Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ШҚО әкімдігі білім басқармасы
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж КМҚК

Тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыстар: үйірме, факультативтер, семинар, үй жұмысын ұйымдастыру негіздері

Орындаған: 404 тобының студенті Ерғалиқызы Әйгерім

Семей қаласы 2016ж.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І- Бөлім . Оқушылардың тұлғасын қалыптастырудың мәні
1.1 Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Оқушылардың жеке басының дамуын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
2.1.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері
2.2. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..15
түрлері және оларды басқару
2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... .17
жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.
2.4.Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі ... ... ... 19
2.5.Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен міндеттері ... ... ... ... 22
2.6. Іс-тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады.
Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны дамыту үрдісі - әрі қиын әрі ұзақ үрдіс. Субьект мен обьект адамның дүниені өзгерту, игеру жөне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни субьект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратылыс пен таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субьект осы дүниеде ең ақырғы себеп, ең ақырғы нәтиже болып табылады.
Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білім жүйесін қайта құру мен ұймдастырудың басты жұмыс жоспарына тұлғаның және оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару жатады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері пайдес- балалар және аго -жетектеу дегенннен алған, тікелей аудармасында педагогика сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады. ал педагог сөзі бала жектеуші мәнін білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірге басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі зандылықтары жөніндегі ғылымга айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеп ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауга үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын галаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Жұмыстың мақсаты: Оқу процесінде оқушылардың жеке адам болып қалыптасуын ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап отыру.
Жұмыстың міндеттері:
а) Оқушылардың тұлғасын дамытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны;
б) мұғалімдерінің оқушылардың жеке тұлғаны дамытудағы аспектіні психологиялық эксперимент жүзінде тексеру.
Жұмыстың пәні: Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу
Жұмыстың объектісі: Мектептің оқу тәрбие процесі
Жұмыстың әдістері: Педагогтардың сыныптан тыс жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаны дамытудағы іс-тәжірибесімен танысып, құндылығын анықтау, оқушылармен әңгімелесу
Жұмыстың болжамы: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жеке адам тәрбиелеуге арналған жұмысты сол тақырыпқа сай жүргізу.
Жұмыстың жұмысының әдістері: педагогикалық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
-сауалнамалар, топтық жеке әңгімелесулер, жеке адамды зерттеу әдістемелері.

І- Бөлім . Оқушылардың тұлғасын қалыптастырудың мәні
1.1. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы

Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның есуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысы болады.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы" (А,1995) секілді ондаған монограграфиялық еңбектері жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тен мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты.

1.2. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны дамыту
Тәрбиенің мазмұнына алға койылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Акыл-ой, дене, енбек. және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалык тәрбие тұтастай педагогикалык үрдіске косылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатын жетуге - тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады..
Тәрбие үрдісінін жеке тұлғаны дамытудың бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагогикалық зандылық ретінде көрініс береді.
Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамнын еркіне бағынбайтын тәрбие үрдісінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.
Зандылықты айқындау дегеніміз-педагогикалық үрдісті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбие ісін бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.
Тәрбие жұмысының заңдылықтарына төмендегілер жатады;
- тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелерімен тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларга байланысты халықаралық қауымдастық дүние жүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып, көрсетілген (БYenYen адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы) құжаттарды жасады. Олар осы заманғы тәрбиенің теориясы мен методологиясының, тәрбиенің мұраттары мен құндылықтарының үлгісін жасауға жаңаша бағыт белгіледі. Қазақстан Республикасының жетекшілік ролі біздің еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі болды. Сондықтан тәрбиенің мазмұнында республикалық және оның жекелеген аймақтарындағы әлеуметгік-экономикалык даму факторларының есебін жүргізу басты мәселе болып отыр. Ол тәрбиенің мазмұнынан көрініс тауып, әр халыктың мәдени-тарихи құндылықтарын жалпы әлемдік мәдениеттін жетістіктерімен бірлікте, сабақтастықта жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Тәрбиенің бұл заңдылығын жүзеге асыруда оқушыларды ана тілінде және ұлтаралық тілдерде оқьпу халықаралық маңызға ие болып отыр. Тәрбие мақсатының тиімділігі оны ұйымдастыру ісі тәрбиеленушіге жақын және түсінікті болғанда ғана іске асырылады. Осы заманғы тәрбиелік үрдіс мақсат тұтастығымен, оларға қол жеткізуде оқушымен қоян қолтық жұмыс істеумен ерекшеленеді. Бұл мақсатқа жетудің құралы - адамға базалық мәдениет негіздерін меңгерту арқылы іске асырылады. Осыдан келіп тәрбиенін мазмұны- жеке тұлғаның базалық мәдениетіне негізделуінің қажеттілігі туындайды. Ол мәдениет ұлттық экономикалық және еңбек мәдениетінен, саяси демократиялық және құқық мәдениетінен, адамгершілік және экологиялық, көркемдік-эстетикалық, дене мәдениеттерінен құралады. Оның негізі отбасы мәдениетінен туындайды, яғни ұлттық мәдениет отбасылық тәрбиеден бастау алады.
Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытудың күшті құралы болып саналады.
Тәрбие үрдісі өзінің жаратылысы жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғанын үздіксіз дамуда, өзгерісте, козғалыста болуына байланысты. Тәрбие үрдісінің негізі өмірде кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланын жас ерекшеліктеріне де байланысты дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үрдісінің диалектикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылыктарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының бірі - жеке тұлғаның даму үрдісінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Адамнын білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекетті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге кимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-кайшылықтарды жену ісі де тәрбие үрдісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсінісбеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т.б. теріс әсерін тигізеді.
Бұл заңдылық тәрбиенің тұтастығы мен өзара байланысындағы, тұлғаны оқыту мен дамытудағы диалектикалық шарттылықтардан көрініс табады. Тұлғанын дамуы тәрбие мен оқытудын сапасына байланысты. Оқыту тұлғаны калыптастырудың құралы болып табылады. Өз кезегінде тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің жалпы даму дәрежесінін деңгейіне байланысты болады. Тәрбие теориясы тұлғаның дамуына әлеуметтік тәжірибені игеруге, карапайым, білім, білік және дағдыларды жинақтауға көмегін тигізеді. Жеке тұлғаның дамуы өзінің көрінісін ең алдымен адамның психикалық қызметінің сапалық өзгеруінен, онда жаңа сапалардың, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуынан туындайды. Тәрбие үрдісінде оқушылардың іс-әрекетінін мазмұны олардың қажеттілігінің өзгеріп отыруына байланысты көп вариантты болып келеді және қажеттіліктің даму өрісімен анықталады (О.Н. Козлова, 1994).
Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс-шаралар, түр мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-кұлықтарын, өз бойындағы касиеттерді сезінуін биік руха қажеттіктерге дейін дамыту керек.
Баланы тек адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, яғни үлкендердің балаға деген шынайы құрметі, сүйіспеншілігі олардың өзгелерге деген сенімін арттырады.
Жетіліп келе жатқан тұлғаның тәрбиесі оны іс-әрекетке ендіру үрдісінен, сонымен бірге сол іс-әрекеттің субъектісі екенін баланы өзінің сезінуінен және оған себепші болатын үлкендермен бірлестік еңбек етуінен туындайды.
Тұлғаны қалыптастырудың тиімді дамуы баланың белсенділігі демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тұлғаның құрылымындағы әлеуметтік-психологиялық жана өзгерістер оның өзінін белсендігін арттыру жолымен іске асырылады. Бірақ, белсенді қызмет үрдісінде оның дене және рухани жағынан өзгеріске түсуіне баланың күш-жігер жұмсауын арттыруға мүмкіндік береді. Тәрбиелік үрдіс осы тұрғыдан алғанда жоғары карай дамитын қозғалыстың тоқтамайтын, әлі де жаңа және үлкен күш-жігерді талап ететін үрдіс болып көрінеді.
Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененін даму дене шыныктыру жаттығулары арқылы, адамгершілік тәрбиесі, адамгершілік тәжірибеге тұрақты түрде бағытталу арқылы жүреді.
Оқушылармен бірлесе отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін іске асыру соның негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сөйтіп тәрбие жүйесінде оқушының жеке басының белсенділігін туғызумен бірге тәрбиеші жұмысының мазмұнын да құрайды.
Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым максаттылықпен іске асырылады. Бұл зандылық мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардын өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл заңдылықгың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс аркылы көрініс табады: тәрбиелік қызмет неғұрлым карқынды саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үрдісінде мұғалім мен оқушының екі жақты байланысты кызмет сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәрбиешінін өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі кажет.
Тәрбиеге еріктілік және шыгармашылық көзқарас. Тәрбие үрдісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтымақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адамгершілік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың кызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.
Бұл зандылыққа сәйкес педагог баланың күнделікті басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынасында өзіндік менін саналы түрде түсінуге, қабілетін дамытуға, өзінің жасаған қылықтарын ой елегінен өткізіп, бағалай білуге және олардын себеп-салдарының басқаларға да, өзінің жеке басына да калай әсер ететінін көре білуіне, өзінің іс-әрекетін қорғаушы ретінде өзін-өзі бағалай білуіне барынша жәрдем етеді.
Тәрбиеге деген еріктілік пен шығармашылық көзқарас ықпал етудің дәстүрлі әдісі ретінде оқушыларға арнап қатаң бұйрық шығаруды қаламайды, сондай-ак оқушынын үлкендерге санасыз, еріксіз бағынуын жоққа шығарады (өміріне қауіпті жағдайдан басқада), оның орнына педагог пен окушының өзара қарым-катынасы әбден қүшейте түседі, олардын өзара араласу стилі мен түрлерін осы заманғы озық мәдениеттің өркениетті үлгілеріне жақындатады.
Тәрбиенін ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық әзірге мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектепгің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеті сол қалпына сақтауды қажет етеді.
Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке кабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін аз болсын, көп болсын, өзінің күш-куатын жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бұл жағдайға бару, жұртгын бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрлі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана бермейді, ұялшактықты жеңе білмейді, ұжыммен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен карай алмайды.
Ұжымдық карым-қатынастарды орнатудың тиімділігі біріккен қатынастардың стихиялық түрде болуы баланың көңіл-күйіне ықпал ететін түрлі факторларға байланысты. Ондай факторларға мыналар жатады: оқушының ерекшеліктері (дарындылығы, әсерленушілігі, көпшілдігі, өмірге сенімділігі, сыртқы түрінің тартымдылығы); оның адамгершілік бейнесін сипаттайтын белгілері (құрбыларына ілтипатпен карауы, әділдігі), денесі жайындағы мәліметтер (күші, көркі, еркі, батылдығы, ептілігі).

1.3. Оқушылардың жеке басының дамуын зерттеу
Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір келбетін берік қалау, жеке дамуына жағдай жасау-қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі.
Жеке тұлға түсінігінің адам мен индивид түсінігінен ерекшелігі және бірінен-бірінің айырмашылығы - көлемінде емес, мазмұнында.
Жеке тұлға дегеніміз- қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің арқасында саналы әрекет, қарым - қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойында жинаған, тәрбие, білім, мәдениет, дүниетаным, рухани зерделілік, мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам.
Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын төрт категорияны қамти отырып, педагоикалық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек деген педагог К.Д. Ушинскийдің көрегендігі-педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендігінің дәлелі. Баланың мектепте өзін жайлы сезінуі үшін интеллектуалды, өзіндік күш-қуат ресурстарынан ажырамай, тиімді оқу мен жан-жақты дамуына мыналар қажет:
* баланы жан-жақты тану;
* оқу -тәрбие үрдісін баланың өзіндік ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бағыттау;
* баланың мектептегі ортада қарым-қатынас жасауға және оқуға қажетті ішкі психологиялық механизмдері мен әдісін қалыптастыруға көмектесу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру ісі тұтас жүйедегі психолог-педагогтар,мектеп, әкімшілігі мен ата-аналардың ұйымдасқан тиімді жұмысы мен өркениетті психологиялық дамуына бағытталған. Оқушылардың мектеп өміріне белсенді араласып, үйренісуі шарт.
Жеке тұлғаның психикасының саулығы, яғни, өзін-өзі тануы және қоршаған ортамен түсінікте болуы ,мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру міндетіне байланысты мектеп психологы төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізеді:
1. Әрбір оқушының өзіндік пікірін білдіруін, іскерлігін қалыптастыру, бағалау қабілетін дамыту мақсатымен оқушылар арасында Мұғалім-оқушы көзімен сауалнаманы жүргізіледі.
2. Социометриялық зерттеу мәртебесі мен өзара қарым-қатынасы анықталады.
3. Оқушылардың ақыл-ой қабілетін байқау мақсатында мектеп оқушыларының білімдік деңгейі таразыланады.
4. Мектеп оқушыларының әрқайсысына жеке карталар құрылады, жеке картада оқушы туралы жалпы деректер, отбасы, денсаулық жағдайы, оқушылар арасындағы беделі, шығармашылық қабілетінің даму деңгейі топтық әдіспен анықталады.

ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
2.1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:
1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек, талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Окушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да онын қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білуі керек.
3. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге негіз бола алмайды.
Керісінше әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.
Сыныптан немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, қүштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.
4.Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт секцияларында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардын белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болуы керек.
Оны педагогтер бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан жақты керініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі. Жоғары сыныптардағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.
5.Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болуы керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.
6.Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Нәтижелі болуы үшін бүл жұмыстардын нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айкын жасалған графигі болу керек.
7. Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланын санасына, сезімше және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.
8. Соңғы жылдарда сыныптан тыс, мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндайда жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.
9. Барлық жұмыс түріне тартылатын және тартылған оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.

0.2. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері мен оларды басқару
Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі - үйірме. Үйірмелер түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді. Кейде үйірмелерді секция немесе клуб, кейде коғам деп те атайды. Айталық, Жас ақындар үйірмесі, әдебиетшілер клубы т.б.
Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, Пушкин ертегілері, Абай және орыс ақындары. Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа кеш өткізудін дәл қазіргі қайта құру кезеңінде мәні артып тұр. Сол сияқты моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтын мән-жайын айтуға келе ме? - деген сиякты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру кажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі - сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапшыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу - бүгінгі күннің тілегі.
Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.
Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі - оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады. Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шыныктыру - спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің ішінде тәрбие жұмысын жан-жақты, кешенді түрде жүргізіп, жалпы халықтық ағарту ісіне үлкен үлес қосып отырған Жастар сарайы. Мұнда тәрбиенін барлық саласына арналған үйірмелер жұмыс істейді. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта олардың ғылыми негізде жұмыс істеуін практикамен байланыстыруды мақсат етуді және жоспарлы жүргізілуді қамтамасыз ету үшін Жастар сарайларындағы үйірмелерге арналған бағдарламалар құрастырылып жарыққа шығуда. Сарайлар мен үйлердің қазіргі уақытта жастарға арналғаны да бой көрсете бастады. Бұлармен қатар клубтар бірлестігі, жеке секциялар түріндегі бірлестіктер де кұрылды.
Табиғаттағы тіршілікті жете білуде жас натуралистер станциялары, парктер мен алаңдар т.б. үлкен қызмет атқарады. Мектептен тыс мекемелердің бір түріне жазғы демалыс лагерінде жатқызуға болады. Бұл жұмыс мектеп штатына сыныптан және мектептен тыс жұмыс женіндегі директордын орынбасары кызметі енгізілгеннен соң белгілі дәрежеде жанданып 1966 жылы Жалпы білім беретін орта мектептін жұмысын одан әрі жаксарту шаралары туралы қауылдан соң мүмкін болды.[3]

2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте исыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс үргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс оқыту
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Мұғалім мен оқушының конструктивті емес өзара әрекеті
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Пәндер