Қайталау сабағының құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
БАИШЕВ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІЖШС

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сабақ типтері,түрлері олардың құрылымы
Пән: Педагогика
Мамандығы: ДТ-415

Орындаған:Батырханов.Б.Е
Тексерген:Сагиндыкова.Л.С

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді).

Жалпы білім беру,әлеуметтік экономикалық пәндер бірлестігінің

Жетекшісі_______Исатаева.Г.С

_________2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.САБАҚ ТИПТЕРІ,ТҮРЛЕРІ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Сабақтың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сабақтың типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II.САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС ТӘСІЛДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Сабақ модульдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Дене шынықтыру сабағында ойын әдіс-тәсілдері арқылы нәтижеге жету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында дене шынықтыру пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ
Сабақ құрылымды былайша түсіндіруге болады:
1. Бірінші кезеңде үйренушілер өздерінің бұрынғы білетіндерін естеріне түсіру арқылы білім игеруге белсенділендіріледі. Мұнда олар танымдық тепе-теңсіздік (Ж.Пиаже) жағдайында болып, жаңа білімге деген қызығушылықтары пайда болады.
2. Екінші кезеңде үйренушілер дербес тұрғыдан танымдық әрекеттер атқарады. Ж.Пиаже Балалар әрекет жасамай сөйлегенде бірін-бірі түсіне ме? деген сұраққа Баланың ойын түсіндіру үшін, оның әрекеттерінен бастау керек деп жауап береді.
3. Үшінші кезеңде шәкірттер үйренгені жайлы ой толғайды, пікірлеседі, оларды талқылайды, осы әрекеттер арқылы ол жаңа түсініктер құрастырады: Ой тәжірибесінің сан қилы жақтарын ой елегінен өткізе отырып, бала жол-жөнекей бір анықтаманы екінші анықтамамен алмастыратын фактілерді ашып, сол арқылы өзінің алғашқы ойлағандарына өзгертулер енгізеді
Кейбір жаңашыл оқыту жобалары ұстанған сабақ құрылымына назар аударайық. М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясында сабақтың үш кезеңдік құрылымы былай түсіндіріледі: Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады (1, 8). Мұнда сабақ (модуль) Кіріспе (Мотивация кезеңі) - Сөйлесу (Операционалдық-әрекет кезеңі) - Қорытынды (Рефлексиялық-бағалау кезеңі) құрылымында өткізіледі. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді (1, 9).
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім келесі әрекеттерді атқарады:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымы және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттірді әрбір оқушының қабылдауына, түсініуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға (орамалға, белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді (1, 15).
Сабақтың Сөйлесу атты келесі модулінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы (1, 9) жүзеге асырылады. Бұл бөлім оқушылардың тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) өсу бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл бөлімде оқушылар шағын топтарға бөлініп, белсенді әрекеттер атқарады: Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған.

Зерттеудің мақсаты: Сабақты нақты анықталған мақсаты мен жоспарланған нәтижесі негізіндегі аяқталған логикалық модуль ретінде ұсыну.
Зерттеудің өзектілігі: Сабақтың тақырыбынан, модульдің мақсатынан шыға отырып, балалар дамуының психологиялық жас ерекшеліктерін ескеру, әдістер арасынан педагогикалық әдіс немесе техникаларды таңдау.
Зерттеудің болжамы: Идеалды принципқа сүйене отырып, сабақтың пайдалы әрекеттік коэффициентін бағалау: оқушылардың минималды қызметіндегі оқу қызметтерінің максималды эффектісіy қарастыру.
Зерттеудің құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I.САБАҚ ТИПТЕРІ,ТҮРЛЕРІ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Сабақтың құрылымы
Қазiргi кездегi сабақты жетiлдiру жұмыстарының iшiндегi негiзгi мəселелерiнiң бiрi - оның түрлерi мен құрылымы. Мектеп тəжiрибесiнде бiр типтi сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелi əрi нəтижелi жүргiзу үшiн, оны топтастырудың мəнi орасан зор. Сол себептен əрбiр мұғалiмнiң сабақ классификациясын ойдағыдай бiлуi шарт.
Сабақ классификациясы (жiктелуi) - сабақтарды құрылысы жөнiнен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз бередi. Бұл мəселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пiкiрлер əлi де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесiнiң қайта құрылатындығы жəне соған орай оқытудың мазмұны, əдiс-тəсiлдерiнiң де өзгерiп, жаңарып отыруы сөзсiз.
И. Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - əр пəннен оқу жылының басында өтетiн сабақтар.
2. Кiрiспе сабақ - бағдарламаның күрделi тараулары мен тақырыптарынан өтетiн бiрiншi сабақ.
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетiн сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы - оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Тəжiрибелi сабақ - оқушылардың алған бiлiмiн өмiрде қолдану жолдарын көрсететiн сабақтар.
7.Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделi тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорытуь сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың бiлiмiн тексеретiн сабақтар.
9.Бiлiм сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған бiлiмiн бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында əр пəннiң жылдық курсын қорыту сабақтары.

