Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Курстық жұмыс
Пән:Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдері
Тақырыбы: Араб халифаты. Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы

Орындаған: И-811 тобының
II курс студенті Советов.E.C
Ғылыми жетекшісі: З.К.Мукатаева

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
I - тарау: Ислам Халифаты
0.1. Араб Халифатының құрылуы
0.2. Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар

ІІ - тарау: Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы
0.1. Мұсылмандыққа дейінгі Арабия.
0.2. Ислам дінінің қалыптасуы.
0.3. Омейядтар мен аббастар халифаттары.
0.4. Халифаттың ыдырауы.

ІІІ - тарау: Араб өркениеті
0.1. Арабтар мəдениеті.

ІV- тарау: Қорытынды

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Тарих ғылымында, Африка елдеріне Араб Халифатына жете мəн берілді. Онда тек алуан түрлі тарихи материалдар жинаумен ғана шектелмей, көп томдық шығармалар жазылды. Араб тарихшыларының еңбектері дүние жүзіне белгілі болды. Тек Ибн аль-Асир, Ибн-Халдун, Бируни, Рашид-ад-Диннің аттарын атаса да жеткілікті. Сондықтан да Араб Халифаты жайлы ислам дінінің қалай пайда болғаның біліуіміз маңызды деп санап және оны жан жақты зерттеп аталған зерттеу бағытымыздын өзектілігін жоғары деп санаймын.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті.
Тақырыптың мақсаты Араб Халифатының экономикасын, әлеуметтік жағдайын ашып көрсету. Сонымен қатар Ислам дінінің қалай пайды болуын аңықтау. Осы зерттеу барысымызда Халифат деген не? Төрт тақуа халифаттары қалай пайда болды ? дегенде сұрақтар тууы мүмкін. Сондықтанда тақырыптың мақсаты сол сұрақтарға толығымен жауап беріп Ислам дінін Халифаттың қалай пайды болғаның толығымен ашып түсіндіру

Хронологиялық шеңбері: Курстық жұмыстын хронологиялық шеңбері VII ғасырмен X ғасырларды қамтиды.
Жұмыстын құрылымы.
Тақырыптын құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады.
І - тарауда Араб Халифатының құрылуы және алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтары қарастырылады.
ІІ - 1.1. Мұсылмандыққа дейінгі Арабия ислам дінінің қалыптасуы омейядтар мен аббастар халифаттары және халифаттың ыдырауы қарастырылады.
ІІІ - тарауда Араб өркениеті яғни мәдениеті қарастырылатын болады.


I - тарау: Ислам Халифаты
Ислам халифаты немесе Араб Халифаты -- халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды. Араб Халифаты дегенде Халифат дегеніміз не деген сұрақ туады. Араб тілінен аударғанда халифат сөзі екі мағынаға ие. Мұхаммед пайғамбардың өлгеннен кейін құрған ұлы мемлекеттің аты және оның басшылығымен халифат елі болатын жоғарғы билеуші лауазымы. Ғылым мен мәдениетті дамытудың жоғары деңгейімен белгіленген осы мемлекеттің қалыптасу кезеңі исламның алтын ғасыры ретінде тарихқа түсті. Оның шартты түрде 632-1258 шекарасы болып саналады.
632 -- 56 жылдардағы халифаттың астанасы -- Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 -- 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 -- 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды.[1] Халифат - халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 - 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы, -- халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы -- умма болды. Арабтардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін,Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдті қамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). Омейя әулеті (661 -- 750) мен Аббас әулеті (750 -- 1258) кезінде халифат құл иеленушілік және патриархалдық тәртіптер сақталған, феодалдық қатынастар басым дамыған мемлекет болды. 7 -- 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты.
632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір жарияланды. Ол "Халиф" орынбасары деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде "Ар-Рида", яғни, "дінінен безу", "дінінен бөліну", деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол "діннен безгендер" деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед пайғамбар өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін мойындады. Енді біреулерінің арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды жақтайтын топтары болды. Сондай-ақ ислам туралы хабары жоқ, мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды.
Л. Кэтани Арабия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан төрт категорияға бөледі:
1 - категориясына ислам дінін қабылдаған Мекке-Мединалық қауым басшылығының қол астындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, мувейн, бали, асджа, аслале, хузейя, хуза т.б. ұсақ тайпалар болды.
2 - категорияның құрамына Орталық Арабияның хавазин, Амир ибн-сасааб, тайб, сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға Ислам дінін қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кішігірім топтары Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор белсенділік танытты.
3 - категориядағы ислам дінін ұстанушылар ықпалы енді-енді тарап келе жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл асад, гатафан, тамим тайпалары.
4 - категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал - Исламдағы Ханифа, абд ал - Кайс, азад тайпалары, Иемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді. Сондай-ақ Махарадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір политейстік бағыттағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ, бұл соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды.
Жекелеген тайпалардың саяси және идеологиялық тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті әулие пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде - ақ жүргізді. Ислам дініне қарсы күресті әскери ал- Иемамадағы Мусейлима деген әулие белсенді жүргізді. Мединалық ислам діндегілердің үстемдігіне қарсы Орталық Арабиядағы асад тайпасының күресін Тулейха басқарды. Ол исламға қарсы күресін Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед өлген соң фазада, тайм тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал- Валидтің әскері Тулейха жасағының тас-талқанын шығарды. Тулейха қашып құтылды. Кейін ол ислам дінін қабылдап, араб жаулап алушылықтарын белсене қатысты. Сөйтіп, "ар-рида" діннен безу емес, тек көпшілік тайпалардың жаңа ислам дінін бірден мойындамауы, оған алғаш қарсылық көрсетуі болды. "Ар-рида" екінші жағынан барлық араб тайпаларын медина-меккелік қауымының билігіне бағындырып, оларды жаулап алушылық соғыстарына тарату болды. Барлық араб тайпаларын біріктіру екінші тақуа халиф Омар ибн ал-Хаттабтың тұсында аяқталды. Ортағасырлық араб тарихнамасында араб халифатының құрылуы, яғни жаулап алынған жерлерде бір орталыққа бағындырылған үкіметтің құрылуы осы тақуа халифтың білікті де шебер, данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетілді. Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, әскер басшы болған. Ислам діні мен мұсылмандар мүдесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Ол нағыз демократ болған. Омар мұсылманша жыл санау Хиджраны енгізген. Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі, "тізімі" дегенді білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден "харадж" деген адам басына жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына тең бөлініп таратылған. Дивандағы ең бірінші тұрған Мединалық қазынаға және аймақтардағы бейт, ал-малдарға барлық жиналған алым - салықтардың бестен бірі түсіп тұрғды. Әскердегі қызметін арабтар өздерінің құрметті борышы деп санады. Ислам әскері араб тайпаларының жасақшыларынан тұрды.
Араб жауынгерлері соғыста түскен олжадан басқа жергілікті халықтан жиналатын азық-түлік есебінен және бейт ал - малдан бөлінетін жалақы есебінен күн көретін. Жаулап алынған елдерге қоныстанған арабтардың көпшілігі бағындырылған жергілікті халықтардың есебіне күн көріп, өнімді еңбекпен айналыспады. Егіншілікпен арабтар айналысқылары келмеді. Арабтардың ру-тайпалық ұйымдары жаулап алушыларды бағындырылған халықпен араласып кетуден қорғады. Арабтар көбінесе өздерінің әскери лагерлерінің қасына жергілікті халықтар да қоныстана бастады. Олар арабтарға қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін. Араб әскери лагерлерінің маңына қолөнершілер мен малайлар, ұсақ-түйекпен сауда-саттық жасайтындар қоныстанатын. Олардың арасында әртүрлі алаяқтар мен жезөкшелер жеткілікті болатын. Басып алынған ескі қалаларда арабтар жеке кварталдарға орналасатын. Кейде ол кварталдардың тұрғындарын көшіріп жіберетін, сүйтіп оны толығымен өздеріне босатып алатын. Арабтар өз әскерінің қатарына жаулап алынған халықтардың өкілдерін алмады тіпті олар ислам дінін қабылдаса да. Ал бұрын Арабиядан көшіп келіп, бірақ көршілерінің ықпалымен христиан дінін қабылдаған арабтар дереу жаулап алушылар қатарына барып қосылып жатты. Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы христиандық арабтар елеулі әскери-саяси рөл атқарды. Мұсылман-жаулап алушылар тек христиан, иудей діндегілерге ғана емес, сондай-ақ зороастризм діндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, ислам дініне кіру-кірмеу еріктерін өздеріне қалдырды. Ислам дінін қабылдаған жат елдіктер жан басына салынатын жер салығынан босатылатын. Бұл қазынаға байлықтың аз түсуіне себеп болатын. Сүйтіп, арабтар жаулап алған деген тұжырым шындыққа ұласпайды. Шын мәнінде жаулап алынған жерлердегі исламдандыру өте ұзақ прцесс болды. Ол процесс кейбір арабтардың шығыс елдерінде осы күнге дейін аяқталған жоқ. Мысалы, ІХ ғасырда Египет халқының басым көпшілігі христиан діндегілер болды. Арабтардың өркениетті елдерді жаулап алып, оларда өз биліктерін орнатулары араб қоғамындағы экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетіп, күрделендіре түсті. Қолында билік бар мұсылман қауымының мүшелері баий түсті, ал қолынан ешнәрсе келмейтіндердің жағдайы онан сайын қиындай берді. Бұл халифтар алдымен байуды дегенді білмеді. Алғашқы халифттер өте қарапайым өмір сүрген. 644 жылы ирандық құлдың қолынан Омар қаза тапқан соң Осман ибн Ал-Аффан халиф болды. Ол да омейя руынан болатын. Ислам дінін қабылдағанға дейін ол өсімқорлықпен айналысатын байлардың бірі болған. Ол сонымен қатар иіс сулар жасап сататын, асыл тұқымды сәйгүлік ат өсіретін. Мұхаммедтің Үркия деген қызына үйленген. Ол қайтыс болған соң тағы бір қызы Үмму Гүлсімді алған. Содан ол құрметті "Зу - н - Нұрайын" - қос сәлеге бөленген деген атақ алған. Ол 644 - 645-шы жылдар аралығында Халифтық құрды. Оның ең үлкен және аса маңызды жұмысы - Құранның толық жинағын әзірлеу, кітап қалпына жеткізу болды. Осман өлген кездегі оның байлығы 150 мың динар мне 1 млн. Дирхем құрған. Сонымен қатар 100-ге жуық жылқысы, 1000 түйесі, 10 000 қойы болған дейді. Ақыры бұл байлығы оның түбіне жетті. 656 жылы наразы болған арабтардың өздері көтеріліс жасап, Османды өлтірді.
9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 -- 1171), Испанияда Омейялар (929 -- 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді.
Арабияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге басып кіре бастады. Нәтижесінде VІІ-VІІІ ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ территорияларында араб үстемдігін орнатқан араб жаулап алу соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы үш "әділ халифтардың- Абу Бәкр (632-634 жж.) және Осман (644-656жж.) билігі тұсында өтті. 633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратын үш араб әскері, Сирияға басып кірді. Медина халифатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс өлі теңізден оңтүстіктегі Вади - л - Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фихм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы палестина және сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техниакалары араб отрядтарында қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, "өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шартымен" арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын. 635 жылы ақпанда Мардж ас - Суффара түбіндегі шайқастың нақты барысы қиял туындысы болмағанда, византиялық әскердің қайсарлығын мойындауға болар еді. Белазуридің хабарлауына қарағанда византиялықтардың "қырғын күреске кіргені соншалық, суға аққан қанмен диірмен қозғалысқа келтірілген".
