Жастардың саяси білімін арттыру
Мұстақова Ақнұр ХТОВ-202к
"Қазақстан жастарының саяси белсендігін арттыру жолдары" тақырыбында реферат дайындау.
Жоспар:
Кіріспе
Ел болашағаның тірегі болар келер жас ұрпақ
Негізгі бөлім
Тәрбиенің маңызы
Саясатқа бейімделмеген жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеу
Жастардың саяси білімін арттыру
Саяси мәдениет
Қортынды
Жастардың саяси белсенділігін арттыру ел алдындағы негізгі міндет
Ел болашағының жарқын болуына, елдің ертеңі болар ол қазіргі жас-ұрпақ. Жастардың ел болашағы үшін аянбай еңбектенуі қажет. Кез келген ата-ана өз баласын кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбиелей білуі керек. Оған өмір құндылықтарын сіңдіре біліп, ақ пен қараны ажыратарлық деңгейге жеткізуі аса маңызды. Баланың ортасын онымен бірге жүретін адамдарды міндетті түрде қадағалап, баланың әрбір сөйлеуіне, ойын жеткізудегі айтар ойына зерделеп қарауы тиіс. Себебі, кішкетай кезегі бүлдіршін балалар айналадағы ақ пен қараны ажыратпай жатып, кез келген айтылған сөзді , көрсеткен қимылдарды қайталап қағып алады. Сондықтан, баланы әрбір ата-ана қадағалап жүрсе деймін. Енді өсіп келе жатқан бұта қисайып өсіп кетуі мүмкін. Оны біз түзеп отыруымыз керек, балаға берілер тәрбиеде солай, үнемі қадағалауды қажет етеді.Сол бір бүлдіршіндеріміз, өсе келе елдің тізгінін ұстар жас буынға айналады.
Сондықтан, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарды елдің тізгінін ұстайтын буын ретінде қарай отырып, өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: Азаматтық қоғам механизмін нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үрдістерге кеңінен тартуға жағдай жасайтын болады дегені және Қазақстан -2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер, Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер деп айтқан сөздері тақырып өзектілігін арттыра түседі.
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды. Олардың саны 4, 5 миллионнан асқан. Қазақстан халқының үштен бірін құрап отырған жастардың қазіргі білімі, кәсіптік, рухани және мәдени дайындығы мемлекеттің келешегін айқындайды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Қазақстанда саяси модернизациялау үрдісінде азаматтық қоғамның алатын орны ерекше. Себебі, демократиялық қоғамның басты аспектілерінің бірі - азаматтық қоғамның белсенді қызметі. Осы арқылы қоғамда көзқарастар плюрализмі; әлеуметтік топтар мүдделерінің билік назарында болуы немесе іске асуы жүреді. Азаматтық қоғам Қазақстан келешегін жастар тобымен байланыстырады және әлеуметтік -саяси күш ретінде жастарға үлкен мән береді. Жастар саяси мәдениетін әлеуметтік күш ретінде Қазақстан қоғамындағы жастар рөлін сарапқа салып анықтауға болады. Осындай ғылыми ізденіс тиімді жастар саяси мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Қазақстан Республикасындағы жастармен жұмыс жүргізу мемлекеттік саясаттың ең маңызды әрі жауапты істерінің бірі болып табылады. Қазақстанның тәуелсіздік дамуы кезінде, әлеуметтік экономикалық, саяси және мәдени өзгерістері белең алған кезеңінде республикамыздың жігіттері мен бойжеткендері қоғамның, дамыған елдер қатарына қосылуда, дамудың қарқынды болуына елеулі үлес қоса алады, әрі елдің жаңа сапалы көрінісіне бет бұруына көмектесуі тиіс. Ол іс-шаралар, біріншіден, мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігімен, екіншіден, тиімді жастар саясатын құру тұжырымдамасын жасау , үшіншіден, жастардың саясатқа деген көзқарастары мен белсенділігін арттыру арқылы қоғамдық маңызды мәселелерді шешу, қоғам болашағын анықтайтын жастарды саяси ынталандыру, төртіншіден, елдегі жастардың қоғамдық - саяси құндылықтарға бейімделу деңгейін көтеру аса маңызды болып отыр.
Елбасы Н.Ə.Назарбаев Нұр Отан партиясының XVІ съезінде партияның азаматтық қоғам құрудағы жетекші рөлін ерекше атап өткен. Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысы жастар мəселесіне де арнайы тоқталды. Елбасы Мəңгілік ел идеясы жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиістігі, мектептерде бүкілқазақстандық Мəңгілік ел идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажеттілігін айтып өтеді .
Осы тұрғыдан Қазақстанда азаматтық қоғамды құратын XXI ғасыр көшбасшылары -- жастардың азаматтық тəрбиесіне, азаматтық тəрбиенің негізгі құраушысы -- саяси мəдениетті тəрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып табылады.
Тəжірибеде жастарымыздың айтарлықтай бөлігі саясатқа немқұрайлықпен қарайды, саяси белсенділік танытпайды, өйткені саясатқа қызықпайды. Қазіргі жастар арасында материалдық құндылықтарға бағдарлану жоғары болғандықтан, рухани, əсіресе саяси құндылықтарға жеткілікті дəрежеде бағытталған деуге де болмайды. Көбінесе карьералық (мансаптық өсу) мақсаттарды алға қойған, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысатын жастардың жеткілікті деңгейдегі саяси сауаттылықты танытатындығын байқау мүмкін. Оқу орындары, жастардың қоғамдық бірлестіктері жастардың саяси сауаттылығын арттыру бағытында елеулі жұмыстар атқаруда. Тəрбиелеудің индивидуалдық сипаты, ұжымдық тəрбие беру тəжірибесінің ыдырауы да жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеуге теріс ықпалын тигізуде.
Бір жағынан, жастардың басым көпшілігі саясатқа қызықпайды, ал түбінде оларға саясаттың, əр түрлі саяси көзқарастардың əсері байқалмауы мүмкін емес. Саяси сауаттылығы дамымаған, саяси құндылықтарға бағдарланбаған жас жігіт-қыздың өмірдегі азаматтық позициясы қандай болуы мүмкін? Саяси мəдениет дегеніміз не? Қазіргі оқушы-жастарда саяси мəдениетті тəрбиелеудің өзектігі қандай? деген сұрақтар туады.
Саяси мəдениет қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін əлеуметтік құндылықтардың, салт-дəстүрлері мен нормалардың мазмұны мен сапасы ретінде түсіндірледі. Саяси мəдениет түбегейлі саяси мүдделердің жəне қажеттіліктердің бірлігі (ортақтығы) халықтың əр түрлі əлеуметтік топтарының саяси біліктік тетіктеріне қатынастарының сəйкес келуіне негізделеді.
Қазақстан қоғамының саяси мəдениеті мемлекет, демократия, Конституция, құқықта көрініс табады. Қарапайым түрде айтатын болсақ, саяси мəдениет азаматтардың саяси білімділігі (сауаттылығы), саяси оқиғаларды, үдерістерді қай дəрежеде бағалай білетіндігі жəне саяси белсенділік деңгейімен сипатталады.
Саясатқа қызығушылық танытатын жастар саяси ұйымдарында қызмет жүргізетін, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеу əлдеқайда оңай. Бірақ саясатқа бейімі жоқ жастарды ше?
Саясатқа бейімделмеген жастардың саяси мəдениетін тəрбиелеу екі есе өзекті мəселе. Неге?
Əрбір Қазақстан азаматы өзін азамат сезінуі, өзінің азаматтық беделін жоғары бағалауы тиіс. Ал азаматтық сезім, алдымен, қоғам мүшелерінің қоғам мойындаған жəне қорғайтын азаматтық (саяси) құндылықтарды меңгеруімен анықталады.
Елбасының Нұр Отан партиясының XVІ съезіндегі баяндамасында айтылғандай, Мəңгілік ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар -- азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел -- тағаттылық ел. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі Қазақстан жастарының саяси мəдениетін қалыптастыру азаматтық тəрбиенің тағыда екі негізгі құрамдастары -- патриоттық жəне құқықтық тəрбиемен тығыз байланыста болатындығы байқалады. Саяси тəрбие егемен Қазақстанның əрбір азаматына Ата Заңымыз -- Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңнамалары беретін барлық кепілдіктерді, бостандықтарды, сонымен қатар азаматтық Отан, қоғам алдындағы борышы мен міндеттерін жете түсінуін, оларды сөзсіз орындауын қамтамасыз ететін құқықтық тəрбие жүйесімен өзара əрекеттеседі. Дер кезінде, саяси білімділік, саяси белсенділік, саяси іс-əрекет бірден-бір мақсат -- Отан игілігіне, Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, қазіргі Қазақстан қоғамын əлеуметтік- экономикалық, саяси тұрғыдан нығайтуға бағытталған іс-əрекеттерді жүзеге асыруға даярлықты қалыптастыру -- патриоттық бағытта болуы тиіс. Саяси белсенділік бос саясаткерлік емес -- Отан игілігі үшін, Отан мүддесі үшін саяси белсенділік. Оқушылардың саяси мəдениетін қалыптастыруда, оларды жалпы қазақстандық саяси құндылықтарға бағдарлауда оқу орындарындағы қоғамдық пəндердің рөлін арттыру, қоғамдық-саяси іс-шаралар ауқымы мен мазмұнын күшейту қажет деп ойлаймыз. Мəселе, жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихы, Адам жəн қоғам немесе жоғары оқу орындарындағы Философия, Əлеуметтану, Мəдениеттану пəндерінде білім алушыларға саяси білімдерді берумен ғана шектелмеуі тиіс. Саяси білімдері кең оқушыны саяси мəдениетті деу дұрыс болмас. Мəселе оқушының, студенттің өзі меңгерген саяси білімдерден дұрыс құндылық бағдар алуында, саяси мəселелерді дұрыс бағалап, оң шешімдерді қабылдай білуінде.
