Несиелік тәуекелді бағалау әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Соның ішінде қазір бізде тәуекелдердің рөлі өте зор. Ол барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте де, үкіметте де болуы мүмкін, ал біз тәуекелдің жою жолдарын қарастыруымыз керек. Негізінен, тәуекел - ке келген өндірушінің соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел - банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайда пайдасынан айырылып қалу мүмкіндігін бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс, сондай-ақ тәуекелдердің түрлеріне байланысты оларды басқару және бағалау керек.
Ал кез келген банктің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Банк ісінде тәуекел - белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресустарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде банк үшін тәуекелдер дұрыс басқарылуы және бағалануы қажет. Кез келген банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен
шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын көрсетеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде тәуекелділік деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматы түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кезде банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы банктік жүйе - нарықтық экономикадағы маңызды құрылым. Банктердің дамуы, тауар өндірісі және айналымы бұрыннан бері қарай бірге дамып кележатқандықтан бір-бірімен тығыз байланысты болып кетті. Капиталдарды қайтадан бөлу кезінде банктер делдал ретінде жүріп, өндірістің жалпы тиімділігі жоғарылатады. Коммерциялық банктер іскер кәсіпорындардың ерекше категорияларына жатады. Олар шаруашылық қызмет процесінде жергілікті тұрғындардың капиталдарын, сақтық қорларын өздеріне қарай тартады және оны қосымша капиталға зәру басқа да экономикалық агенттерге уақытша қолдануға ұсынады. Несиені уақытында қайтару кепілдік жүйесінің құрылуы Қазақстанда қазіргі уақытта кәсіпорындағы әр түрлі меншік формасының дамуымен байланысты банктерге ерекше өзектілік береді. Олардың несиеге қабілеттілігін көп жағдайда бағалау қиын, сондықтан несие ақшаларды қайтаруды қамтамасыз ететін қосымша форманы қолдану несие байланысының орнатқан маңызды шарты болып табылады.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Несиелік тәуекелдің экономикалық мәні және оларды жіктеу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Несиелік тәуекелдердің пайда болу себептері және оларды басқарудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Несиелік тәуекелді бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Несиелік тәуекелді басқару жүйесін құру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Несиелік тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесіне талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Банктердің несиелік портфеліндегі тәуекелдерді бағалау ... ... ... ... ... ... ... .32

3 Несиелік тәуекелді басқарудағы мәселелер және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.1 Банктің несие тәуекелділігін бағалаудың әдістемелік және практикалық негіздерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.2 Коммерциялық банктердің несие тәуекелін басқару тиімділігін арттыруда несиелік бюроның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

Қысқартылған сөздер тізімі
АҚШ - Америка Құрама Штаты
ҚҚА - Қаржылық Қадағалау Агенттігі
ЕДБ - екінші деңгейлі банктер
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар - қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады.
Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді.
Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау.
Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.
Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 23 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады.
Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі.
Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс.
Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады.
Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе.
Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері несие тәуекелділігі, несие портфелі және несие қабілеттілік түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады.
Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Диплом жұмысының мақсаты - коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі банктер мен қарыз алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.
Зерттеу объектісі - екінші деңгейлі банктерден қарыз алушылардың несие тәуекелділігін басқару.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

1 Несиелік тәуекелдің экономикалық мәні және оларды жіктеу негіздері
1.1 Несиелік тәуекелдердің пайда болу себептері және оларды басқарудың қажеттілігі
Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде коммерциялық банктердің жұмысының басты принципі үлкен пайда табу болып табылады. Ол шығындарға ұшырау қаупімен шектеледі. Тәуекел, осы шығындарға ұшырауға алып келетін оқиғалар ықтималдылығының құндай көрінісі болып табылады. Тәуекел жоғары болған сайын, табыс табудың жоғарғы мүмкіндігі туады. Тәуекелдер нақты берілгендердің бүгінгі жағдайдан және болашақтағы дамуының бағалауынан ауытқуынан пайда болады. Ауытқулар позитивті және негативті болуы мүмкін. Бірінші жағдайда табыс табу жағдайы туралы әңгіме болып отыр, екінші жағдайда тәуекелдер туралы. Әрбір табыс табу мүмкіндігіне шығындар қаупі кері, қарама-қарсы келеді.
Соған сәйкес, табыс табу тек қана тәуекелдер алдын ала карастырылып, олардан сақтандырылып қойғанда болады. Сондықтан, коммерциялық банктер іс-әрекетіндегі экономикалық проблемалар тәуекеліне үлкен көңіл бөлінеді. Олардың негізгілері төмендегідей: банктік тәуекелдер классификациясын, банктердің, дербес қарыз алушының, кәсіпорындар тобының, салалар, республикалар, елдер тобының экономикалық және саяси және т.б. тәуекелдерін есептеу әдістері мен бағалаудың негіздерін өңдеп шығару.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында іс-әрекеттің барлық сфераларында экономикалық қайта жаңарту процесі өз орнын алуда. Әрине, тәуекел проблемасы қаржылық және өндірістік іс-әрекеттің әрбір бірлігінің бірден-бір шешуші концепцияларының бірі болып табылатыны анық. Тәуекел біздің өміріміздің қиын, шешілмейтін, перманентті және одан қашып құтылмайтын бөлігі ретінде қарастырылады.
Тәуекелдің барлығын (бар екенін) мәжбүрлі түрде мойындағандықтан, біз өзіміздің іс-әрекетіміздің нәтижесінде кездестіретін тәуекелдің, мүмкіндігінше, дәрежесін минимумдауға тырысамыз. Сонымен қоса, біз тәуекелі өте кішкене бағамдағы таңдау мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Немесе қандайда бір оқиға немесе кәсіпорынның тәуекелділігін мүмкін пайдамен сәйкестендіру, яғни біз қандайда бір кәсіпорынның тәуекел және пайдасынының оптималді қатынасын таңдауға ұмтыламыз.
Банктік тәжірибедегі тәуекел - бұл белгілі бір оқиғалардың орын алуынан банктің пайданы жоғалтулар қаупі (мүмкіндігі). Тәуекел - бұл, сонымен қатар, оның анықталмағандық қорытындысын және табыссыз жағдайда мүмкін жағымсыз салдарын бейнелейтін әрбір өндірушінің, соның ішінде банктің, іс-әрекетінің жағдайлық сипаты.
Тәуекел табысты жоғалту және берілген несиелер бойынша төлемей қалу кесірінен шығындардың пайда болуы, ресурстық базаның азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру және тағы да басқаларының әсері сияқты жағымсыз нәтижелерді алу ықтималдылығы. Бірақ бір жағынан келгенде, тәуекел дәрежесі аз болған сайын, табыс мөлшері де соғұрлым аз болып келеді. Сондықтан да, бір жағынан, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін минимумдауға тырысады және тәуекел дәрежесі минималді болатын бірнеше шешім ішінен соған баламасын таңдайды; екінші жағынан, нарық деңгейімен іскерлік белсенділік дәрежесінің оптималды қатынасын таңдауға тиісті. Бүгінгі таңда тәуекелді талдау мен бағалаудың негізгі бөлігі ықтималдылық теориясына негізделген - қандай да болашақтағы жағдай болу ықтималдылығын анықтайтын жүйелі статистикалық әдіс. Ол ғылым және бизнестің, банк ісі мен қаржыны қоса, кез келген облысында өз қолдануын табады. Банктік операциялардың барлық түрлері дерліктей тәуекелге ұрынады.
Нарықтық қатынастар жағдайында пайда мен тәуекелді салыстыра өлшеу қажеттігі туындайды. Күтілетін табыс және тәуекелдер деңгейлерінің оптималді ара қатынасы әртүрлі болады және ол бірталай объективті және субъективті факторларға байланысты. Әсіресе маңызды болып нақты тәуекел түрінің немесе жалпы тәуекелдің деңгейін жартылай анықтау немесе өлшеу саналады. Қазіргі кезде тәуекел деңгейін талдау және бағалау математикалық статистика әдістері және ықтималдылық теориясы инструменттері көмегімен жүзеге асырылады.
