерттеу әрекетеріне оқушыларды оқыту сабақ арқылы жүзеге асыру әбден мүмкін, ол арнайы сабақтар мен зерттеушілік жобаларды қорғау.
Мұғалім үшін зерттеу әрекеттерінің дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау өте маңызды. Кез келген нәтиже оңды баға алуға лайық. Мыналарды бағалауға болады:
oo оқу зерттеуі кезінде жұмыстың әртүрлі сатыларын орындауда өздігінен жұмыс жасай алу деңгейі;
oo топтық жұмысқа араласу деңгейі және өзіне жеке берілген рөлді тура орындауы;
oo пайдаланылған ақпаратты түсіну деңгейі;
oo идеяның бірегейлігі;
oo проблеманы түсіне білу және оны шешу тәсілі;
oo зерттеу мақсатын құру;
oo рефлексияны меңгеру;
oo жұмыс барысындағы шығармашылық бағыт.
Ғылыми педагогикалық зерттеу оқу - тәрбие үрдісін айқындайтын мектеп құжаттарына талдау жасауды білдіреді. Ақпарат көздері - сынып журналдары, жиналыс және отырыстардың хаттамалары кітабы, сабақ кестесі, ішкі тәртіп ережелері, мұғалімдердің күнтізбелік және сабақ жоспарлары, сабақтардың стенограммалары және конспектілері және т.с.с. Олардың мазмұнында зерттеліп жатқан жаратылыстар арасындағы бір-біріне бағыныштылықтарының себеп - салдарларын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген объективті мәліметтер бар. Құжаттарды зерттеу мысалы үшін денсаулық пен оқу үлгерімі, сабақ кестесінің құрылу сапасы мен оқушылардың оқу белсенділігі арасындағы байланысты анықтауға құнды статитикалық мәлімет береді.
Оқушы шығармашылығы өнімдерін зерттеу - оқу пәндері бойынша үй және сынып жұмыстарын, шығармаларын, рефераттарын, есептерін, эстетикалық және техникалық шығармашылық нәтижелерінің зерттелуі тәжірибелі зерттеушіге көп нәрсені айтып бере алады. Сонымен қатар қызығушылықты былайша айтқанда еркін уақыт өнімдері - хобби - қызығушылықтар тудырады. Оқушылардың жеке дара ерекшеліктері, олардың бейімділігі мен қызғушылықтары, іске және өзінің міндеттеріне деген көзқарасы, тырысушылықтары, тәртібі, әрекеттік күшері - осы әдістерді тиімді пайдалануға болатын тәрбиелік аспектілердің бір ғана көрсеткіштері. Ол өзгелері сияқты бақылау жүргізу мен әңгімелердің тиянақты жоспарлануын, дұрыс қолданылуын, үйлесімді болуын талап етеді.
Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдісіне әңгімелесу жатады. Оның көмегімен мұғалім өзінің оқушыларының сезімдерін және пиғылдарын, оқушыларының бағалары мен ұстанымдарын анықтайды. Бірақ әңгімелесу әркезде сенімді бола бермейтін күрделі үрдіс. Сондықтан да ол көбінесе өзге әдістерді бақылау жүргізу немесе қолдану барысында толық анықталмаған жағдайларда қажетті түсініктемелерді және нақтылауды алу үшін қолданылады. Әңгімелесудің неғұрлым сенімді нәтижесін алу үшін төмендегі көрсеткіштер қажеті:
:: сұхбаттасушының жеке тұлғасын және оның өмірде ойластырылған әңгімесінің тұрақты жоспарын ескере отырып құрылған әңгіме жоспарының болуы;
:: әртүрлі ракурстар мен байланыстарда зерттеушінің қызығушылығын тудырған сұрақтарды талқылау;
:: сұрақтардың ауыспалылығы, әңгімені сұхбаттасушыға жағымды болатын формасында құру;
:: Жағдайды қолдана білу, сұрақ қою мен жауап берудегі тапқырлығы. Әңгімелесу өнерін ұзақ және шыдамдылықпен үйрену керек. [1]
Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:
oo білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;
oo оқу дағдылары негізін меңгерген, өзінің іс - әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;
oo мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)
Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.
oo оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;
oo рухани - адамгершілік және эстетикалық тәрбие;
oo білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;
oo оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;
oo оқушының даралығын сақтау және қолдау.
Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Оқу үрдісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа стандарттың әмбебап оқу әрекеттері білім мен дағдының жинақталуына емес, жеке тұлғаның дамуына (оның когнитивті және эмоционалды адамгершілік ортасына) ықпал ету керек. Бұл дегеніміз - оқи білу, дүниені тану, ынтымақтаса білу, толерантты болу. Басқаша айтқанда, жаңа стандарттар аясында жасалған әмбебап оқу әрекеттері адамның басты қабілеттеріне жататын жалпы әрекеттерін құрайды. [с 25].
Дүниетану пәні аясында кіші мектеп оқушыларының аталған сипаттамаларының дамуын қарастырып көрейік. Аталған оқу курсына стандарттар келесі талаптарды қояды:
oo табиғат пен қоғамды зерделеудің қолжетімді тәсілдерін меңгеру (отбасылық мұрағаттардан, қоршаған адамдардан ашық ақпараттық кеңістіктен алынған ақпараттарға бақылау, жазба жүргізу, тәжірибе, салыстыру, саралау және т.б.);
oo қоршаған ортадағы себеп - салдарлық байланыстарды анықтау және орнату қабілеттерін дамыту.
Жаңа стандарттарға сәйкес оқушылар зерттеушілік жұмыстың әралуан түрлерін меңгеруге тиісті. Мұғаліммен бірлесе отырып, оқушы жаңа жағдаяттарда нәтижелі әрекет етуге, өзінің жеке тәжірибесінен білім алуға, бұрын жинақталған білім мен дағдыларын өздігінен әрекет етуге үйренуі керек.[]
Аталған аспектідегі зерттеушілік әрекеттері оқушының жалпы дамуына ықпал ете отырып жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі, соның ішінде тікелей саралай білу ойлау әрекеттерінің қалыптасуы, шешімнің мүмкін болу барлық нұсқалары мен жолдарын іріктеп алу, жалпылау, бір іздеу шешімінен келесі бір шешімге ауыса білу, өзінің жұмысы бойынша әрекеттер бағдарламасын жасай білу, нысанды әртүрлі көзқарастар жағынан қарастыру, әртүрлі нысандардың үйлесімділіктерін салыстыра білу, сонымен қатар, ұсынылған тақырып бойынша тапсырмалар даярлай білу және өзіндік бақылау жүргізу.
Мектеп жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге жәрдем. Кіші мектеп оқушыларын белсенді танымдық әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен қоржыны бар: бағытталған оқыту, зерттеушілік және жартылай зерттеушілік әдістері және жобалау әдісі.
Оқытудың тәжірибелік әдістерін қолдану - жаттығулар, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар - салыстыру, бақылау дағдыларын дамытуға, басты және екінші кезектегі мәселені анықтап алуға, қорытындылар жасауға және т.б. ықпал етеді.
Жартылай зерттеу әдісін пайдалана отырып мұғалім зерттеудің жекелей саты жұмыстарын орындау кезінде оқушылардың жұмыс әрекеттерін ұйымдастырады және бағыт береді, оның қадамдарын белгілейді, тапсырмаларды құрайды, оның көмекші бөліктерін іріктейді.
Жартылай зерттеу әдісін пайдалану барысында кіші мектеп оқушылары бойында жоспарлау дағдылары дамиды, өз әрекеттерінің мақсатын жете түсінеді; синтездеу мен талдаудың тәсілдері жасалады, міндеттерге сәйкес әдіс тәсілдерінің өзгерту дағдылары дамиды, дәстүрлі жағдаяттарда туындаған мәселелерді көре алу, оларды шешудің нәтижелі тәсілдерін таңдай білу.
Зерттеушілік дағды кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда жағымды шарттарды құру маңыздылығы зор, оның ішінде аса ерекшеленетіндері: оқушыларға олардың шығармашылық зерттеушілік дағдылардың мағынасын сезінуге көмектесетін мотивацияланулары, өзіндік жүзеге асыру мен жетілу мүмкіндіктері, мақсатты бағыттылық және жүйелілік, шығармашылық орта, психологиялық жайлылық, педагогтың тұлғасы және жас ерекшеліктерін есепке алу, өйткені зерттеушілік дағдыларға оқыту балалардың қабылдауы қолжетімді деңгейде жүзеге асырылу қажет, ал зерттеудің өзі қызықты және пайдалы болуы тиіс.
Осы орайда, жоғарыда айтылғандардың барлығын жалпылай келе, біз келесі қорытындыға келдік, оқушылардың өзіндік әрекеттері даму үшін бағытталуы тиіс:
oo ойлау үрдістері мен зерттеушілік дағдылар;
oo туындаған мәселелерді көре білу және іріктей алу, оларды шешу бойынша болжамдарды құра білу;
oo алдына міндеттер қоя білу;
oo материалды және идеалды әлемнің жаратылыстарының мүмкін болу себептері мен салдарлары жайлы болжамдарды құрай білу дағдылары;
oo баламалы болжамдарды ұсына білу және оларды негіздеу;
oo бір уақытта күрделі жаратылыстар, оқиғалар, мәтіндер, пікірлердің бірнеше мағынасын сақтай алу білігі. [12. 24бет]
Жалпыға бірдей білім беру модернизациясы Тұжырымдамасында бүгінгі күні оқушылар бойында тек қана терең және берік білімдерді қалыптастыруға ғана назар аудару емес, сонымен қатар олардың бойында жалпы оқытушылық дағдыларды, әмбебап құзіреттіліктерді, функционалды сауаттылықты қалыптастыру қажет. Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік әрекеттері - бұл шығармашылық әрекет, ол қоршаған ортаны танып - білуге бағытталған, оқушылар тарапынан өздеріне қажетті жаңа білімдерді ашу. Ол олардың құндылық, зияткерлік әлеуеттерінің нәтижелі дамуы шарттарын қамтамасыз етеді, оқушыларды белсендіру құралы болып табылады, зерттеліп жатқан материалға олардың қызығушылықтарының артуын қамтамасыз етеді, зерттеліп жатқан материалдың аясын неғұрлым кеңейтуге мүмкіндік береді, пәндік және жалпы дағдыларды қалыптастырады. Зерттеушілік әрекеттері үрдісі кезінде оқушы оқыту нысанынан арылады, ол білім беру үрдісінде белсенді позициялық орын алады. Мұндай бағыт оқушы бойында шешімдерді жасау мен оларды қабылдауда өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін қалыптастырады, ол өз әрекеттеріне жауапкершілік алады, өзіне - өзі сенімділігі артады, жеке тұлға бойындағы маңызды мақсаттылық пен өзге қасиеттерге ие болады [2].
Мұғалім кеңесші, тәлімгерге айналады, ол түпкілікті түрде оқушының оған деген көзқарасын өзгертеді - мұғалім бақылаушы органнан оқушылармен бірге бір командада ойыншы болатын неғұрлым тәжірибелі жолдасқа айналады.
Шығармашылық әлеуеттер мен зерттеушілік дағдыларды дамытудағы зерттеушілік әрекеттерге үлкен мән берілуі білім үрдісіне әртүрлі зерттеу әрекеттері формаларын енгізу мен кеңінен таралуына ықпал етеді. Бұл жерде оқушының өзінің мектептегі оқуы кезіндегі ең бастапқы сатысында қоршаған орта шынайылығының әралуындығына жақындау мүмкіндігі, оның құпияларына таңқалу және оны тану үрдісі барысында шығармашылық қуанышын сезіну, жаңалықты ашуға масаттану. [18. 38бет]
Сондай - ақ, пәннің өзі қандай мазмұнды мүмкіндіктеріне ие болса да, ол белгілі бір танымдық қызығушылықтардың, әлемге деген зерттеушілік көзқарасының немесе оқушының зерттеушілік дағдыларының дамуын қамтамасыз ете алмайды. Аталған жағдайда үлкен мән оқыту әдісіне беріледі.
Айтылып кеткендей, зерттеушілік оқытуда ең маңызды және күрделі міндеттердің бірі болып зерттеушілік әрекеттердің жоғары мотивациясын қалыптастыру табылады. Әсіресе оқушы бойында мәселелерді анықтауда ойлау қабілеттерін белсендіру жұмыстары өте маңызды. Яғни, негізінен, зерттелуші мәселенің деңгейінен, оның масштабтарынан оқушы зерттеуінің дидактикалық құндылығы тәуелді болады. Күрделі, кешенді және көп деңгейлі мәселелерге оқушының тұрақты қызығушылығын қалыптастыруда зерттеушілік тәжірибеге бастама беретін әртүрлі ойын сюжеттерінде құрылған арнайы ойын әдістері белсенді рөл атқарады. Бастапқы зерттеу әрекеттері еркін және қандай да бір мөлшерде сыртқы анықтамалармен шектелмегені маңызды болады. Ең жақсысы, қандай мықты болжамдар болса да, олар оған белгілі бір шектеу болмауға тиіс.Сондықтан да ол неғұрлым икемді, оның бойында импровизация үшін орын мол.
Зерттеушілік оқытудың жұмыс формаларының вариативтілігін ескере кету керек. Бұл жеке жұмыс болуы да мүмкін, сол мезетте жекетұлғалық әмбебап оқыту әрекеттері, ал коммуникативті әмбебап әрекеттері кезінде сондай - ақ топтық әрекеттер қалыптасады. Сонымен қатар бұл жұмыстың екі түрін де сәйкестендіруге болады. Демек, алғашында оқушылар жеке жұмыс жасайды, тәжірибе жүргізеді, бақылайды, саяхат кезінде әрбіреуі өзінің ақпаратын жинайды, сондан кейін барып топтарда немесе бүкіл сынып болып талдау жүргізіп, қорытынды жасайды. Жұмыстың әралуан түрлері зерттеушілік жұмысты түрлендіреді және оны одан да қызықты етеді. Соған қоса, баланың психологиясының өзі өзгелермен өзінің білгенін, ашқанын, зерттегенін бөлісуге қызығушылық танытуға бейім.[18. 39бет]
Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер баланы бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс - белсенді оқушы жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуі де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.
Зерттеу әдісі - өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары - проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.
Осы орайда, біз зерттеушілік оқыту мен оқытудың зерттеушілік әдістері біздің заманымызда танымдық әрекеттің бірі болып табылатын жаңа білім алуды шығару үрдісі деген қорытынды шығарамыз. Зерттеуге қызығушылық оқушылар өздігінен кейбір қиындықтарды үнемі шеше алмау салдарынан жоғалып кетуі мүмкін. Осы жерде оларға көмекке мұғалім келе алады. Мұғалімнің міндеті нені қалай жасау керектігін айтып беру емес, пайда болған мәселені оқушының өзі шеше алатындай жол көрсету. Ол оқушының мотивациясын ғана сақтап қоймай, тіпті оны жоғарылатуға ықпал етеді.[]
Зерттеушілік дағдыларды ұйымдастыру кезінде ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алар орны ерекше. Дүниетану сабақтарында оларды қолдану тек қана мұғалім қызығушылығымен емес, қазіргі оқу бағдарламалары мен білім стандарттарының талаптарымен шартталған. АКТ зерттеушілік дағдылар жұмысы барысында және сабақтарда жобалау технологиясын жүзеге асыруда кеңінен қолдану көздерін тарту үшін қажет. Ақпараттық технологиялар зерттеу жұмыстарына қосымша мүмкіндіктер береді, олар жұмысты неғұрлым толығырақ, жан - жақты, көрнекі және жарқын етеді. Сонымен, қазіргі білім беруде АКТ технологияларының жоғарылауы, оқыту мотивациясын көтерудің неғұрлым тиімді және ыңғайлы тәсілдері ретінде зерттеу элементтерін кіріктіре отырып сабақта пайдалану қажет. [Жексенбаева Ниязбекова]109бет

1.2 Кіші мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері

Қазіргі кезде оқыту қоғамда үлкен қызығушылықты тудырады. Оқыту материалын нәтижелі меңгеру негізінде танымдық қызығушылық жатыр. Егер оқушылар тарапынан бақылау жасауға, тәжірибелер қоюға жағдайлар жасалып отырса, ол үнемі оқыту әрекетіне ілесіп отырады. Олардың негізінде төменгі сынып оқушылары өздерінің жеке ойлары мен қорытындыларын жасай алады. Кіші мектеп оқушылары бойында зерттеу дағдыларын қалыптастыруда кең мүмкіндікке оқу үрдісі ие. В.С.Мухинаның пікіріне сүйенетін болсақ, оқушылардың бойындағы зерттеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту оқу - тәрбие үдерісінде келесі педагогикалық қағидаттардың жүзеге асырылуы меңзеледі:
1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарына бағытталған қағидаттар. Зерттеу - шығармашылық үдеріс, шығармашылықты тыс жүктеп қою мүмкін емес, ол тек қана ішкі қажеттілік негізінде ғана туындайды, аталған жағдайда қажеттілік танымдық қызығушылығында.
2. Таңдау еркіндігі қағидаты мен өзіңнің оқуына деген жауапершілік. Тек қана соларды жүзеге асыру шарттарында ғана білім беру жеке тұлғаның жеке мақсаттарына адекватты болуға қабілетті.
3. Білімді меңгеру мен оны алудың тәсілдерімен біріккен қағидат.
4. Өз бетімен ақпаратты іздеу дағдысын дамытуға сүйентін қағидаты.
5. Оқытудың продуктивті және репродуктивті әдістерінің үйлесімділік қағидаттары.
6. Білімнің жоғарылауы туралы көзқарастарды қалыптастыру қағидаты, себебі, зерттеушілік оқытудың мазмұны келесідегідей құрылу керек: адамзат тәжірибесі оқушылар алдында дәлелденбеген қағидаттар емес, мызғымас заңдар мен ережелер жинағы ретінде емес, үнемі дамып отыратын ағза ретінде көрсетілуі керек. [15. 35бет]
Жоғарыда айтылғандардың негізінде атаған бағыттағы бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты - психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып кіші мектеп оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
Танымдық үрдістерге қабылдау, зейін, есте сақтау, қиял мен елес және ойлау жатады. Кіші мектеп оқушыларына тән көрінетін танымдық үрдістердің пайда болуына сипат берейік.
Қабылдау. Бұл танымдық психикалық үрдіс, заттар, оқиғалар, жағдаяттардың тұтас көрсеткіштерінен тұрады. Бұл феномен дүниені танудың негізінде жатыр. Кіші мектеп оқушысының дүниетанымының негізі болып тікелей қоршаған ортаны қабылдау табылады. Оқу әрекеті үшін қабылдаудың барлық түрлері маңызды: заттардың формаларын, уақытты, кеңістікті қабылдау. Егер біз алынған ақпаратқа қарайтын болсақ, онда қабылдаудың екі түрін бөліп айтуға болады: сипатты және түсіндірмелі. Сипатты түрі дамыған балалар нақты деректі материалдарға бағытталған. Яғни, мұндай бала мәтінді түпнұсқаға жақын етіп мазмұндап бере алады, бірақ оның мағынасына соншалықты мән бермейді. Ал түсіндірмелі типтер керісінше шығарманың мағынасын іздеуде болады, бірақ оның мәнін есіне сақтауы мүмкін. Жеке тұлғаға тиісті жеке ерекшеліктер де қабылдауға әсер етуі мүмкін. Кейбір балалар қабылдаудың нақтылығына бағытталған, бірақ ол болжамдарға жүгінбейді, естігені мен оқығаны бойынша ойын өрбіткісі келмейді. Ал басқа жеке типтері, керісінше ақпаратты ой өрісінен өткізіп, оны өзінің жеке дара алдын ала пішілген пікірімен толықтырғысы келеді. Кіші мектеп оқушысының қабылдауы өздігінен болатын еріксіз мінезге ие. Оқушылар мектепке жеткілікті мөлшерде дамыған қабылдауымен келеді. Бірақ бұл қабылдаулар заттың формасы мен түр - түсін білумен ғана шектеледі. Осы орайда, затта балалар негізгісі мен маңыздысын емес, өзге заттардан ерекше қылып тұрған өзгешеліктерді көреді.
Ойлау. Кіші мектеп оқушының ойлауы кейіпті - көрнекі түрінен тілдік - логикалыққа ауысады. Ол көрнекі бейнелер мен ұғымға сүйенеді. Кіші мектеп оқушыларының ойлауы көбінде мектепке дейінгі оқушылардың ойлауын еске салады. Аталған танымдық үдерісті түсіну үшін кіші мектеп оқушыларының ойлау операцияларының даму ерекшеліктерін анықтап алу керек. Олардың құрамына талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау және нақтылау сияқты компоненттері енеді. [38. 174бет]
Талдау - бұл затты ойша бірнеше жеке бөліктерге бөлшектеу және оның қасиеттерін, сипаттарын және келбеттерін бөліп алу. Кіші мектеп оқушысында негізінен әрекеттік және сезімталдық талдау басым болады. Оқушыларға нақты заттарды пайдалана отырып мәселені шешкен оңайырақ болады (таяқшалар, заттардың үлгілері, кубиктер және т.б.) немесе оларға бақылау жасай отырып заттар бөліктерін табу. Бұл заттың макеті ретінде болуы мүмкін, сондай - ақ заттың өзі сонда болатын табиғи шарттар болуы мүмкін.