С. В. Иванов бойынша:
1. Кiрiспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы.
4. Меңгерген бiлiмдi тəжiрибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау жəне қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабағы.

Б. П. Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар.
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Бiлiм сынау сабағы.

Қорыта айтқанда, қазiргi мектеп тəжiрибесiнде көптеп қолданылатын сабақ түрлерiне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кiрiспе сабағы.
2. Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы.
3. Бiлiмдi, бiлiктi жəне дағдыны бекiту сабағы.
4. Жаттығу жəне тəжiрибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың бiлiмдерiн, бiлiктiлiктерi мен дағдыларын тексеру жəне бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ
9. Өздiгiнен бiлiм алу сабағы.

Сабақты бұлай жiктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгiлi бiр заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалiм оқушыларға жаңа бiлiм берудi көздесе, осыған орай ''Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа бiлiмiн iс жүзiнде пйдалана бiлу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секiлдi мұғалiм өткен оқу материалын оқушы-лардың есiне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрi оның құрылымына байланысты болып келедi. Мұғалiм сабақтар жүйесiнде дидактикалық бiрнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа бiлiм бередi, оны өмiрде, практикада пайдалану жолын үйретедi, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бiрге оқушылардың бiлiм көлемi мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшiлiк сабақ оның бiрнеше элементтерi (кезеңдерi) арқылы аралас өтедi. Мiне, осындай сабақ түрi ''Аралас сабақ'' деп аталады.

1.2.Сабақтың типтері
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөлiктерiнiң, кезеңдерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, белгiлi тəртiппен жүзеге асырылуын айтады.
Олар мынандай болып келедi:
1. Сабақты ұйымдастыру бөлiмi (сабақтың тақырыбын белгiлеп, оның мақсат, мiндеттерiн тұжырымдау).
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа бiлiмдi немесе оқу материалын баяндау, түсiндiру.
4. Жаңа бiлiмдi пысықтау, бекiту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тəжiрибелiк жəне зертханалық жұмыстар жүргiзу).
5. Қорытындылау (оқушылар бiлiмiн бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсiндiру.

Сабақ құрылымын белгiлеу оқу жұмысын неғұрлым айқын жəне дұрыс ұйымдастыру үшiн маңызы ерекше. Мұның өзi мұғалiмнiң сабақ жоспарын құрудағы аса елеулi кезеңi болады. Сөйтiп, сабақ түрiн жiктеу жəне құрылымын құру өзара байланысты, бiрақ əрқайсысының өзiне тəн өзгешелiгi болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгiлеу негiзiнен дидактикалық мақсат пен мiндеттерге жəне сабақтың кезеңдерiне байланысты болып келетiндiгiнде.
Кiрiспе сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру.
Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендiру.
3. Жаңа бiлiмдi пысықтау, бекiту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Кiрiспе сабағының ерекшелiгi, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалiм тараудың немесе тақырыптың оқу-тəрбиелiк мəнiн ашып бередi, алдағы сабақтарда оларды өткiзу тəртiбiн оқушыларға түсiндiредi, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудiң тəсiлдерiн көрсетедi.
Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру. Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендiру.
3. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекiту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кiрiспе сабақтарына қатысты мəселелердi шешiп алған жағдайда, ендiгi жерде мұғалiм ағымдағы əрбiр оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесiн ұйымдастырады. Сабақ үстiнде жаңа бiлiмдердi баяндау немесе түсiндiру жұмыстары оның өн бойында жүрiп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негiзгi бөлiмi болып есептеледi. Сабақта қойылған мақсатқа сəйкес жəне оқушылардың жас ерекшелiктерi мен таным қабiлеттерiне орайластырып жаңа бiлiмдердiң баяндалуына тиiстi мөлшерде уақыт бөлiнедi. Жаңа сабақты (бiлiмдi) хабарлау барысында мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруi оқушылардың сабақ үстiндегi өздiгiнен iстейтiн жұмыстарымен ұласып отырады.
Бiлiмдi, iскерлiктi жəне дағдыны бекiту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру.Оқушыларды сабаққа əзiрлеу.
2. Бұрын өтiлген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуi. Түрлi жаттығулар мен практикалық жəне лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсiндiру.

Жаңа бiлiмдi оқушылардың қабылдап, меңгеруi барысында сабақтың пысықтау жəне бекiту кезеңдерi де белсендi қызмет атқарады. Себебi жаңадан оқып үйренген бiлiмдердi пысықтап отыру əр сабақтың елеулi элементi болып табылады. Алған бiлiмдi бекiтпейiнше, оны сапалы да берiк меңгеру мүмкiн емес. Сондықтан бiлiмдi бекiту сабағы өзiнiң құрылысы жөнiнен əр алуан болып келедi. Мұғалiмнiң түсiндiруi жағдайында оның сөзiмен бiрге оқушылардың өз бетiнше жаттығу iстерi жəне тəжiрибелiк-зертханалық жұмыстарында тəжiрибелер жүргiзiп, көрнекi құралдарын
көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Оқу жұмысының мұндай алуан түрiне қарамастан мұғалiмнiң сөзi жетекшi рөл атқарады.
Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенiн, көлемiн, сапасын тексеру жұмыстары да кiредi.[10]
Жаттығу жəне тəжiрибелiк сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру. Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуi. Түрлi жаттығулар мен практикалық жəне лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық бiлiмдерiн практикамен байланыстыру, пысықтау жəне бекiту мақсатын көздейдi.
Практикалық сабақты жүргiзу үшiн түрлi жаттығу жұмыстары мен тəжiрибелер қолданылады. Олар əр пəннiң ерекшелiктерiне қарай атқарылады. Мысалы, тiлден граматикалық түрлi ережелерге сəйкес жазбаша жəне ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргiзiлсе, сызу пəнiнен графикалық, ал физика мен химиядан лабора-ториялық-эксперименттiк тəжiрибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың бiлiмiмен қатар олардың бiлiктiлiк жəне дағдыларын пысықтау да көзделедi.
Қайталау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру. Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсiру арқылы оларды жүйеге келтiрiп, жинақтау жəне қорытындылар мен тұжырымдар жасау.
3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрi.
Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негiзгi түйiндi мəселелерiн қайталап пысықтауды (қайталау - оқытудың анасы), оқушыларды өздiгiнен қорытынды жасауға үйретудi көздейдi. Бұған мұғалiмнiң аса жауапкершiлiкпен ой жiберiп, тыңғылықты əзiрлiгiн қажет етедi. Қайталау сабақтары не сабақ үстiнде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткiзiледi. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемi жағынан iрi тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының жəне оқу жылының аяғында жүргiзiлiп отырады.
Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшiн оның сұрақтары мен пайдалануға тиiстi əдебиеттерiн оқу жəне сабақ барысында қолданылатын қажеттi құралдарын əзiрлеу жұмыстарын алдын ала белгiлеу керек. Қайталау сабағын əр түрлi тəсiлдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары жəне саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалiм оның нəтижесiн қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруi мүмкiн. Мұғалiм оқушылар бiлiмiндегi басты жетiстiктерi мен кемшiлiктердi басымырақ көрсетiп, келешекте қандай мəселелерге көбiрек көңiл бөлу қажеттiгiне оқушылардың назарын аударады.

Аралас сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру. Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
3. Жаңа оқу материалын ендiру.
4. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекiту.
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсiндiру.
Аралас сабақ - мектеп тəжiрибесiнде көптеп қолданылатын сабақ түрi. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдерi немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстiнде өткендi қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау жəне тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабiлеттерiн арттырады, назарын тұрақты етедi. Сондықтан, ол мұғалiмнiң оқу iсiн ұйымдастыруында жəне оқушылардың оқу материалын жете түсiнуiне өте қолайлы.
Аралас сабақ əсiресе бастауыш жəне орта сыныптарда, сонымен қатар тiлге қатысты пəндерде көптеп қолданылады.
Сондай сабақтың бiр вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзiнiң ''Дидактикалық очерктер'' деген еңбегiнде ұсынады. Оның ерекшелiгi, дəстүрлi сабақта ұйымдастыру кезеңiнен кейiнгi ретте мұғалiмдердiң көпшiлiгi сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексерiп, бағалаудан бастаса, мұнда оған керiсiнше жаңа оқу материалын енгiзiп, түсiндiру жұмыстарына айрықша мəн бередi.[9]
Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келедi:
1. Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсiндiру.
2. Үйге тапсырма беру.
3. Оқушылардың түсiнбеген сұрақтарына жауап беру.
4. өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың бiлiмiн сынау жəне жаңа сабақты пысықтау.
Р. Г. Лембергтiң тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсiну белсендiлiгi төмендейдi.
Сол үшiн жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңiнде, демек, оқушылардың таным қабiлеттерiнiң белсендiлiгi жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгiнi əсiресе, жоғары сыныптарда кеңiрек қолданған дұрыс болар. Себебi, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделi болып келедi. Сөйтiп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруiнде түсiндiру жəне оны пысықтау, бекiту жұмыстарына айрықша мəн берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы əрине үй тапсырмасын дұрыс өз дəрежесiнде орындап келуiне ешкiмнiң де шүбəсi болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкiн қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздерiне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ.
қушылардың бiлiмдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру.Оларды сабаққа əзiрлеу.
2. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Оқушылардың өзiндiк жұмыстары.
4. Оқушылар бiлiмдерi, iскерлiктерi мен дағдыларын бағалау.
5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың бұл түрiнiң көздейтiн мақсаты - оқушылардың алған бiлiмдерi мен дағды көлемiнiң қандай дəрежеде екендiгiн байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың бiлетiндерi мен бiлмейтiн мəселелерiн анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.
Бiлiмдi тексеру жəне бағалау жұмыстары күнделiктi сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрiнде де өткiзiледi. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға жəне меңгеруiне мүмкiндiк бередi.[11]
Бұл жұмыстың бiлiмдiк жəне тəрбиелiк қызметi жағынан маңызы зор. Бiрiншiден, оқушылардың бiлiмiне бақылау жүргiзу, олардың бiлiмiн толықтыру болса, екiншiден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тəрбиелеу жөнiнен ойдағыдай рөл атқарады. Тексеру жəне бағалау жұмыстарын жүйелi атқару оқушыларды тегiс қамтып, олардағы бiлiм, дағдыларындағы кемшiлiктердi дер кезiнде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкiндiк бередi.

II.САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС ТӘСІЛДЕР
2.1 Сабақ модульдары
Көбінесе сабақтың басында мұғалім оқушылар білімінің өзектілігін сауалнама түрінде, өздік жұмысы немесе еске алу, ойлану, ұсыну деген шақыру түрінде жүргізеді.Алайда ең оңтайлы тәсілдер тапқыр тапсырмаларды шешу теориясы және критикалық ойлаудың даму технологиясында әдістер мен техникалар болуы мүмкін.
Сыныпта жаңа материалды оқыту нысанын таңдау көптеген факторларға байланысты: балалардың дайындықтарының ерекшеліктері мен дайындық деңгейі, пәннің ерекшеліктері, тақырыптың ерекшеліктері, кабинеттің мүмкіндіктерін және техникалық жабдықтары, мұғалімнің шеберлігі.
Көпжылдық тәжірибесі бар экспериментатор-мұғалімдер тіпті ең үмітсіз, қызықсыз жағдайларда оқушыларды жаңа тақырыпты таныстыру ғана емес, сонымен қатар өз бетінше жаңа материалды игеруін ұйымдастыру мүмкін екенін көрсетті.
Проблемаларды талқылау және шешу.
Көп жағдайларда мәселенің шешуін табу жаңа материалды оқыту сатысында пайда болады. Алайда мәселелерді шеше алу дағдыларын үйрену қажет, және білім жетіспеген жағдайда бұл әрқашан орынды және тиімді болып есептелмейді. Мәселелерді шеше алуды қалыптастыру және өз іс-әрекеттерін белгіленген жоспарды жүзеге асыру бойынша жоспарлау үшін сабақта болу қажет.

Кітап тапсырмаларын шешу.
Ереже бойынша сыныптағы тапсырмаларды шешуге балалардың тәуелсіз қызметін ұйымдастыру үшін жеткілікті уақыт беріледі.
Осы кезеңде авторлар әзірлеген кітаптардағы тапсырмаларды ғана орындау нәтижелі емес. Қазіргі таңдағы заманауи оқулықтар мен тапсырмалардың барлығы дерлік оқушылардың әмбебап іс-әрекет қалыптастыратын тапсырмалар мен шешу амалдарымен толтырылған.
Сондықтан, мұғалім жүйелі-әрекеттік тәсіл талаптарына сай, сабақ міндеттерінің мазмұнын толтыру мақсаттары үшін өнертапқыштық жобалау немесе жағдайлық тапсырмалардың алгоритмін пайдалана алады.
Сонымен қатар оқушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыруда басқа да педагогикалық әдістерін пайдалануға болады.

6. Білім бақылауы, кері байланыс.
Білім тексеруді дәстүрлі форма сияқты жүзеге асыруға болады - бақылау жұмысы, сынақ, жазбаша сауалнама, дикатант, шығарма, тестілеу; сонымен қатар өнертапқыш тапсырмаларды шешу теориялары стратегиясын қолдануға болады.
Осы кезеңде ең үлкен әсерін алуға болады:
Егер оқушыларға әр түрлі деңгейдегі бірнеше тапсырмаларды таңдауды ұсынса;
Егер бақылаудың дәстүрлі емес формаларын қолдану болса;
Егер тексерілетін жұмысқа бар білімнің қолданылу шекарасын белгілейтін тапсырмаларды қосса жаңа мүмкіндіктер мен әлі белгісіз білімдерін ашады.
Сұрақ қоя білуді қалыптастыру.
Сұрақтарды қоя білу әркімнің өмірінде маңызды болып табылады. Сұрақтарды қоя білуді сабақтың әр түрлі кезеңдерінде үйрену. Бастысы , оқушыларға сұрақтардың көптеген түрлерін және қалыптасу тәсілдерін ашу.
Осы мақсатпен Блумның түймедақ сұрақтарын, және авторлық педагогикалық тәсілдері ретінде пайдалануға болады.
8. Рефлексия
Іс жүзінде рефлексияны ұйымдастырудың көптеген әдістері бар. Рефлексияны ұйымдастыру кезінде әр түрлі әдістер болу керек екенін ескеру қажет. Әрбір әдістің пәндерде және сабақ тақырыбында өзіндік орындары бар, рефлексия мұғалімдер, сабақтың логикалық аяқталуы үшін емес, ал оқушы үшін жүргізіледі.[11]

2.2 Дене шынықтыру сабағында ойын әдіс-тәсілдері арқылы нәтижеге жету
Дене тәрбиесі саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады. Бұл алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Сабақтың типтері және құрылымы
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Жаңа білімді меңгеру типті сабақтың ерекшелігі және оны өткізу
Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формасы Білімді тәжірибеде қолдану
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары
Шет тілі сабағының түрлері
Сабақтың мақсатын анықтау
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Биологиядан білімді қорытындылау
Пәндер