Банк жетекшілері пайданы жоғарлатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды. Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама - қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға, ал екіншілер үшін банкке сеніп тапсырылған қаржаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.
Банктік менеджмент кітабында Питер Роуз банктік тәуекелдің негізгі алты түрін бөліп көрсетті:
несиелік тәуекелдік;
өтімділік тәуекелі;
пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі;
нарықтық тәуекел;
пайданы толығымен ала алмау тәуекелі;
төлемқабілетсіздігі тәуекелдігі.
Айта кететін нәрсе, банктер өздерінің іс-әрекеті процесі кезінде пайда болу орны мен мезгілі бойынша өзара ажыратылатын, тәуекелдердің әртүрлі түрлерінің жиынтығын кездестіреді. Олардың деңгейіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар жиынтығын, яғни оларды талдау және жүзеге асыру әдістері бойынша кездестіреді. Сонымен қоса, тәуекелдердің барлық түрлері өзара байланысты болады және банктің іс-әрекетіне әсер етеді. Мұның бәрі, әрине, нақты тәуекел деңгейін талдау әдісін таңдауды және оны оптимизация бойынша шешім қабылдауды қиындатады, көптеген басқадай тәуекелділік факторларын тереңдей талдауға алып келеді. Сондықтан олардың деңгейінің нақты әдісін таңдау, оптималді факторларды таңдау маңызды болып саналады.
Пайда болуының негізгі факторлары бойынша банктік тәуекелдер экономикалық және саяси болып келеді (А қосымшасын қараңыз).
Саяси тәуекелдер - бұл саяси атмосфераның өзгеруінен пайда болатын тәуекелдер, яғни бұл жағдай кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижесіне жағымсыз әсер етеді (шекаралардың жабылуы, басқа елдерге тауар шығаруға рұқсат етпеу, ел территориясындағы әскери қимылдар және т.б.).
Экономикалық тәуекелдер - бұл банктің өз экономикасында немесе ел экономикасында жағымсыз өзгерістердің кесірінен болатын тәуекелдер. Экономикалық тәуекелдердің ең көп тараған түрі тұрақсыз өтімділік тәуекелі (төлем міндеттемелерін өз уақытысында орындай алмау мүмкіндігі) саналады. Экономикалық тәуекелдер сонымен қатар нарық конъюктурасының, басқару деңгейінің өзгеруімен танылады. Бұл тәуекелдердің негізгі түрлері бір-бірімен байланысты, тіпті тәжірибеде оларды анықтау және бөлу өте қиын. Өз кезегінде, саяси да экономикалық да тәуекелдер сыртқы және ішкі болуы мүмкін.
Барлық тәуекелдер банк операцияларының мезгілімен шектелген. Бұл мезгілдер инфляция жағдайында кейде өте ұзақ кезеңге созылып кетуі мүмкін, ол есептеу жүйесінің кейінге қалдырмаушылығымен, құжаттарды дұрыс толтырмауымен байланысты болады. Ал ол өз кезегінде тәуекел дәрежесін қиындатады, тіпті түрін де өзгертіп жібереді.
Енді төменде тәуекелдердің жиі кездесетін негізгі түрлеріне қысқаша анықтама беріп көрелік, ал елдік тәуекел мен проценттік тәуекелге толығырақ тоқталайық.
Депозиттік тәуекел - сыртқы ортадан салымдар, депозиттер, заемдар және қаржыландырудың негізгі басқа көздерін тартудағы тәуекел. Мұндағы тәуекел сол қаратып алынған қаражаттарды мезгілінен бұрын алуда немесе қаратып ала алмауда болып отыр.
Валюталық тәуекел - бұл әлемдік нарықтағы шетелдік валюталар курсы күрт өзгеруінен болатын жоғалтулар тәуекелі. Бұл тәуекел түріне шетелдік валюта бойынша ашық позициясы бар банктер ғана ұрынады.
Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарық конъюктурасының өзгеруі, спекуляция, проценттік ставкалар өзгеруі, саяси немесе экономикалық кризистер, эмитенттің банкроттылығы нәтижесінде бағалы қағаздардың құнсыздануы тәуекелі.
Теңдестірілмеген өтімділік тәуекелі - өте керек уақытында қолма-қол ақшаның дефицитінен болатын қауіп.
Табысты :толық ала алмау қаупі - таза табыстың өзгеру мүмкіндігі.
Төлем қабілетсіздігі - банктің банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы.
Операциондық тәуекел - бұл дербес банктік бөлімшелерді басқару деңгейінде банктің күнделікті іс-әрекет процесінде пайда болатын ағымдағы тәуекелдер. Ол өз кезегінде бөлінеді: ұйымдастырушылық тәуекелі, ақпараттық тәуекел, персоналмен байланысты тәуекел, техниканы қолданумен байланысты тәуекел.
Елдік тәуекел - халықаралық сауданың өсуіне байланысты банктер шетелдік елдермен есеп жүргізуге тиісті екені белгілі. Осы жағдайда тәуекелдің бір түрі елдік тәуекел пайда болады. Операциялар жүргізу үшін банк өзі дербес түрде елдерді таңдай алмағандықтан (себебі ол клиенттері қандай елдермен жұмыс жасайды, сол елдермен қатынас орнатады) өзінің тәуекелдерін азайтудың жанама жолдарын іздеуге мәжбүр.
Проценттік тәуекел - тәуекелдің басқа түрлері сияқты, анықталмағандықпен байланысты. Бұл жағдайда анықталмағандық проценттік ставкалар қозғалысы мен деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты.
Банк ісіндегі басты мәселерінің бірі - несие тәуекелі. Несие банк жұмысы мен сапасына жауап беретін банк қызметінің негізі болып табылады. Негізгі назарды несиені басқару процесіне аудару керек, себебі банк жұмысының ұтымдылығы несие қызметінің сапасына тікелей қатысты.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей банктің құлдырауы несие сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер мен реттеуші органдарының есептеуі бойынша несие тәуекелін басқару процесі бұл банктің несиелік қоржынының сапалық индикаторы болып табылады.
Актив сапасы басқару сапасын көрсеткенімен, оған төмендегідей факторлар да әсер етеді:
үкімет саясаты;
макроэкономикалық саясаты;
банктің меншікті қаражаты.
Банктің актив сапасына әсер етуші сыртқы факторлар ықпалына қарамастан, несие қоржынын талдаудың негізгі болып несие тәуекелін басқару процесін бағалау табылады. Несиені тиімді басқарудың негізгі элементтері:
өте жақсы дамыған несие саясаты және қағидалар;
қоржынды тиімді басқару;
несиеге қатаң бақылау;
осы саладағы кәсіби дайындығы бар мамандар.
Осы тарауда несие тәуекелін бағалау жүйесі мен оның негізгі компоненттерін қарастырамыз. Несиені басқарудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру жолдарын және банктің несие мәдениетінің факторларын анықтаймыз.
Төменде келтірілген жүйе коммерциялық банктердегі коммерциялық және өнеркәсіп несиелерді басқаруда қолданылады. Сондай-ақ бұл жүйенің кейбір принциптері жинақ, лизингтік, тұтыну, ипотекалық, ауыл-шаруашылық және даму институтында да кеңінен қолданылады.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға және басқа да "шағын" несие алушыларға несие беретін институттар несие тәуекелін басқаруда өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Мысалы: қызықты ерекше әдістердің бірі - үлестік несиелендіру және несиелік кооперативтер. Үлестік несиелендіру бірыңғай топтарда, яғни несиені жабу шартты міндеттеме жауапкершілігі деңгейі барлығына да бірдей, тең келеді. Зерттеулер көрсеткендей мұндай әдіс тиімді қолданылуда. Топ мүшелерінің біреуі шартты бұзған жағдайда топтың барлық мүшелеріне несие берілмейді. Бұл топтың жауапкершілігін тудыратын әдіс ретінде де саналады. Келесі бір әдісі барлық шартты міндеттемелерін орындағаннан кейін иегерлеріне берілетін міндетті депозиттерді талап ету. Үлестік несиелендірудегі қиыншылықтар несиелендіру процесінде пайда болады және принципиальді сипатқа ие емес3.
Несиені басқару қазіргі саясатта ерекше көңілді талап етеді. Банктерді қайта құру бағдарламасы көптеген елдерде аса көп шығындармен байланысты. Банктер активтерінің сапасын төмендетіп алмау үшін тәуекелдерді басқарудың саясатын дұрыс құрып, жүргізу керек.
Жалпы айтқанда, қазіргі банктік саясат несиені басқарудың, оны жүзеге асырудың әдістері мен шараларын өңдеуді қажет етеді.

1.2 Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
Несиелік тәуекелді басқару - бұл процесс та, күрделі жүйе де. Жалпы процесс "мақсатты нарық" деп аталатын несиелендіру нарығын анықтаудан басталады. Процесс шартты міндеттемені орындау ағымына тікелей қатысты жүргізіледі.
Нecиe беру процесінің басталуы. Жоғарыда айтып өткеніміздей банктің несие саясаты банктік несиелік қызметін, "мақсатты нарығын" және клиентурасын, сондай-ақ жайлы және жайсыз тәуекелдерін анықтайды. Несие бөлімінің қызметкерлері екі басты қызметті атқарулары тиіс - сатушы және несие беру процесіндегі эксперт қызметі. Қарыз алушының несие алу өтініші банк саясатына сәйкес келеді ма? Сол мәселе анықталады. Және қызметкер қарыз алушыға қосымша қаражаттың қажеттілігін анықтайды. Нақты қажеттілік анықталған соң несиенің мерзімге сәйкестігін анықтап қарызды жабу кестесін құрып, осы формаға сәйкес несие түрін ұсынады (мысалы инвестициялық несие, айналым капиталын несиелендіру, ипотекалық несие, т.б.).
Несие берудегі маңызды қадамдардың бірі - потенциалды қарыз алушыға барлау ұйымдастыру. Бұл процесс несиені дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай барлау алдын-ала, ескертусіз қажетті факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, клиенттің ағымдағы несие алудағы қажеттілігін, сол кездегі жағдайын, болашақта даму қарқынын және қаржылық қажеттілігін анықтауға септігін тигізеді.
Несиені жабу көздерін талдау. Клиенттің қарыз алуға деген қажеттілігі анықталған соң, оның жабу көздеріне талдау жасалады. Бұл талдау қызметкерге несиені беру не бермеу қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Қарызды жабу мүмкіндігін анықтау үшін клиенттің мықты және әлсіз жақтары, қаржылық есептемесі, ақша қаражатының қозғалысы, клиенттің қызметі, стратегиясы, басшылық классификациясы, еңбек тәжірибесі туралы мәліметтер қажет.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау негізі бірнеше көрсеткіштер арқылы бағаланады. Ең көбірек тараған көрсеткіштерге екі түрлі сипатта, яғни "Н" қосу 1 "3": несие рейтингі, капитал, қарыз қуаттылығы. Бұл көрсеткіштерге тағы да екі көрсеткішті қосуға болады "Н" - "з" және олар Н-З-Қ-К көрсеткіштеріне ауысады: несие рейтингі, қор, қарыз қуаттылығы, ақша айналымының қозғалысы, кепіл. Келесі көрсеткіштер жинағы өте мәнді, оларды "несие сапасының жалпы бас тірегі" деп атайды: саланың жалпы сипаты, кәсіпорынның жалпы бәсекелестік жағдайы, қаржылық жағдайы, басқару сапасы және кепіл затының сапасы. Бұл көрсеткіштер несиені бағалаудағы өте маңызды қызметін атқарады.
Несие құрылымы. Банк қызметкері несие шартын анықтауы қажет: проценттік ставка, қамтамасыз ету, кепілдеме және тәуекелдерді тудыратын ерекше мақалалары. Несие құрылымы күткен ақпарат көздерімен және несиені жабу мерзімімен тығыз байланыста болу керек.
Несиені құрылымдау процесінің соңғы кезеңі несие беруді қолдау, құжаттарды даярлау және ол жөнінде есеп беру. Осы кезеңдердің барлығы банктің несие саясатында дәл және нақты анықталып алынуы керек.
Несиені қолдау. Коммерциялық банктердегі несиені қолдау несиелік комитеттің қызметі шеңберінде, не несиені қолдау процесі негізінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда құрамына банк басшылары және несие бөлімінің басшылары кіретін несие комитетінің қолдауымен іске асырылады. Екінші жағдайда несиені қолдау тізбе бойынша төменнен жоғары қарай жүргізіледі - несие бөлімінің жай қызметкерлерінен басшылыққа қарай. Бірінші әдіс жақтаушыларының пікірі бойынша осы әдіс несие комитетінің барлық мүшелерінің жинақталған тәжірибесін қолдану арқылы шешім қабылданғандықтан жетістіктер де жоғары деңгейде болады. Ал екінші әдіс жақтаушыларының пікірі бойынша комитеттік жүйе әр сұранысты талдауға жеткілікті уақыт бермейтіндігін кемшілік деп санайды. Себебі әр отырыста бір емес бірнеше өтініш қарастырылады.
Банк көлемі мен атқарылатын операцияларының масштабы шешім қабылдау процесінің орталықтандырылған деңгейін анықтайды. Тәжірибе көрсеткендей банк көлемі аз болған сайын, орталықтандырылған жүйе жоғары деңгейде болып келеді. Және керісінше банк көлемі (операцияларының масштабы, географиялық орналасуы) жоғары болса, соғұрлым орталықтандырылмаған жүйе құрылады.
Кейбір жағдайларда келісім-шарттар несиені қолдау процесіндегі бюрократиялық желі әсерінен жүргізілмеу қалуы да мүмкін. Осы мәселені ескере отырып, несиені қолдауға келісім беру жауапкершілігін банктер аймақтық бөлімшелер басшыларына, ал олар өз кезегінде жауапкершілікті бөлімшелер мен жеке кызметкерлерге бөліп бере алады. Кез-келген орталықтандырылмаған жүйеде несиеге жауапкершілік бөлімдердің несие саясатына және банк қызметінің бақылауына сәйкес беріледі, кейін банк басшысымен және Директорлар кеңесімен мақұлданады. Жауапкершіліктерді дұрыс пайдалануды бақылау кезеңдік есеп құру және шолулар мен ішкі аудиторларды тексеру арқылы жүргізіледі.
Директорлар кеңесі несиелерді беруді мақұлдамас бұрын несие банк басшылығының техникалық тексерісінен кейін ғана жүргізіледі.
Несиелік құжат. Несиелік құжат тәуекелден сақтанудың бір жолы. Банкке қарыз алушы несиені жабу тәртібін бұза бастаған жағдайда заңды шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Несиелік келісім-шарт - банк пен клиент арасындағы несиеге қатысты құқықтар мен міндеттемелерді қарастыратын келісім. Несиелік келісім-шарт кредиторға несиені бақылау мүмкіндігін бермейді. Өйткені келісім-шарт мазмұны қарыз алушының қаржылық жағдайын, табыстылығын, ақша қаражатының қозғалысын көрсететін ақпараттар негізінде құрылған шектеулерден тұрады. Жоғарғы деңгейдегі құрылған келісім-шарт, әсіресе заңдылық тұрғысынан, несиені жабу нашарлай бастағанда процесті жеңу барысында басымдылық береді.
Қамтамасыз eту және кепілдеме. Қамтамасыз ету - банктің кепілдік құқығы бар материалдық активі. Кепілдік пайдалану қарыз алушының несиені жабу міндеті орындалмаған жағдайда бақылау мүмкіндігін тудырады. Әр банк тәжірибесінде кепілдік әртүрлі орын алып, қызмет атқарады. Көптеген дамыған елдерде несиені қамтамасыз ету несие беру процесіндегі қалыпты іс-әрекет. АҚШ-та бұл процесс қарыз алушының несиені төлеу қабілеттілігі төмен болған жағдайда қолданылады. Талап етілген қамтамасыз ету құны несие сомасынан жоғары болады, себебі, несие қайтпай қалған жағдайда несие сомасы мен үстеме проценттерін өтеу үшін ақыны қайтару мақсатында қамтамасыз ету құнына, бақылау жүйесі құқына және жабуға тікелей қатысты.
Кепілдеме - қарыз алушының несиені өтей алмаған жағдайда үшінші жақтың несиені жабу туралы келісімі. Сондықтан кепіл берушінің несиені өтеу қабілеттілігін анықтау өте маңызды. Кепілдеме шартты және шартсыз болып бөлінеді, несиенің бір бөлігі не барлық сомасына қарай. Шарт жақтардың заңдылық келісімімен анықталады. Қамтамасыз етудің тағы бір түрі кездеседі, ол әдіс күмәнді әдістердің бірі болып табылады. Яғни, мұнда қарыз алушының аналық компаниясы "жайлы" хат деп аталатын қамтамасыз ету жолын ұсынады. Мұндай хаттың мақсаты - аналық компания қарыз алушының тіршілік ету қабілетін қамтамасыз ету барлық қажетті шараларға жауапкершілікті өз міндетіне алады. Несие беруші несиені қамтамасыз ету үшін осы жолды қабылдау не қабылдамау қажеттігін субъективті талқылайды.
Несиені бақылау. Несие берілген соң, банк оның қайтарылуын қамтамасыз ету шараларын қолдануы қажет. Несиені басқару банктің несие бөлімінің қызметкерлерінің басты мақсаттарының бірі. Несиені жоғары деңгейде басқару "нашар" несиелерді қалыпқа келтіре алмайды, көптеген "жақсы" несиелер тиімсіз басқарған жағдайда проблемді несиелерге ұласып кетуі мүмкін. Банктердің көбі клиенттермен жүргізген несиелік операцияларын тексеру жылына бір рет, қажет болған жағдайда бірнеше қайтара жүргізеді. Тексерістер барысында қызметкер қарыз алушының қаржылық жағдайын, іс-әрекетінің даму қарқынын, несиені өтеу бойынша өткен және болашақ мүмкіндіктерін, операциядан табыстарын, нарықтағы жағдайын талдайды. Талдау нәтижесі берілген клиентпен несиелік қарым-қатынасты жалғастыру не тоқтату қажеттігін анықтайды.
Қарыз алушыны бақылау ақпарын төрт негізгі көзімен анықталады:
1. банктің өзінде бар ақпараттар;
2. қарыз алушының жабдықтаушыларынан алынған ақпараттар;
3. тағы да басқа қаржылық институттардан алынған ақпараттар;
4. қарыз алушының өзінен алынған ақпараттар.
Несие процесін бақылауда несие ақпараттар картотекасы үлкен маңызды қызмет атқарады. Картотеканы ішкіде, сыртқы да аудиторлар пайдалана алады. Несие ақпарат картотекасы төмендегілерді қамтиды:
несиелеу лимиттері туралы мәлімет;
несиені қамтамасыз ету туралы құжат;
несиені қолдау келісімі;
несиені қамтамасыз етуді бағалау;
клиент туралы базалық ақпарат;
клиент операциясының табыстылығы туралы ақпараттар;
клиенттің бәсекелестік қабілеті туралы мәліметтер;
есеп айырысу шоттарының жоспары;
клиенттің жұмыс орнына өткізілген тексерістер;
несие бойынша тәуекелдердің тоқсан бойынша жіктелуі;
клиенттің қаржылық есебі;
клиенттің қаржылық қиыншылықтары туындаған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер жоспары мен стратегиясы;
ақша қаражатының болжамдық қозғалысы;
басшылықтың несиеге берген бағасы;
т.б. қосымша мәліметтер.