Синтез - бұл өзінің ақыл - ой тізбегін қарапайымнан күрделіге қарай логикалық тұрғыда құрай білу. Талдау мен синтез өзара тығыз байланысты. Оқушы неғұрлым талдауды терең меңгерген болса, синтез соғұрлым толық болады. Егер біз оқушыға сюжеттік суретті көрсетіп, бірақ оның атауын айтпасақ, онда бұл суреттің сипаттамасы жай салынған заттар сияқты болып көрінеді. Суреттің атауын хабарлау, талдау сапасын жоғарылатады, оқушыға тұтастай суреттің мағынасын түсінуге көмектеседі.
Салыстыру. Бұл заттар мен жаратылыстардың ортағы немесе айырмашылығын анықтау мақсатында салыстыру. Кіші мектеп оқушылары көзге түсетін жарық сипаттары бойынша салыстырады. Ол заттың дөңгелек формасы немесе оның өте жарық бояуы болуы мүмкін. Кейбір оқушыларға заттарды салыстыра отырып көп белгілерін анықтау мүмкін болады, ал кейбіреулері кемірек анықтайды.
Жалпылау. Кіші мектеп оқушылары ең алдымен заттың көзге түсетін айқын белгілерін айқындайды. Жалпылаудың көпшілігі нақты белгілерге қатысты. Егер оқушыларға әртүрлі топтарға жататын бірқатар заттарды ұсынып, оларды ортақ белгілері бойынша біріктіруге ұсыныс жасаса, біз кіші мектеп оқушысына оны өздігінен жалпылау қиынға түсетінін көреміз. Ересектің көмегінсіз ол тапсырманы орындау барысында мағынасы жағынан әртүрлі сөздерді бір топқа жатқызып тастауы мүмкін. Жалпылау ұғымдармен бекітіледі.
Ұғымдар - бұл заттар мен жаратылыстардың елеулі қасиеттері мен белгілерінің үйлесімділігі.
Нақтылау. Ақыл - ойдың бұл компоненті жалпылаумен тығыз байланысқан. Өмір бойына оқушыға ұғымдарды, ережелерді, заңдарды меңгеруді үйрену қажет. Оны жеке заттар мен бөліктерді, белгілерді, сызбаларды қарау негізінде жүзеге асыруға болады, ал ең бастысы олармен бірқатар операцияларды жасауға болады. Егер оқушы ортақ қасиеттердің тек қана бір бөлігін ғана білетін болса, онда оның нақтылауы да толық болмайды.
Қиял. Бұл адамның өзінің тәжірибесінде бар бейнелерге сүйене отырып жаңа бейнелерді жасау. Кіші мектеп оқушысының қиялын дамытудағы негізгі бағыты - болмысты меңгеру кезінде алынған өмірлік тәжірибе мен білім негізінде ақиқаттың толыққанды және толық бейнесіне ауысу. Кіші мектеп оқушысына бастапқыда еске түсірілген бейнелер нақты нысанды тек қана болжалды түрде ғана сипаттайды, олар бөліктерге кедей болып келеді. Ары қарай қиял дами береді, оқушылар бейнелерді құрған кезде неғұрлым көбірек белгілер мен қасиеттерді қолдана бастайды.
Кіші мектеп оқушылары қиялының ерекшлігі олардың нақты бір затқа сүйенуі болып табылады. Біртіндеп нақты мысалдар сөзбен ауыстырылады, олар балаға жаңа бейнелерді жасауға көмектеседі. Бейнелерді жасау қаншалықты байыппен, әдейілеп жасалса, біз қиялды соншалықты ерікті және еріксіз деп екіге боле аламыз. Дәл кіші мектеп оқушыларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып окушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін ескерілетін жағдайлар
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында түрік лицейі оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейлері
Арнайы химиялық тек химияны оқыту кезінде
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Пәндер