ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Баишев жоғарғы медициналық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән:Педагогика
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі этнопедагогиканың алатын орны»
Орындаған: Қуантай. А
Тобы: Дт-415
Тексерген: Сагындыкова. Л
Ақтөбе қаласы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
I. БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 9
1. 1 Адамгершілік тарбиесінде халық педогогикасының алатын орны . . . 11
1. 2 Адамгершілікке тәрбиелеуде педагогиканың мүмкіндіктері мен шарттары . . . 13
1. 3 Халық педагогикасының негізгі қағидалары . . . 15
II. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ . . . 20
2. 1 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні . . . 18
2. 2 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда. [1]
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары бойынша еліміздің Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенің біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды . . . ”. Осы қағиданы әр ұстаз басты мақсат етіп алдына қойса, оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда әр ата-ана мектепке көмек берсе, сонда ғана президентіміздің қойған мақсатының бәсекелестікке сай 50 елдің қатарына кіруге еңбек ететін 21 ғасырдың азаматын тәрбиелейміз. Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.
Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттіліқ, т. б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: осы халық педагогикасының білім беру процесіндегі орнын анықтап, маңыздылығын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері: алынған тақырып бойынша алға қойған мақсатыма жетуіме барынша талап қойып, орындау.
Зерттеу әдісі:Әдебиеттермен жұмыс жасап, әдеби материал жинақтап жүйелеу
Курстық жұмысымның өзектілігі: Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген мектеп оқушысы қазіргі уақыттағы сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек. Сондықтан да бұл өзекті мәселе дегім келеді.
Зерттеудің болжамы: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Этно педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы. Этно педагогикасындағы ақыл - ой, идеясы қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрлерімен тығыз байланыста туып, өсіп өркендеп, дамып және ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамның қолы жететін тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуге мақсат еткен. Бірде - бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буының ақыл - ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. [1]
Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстап келемін. Халықтық педагогика бала тәрбиесін жетілуі, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласынан кеткен кемшіліктеріміздің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының бірі болып табылады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштігін, отаншылдық, имандылық, бауырмалдық, қонақжайлық қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәрбиесі мол. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, шешендер және ақын - жырлардың пәлсапалық баталарының психологиялық пайымдаушылары мен педагогикалық тұжырымдамалардың өшпес ізі жатыр. Халқымыздың тәлімгерлік мұрасы ұшан - теңіз болса да, оның ауқымы шексіз. Сондықтан да оларды оқу тәрбие ісіне ендіргенде ғылыми тұрғыдан жүйелеуді, бағыт - бағдар сілтеуді қажет етеді. Қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ, мынадай схема болып шығады. Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады.
1) оқу-тəрбие процесінің негіздері;
2) дидактика (оқу теориясы) ;
3) тəрбие теориясы;
4) мектеп тану.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т. б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар - кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т. б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.
3. Педагогика жəне басқа ғылымдар
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. [2] Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.
Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік т. б. ) жүйесін ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу-тəрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру процесінің мəні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тəжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.
Педагогиканың ежелден келе жатқан дəстүрлі де аса бір құнды байланысы жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатын білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар жəне оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тəрбие жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет-сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама-педагогтардың бəрі де алға тартып отырған. Дегенмен, ескеретін жəйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін əлеуметтік-педагогикалық жағдайларға тəуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал нəтижесінде өзгеріске келуі əбден мүмкін.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ келетін философия жəне психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физиология, астрология жəне медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.
Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи жəне əлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мəселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл мəселе аса маңыздылығымен танылған.
Адамды табиғи жаратылыс туындысы жəне əлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бəрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тəсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.
Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны əлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тəуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының əлеуметтану, экономика, саясаттану жəне басқа əлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.
Педагогика жəне экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогиканың əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан, дəстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың əртүрлі топтары мен əлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; əрқилы əлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тəрбиесі заңдылықтарын ашу.
Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы əрдайым үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тəрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
- басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
- бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
- психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
- адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген əдістемелер - оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика тарихы - əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж. т. б.
1. 1 Адамгершілік тарбиесінде халық педогогикасының алатын орны.
Адамгершілік деген ұғым педогогика, психология, философия ғылымындағы арнайы категория. Сондықтан мұның анықтамасын талдау жасауда оның қандай факторлармен байланысты екенін анықтап алу керек. Психологтар Л. С. Выготский, А. А. Люблинская, Л. И. Божович, В. В. Богословский, педогогтар Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Е. В. Бондаревская, О. С. Богданова, З. И. Васильева, Л. И. Рувинский т. б. адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынандай қорытындыға келді: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, мінез құлық дағдысы.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. [2]
Сезім дегеніміз-әлеуметтік және табиғи өмірдің саналан жақтарына эмоциялық қатынас.
Адамгершілік сезім дегеніміз- жеке адамдардың өзінің мінез- құлқына деген эмоциялық қатынасы(сезімдердің түрлері:Отанға деген сүйіспеншілік, достық, сезім, ар- ождан т. б ) .
Адамгершілік сезімдерге ұнату және ұнатпау, үйірсектікпен, жатырқау, құрметтеумен, жек көру, сыйлаумен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік т. б. жатады.
Жоғарғы сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Бұл туралы К. Д. Ушинский «Адам тәрбие жемісі» деген енбегінде: «Біздің өзіміздің, дүниеге қалыптасуымызды, біздің сезіміміз де, ойымызда тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдеріміз жеке ойғана, жеке сезімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады», - деп дәл сипаттама берген.
Сүйтіп педагог ұжым өмірінің жарқында сезімге бай етіп ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.
Осыдан біздер бастауыш сынып оқушыларының көңіл күйінде бойында пайда болған сезім баланың санасына көп жағдайда вқпал жасайды деп тұжырымдаймыз.
Сана - обьективті шындықты идеиалды түрде бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Психологтардың (А. Темірбеков, С. Балаубаев, Қ. Жарықбаева, М. Мұқанов, Ж. Намазбаев т. б. ) пікірінше сана өз болмысы мен обьективті дүниенің мән - жайын, мазмұнын ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психологиялық процестердің (түйсіну, сезіну, сүйген ортасына байланысты қалвптасқан қоғамдық санада болады. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты. Себебі, жеке адамның санасының қалыптасуына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Сонымен, сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми тұжырымдамаларын біздер тәжірибелік-эксприменттік жұмысымызда негізге алдық. Себебі бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен саналарының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің, аңыз әңгімелердің т. б пайдаланудың мүмкіндігі бпр екенін білдік. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, адамгершілік, дін, қоғамдық психология, өнер, құрал-жабдықтар адамның творчествосынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл адамзаттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық сана болып табылады.
Тәрбие туралы ой-пікірлер алтыншы ғасырдағы Орхан-Енесей жазушыларынан басталып орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иугенеки т. б. ) алтын орда дәуірі оқымыстылары (С. Сари, Қ. Жалайыр т. б. ) 14-15 ғасырда өмір сүрген ақын жазушылар (Асанқайғы, шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т. б. ) 14ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Ыбырай, Абай) одан бертін келе ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, ССейфулин, т. б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Сонымен қатар Ы. Алтынсаринның адамгершілікке тәрбиелеу идеясын қазақ отбасының ең жақсы дәстүрлеріне жоғарғы баға бергендігінен көреміз.
Абай (1845-1904) мұрасы-қазақ елінің энциклопедиясы деп аталатын, әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерінің өзінің шығармаларына арқау еткен. Мәсселен, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
«Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесекіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз», -деп жаман әдеттерден сақ болуды, ал оның орнына
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз», -деп жағымды қасиеттерді көрсеткен екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz