Аламан бәйге



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Дайындаған: Жанпейсова М.А
Қабылдаған: Жақып Қ.
Тобы: ФЕК-203

2021 жыл
Жоспар:

1. Жалпы шолу
2. Ұлттық ойын түрлері
3. Аламан бәйге
4. Хан тартыс
5. Теңге ілу
6. Қыз қуу
7. Ақ сүйек
8. Алтыбақан
9. Тоғызқұмалақ

Қазақ халқының ұлттық ойындары көп. Олардың әрқайсысының тәрбиелік мәні өте зор. Сонау ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатырған ойындарымызды насихаттап оны келер ұрпаққа жалғасыруымыз керек. Жалпы ұлттық ойындардың әр түрлі түрлері бар, біреуі күш жағынaн сынаса, біреуі ақылмен өлшенеді, ал біреулері тапқырлыққа, төзімділікке негізделген. Қазақтың ұлттық ойындары "ұлыстың ұлы күні" Наурыз мерекесінде ойналады.
Ұлттық ойындар: бәйге, аламан бәйге, хан тартыс, теңге ілу, қыз қуар, ақсүйек, алтыбақан, тоғыз құмалақ т.б.
Енді бұл ойындардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.

Бәйге мен аламан бәйге
Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны -- бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол -- жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.
Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.
Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбиелік мәні де бар. Олай болатын себебі -- жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны баптап бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала үнемі басы-қасында болып, бапкермен бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын атты ғана баптап қоймайды, оған мініп шабатын баланы да қоса әзірлейді. Бала бәйге атына берілетін жем-шөп, судың мөлшеріне дейін біледі, оның терін алудың, аттың артықшылығы неде, қандай қабілеті бар және жарыс үстінде оны қалай пайдалану керектігін бәйге атына мінетін бала жарыс басталмастан әлдеқайда бұрын қанығып, біліп алады.
Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бұл күнде жарыс ұйымдастырғанда әр ауданның ерекшелігі есепке алынып, шабатын аралық белгіленеді. Атқа шабатын адамның жасы, салмағы бір-бірімен теңдес болып келеді. Бәйге аттарын белгілі жерге алып баратын адам ат айдаушы деп аталады. Ат айдайтын жерге жеткенде ат айдаушы оларды қатар тұрғызады да белгі береді. Жарыс басталады.
Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бұл сияқты тамаша спортты кеңінен таратуға барлық жағынан мүмкіншілік мол, республикамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары бар.
Хан ату- Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
Ойынға көп асықтары бар 2 немесе 4 ұл бала қатыса алады. Үстел алдында отырып, бүкіл асықтарын шығарады (мысалы, 3 адам 10 асықтан). "Хан" түрінде белгі бір асықты тандайды және бір немесе бірнеше асықтарды ортаға қояды, сосың оларды қолға алып, кезекпен едеңге лақтырады. Егер осы уақытта "хан" алшы қалпында болса, онда осы қалпында тұрған асықпен оны соғу керек. Дәл осылай "хан", бүк немесе ішік қалпында болса. Соққан асықты қалтасына салып, қатысушы ойынды жалғастырады. Егер ойнаушы"ханға" көздегенде басқа асыққа тигізсе немесе мүлдем тигізбесе, онда ол ойыннан шығады. Асықтарды келесі жинайды және лақтырады. Ойын асықтары біткенше дейін жалғаса береді.
Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, "хан" асықтардын астында қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: "хан талапай" деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады.

Теңге ілу
Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20 -- 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.[[][1]]
Теңге ілу - бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.

Қыз қуу
Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт түрлері сипаттама беру
Ұлттық спорт түрлері туралы
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Бәйге
Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі
Баланы жан - жақты дамыту
Пәндер