Сондықтан саяси мəдениетті қалыптастыру орта немесе жоғары білім беру ұйымдарында қоғамдық-гуманитарлық пəндер мазмұнын саяси ақпараттармен толықтыру, саясаттандыру деген сөз емес. Қазірде бар оқу мазмұнына қажетті жаңалықтарды əрбір педагог сабаққа дайындалу кезінде, оқу материалына жаңа мəліметтерді кіргізу жолымен байыта алады. Бірақ мəселе оқушылар меңгеретін саяси білімдердің саналылығы, құндылық бағдарланғандығына қол жеткізуде. Саяси идеяларды нақтылы деректер, өмірлік жағдайлармен байланыстыру жастардың саяси білімдерге қызығушылығын, құндылық бағдарларының қалыптасуына жол ашады.
Саяси білімдер, жалпы қазақстандық саяси құндылықтар оқушының, студенттің саяси көзқарастарына, сенімдеріне айналуына қол жеткізу керек. Проблемалық сұрақтар, саяси жағдайлар үлгілерін ұжымдық талдау, кішігірім презентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын талдау, саяси ақпараттар -- сыныптар, аудиториялардағы сабақтарда білім алушыларға саяси тəрбие берудің тиімді тəсілдері болып табылады.
Сыныптан тыс, аудиториядан тыс саяси тəрбие бағытындағы іс-шаралар да жақсы нəтижелер береді. Мысалы, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Жастар комитеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы тарапынан оқушы-жастар саяси тəрбиесі бағытында мынадай формадағы іс-шаралар ұйымдастырылды: ХХ ғасырдың 20 - 30 жж. Саяси қуғындар құрбандары күніне арналған тəрбиелік іс-шара, саясат қайраткерлерімен кездесулер, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар кешені (конференциялар, флэш-моб, дөңгелек үстелдер, кештер, білімдер байқаулары, патриоттық акцияларда қатысу т.б.).
Студент-жастар арасындағы саяси сауаттылығы жоғары, қоғамдық жұмыстарға бейім жігіттер мен қыздарды университеттің студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмыстарына кеңінен тартуға ерекше назар аударылып отыр. Университет жанындағы студенттердің Достық клубы түрлі этностар өкілдерінен тұратын студент-жастар белсенділерін қамтыған. Клуб студент-жастар арасында қазақстандық патриотизм, этносаралық келісім, толеранттылықты нығайтуға бағдарланған іс-шараларды іске асырады. Достық клубы көп этносты Қазақстан халқы мəдени салт-дəстүрлерін білім алушылар арасында кеңінен насихаттау, мəдениетаралық диалогты ұйымдастыруға ерекше мəн береді. Мысалы, Қазақстан этностарының ұлттық мейрамдарын жастар арасында атап өту шынайы дəстүрге айналған. Орыс халқының Масленица мейрамына арналған концерттер, халық қолөнері көрмелері, ұлттық ойындар, немесе Наурыз мейрамын атап өтуде түрлі этностардың киім дизайны өнерін көрсету, салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын көрермен назарына ұсыну, түрлі тілдердегі өлеңдердің, əндердің үні жастардың тегі басқа тағдыры бір болған көп этносты Отанына деген мейірімі, махаббат сезімдерін күшеюіне ықпал етеді.
Студент-жастардың саяси мəдениетін қалыптастыруда олардың ақпараттандыру құралдарына қызығушылықтары өте жоғары екендігін, осы мүмкіндіктерден олардың саяси санасын, дұрыс бағытталған саяси көзқарастарын қалыптастыруда пайдалану ерекше мəнге ие. Атап айтқанда, ұялы байланыс телефондары, ноутбуктар, планшеттерді пайдаланбайтын, күніне бірнеше рет интернетке кірмейтін бірде-бір студент жоқ. Интернет желісінен келетін ақпараттар, əсіресе саяси бағыттағы жаңалықтарды студент дұрыс қабылдауы, бағалауы оның саяси білімі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz