Білімге қызығушылық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Курстық жұмыс
Пән: Тарихты оқыту әдісі
Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесі

Орындаған: И-811 тобының
III курс студенті Советов.E.C
Ғылыми жетекшісі: З.К.Мукатаева

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
I - тарау: 12 жылдық білім беру жүйесі
12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты

ІІ - тарау: 12 жылдық мектептің эксперименттік бастауыш сыныптарында оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту арқылы оқушы тұлғасын әлеуметтендіру
12 жылдық мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
құзіреттіліктерін жетілдіру

ІII- тарау: Қорытынды

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесі
Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды. ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан -- жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі
таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару -- бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл -- күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық -- психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс. Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері - осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет. Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда. Қоғамымыздың әлеуметтік - экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру ордасындағы психолог мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз. Курстық жұмыстың өзектілігі: ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білім-ге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамыту-дағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесін зерттеп талдау
Зерттеу пәні: Қазақстан тарихы
Зерттеу болжамы: 12 жылдық мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдау үшін даярлық компоненттерін айқындалды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің мазмұнын зерттеу;
алматы қаласында 12 жылдық білім беру экспериментінің басталуын талдау.
Курстық жұмыстың құрлымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Курстық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.

I - тарау: 12 жылдық білім беру жүйесі
1.1 бөлім. 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты
12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен, білім әркімге өмір бойы үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына; Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ - дарламасына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда - 13 жылдық ; Голландияда - 14 жылдық жүйе қабылданған. 12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аспектісі
Математика пәнін оқытудағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы негізгі әдістеме
Пәндер