Арабтардың Хирамен шекаралас оңтүстік Иракқа басып кіруі ал- йемамдағы соғысқа дейін басталып, шапқыншылық сипат алған. Йемамдық халифтердің қарсылығын басқаннан кейін, қолбасшылығында 500 мединалық пен меккелік қалған Халиф ибн ал - Валид бекр ибн вайл тайпасын өз жағына тартып солардың көмегін Хираны алады. Бек ибн вайл Орталық Аравияда ал - Иемамнан Парсы жақтағы жерге көшіп қонған көп санды, әрі құдіретті тайпа болатын. Бұл тайпаның көп бөлігін несториандық дінге сенуші христиандар құрайтын. Сондықтан ислам діні жаулап алу жорықтарына үндейтін себеп бола алмайтын. Бірақ, бұл тайпаларда ислам пайда болғанға дейін-ақ олжа табу мақсатымен Оңтүстік Иракқа басып кіру арқылы жинаған тәжірибесі бар болатын. 610 жылы осындай отрядтар Зу-Каре түбіндегі иран әскерімен шайқаста оларды жеңе алды. 634 жылы наурызда 500-800 салт атты әскері бар Хамид бұйрық бойынша шөл арқылы Мединадан Даманскіге жіберілді. Араб отрядтары Даман маңындағы бау-бақшалы аудан Гутуды алды және мұндай бекіністі не тәжірибелері, не құралдары жоқ болғандықтан қалай аларларын білмеді. 635 жылы қыркүйекте алты ай қоршаудан кейін комендант және жергілікті эпископ қала халқының қысымымен Даманскіні арабтарға берді. Қоршағандардан, қосатынынан қала қабырғаларына шығатын бірде-бір саты табылмады, ал бекініс қақпалары ішінен тастармен және бөренелермен бітеліп тасталған еді. Жеңімпаздарға Гутудағы бір монастрдан саты алуға келді. Арабтардың басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы мператор Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал - Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың отрядтары енді. Византия әскерінің саны, араб тарихшыларының асыра санауымен 200 мыңға жеткен дейді. Араб отрядтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Даманск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған. Визатиялықтардың соғысу қабілетінің нашарлауына, шайқасқа дейін - ақ өзара қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етуі Гассанид патшасы Джебел ибн ал - Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып кетті. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша император Ираклий бұл елді мүлдем тастай отырып, шекарадағы бір шатқалды: "Қош бол, Сирия !" - деген екен. Арабтар Даманскіні қайта алып, содан кейін Солтүстік Сирияны бағындырды. 638 жылы - жыл қоршаудан кейін - Иерусалим, 640 жылы 7 жыл қоршаудан соң - Кайсария берілді. Мұндай ұзаққа созылған қоршау арабтардың әскери - техникалық мүгедектігінен емес, осы портты қалалардың гарнизондарының теңіз арқылы үнемі көмек алып тұруымен түсіндірілді. Арабтардың визатиялықтардың теңіз флотымен күрестен еш құралы ол кезде жоқ болатын. Иракта Хираны алғаннан кейін арабтар сасанид әскерімен шайқаста бірнеше рет жеңіліп, бұл қала мен оның облыстарынан кетуге мәжбүр болды. Бедуиндерге күшті әсер қалдырған, олар үшін қорқынышты жануар болып көрінген иран әскери пілдері еді. Бірақ, 635 жылдың аяғында Бувейте түбінде, Евфратта Иран әскерлерін әкеліп, жеңілген арабтар қайтадан Хираны алды, ал 637 жылы 31 мамыр немесе 1 маусымда Кадисия түбінде кейін, осы ірі шайқастан соң арабтар Сасанидтер астанасы Ктесифонға кірді, ол қала арабтарда Мадаин деген атпен белгілі Шахиншах ІІІ - Йездигерд пен сарай маңындағылар қашып, кетеннен кейін қала тұрғындары арабтарға қала қақпасын ашты. Арабтар әскер басшыларымен Иран әскери қолбасшылығымен жасасқан бейбіт келісімі көп ұзамай арабтар тарапымен бұзылды. Сол кезде солтүстікке қарай жылжыған араб әскерлері 641 жылы Мосулды алып, Хамадағы Нехаведен түбінде ирандықтарға күшті тойтарыс берді. 644-645 жылдары Араб әскерлері Белуджистан арқылы Индияның шекарасына енді. 649 жылы Истахрды (ежелгі Персополь) алды. Мерв түбінде ІІІ - Йездигердтің өлген 651 жылы, арабтардың Иранды жаулап алуының аяқталған күні деп есептелді. Осы жылы олар Амударияға дейін жетті. Бұдан сәл ертерек Сирияны жаулап алғаннан кейін, арабтар 640 жылы Арменияға басып кіріп, оның астанасы Двин қаласын алды. 654 жылы олар Тбилисиге дейін барды. Африкаға жорығын арабтар, араб қарулы күштер Сирияда жеңіске жеткеннен кейін барып бастады. Араб отряды Египетке алғашқы жорығы ибн ал - Асанның қолбасшылығымен аз ғана әскермен 639 жылы желтоқсанда бастады. Ескі пайым бойынша, өзінің Сирия әскеріндегі бағыныштылық жағдайына риза болмағандықтан Ніл жазығына өздігінен жорық бастаған бұл қолбасшының әрекеті мүлдем мүмкіндігі жоқ ретінде алынып тасталуы керек еді. Іс жүзінде бұл жорық Египеттен Хиджазға астық, тағыда басқада азық - түлік жеткізу үшін жасалған болатын. Мекеннің тұтыну сұранысы, әсіресе Аравия біріккеннен кейін, қажыға барушы мұсылмандардың санының көбеюіне байланысты өсе түсті.
640 жылы қаңтарда Амрдың әскері Фарамды алды, одан соң Нілді басып өтіп, Файымға жорық жасады. Маусым айында арабтар қосымша күш алғаннан кейін, Гелиопольде византиялықтарға соққы берді. 640 жылы қыркүйекте олар Вавилонды қоршады, бұл бекініс 641 жылы сәуірде берілді. Осыдан кейін Ніл арқылы төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға көшті. 641 жылы қарашада жергілікті патриарх Кир (ал - Мухавкис) Амрмен осы бекіністі беру жөнінде келісімге отырды. Келісім бойынша он бір айлық уақытша бітімнен кейін Египет астанасы арабтардың қолына өтті, ал бұл уақыт ішінде осы қалада тұратын бай және ақсүйек гректер қоныс аударды: 642 жылы қыркүйекте гректерді көшіру аяқталғаннан кейін, араб әскері, Александрияға кірді. Осы уақытқа дейін араб отрядтары Жоғарғы Египетке ішкерлей енген болатын. 645 жылы Византия флоты Александрия аймағына басып кіріп, десант түсіріп, қаладан арабтарды шегіндірді. Арабтар қаланы екінші рет қоршап 646 жылы жазда шабуылмен алды. Араб әскерлері Египеттен онымен көрші Ливияға шапқыншылық жасауды ұйғарды. Жергілікті бербер тайпаларынан қарсылық кездестірмеген және Византия гарнизонына соққы берген арабтар 642 жылы күзде Барка қаласын алып, Киреналка облысын бағындырды. Осы облыстан шығып, Феззанның оңтүстігіне дейін және батыста Трипаш қаласына дейін еніп, оны 643 жылы алды. 647 жылы араб әскері Египеттің наместнигі Абдаллах ибн Садтың қолбасшылығымен Ифрикияға басып кірді және Византиялықтарды Сбейтла қамалының түбінде талқандады. 644 жылы Иран құлының қолынан Омар қайтыс болғаннан кейін, Омейядтар руына жататын Осман ибн - ал Аффан халифтік қызметке келді. Осман ислам пайда болғанға дейін, өзінің жас кезінде тиімді өсімқорлық операцияларымен айналысып, бай адамдардың біріне айналған болатын. Меккеліктердің арасында ал байлықты, асыл тұқымды жылқыны, жас құл қыздары жақсы көруші ретінде белгілі болатын. Осман Мұхаммедтің ең жас ізбасарларының бірі болды. Аңыз бойынша пайғамбардың қыздарының біріне үйленеді, ол жас қайтыс болуына байланысты, басқа қызын алады. Сондықтан Осман мұсылмандардың кезде "Алланың елшісінің екі қайтар күйеу баласы" деген атақ алған. Осман халиф билігі тұсында (644-656 жж.) оның туыстары, Меккелік құл иеленушілік ру ақсүйектерінің өкілдері бағындырылған елдерде мемлекеттік билікті және жер иеліктерін жаулап ала бастады. 648 ж. Арабтар Кипр аралын басып алды. 653 ж. Кипрліктер Византия жағына шығып кетіп, Араб гарнизонын талқандады. Файника маңында болған шайқаста араб флоты византиялық флотты талқандап, Кипрді халифатқа қайтарып алды. 651 ж. Арабтар Иранды жаулап алуды аяқтады. Шахиншах ІІІ - Йездигерд мады жаққа қашып барып, сонда бір диірменшінің қолынан қаза табады. Сасандар империясы өмір сүруін тоқтатты. Сол жылы Араб әскері Әзірбайжан жақтан Арменияға басып кірді. 653 ж. Арабтар византиялықтарды Тайк облысында жеңіп, Арменияны алиарабтың құрамына қосып алды. 653-655 жж. Халифат Грузияны бағындырды. Сонымен бүкіл Закавказье араб халифатының қол астына көшті. Мұсылман қазынасының ашықтан - ашық тоналуы, оған түскен қаржы мұсылмандарға тиесілі және олардың арасында теңдей бөлінуі керек деп санайтын, аз санды пайғамбар "серіктері" тарапынан наразылық туғызды. Осман халифтың өзі өз отбасының мүддесіне мемлекеттік қаржыны қалай болса солай пайдалану арқылы теріс үлгі көрсетті. Мысалы, оның қызы Абдаллах ибн Хамидқа тұрмысқа шыққанда, ол жас жұбайларға басыр бейт ал - малынан 600 мың дирхем беруге бұйрық шығарды. Абдаллах ибн Абу Сарх Ифрикиядан үш мың қаптар алтын жібергенде, Осман ал - Хасам отбасына беруді бұйрық етті. Османға қарсы Куфадан, Басрдан, Египеттен Мединаға қажылық түрімен келген мұсылман өкілдері күшті наразылық көрсетті.
Осы қаланың тұрғындары ашық көтеріліске шықты. Көтерілісшілер халифтың үйін қоршап алып, өзін өлтірді. Енді Мұхаммедтің күйеу баласы, әрі ағайын бауыры, Әли (656 - 661жж.) халиф боды. Көтерілісшілердің қолдауымен билікке келген Әли халиф Османның байыған ықпалды "серіктері" мен туыстарының тарапынан қарсылыққа кездесті. Арабияда күрес үшін жеткілікті күш құрал таба алмаған Әли, Ирактан сенімді әскери және әлеуметтік тірек табам деген үмітпен өзінің резиденциясын Куфаға ауыстырды. 657жылы ал - Джазирадағы Сиффин маңында, Ефраттың оң жағасында Муавияның сириялық әскері арасында ірі шайқас өтті. Бұл шайқаста екі жақта нақты нәтижеге жеткен жоқ. Әли 661 жылы Куфа мешітіне кірер есікте хариджиттердің пышақ жұмсауынан алған жарадан қайтыс болды. Хариджиттердің үкімімен өлімге кесілген Муавия мен Амыр ибн ал - Асаға жасалған қастандық сәтсіз аяқталды. Төртінші тақуа халиф Әли ибн Абу Талиф Неджефте жерленді. Оның өлімінен кейін Мұхаммед пайғамбардың көрегіндікпен айтқан сөзі дәл келді. Ол: мен өлген соң 30 жыл өткенде Халифаттың орнына патшалық келді. Халифты силау әулеттік принциппен ауыстырылады деген еді. Шынында да билікке Омейялық Муавия ибн Ауб Суфьян (661 - 680 жж.) келді де 750 жылға дейін оның үрім бұтағы биледі. Осылайша, арабтар 20 жыл көлемінде Византия империясының құрамына кіретін Азияны, Африкадағы кең - байтақ территорияны жаулап алды және Иран патшалығын түгелдей бағындырып, құдіретті державаның саяси тәуелсіздігіне нүкте қойды. Араб жаулап алушылығының тез, әрі жеңіл жүзеге асуының себептерін араб тарихымен айналысатын немесе өз еңбектерінде осы оқиғаға жолай тоқтаған Еуропа тарихшылары анықтауымен шұғылданды. Арабтардың жеңіске жетуінің негізгі себептерін Византия мен Сасанидтік Иранның экономикалық әлсіреуімен, ең бастысы осы мемлекеттердегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен түсіндіруге болады. Елдер мен облыстардағы еңбекші халықты езгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифаты мемлекеті
Араб халифаты, араб халифатының құрылуы
Аббасидтер дәүіріндегі араб әдебиеті
Түрік қағанатының құрылуы
Латын тілі
Надыр шах тұсындағы Иран
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Араб халифатының құрылуы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Пәндер