Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша халықаралық қоғамдастық 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтуде
.
Бұл дәстүр өндірісте қаза тапқан және жарақаттанған, кәсіптік аурулардан зардап шеккендерді еске алу мақсатында атап өтіледі және ол кез келген өндірістік жағдайлардағы адамның өмірі мен денсаулығы басымдығына тағы бір мәрте назар аудартудың қажеттілігі ретінде қызмет етеді. Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша әлемде жыл сайын 270 миллионға жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі, 160 миллион азаматтың кәсіптік аурулары айқындалып, 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өндірісте қаза табады екен. Бұл деректер әлемдік экономика жалпы ішкі өнімнің кемінде 4 пайызынан айырылатындығын көрсетеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады. Еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі болып табылады. Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесімен негізделеді. Жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігi мен еңбектi қорғаудың жай-күйі туралы, өмiрге және денсаулыққа төнетiн қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен оны қорғау жөніндeгi шаралар туралы шынайы ақпарат алуға болады. Өндiрiстік жарақаттануға, кәсiби ауруға немесе жұмыс қабiлетiн төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғалған жұмыс oрнына;
Жұмыстың мақсаты. Еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтау.
Жұмыстың міндеттері: Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары кезінде қызметкерлерге берілетін өтемақылар мен кепілдіктерді анықтау және зерттеу.
Ғылыми жаңалығы. А заматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.
Практикалық маңызы. Еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың тұрақтануы.
Зерттеу нысаны. Ақмола облысы Көкшетау қаласының ЖШС «Mik-KZ» өндіріс орны.
Зерттеу пәні. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары кезінде қызметкерлердің берілетін өтемақырлар мен кепілдіктердің ерекшеліктері.
Мәселенің зерттелу ауқымы. Айымханова Н. М Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы-А лматы: Жеті Жарғы. 2002-240б, Уваров В. Н. Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық-Алматы: КазГЮА, 2002 ғылыми жетістіктері, еңбек қатынастарының негіздері пайдаланылды.
Жұмыс құрылымы және көлемі. Дипломдық жоба компьютерлік мәтінмен 62 бетке терілген, оның ішінде кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 59 әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 5-кестелер мен 3 суреттер талданып түсіндірілген.
Дипломдық жобаның кіріспе бөлімінде жұмыстың практикалық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы, жұмыстың өзектілігі көрсетілген, сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен міндеттері қамтылған.
Бірінші бөлімде еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегінің қоғалуына берілетін кепілдіктер туралы баяндалады.
Екінші бөлімде «Mik-KZ» ЖШС-нің зиянды және қауіпі еңбек жағдайларын қарастыратын еңбек кодексің басты мәселелері.
Үшінші бөлімде еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу іс шаралары қарастырылған.
Қорытынды мен ұсыныстар дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде берілген.
- ЕҢБЕК ШАРТЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУҒА БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІКТЕР
1. 1 Еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегінің қоғалуына берілетін кепілдіктер.
2014 жылдың 11 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария еткен жоба. Бұл əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басымдығын атап өтетін Жолдауына назар аударатын болсақ, мемлекет жаңа əлеуметтік-экономикалық құрылымға өткен соң, келесі сатыға көтерілу кезеңін өткеруде, бұндай жағдайда қызметкерлер құқықтарының дұрыс қамтамасыз етілуі мен қорғалуы өте өзекті болып табылады [3] . Еңбек құқығының, негізінен, пайда болу себептері де əлеуметтік қатынастармен байланыстырылады. Алғашында осы құқық саласының міндеттері болып, бір жағынан, сəйкесінше шарттарды жасау кезінде тараптардың теңдігін жəне олардың мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ететін жалдамалы еңбекті қолданумен байланысты қатынастарды реттеу. Екінші жағынан, экономикалық жағынан күштірек жұмыс берушіге қарағанда, экономикалық жағынан əлсіз қызметкерлерді қорғаудың қажеттілігін арттыру болып табылады [6; 456] . Мемлекет өз тарапынан, əрбір адамға өзінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылған уақытында, тіптен осы құқық бұзушылықтар ресми тұлғалармен жасалған сəтінде де мемлекеттік органдарға жүгіне отырып, оларды құқықтық қорғау құқығына кепілдік беретін институт.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы жұмыс берушілері көп жағдайда өндіру нарығын кеңейту мен қамту бойынша кəсіпкерлердің бəсекелестік тартыстарының күшеюмен байланысты мəселелеріне көңіл бөледі, бұл қызметкерлердің қорғалуында оны əлсіздендіретіндей көрініс табады. Жұмыс берушінің өз бизнесінің экономикалық көрсеткіштеріне баса назар аударуы жəне оның шығындарын минимизациялауға тырысуы бұл қызметкерлер мүдделерінің ескерілмеуіне, олардың құқықтарының шектелуіне себепші болып келеді. Бұл шектеулер көп жағдайда қызметкерлерге тиесілі əлеуметтік игіліктердің қысқартылуына, еңбекақының өзгеретін бөлігінде қысқаруына, жұмыс беруші тарапынан еңбек шартының заңсыз бұзуына, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасымен бекітілген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының сақталмауы жəне т. б. осының бəрі еңбек заңнамасын бұзу көрсеткіштерінің өсуіне өз ықпалын тигізеді, сəйкесінше, бұл еңбек құқықтары мен өзінің еңбек құқықтарын қорғауды қажетсінетін тұлғалар санының өсуіне əкеледі.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың мақсаты - қызметкерге оның өзінің əлеуметтік жағдайын, яғни конституциялық құқықтарын, еркін түрде қолдана алатынындай жағдай жасай білу тиіс. Осындай қорғаудың қажеттілігі Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларында көрініс табуынан-ақ байқауға болады. Оларда аталып өткендей, қызметкер еңбек қатынастарында ең нашар қорғалатын тарабы болып табылады, сол себепті де ол қоғам мен мемлекеттің жағынан жұмыс берушіден қорғалуы қажет. Сонымен қатар 2016 ж. 15 маусымындағы Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқықтық қатынастары туралы сипаттамасында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау ұлттық саясат деңгейіне көтерілген болатын, сəйкесінше, оны қатысушы- мемлекеттер жетілдіруі мен жүзеге асыруы тиіс делінген [10; 90-97] .
Қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесін анықтамас бұрын, осы түсінікке анықтама беру қажетті. Əр түрлі құқық салаларымен қолданылатын құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді «қорғау» түсінігін анықтау кезінде, оны түсіндірудің бəріне ортақ тəсілдердің қолданылмауы, аталған маңызды құқықтық категориясына қатысты ортақ тұжырымдаманың болмауының өзі аталған түсінікке əр түрлі анықтамалар берудің себебі айқын. Аталған құбылыстың қажеттілігіне тоқталмай-ақ, құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау құқықты қорғау сияқты түрлі мамандармен əр түрлі құқық салалары аясында ғана емес, бір саланың ішінде де бірдей қарастырылмайтынын байқап қалуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланып еді. Мемлекет бұл талаптарды, ең алғаш, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегін қорғау пәні - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың денсаулығы мен өмірің қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмайтын және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін ғылыми пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады[19; 56-57] .
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында еңбектi қорғауға былай анықтама берілген. Еңбектi қорғау - құқықтық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, әлеуметтiк-экономикалық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарының жиынтығын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау медициналық, құқықтық, экономикалық, техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп санаймыз. Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз болып келеді.
Сондықтан, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып есептелінеді.
Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер газданған болса, ластанған, қоқыстанған, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз [3; 145] .
Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және тағы басқалары кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегенімізді түсіндіре кетсек - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:
- Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;
- Ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;
- Әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;
- Өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;
- Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республиканысың президентінің Жолдауындағы басты бағыттардың бірі - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалуын ескертен болатын. 2007 жылы ҚР тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынып, Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген отызжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған еңбек қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды [18; 23-25] . Қазақстан Республикасында 2015-2016 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, олардың қызметтері жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие.
Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың тұрмыстық жағдайы, денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты екен.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі - қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағышталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі, қызметтілігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді - жұмысы қанағаттандырады, қызметкерлердің денсаулығы артады, еңбек тәртібі артады, өндірістік, техникалық және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категориялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден қалыптасады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша үйлестіретін болсақ, Қазақстан Республиканысың темір жол еңбек қатынастары ұйымдастырады. Еңбек қорғау жұмыстары жүргізу және еңбек қорғау жағдайына жауапкершілік станция басшылығына жүктеледі. Осы сала бойынша жұмыстар негізінен еңбек қорғау жөніндегі заңнамалық құжаттар, жұмысшылар мен қызметшілердің ішкі еңбек ережелері жүргізеді.
Станция басшылығы қызметкерлеріне:
- жұмысшылар мен қызметшілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын, техника қауіпсіздігі нормалары, талаптары мен ережелерінің, өндірістік санитария және жұмыс уақыты мен тынығу уақыты туралы заңнамалық ережелердің сақталуын, қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулардың жасалуын қамтамасыз етуге;
- қызметкердің еңбек қауіпсіздігі нұсқамасынан өтпей өздігінен жұмыс атқаруға жіберілуіне жол бермеуге, ал қажет болса қауіпсіздік пен еңбек қорғау ережелері, нормалары және нұсқаулықтары бойынша білімін тексерумен оқытуға;
- бағынышты қызметкерлердің техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелерін, нұсқаулықтарын, бұйрықтар мен нұсқауларды, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қадағалауға;
- еңбек қорғау жоспарлары мен кешенді іс - шаралардың жасалуына, олардың уақытында қамтмасыз етуге;
- өндірісте жарақаттану себептерін талдауға, еңбек жағдайын одан әрі жақсарту мен теміржол көлігінде жарақаттану оқиғаларының алдын алу іс - шараларын әзірлеуге міндетті.
Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын туғызу үшін жыл сайын жағдайын жақсартудың кешенді жоспары жасалады. Зиянды еңбек жағдайындағы жекеленген кәсіптер үшін, электртехникалық қондырғыларға қызмет көрсетуші персонал үшін жұмысқа қабылданғанда міндетті түрде медициналық куәландырудан өтіп, жұмыс процесі кезінде мерзімдік медициналық куәландырудан өту белгіленген болатын [22; 348] .
Бұл шаралардың мақсаты - кәсіби және басқа да сырқаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары. Теміржол көлігінде сонымен қатар, жұмысқа жаңадан қабылданғандар мен поездар қозғалысына байланысты лауазымда істейтіндер, жүк және багаж қабылдап - тапсырушылар медециналық қараудан күнде өтеді.
Жұмысқа қабылданғанда медициналық қараудан өту қызметкердің осы кәсіп бойынша ерекше еңбек жағжайына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл жұмыстар техникалық-эксплуатациялық қауіпсіздік ережесімен жүргізіліп сақталу керек. Темір жолдағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, техникалық қауіпсіздік ережесі, санитарлық өндіріс және т. б. Жұмысқа өтуге жер төсемінен немесе жолдың қырынан өтуге рұқсат етіледі. Тәуліктің түңгі уақытында, тұман, боран болған жағдайда және т. б. ыңғайсыз жағдайларда жұмысшылар көруге өте абай болуды сақтау қажет. Қозғалыс уақытында басқарушы құрамның артында қызыл түсті сигналмен қоршау етіп тұрады. Көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда екі сигнал беруші беріледі, оның біреуі алдында, ал екіешісі көру мүмкіншілігінің ара-қашықтығы мен құрамның соңында тұрады. Сигнал берушілер күндіз оратылған қызыл түсті жалаумен, ал түнде және көру мүмкіншілігі нашар болғанда-қызыл түсті қол шамымен жүреді. Олар қосымша жұмысшыларға поездың жақындағаны туралы хабарлама беруге міндетті. Поезд қозғалысын және еңбек жұмысшыларының жұмыс өндірілетін орынының қауіпсіздігін сақтау үшін оларды арнайы сигнал белгілерімен міндетті түрде қоршайды.
Қызметкерлеріне тыйым салынатын да жағдайлар бар. Сигналдармен қоршалған жұмыс орындарында жұмысқа кірісуге, сонымен қатар жұмыс толығымен аяқталғанша сигнал қоршауларын алуға, жол жағдайын тексеру түйіспешілік желін сақтауға. Механизімдермен және құралдармен жұмыс атқарғанда, есту қабілеті нашарлағанда қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады. Қызметшілерге ерекше абай болуға ескерту және жұмыс орынына жақындағанды хабарлаушы сигналдарын береді. Қоршау жүйесіне тасымалдау сигналдары және сигнал белгілері, петардалар, автоматтандырылған хабарлаушы сигализациясы, сонымен қатар сигнал қорғаушылар және жақындалуы туралы жұмысшыларға хабар береді.
Еңбек қауіпсіздігін насихаттау жұмыс істеушілердің техника қауіпсздігі ережелерін, еңбектің қауіпсіз тәсілдерін неғұрлым терең меңгеруіне, сондай-ақ осы талаптарды сақтауға саналы түрде тәрбиелеу мақсатында іске асырылады. Техника қауіпсіздігін, еңбектің қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік санитарияны насихаттауда станцияда жабдықталған техникалық кабинет пен еңбек қорғау бұрышы үлкен роль атқарады. Техникалық кабинетте сабақтар мен әңгімелер өткізіледі, бірнеше бөлікке бөлінген: сабақтар өткізуге арналған өндіріс ерекшелігі сипатталған оқу құралдары жинақталған оқу бөлігі; техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мәселелері мен еңбек заңнамалары туралы ақпараттарға арналған анықтамалық-әдістемелік бөлік, қауіпсіз еңбек тәсілдерін насихаттауға арналған көрнекі құралдар қойылған ақпараттық-көрмелік бөлік бар.
... жалғасы1. 2 Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz