ҒЗЖ алғашқы нәтижесі бойынша сайтқа Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында проф



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоба -- жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, т.б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т.б. мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс.[1][2][3]
Жұмыстық жоба - бұйым жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманың (техникалық жобадан кейін) жасаудың 4-ші сатысы; оған мына этаптар жатады:
жұмыстық сызбаларды және техникалық жағдайларды жасау, транспорттық құралдардың тәжірибеден еткен агрегаттарының ұлгілірін дайындау және сынактан еткізу конструкциялық құжаттаманы жөнге келтіріп отыру;
сонымен қатар бұган мыналар жатады: бос серияны және орнату сериясын сынау; конструкциялық құжаттаманы женге келтіру;
құжаттарға - тәжірибелік ұлгілер үшін о литерін, орнату сериясы үшін а, басты серия үшін б беру.
Техникалық жоба - конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші стадиясы (эсқаиздік жобадан кейін) оған мына этаптар жатады:
жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шыгару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;
құжаттарға т литерін тағайындайды.
Нобай жоба - бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың 2-ші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін)- мынадай кезендер жатады:
эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу;
бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердіқ жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек.
https:kk.wikipedia.orgwiki%D0%9 6%D0%BE%D0%B1%D0%B0

Жұмыстың нысаны қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары болып табылады.
Жұмыстың мақсаты қазіргі заманғы Қазақстанның негізгі ұлттық идеясын қалыптастыруда және тұрақты даму жағдайында қоғамдық-гуманитарлық және рухани-танымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды саналатын отандық ғылым жетістіктері мен жетекші ғылыми мектептердің даму тенденцияларын және әлемдік ғылым дамуын сараптау, ғылымның приоритеттері жайлы кепілдемелер дайындау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандық маңызды ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді насихаттау.
Зерттеу барысында Қазақстанның ғылыми жетістіктері, жетекші ғылыми мектептердің қызметтері, еліміздің даму тенденциялары мен приоритеттері бойынша сараптамалық және практикалық материалдар сарапталып, зерттеу нысаны негізделді.
2008 ж. 14-мамырда Қазақстанның ұлттық идеясы және БАҚ: келешек приоритеті тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конферениця өтті. Пленарлық мәжілісте www.gylymkaz.kz веб-сайтының көрсетілімі өтті.
Отандық ғалымдардың мақалалары туралы электронды мәліметтер базасының бірінші кезеңі дайындалды (Access программасында, 2001-2007 жж. аралығы). Қазақстандық ғылыми зерттеулер мен өңдеулер туралы жариялап отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық каталогының алғашқы кезеңі дайындалды. Хабар телеарнасында қазақстандық ғылыми зерттеулер нәтижелері туралы 3 тележурнал циклі түсірілді. Республикалық Жас қазақ газетінде Ұлтық идея - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі циклімен мақалалар жариялана бастады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінің практикалық маңызы. Ғылыми зерттеулер жайында нақты және сенімді ақпараттар дерегінен тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында мәліметтер іздестірудің тиімді құралы саналады. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.
Зерттеу нәтижелері ҚР мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, ғылыми-инновациялық ақпарат, журналистика, ғылым тарихы, саясаттану және т.б. салаларда пайдалануға болады.
Нәтижелер. ҒЗЖ екінші кезеңінде қазіргі заманғы Қазақстанның ұлттық саясатын қалыптастыруда еліміздің маңызды ғылыми жетістіктері мен приоритеттері және жаңа ғылыми-техникалық бағыттар: биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы табысты зерттеулер жайлы мәліметтер жинақталып, сарапталды.
Жаһандық ғылыми интеграциялық үрдістерде қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер мен ақпараттық материалдар дайындалды.
Қазақстан ғылымының жаңа ғасырдағы приоритеті мен халықаралық қауымдастықтағы позитивті де бәсекеге қабілетті имиджін арттыруда маңызды саналатын еліміздегі жетекші ғылыми мектептер, олардың дәстүрлері мен рухани-танымдық құндылықтары жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру негізделді.
Қазақстанның жетекші ғылыми мектептерінің бағыттары: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану, соның ішінде биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы жетістіктері жайында материалдар жинала бастады.
Осы саладағы жетістіктерді орындалған ҒЗЖ деңгейімен салыстыру.
Республикада АКТ дамуына тиімді жағдайлар жасалып келсе де көптеген проблемалар шешуін күтіп тұр. АКТ саласын құқықтық реттеуде, АКТ инфрақұрылымына қолжетімдікті қамтамасыз етуді арттыруда, қоғамның АКТ негізінде одан әрі демократиялық дамуына бағытталған шараларды жүзеге асырған жөн. АКТ-ны қазақстандық қоғамның барлық салаларына тиімді енгізуде бірақтар шаралар қажет. Қазіргі уақытта елде АКТ-революциясына негізгі алғышарттар жетіліп келеді деуге болады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік ақпараттық ашықтығы. Саяси басшылық деңгейінде, нормативті-құқықтық базада адам құқы мен бостандығын, соның ішінде ақпарат алу құқын сақтауға ұмтылуда.
Қазақстандағы космосты игеруде жүргізіліп жатқан инновациялық жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына мынадай қорытынды жасауға болады:
- бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуді көздеген Қазақстанның ғарышты игерудегі саясаты ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыруымен және халықаралық бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асырумен ерекшеленуі;
- Қазақстанның космостық державалар қатарынан енуіне мүмкіндік беретін жобалардың, атап айтақнда Казсат жер серігінің ұшырылуының жүзеге асуы осы саланың таяу болашақта қарыштап дамуына негіз болуы;
- халықаралық ғарыш станцияларына сапар шегіп, ғылыми экспедицияларды жүзеге асыратын кәсіби ұлттық отрядардың дайындалу үдерісі - ғарышты иегрудегі оң өзгерістер саналуы;
- Қазақстанның космосты игеру мен зерттеуге арналған халықаралық ғылыми бағдарламалардың бірлесіп орындаушысы ретінде атсалысуы әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуына, сенімді серіктес болуына жол ашуы.
Қазақстандағы космосты игеру мен зерттеу салаларындағы ҒЗЖ жүргізуде әлі де болса бірқатар проблемалардың (кәсіби мамандардың жетіспеуі, қажетті базалық платформалардың әзірленуі, халықаралық ғарыш станцияларына қолжетімдіктің әлсіздігі) болуына қарамастан, алдағы уақытта бұл салада позитивті өзгерістерді болжауға болады.
Әрине, әлемдік деңгейде танымал ғалымдардың биотехнология саласындағы керемет табыстары күн санап артуда. Мәселен, микроорганизмдердің органикалық бөліктерін неорганикалыққа алмастыратын наноробот жасауда Қазақстан ғалымдарының әлі де көп ізденуіне тура келеді. Дегенмен ҚР БҒМ қазақстандық биотехнологияның болашағы алда, әрі бұл елдегі экономикалық сектордың дамуымен тығыз байланыста деп санайды.
Қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар биотехнология саласында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, биотехнология әдістері арқасында дағдарыс факторлары мен ауруларға төзімді жоғары өнімді ауылшаруашылық өнімдерінің жаңа түрлері алынды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының иммунология және молекулярлық-генетикалық диагностикасы мен алдын алуына арналған тиімді әдістер жасалып, оларды өндіру мен жүзеге асыру жолға қойылды.
Бүгінде ТМД елдеріндегі нанотехнология саласындағы бірлескен зерттеулер жүргізу жолындағы ынтымақтастық қадамдарына Қазақстан да белсене атсалысуда.
Таяу болашақта Қазақстанда да нанотехнология салсындағы ғылыми әлеуеті қуатты мектеп қалыптасып, әлемге танымал жаңалықтар мен жетістіктердің еліне айналары осындай ынтымақтастықтардың жалғасуынан деуге болады.
Алдағы уақытта Қазақстан ғылымының негативті тенденциялары ескерілген жағдайда, сараптаулардан байқалағандай, ғылым - қоғамның ең әлеуетті қозғаушы күші, жаңа инновациялық идеялар мен өндіріске енгізілетін әзірлемелердің дүниеге келуіне толық негіз бар деуге болады.
Қазақстан ғылымы жайында сайт дайындалып, жарияланды. ҒЗЖ алғашқы кезеңінде веб-сайт дизайны, картасы дайындалып, орналастырылатын материалдарды іріктеу, жүйелеу бойынша ғылыми ұйымдастыру және зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілді. Веб-сайт 2008 жыл мамыр айында іске қосылды.
Қазақстан ғылымының даму бағыттары жайында электронды мәліметтер базасы мен электронды каталог жүйесінің бастапқы (Access бағдарламасында) кезеңі дайындалды. Қазақстандық жетекші ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жаңа өңдеулері сипатталған мақалаларының мәліметтер базасы жоба аясында жарық көретін сайтына орналастырылады.
Қазақстандық БАҚ-тың ғылыми-техникалық ақпараттарды жариялау саясатын айқындауға арналған зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде ҒЗЖ жұмысының нәтижесінде республикалық 9 электронды және мерзімді басылымдардан ақпарат жинақталып, өңделді. Веб-сайттағы БАҚ ғылым жайында бөлімінде осы зерттеулер нәтижесіндегі барлық ақпараттық және сараптамалық материалдар орналастырылады. Мұндай ақпараттық каталог дайындау пайдаланушылар үшін толық та нақты ақпараттарды іздестіруде тиімді әрі қолжетімді болмақ.
Интернетте, әсіресе қазақстандық секторда ақпарат іздестіру көбінде қанағаттанарлық нәтиже бере қоймайды. Отандық ғалымдарымыздың зерттеу бағыттарына арналған нақты да шынайы ақпараттардан тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында ақпарат іздестіруде тиімді саналмақ. Қазақстан ғылымы туралы ақпаратты іздестіру жолдарын жеңілдету қарастырылды. Базада ғылымның барлық салалары бойынша ҒЗЖ мен ғылыми өңдеулер қамтылды. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.
Алға қойған міндеттерді орындау барысын бағалау. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ғылымның дамуы жайлы сараптама ғылыми қызметтің белсендігі артуы тенденциясын әйгілейді. Бұл жыл сайынғы ғылыми қызметті қаржыландырудың ұлғаюынан, мемлекет жариялап отырған ғылыми конкурстардың, орындалған ғылыми жобалардың көбеюінен, ресми заңнамалық нормаларды талқылау мен қабылдаудан байқалады. Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену міндеті әлемет пен ғылыми қауымдастықтың ынтымақтасуы негізінде ҚР өндірісіне инновациялар енгізу, инновациялық менталитеттің қалыптасуы және инновациялық дамудың нақтылығы мен бағытталуы арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Нәтижелерді пайдалану бойынша кепілдемелер. ҒЗЖ нәтижелерін мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, ғылыми-техникалық және ғылыми-инновациялық ақпарат салаларында, ғылыми кітапханалар мен ғылыми мәліметтер баазсына пайда лануға болады.
Аталмыш бағыттағы ҒЗЖ жалғастыру өте маңызды саналады. Өйткені жоба бойынша аталған мақсатқа жету және алға қойылған міндеттерді орындауда зерттеу жұмыстары нәтижелерінің тек ғылым дамуына ғана емес, сондай-ақ ғылыми әзірлемелер мен жаңа инновациялық идеялар мен ғылыми зертханалардағы өнертабыстардың өндіріске енгізуіне айтарлықтай үлес қосады деген сенімдеміз.
ҒЗЖ бірінші кезеңінде қазіргі заманғы Қазақстанның ұлттық саясатын қалыптастыруда еліміздің маңызды ғылыми жетістіктері мен приоритеттері және жаңа ғылыми-техникалық бағыттар: биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы табысты зерттеулер жайлы мәліметтер жинақталып, сарапталды.
Жаһандық ғылыми интеграциялық үрдістерде қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер мен ақпараттық материалдар дайындалды.
Қазақстан ғылымының жаңа ғасырдағы приоритеті мен халықаралық қауымдастықтағы позитивті де бәсекеге қабілетті имиджін арттыруда маңызды саналатын еліміздегі жетекші ғылыми мектептер, олардың дәстүрлері мен рухани-танымдық құндылықтары жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру негізделді.
Қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер негізінде республикалық БАҚ-қа ақпараттық материалдар дайындала бастады. Соның ішінде, Қазақ әдебиеті, Егемен Қазақстан, Айқын, Литер, Новое поколение, Начнем с понедельника, Жас қазақ газеттерінде, республикалық Нефть и газ журналында материалдар жариялауға, Хабар, Қазақстан телеарналарында, Қазақ радиосы, Азаттық радиоларында Қазақстанның әлемнің дамыған 50 елінің қатарына ену стратегиясы аясында еліміздің ғылыми өнертабыстары мен жетістіктері және перспектиктивалары жайында циклді тележурналдар мен хабарлар жариялауға келісім құжаттары рәсімделді.
Ұлттық Хабар телеарнасында 2005-2007 жж. Қазақстан Республикасында космостық қызметтің дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеу жүргізген ҚазҰУ ғалымдары У.А.Тукеев, Н.Данаев және т.б. қатысуымен тележурнал циклдерінің алғашқысы түсіріліп, эфирге 2007 ж. 17 желтоқсанда, 2008 ж.; 7 және 16 қаңтарда қайталап шықты. Жоба аясында Қазақ әдебиеті газетінде қазақстандық генетик ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне арналған Сынақтан сарапқа түскендер атты мақала жарық көрді (27 шілде, 2007 ж.) және профессор Ә.Т. Төлеубаев жетекшілігіндегі археолог ғалымдардың зерттеулеріне арналған Шілікті даласындағы көне тарихи қазына, баспада, Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі газетінде профессор З.А. Мансұровтың Нанотехнологии казахстанские: ноу-хау сұхбаты (1 тамыз 2007 ж.) жарық көрді. Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында Т.Ы.Тәуірбаев жетекшілігіндегі ғалымдар тобының ғылыми зерттеулері жайында материалдар жинақталып, сарапталып, мерзімді баспасөзге (ҚазҰУ хабаршысы. Ақпарат сериясы және Нефть и газ журналы) дайындалды.
ҒЗЖ алғашқы кезеңінде Қазақстан ғылымы жайында веб-сайт дизайны, картасы дайындалып, орналастырылатын материалдарды іріктеу, жүйелеу бойынша ғылыми ұйымдастыру және зерттеу жұмысының алғашқы кезеңі басталды. Веб-сайт 2008 жыл бірінші тоқсанында іске қосылады.
Қазақстан ғылымының даму бағыттары жайында электронды мәліметтер базасы мен электронды каталог жүйесінің бастапқы (Access бағдарламасында) кезеңі дайындалды. Электронды мәліметтер базасын дайындауда ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының баяндамалары, Жоғары Мектеп Хабаршылары Мұнай және газ және т.б. ғылыми басылымдардағы материалдар негізге алынды. Қазақстандық жетекші ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жаңа өңдеулері сипатталған мақалаларының мәліметтер базасы жоба аясында жарық көретін сайтына орналастырылады.
База мынадай талаптар бойынша дайындалды:
· тапсырма мазмұнын сараптау
· шынайы ақпаратты іздестіру
· электронды кестемен жұмыс істеу технологиясы
· кестенің құрылымын жоспарлау
· мәліметтер базасында деректерді ұйымдастыру схемасы
· мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру
· мәліметтерді енгізу және оларды форматтау
· жазбаларды сұрыптау және фильтрация, автофильтр
· кілт бойынша сұрыптау
· мәліметтерді өңдеу
· мәліметтердің ұжымдық қолжетімдігін ұйымдастыру
· кестелерді импорттау және үйлестіру
· жазбаларды редакциялау
· кестелерді келістіру
· сұранысты жобалау және форматтау
· құрамдас және байланыстырмалы формаларды жасау
· формаларды басып шығару
· есепті жасау, редакциялау
· мәліметтерді дұрыс енгізуді бақылау
· қауіпсіздік және қолжетімділік проблемасы
· жаһандық ақпараттық ортаға қосу.
Қазақстандық БАҚ-тың ғылыми-техникалық ақпараттарды жариялау саясатын айқындауға арналған зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде ҒЗЖ жұмысының нәтижесінде республикалық 9 электронды және мерзімді басылымдардан ақпарат жинақталып, өңделді. Веб-сайттағы БАҚ ғылым жайында бөлімінде осы зерттеулер нәтижесіндегі барлық ақпараттық және сараптамалық материалдар орналастырылады. Мұндай ақпараттық каталог дайындау пайдаланушылар үшін толық та нақты ақпараттарды іздестіруде тиімді әрі қолжетімді болмақ.
Интернетте, әсіресе қазақстандық секторда ақпарат іздестіру көбінде қанағаттанарлық нәтиже бере қоймайды. Отандық ғалымдарымыздың зерттеу бағыттарына арналған нақты да шынайы ақпараттардан тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында ақпарат іздестіруде тиімді саналмақ. Қазақстан ғылымы туралы ақпаратты іздестіру жолдарын жеңілдету қарастырылды. Базада ғылымның барлық салалары бойынша ҒЗЖ мен ғылыми өңдеулер қамтылды. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.
Жоғары мектеп туралы веб-сайт әзірлеу мақсаты отандық ғылыми-техникалық өнімді - ұлттық ақпаратты бүкіләлемдік желіге шығару мүмкіндігін тудыратын жоғары оқу орындары ғылымының жалпы ақпараттық қорларын жасауға байланысты.
Бұл сыртқы және ішкі пайдаланушыларға отандық әйгілі журналдардағы ғылыми мақалаларға қолжетімділікке; мәліметтер мазмұнын жүйелеуге; пайдаланушыларға тиімді іздестіру жүйесін ұсынуға; отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттауға; жоғары оқу орындары ғылыми қызметіндегі тұлғалармен танысуға; ғылыми-ұйымдастырушылық қорларға жүйелік қолжетімдігіне; ғылыми-көпшілік ақпаратқа қолжетімдігіне мүмкіндіктер береді.
Жоғары оқу орындарының ғылымы жайлы веб-сайт жасау тұжырымдамасы мынадай идеяларға негізделеді: отандық журналдардағы ҒТА-ға қолжетімділікті кеңейту, қазақстандық ғылыми интернет-қорлардың көптүрлілігі; ҒТА өңдеу жылдамдығы; жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық ақпараттарын жинау мен жүйелеу; ғылым туралы ғылыми-көпшілік ақпарат.
Сайт бөлімдері мынадай:
- басты бет: жоба кеңесшілері мен жетекшісінің алғы сөздері, сайт бөлімдерінің тізімдемесі;
- бөлімдерге шығу:
жоба жайында;
тұлғалар;
жетекші ғалымдармен сұхбат;
жоғары оқу орындарындағы ғылым тарихы;
ғылыми мақалалар базасы;
ғылым туралы қызғылықты мақалалар;
ғылымтану жайында библиография;
ҚР Ұлттық идеясы;
анонс;
БАҚ ғылым жайында;
ғылым туралы сайттар;
конференциялар;
гранттар;
форум;
негізгі мәліметтер;
ғылым жайлы афоризмдер.
Сайт қазақ және орыс тілдерінде әзірленуде, желідегі мекен-жайы шамамен: www.gylym.kz. ҒЗЖ алғашқы нәтижесі бойынша сайтқа Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында проф. Т.Ы. Тәуірбаев, нанотехнология - проф. З.А. Мансұров, сұйық және газ механикасы саласында - проф. Ш.А. Ершин, экология - проф. А.Б. Бигалиев жетекшілігіндегі ғалымдар тобының ғылыми зерттеулері жайында материалдар жинақталып, сарапталды. Бұл бағыттағы зерттеулер алда жүргізіледі. Өңделіп, сарапталған материалдар жоба аясындағы жарық көретін сайтта электронды нұсқада фотоиллюстрация, диаграмма, кесте, схема, графикалармен бірге жария етіледі.
БАҚ ғылым жайында бағытындағы зерттеулер нәтижесінде мониторинг жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде электронды және мерзімді басылымдардың ақпараттық каталогы жасалды. Ақпараттық каталогтың жасалу шарттары: БАҚ-тың толық және қысқарған атаулары; мекен-жайлары; байланыс жолдары; жетекшілері; БАҚ қызметінің қысқаша сипаттамасы, соның ішінде ғылым ақпарат жариялаудағы саясаты; өнімдері; иллююстрациялары; серіктестері сияқты факторлар. Қазақстандық масс-медианың ғылыми-техникалық ақпараттарды жариялау саясатын айқындауға арналған зерттеу жұмыстары жалғаса береді. ҒЗЖ жұмысының нәтижесінде республикалық 9 электронды және мерзімді басылымдардан ақпарат жинақталып, өңделді. Веб-сайттағы БАҚ ғылым жайында бөлімінде осы зерттеулер нәтижесіндегі барлық ақпараттық және сараптамалық материалдар орналастырылады. Мұндай ақпараттық каталог дайындау пайдаланушылар үшін толық та нақты ақпараттарды іздестіруде тиімді әрі қолжетімді болмақ.
Қазақстан ғылымының даму бағыттары жайында электронды мәліметтер базасы мен электронды каталог жүйесінің бастапқы (Access бағдарламасында) кезеңі дайындалды. Электронды мәліметтер базасын дайындауда ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының баяндамалары, Жоғары Мектеп Хабаршылары Мұнай және газ және т.б. ғылыми басылымдардағы материалдар негізге алынды.
Қазақстандық жетекші ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жаңа әзірлемелері сипатталған мақалаларының мәліметтер базасы жоба аясында жарық көретін сайтына орналастырылады. Базаның бірінші кезеңінің нәтижесінде 120 ғылыми мақала орналасқан.
Соңғы бес жылда Қазақстандағы ғылымның дамуы жайлы сараптама ғылыми қызметтің белсендігі артуы тенденциясын әйгілейді. Бұл жыл сайынғы ғылыми қызметті қаржыландырудың ұлғаюынан, мемлекет жариялап отырған ғылыми конкурстардың, орындалған ғылыми жобалардың көбеюінен, ресми заңнамалық нормаларды талқылау мен қабылдаудан байқалады. Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену міндеті әлемет пен ғылыми қауымдастықтың ынтымақтасуы негізінде ҚР өндірісіне инновациялар енгізу, инновациялық менталитеттің қалыптасуы және инновациялық дамудың нақтылығы мен бағытталуы арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Аталмыш бағыттағы ҒЗЖ жалғастыру өте маңызды саналады. Өйткені жоба бойынша аталған мақсатқа жету және алға қойылған міндеттерді орындауда зерттеу жұмыстары нәтижелерінің тек ғылым дамуына ғана емес, сондай-ақ ғылыми әзірлемелер мен жаңа инновациялық идеялар мен ғылыми зертханалардағы өнертабыстардың өндіріске енгізуіне айтарлықтай үлес қосады деген сенімдеміз.
Ғылыми жобалар мен зерттеулер
2-бағыт
Ұлттық идея - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде қолданбалы зерттеулер бағдарламасы аясында Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ұлттық идея және оның көркемдік өңделуі тақырыбы - 2006-2009 жж.
Жобаның жетекшісі - т.ғ.д., профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызы
Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны шындықтың көркемдік игерілу түрлері және оларға тән бейнелеу-суреттеу құралдары болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - өнер мен әдебиеттегі көркем бейнелер жүйесінің негізінде ұлттық сананы өзгерту және ұлттық идеяны құндылықтарды біріктірудің жиынтығы ретінде түсіндіре отырып, қоғамдық пікірдің даму динамикасын зерттеу.
Зерттеудің салааралық сипаты мен методологиясына масс-медия мониторингі, Интернет-кеңістігі, қазақ әдебиетін сараптау, бейнелеу және киноөнері, компаративистік әдістер, сауалнама және сараптау сұрақтары, сұхбат (терең сұхбат), контент-сараптама, лонгитюдті зерттеу әдістері жатады.
Жұмыстың нәтижесі отаншылдық сезімнің тиімді эквивалентін көрсететін кешенді салааралық сараптама негізінде ұлттық идеяның қалыптасу және зерттелу моделін құру болып табылады. Зерттеудің жаңалығы қазастандықтардың қоғамдық пікірдің негізгі компоненттерін қабылдау барабарлығының деңгейін анықтауда көркемдік тұрғыдан талданған идеологиялық компоненттердің теориялық және практикалық тиімділігін салыстырудан көрінеді.
Зерттеудің басты концептуалды сипаты егеменді мемлекет кезеңіндегі қазақстандық қоғамның бірігу үрдісінде әдебиет пен өнердің рөлін ашуға, сондай-ақ, ұлттық идея тарихының өткен ғасыр әдеби мұраларындағы және мәдениеттің заманауи жаңа рухани парадигмалық шарттарға сай даму тенденциясындағы көрінісін зерттеуге негізделген.
Қолданысқа енгізу деңгейі - қазақ әдебиетіндегі бейнелеу өнері, тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы киноөнер жайында мәліметтер қоры құрылды, ұлттық идеяның біркелкі қалыптасуын барлауға арналған жұмыс модельдері ретінде концептуалды тізім жасалды, тақырыпқа қатысты веб-сайт жасалды.
Келешекте зерттеу нәтижелерін қолданысқа енгізу арқылы ұлттық идеяны түсіндіруге қатысты қоғамдық пікірдің даму динамикасының көпдеңгейлі сараптамасын жалғастыруға және Қазақстанда ұлттық идеяның моделдерін насиғаттауға, БАҚ мониторингін жалғастыруға және веб-сайттағы материалдармен жұмыс жасауға мүмкіндік мол.
Зерттеу нәтижелерін журналистика, әдебиеттану, тарих, саясаттану, саяси әлеуметтану, мәдени әлеуметтану, мәдениеттану салаларында қолдануға болады.
Жұмыстың маңыздылығы. Қазақ интеллигенциясының соңғы 15 жылда жасаған ірі жұмыстарын жинастыру кезінде бүгінгі идеологияның картинасын жасап, жағдайын бағамдауға, қазіргі таңдағы идеологиялық мәселелердің кемшілігі мен жетістігін айқындауға, түзетулер енгізуге, мәліметтер қорын жасауға, жасалған жұмысты сараптауға септігін тигізеді.
Зерттеу нысанының дамуы туралы болжау: Қазақстанда ұлттық идея әзірге қалыптасу үстінде, бұған бір қатар факторлар себеп. Ең бастысы - республиканың тарихи даму деңгейі (мысалы, тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл ғана болды), мемлекеттің ерекше құрылымы (көпұлтты және мультимәдени орта). Ұлттық идея Қазақстан халқының түрлі таптарының қызығушылығын тең дәрежеде қанағаттандыратын, республиканың тұрақты дамуына ықпал етер қосымша фактор бола алатын, мемлекеттің өркендеу жолында кездесетін түрлі қиындықтарды шешуге қабілеті бар нұсқада болуы тиіс.
Ұлттық идея қоғамның ішкі тұрақтылығын арттыруға, отаншылдықты дамытуға, азаматтық қоғамның негізі болатын азаматтық ұлттың қалыптасуына ықпал етуі керек. Көркем мәдениеттің түрлі жанрлары, оның ішінде, әсіресе, ақпараттық арналар ұлттық идеяның қалыптасып, дамуына әсер ететін бірден-бір маңызды фактор болып табылады. Өйткені жазушылар да, суретшілер де, режиссерлер де құндылықтарды біріктіретін идеология жүйесін жасауда өз кезегінде Қазақстан азаматтарының көпшілігіне түсінікті болжамдар мен түсініктерін береді.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны шындықтың көркемдік игерілу түрлері және оларға тән бейнелеу-суреттеу құралдары болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - өнер мен әдебиеттегі көркем бейнелер жүйесінің негізінде ұлттық сананы өзгерту және ұлттық идеяны құндылықтарды біріктірудің жиынтығы ретінде түсіндіре отырып, қоғамдық пікірдің даму динамикасын зерттеу.
Зерттеудің салааралық сипаты мен методологиясына масс-медия мониторингі, Интернет-кеңістігі, қазақ әдебиетін сараптау, бейнелеу және киноөнері, компаративистік әдістер, сауалнама және сараптау сұрақтары, сұхбат (терең сұхбат), контент-сараптама, лонгитюдті зерттеу әдістері жатады.
Жұмыстың нәтижесі отаншылдық сезімнің тиімді эквивалентін көрсететін кешенді салааралық сараптама негізінде ұлттық идеяның қалыптасу және зерттелу моделін құру болып табылады. Зерттеудің жаңалығы қазастандықтардың қоғамдық пікірдің негізгі компоненттерін қабылдау барабарлығының деңгейін анықтауда көркемдік тұрғыдан талданған идеологиялық компоненттердің теориялық және практикалық тиімділігін салыстырудан көрінеді.
Алынған эмпирикалық нәтижелер қазақстандық ұлттық идеяның қалыптасу қажеттігін, осы үдерістегі байқалған үрдістер бар екендігін айтуға болады. Теориялық тұрғыдан алғанда отансүйгіштікті қалыптастыратын жүйелік сараптау, оның когнитивтік компенттерінің теориялық құрылымдануына негіз болатын маңызды ұстанымдарды келтіруге болады.
Ұлттық идея қалыптасуының жүйелік сараптау ұстанымдары: ұлттық идея басқа қаситтерге қарағанда ұлттың жүйелік қасиетін құрылымдайтындай болуы тиіс, яғни тұтастық ұстанымы; жүйелік қасиетін құрылыу механизмін айқындайтын эмердженттілік ұстанымы; тиімділік ұстанымы ұлттық идеяның ұлттың өсу жылдамдығы мен дамуын бағалауын белгілейді; жүйелік иерархия ұстанымы ұлттық идея иерархиялық тәртіппен жүйеленген жүйелердің және ондағы барлық әлеуметтік құрылым деңгейлеріндегі, яғни саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда заңның орындалуын белгілеуі тиіс;
Зерттеу нәтижелерін журналистика, әдебиеттану, тарих, саясаттану, саяси әлеуметтану, мәдени әлеуметтану, мәдениеттану салаларында қолдануға болады.
Ғылыми жобалар мен зерттеулер
3-бағыт
Әлемдік тарихи бағдар жүйесінде Қазақстан тарихы: өркениетті дамудың трансқұрлықтық ерекшеліктері іргелі зерттеулер бағдарламасы
Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі замандағы Қазақстан мен қоғам транформациясы проблемасын шешу тақырыбы - 2007-2011 жж.
Жобаның жетекшісі - т.ғ.д., профессор Ахметова Лайла Сейсембекқызы
Тақырыпты өңдеу мен негізгі нәтижелердің жарияланымдары ғылыми қауымдастық пен ел тұрғындары арасында тарих пен жылдам уақыт үндеулері аясында тұлға рөлін түсіндіру саналады.
Зерттеу міндеті: әдебитеттердегі саяси және басқа трансформация табиғатын жариялау сәттерін айқындау, отандық және шетелдік зерттеушліердің жұмыстарындағы Қазақстанның саяси, эконмикалық, әлеуметтік және мәдени трансформациясы көрінісін сараптау саналады. Трансформацияның әлеуметтік мәдени факторы мен оның өзараайқындаушы сыртқы және ішкі факторлары ерекше белгіленеді. Елдегі деморкатия институты транформациясы факторлары айқындалады.
Күтілетін нәтижелер:
Қазақстандық транформация тәжірибесінің маңызын айқындайтын, оның таяу және шетелдерде қалай жүзеге асқанын салыстыруға мүмкіндік беретін материал алынады.
Салыстырмалы сараптау мәліметтері егеменді Қазақстанның тұңғыш Президенті жүргізген әрі жүргізіп келе жатқан саяси курс артықшылықтарын ғылыми негіздейді.
Зерттеу авторлары трансформация үдерісінің көрінісін түсіндіретін мақалалар циклі мен жеке кітап жариялайды.
2009 ж. 6-наурызда Парламент мәжілінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауын арнады. Зерттеу тобы Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауы бойынша мониторинг жүргізіп келеді. Отандық және мемлекеттік органдардың ресми құжаттары негізінде мониторинг жүргізудің 3 жылдық жоспары бекітілген.
Зерттеу тобы ел Президентінің Жолдауын талқылауға және баспасөз беттерінде пікір танытуға, Жолдауда аталған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысты. Тақырып бойынша материал іздестірудің 2 кезеңі аяқталды. Қазақстан Респкасы Ұлттық кітапханасы дерекқорларымен жұмыс жүргізілуде.
Тақырып аясында әлеуметтік сауалнамалр жүргізу мақсатында мақсатты топтар іріктеліп, сауалнамалар даярланды. Әлемдік тарихи бағдарлау жүйесінде Қазақстанның саяси дамуы мен мемлекеттік тарихи үдерістердің модернизациялану ерекшеліктері мен жай-күйі бойынша тарихи талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері журналистика, бұқаралық коммуникация, социология, психология салаларында пайдалауға болады.
Ғылыми жобалар мен зерттеулер
4-бағыт
Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның ұстанымын нығайту, халықаралық қарым-қатынасын белсендету және аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру контексінде қазақстандық даму моделі мен мемлекеттік құрылымын одан әрі жетілдіруде саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени негіздерін әзірлеу бағдарламасы аясында Қазақстандық даму үлгісінің философиялық-мәдениеттанымдық парадигмасы (Қазақ елі - Жерұйық тақырыбы
Жобаның жетекшісі - филос.ғ.д., профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
Зерттеу нысаны: қазіргі заманғы Қазақстан дамуының мәдени-философиялық үлгісі.
ҒЗЖ мақсаты: Қазақ елі - Жерұйық елдік даму үлгісінің өмірге келуі мен қалыптасуының тарихи негіздемесін беріп, оның қазіргі қазақстандық қоғамға қажеттілігін дәлелдеу, осы философиялық-мәдениеттанымдық парадигманың елдік даму үлгісіне айналу үрдісін көрсету.
Жобада қойылған міндеттер:
· "Қазақ елі - Жерұйық" даму концепциясындағы елдік сананың жаңа құндылықтық принциптерін (алысты жақындату, қарға тамырлы қазақ, әр қазақтың үйінде екінші қазақтың еншісі бар принциптерін) саралау;
· Өркениеттік процесстер аясында жаңа елдік құндылықтарды - елдік сана, мемлекетшілдік, этникалық-діни-әлеуметтік келісім, Елтаңба мен рәміздерге, Елбасына деген құрмет-сүйіспеншілікті - насихаттау тұрғысынан БАҚ-та жарияланымдар жасау..
· Ұлттық мәдени орталықтар арқылы шетелдік кітапханаларда тарихи-мәдени деректермен жұмыс жасау, шетелдік Әріптестермен Қажетті мәдени-ғылыми байланыстар жасау мақсатында іссапарларға шығу.
· "Қазақ елі - Жерұйық" атты тақырыпта ғылыми мақалалар жинағын даярлау және жарыққа шығару.
· Қазақ елі - Қазақстан болғандықтан осы жерді мекендеген барлық этнос өкілдері үшін Қазақстан Жерұйық болып табылатындығын негіздеп беру;
· Қазақ елі - Жерұйық елдік концепциясының ұрпақтар алмасуына, олардың сабақтастығына, сонымен бірге, халықтың елдік құндылықтарының жасампаздығына тигізетін ықпалын арттыру;
· Қазақстан Республикасындағы Қазақ елі - Жерұйық елдік үлгісі Қазақстандық патриотизм негізімен бір мағынаға тоғысатындығын көрсету.
Зерттеу әдістері:
Қазақ елі - Жерұйық елдік даму үлгісін зерттеуде, тарихи-философиялық және тарихи-мәдени диахрон-синхрондық, салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, қазіргі жағдайдағы қазақ халқының этнопсихологиялық және менталдық, қазақ жастарының рухани құндылықтар ерекшеліктеріне талдау жасалынған.
Зерттеудің ғылыми нәтижелері:
- қазақтың елдік даму үлгісінің тарихи формасы - Жерұйықтың Асан-Қайғыдан бастап келе жатқандығы, содан бергі уақыттағы Жерұйық концептінің қазақ мәдениетінде кең көрініс тапқандығы мен оның ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы стратегиялық негіздері айқындалды;
- зерттеу нысанасына алынған Қазақ елі - Жерұйық елдік даму үлгісінің философиялық, мәдениеттанымдық, лингвомәдениеттік, этнопсихологиялық тамырлары терең зерделеніп, сарапталынуы үшін Асан-Қайғыдан бастап, Абай, Шәкәрімдер жалғастырып, қазіргі қазақ философтары дискурсқа айналдырып жүрген ұлттық мұра бойынша мәліметтер қоры жинақталды;
- зерттеу тақырыбының орталық концепті Жерұйыққа қатысты қазақ руханиятында орын алған шығармалар библиографиясы түзілді, осы бағыттағы зерттеулермен айналысатын отандық және шетелдік авторлардың еңбектері сарапталды;
- мәдениетаралық сұхбат жолы, мәдениеттегі рухани сабақтастық мәселесі, өмір сүріп отырған жеріңе деген құрметті бойға сіңіретін Қазақ елі - Жерұйық елдік концепциясы тұжырымдалды;
- көне түркілердің ойлау мұрасының, қазақ философиясы мен қазақы болмыстың кемелденуі мен таралуының негізгі кезеңдерінің кеңістіктік-уақыттық шектері көрсетілді;
- соңғы уақыт бедерінде ұлттық құндылықтарды құптау және игеру өзекті әрі болашақ бағытты айшықтап, өркениетке өрлеу жолын нұсқайтын нақтылық, ұлттық өзіндік сана - ұлттық өркениет негізі екендігі айқындалды;
- бүгінгі таңдағы мәдениеттер сұхбаты аясындағы Қазақстанның өркениеттік даму жолдары сараланып, ұлттық мәдениет негізінде Қазақстан мәдениетін түзу және сақтау мәдени кеңістігімізді толықтай қадағалау және басқару құқығына ие болғанда ғана жүзеге асырылатындығы талданды;
- Қазақ елінен - қазақ ұлтына атты ұжымдық жинақтың Қазақ баспасөзіндегі қазақ елі тақырыбы тарауына қажетті мониторингтің алғашқы кезеңі жүргізілді;
- қоғамдағы еңбекке деген қатынас өте маңызды әлеуметтік мән-мағынаға ие. Қазақ қоғамында, барлық басқа қоғамдардағыдай, еңбек - адамның өмірлік құндылықтарының бірі болғанымен, бірегейі деңгейіне көтерілмеу себептері анықталды.
Зерттеудің аралық нәтижелерін практикаға ендіру:
Kazakheli.kz веб-сайты әзірленді. Дүниежүзілік қауымдастық алдында Қазақстанның ғаламдық жағымды бейнесін қалыптастыру үшін ашылған веб-сайт ақпарат таратуды үш тілде жүргізеді. Қазақ елі сайтын виртуальдық кеңістікте мазмұндық-иллюстрациялық қолдау жұмыстары жүзеге асырылды.
Германия-Қазақстан қоғамы өкілдерімен орнатылған ынтымақтастық жалғасуда, осыған орай Қазақстандық даму үлгісінің философиялық-мәдениеттанымдық парадигмасы (Қазақ елі - Жерұйық) жобасы аясында Германиядан келген зерттеуші Дина Вильковский Қазақстандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҚ ғылым жайында
Ғылыми-зерттеу жүмыстарының негіздері курсына арналған оқу құралы
Инновация мәні. Инновацияның дамуы
Педагогикалық практиканың жүргізілуі жөнінде оқытушылардың есебі
Мектеп ұстаздардың қағаз жұмысының автоматтандырылуы және ішкі жүйесінің реттелуін қызмет жасайтын веб парақша құру
Университеттің Диссертациялық кеңесі жұмыстарын үйлестіру
Ғылыми-техникалық прогреспен және инновациялық процестерді басқарудың теориялық негізі пәнінен дәрістер
5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі
БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
Күн сәулесi энергиясын қолданудың тиімділігі
Пәндер