1.3 Несиелік тәуекелді басқару жүйесін құру принциптері
Несиелік тәуекел банк контрагенттерінің өздерінің міндеттемелерін орындамау мүмкіндігінен туады. Өз міндеттемелерін орындамау - келісім-шартта көрсетілген мерзімде қарыздың негізгі сомасы мен проценттерін (барлығын немесе бір бөлігін) қайтармауы.
Несиелеу процесіне қатысушы Қазақстан банктері бүгінгі таңда сыртқы және ішкі сындармен алысуда. Сондықтан, несиелік саясаты қаншалықты жақсы болса да, олар несиелер бойынша жоғалтуларға тап болып отыр. Бір жағынан қарағанда, банктің өзі алдын-ала "жаман" несиелер бермеуі тиіс-ақ, бірақ несиелердің жартысына жуық бөлігі кейіннен олардың қатарына қосылып жатады. Проблемалы несиелер үлесінің көбеюі банктің репутациясына теріс әсер етеді, ал ол болса өз кезегінде несиелік ресурстар нарығындағы банк позициясына үлкен әсер етуі мүмкін.
Соңғы жылдары қазақстандық банктердің қызметіне несиелік тәуекелдің әсер ету дәрежесі анық көрініп отыр. Несиелік тәуекелді басқару олардың жұмысында үлкен қиыншылықтар туғызатын негізгі проблемалардың бірі болып қалып отыр. Мысалы, егер АҚШ пен Германияда несиелік салымдардың жалпы көлемінде проблемалы несиелердің өзіндік сомасы 5-6% болса, ал ол Қазақстанда 40-45%-ке дейін жетеді. Елдегі несиелік тәуекелдің шамасына макро- және микроэкономикалық факторлар әсер етеді. Банктер өз практикасында үнемі тұрақсыздық пен сенбеушіліктерді кездестіреді. Олардың әртүрлі себептері бар, квалификациялы банктік жұмыскерлер дефицитінен бастап, сауатты, бизнесті жүргізу көзқарасы бойынша тәжірибелі және адал қарыз алушы-клиенттермен аяқтай келе. Оған тағы да, үнемі өзгеретін заңдылықтарды, банктердің жалпы экономикалық дағдарыс жағдайында жұмыс жасауға мәжбүрлігін қосу керек. Жақсы өңделіп жасалған кепіл заңдылығының жоқтығы, кепілді тіркеудің жетілмеген жүйесі және, осыдан, кепіл затына деген коммерциялық банктердің иелену құқықтарының орындалу кезінде туындайтын қиыншылықтар, операциялар тәуекелділігі мен тұрақсыздықты одан әрі асқындырып жібереді.
Соңғы 4-5 жылда отандық банкі секторы батыс стандарттары бойынша зор қарқынмен дамуда. Орта есеппен бұл жылына 40-60 пайызды құрайды.
Тұрақсыз, жетілмеген, тіпті қарама қайшылықты заңдылығы бар қазіргі жағдайда, банк табысты түрде несиелеу үшін икемді несиелік тәуекелді басқару жүйесін өңдеп, енгізуі қажет. Ол жүйені шешуге кілті болып табылатын алғы шарты ретінде несиелік саясат саналады. Несиелік саясатты банктің директорлар кеңесі мақұл етіп, онда басқарушылық вертикалінің барлық деңгейлерінің жұмыскерлері қатынасатын нақты инструкциялар мен сол банк үшін формаландырылған несиелеу болуы тиіс.
Несиелік тәуекелін басқару жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар кіреді: несиелік қызметті ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету; лимиттерді белгілеу; несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау; несиелік тәуекелдің деңгейі бойынша несиелерді ранжирлеу және белгіленген лимиттермен салыстыру; несиелер бойынша мүмкін жоғалтуларды есептей отырып, проценттік ставканы анықтау; несиелерді авторизациялау - несиелік шешімдерді қабылдау кезіндегі өкілеттіліктерді бөлу; несиелік мониторинг; несиелік портфельді басқару және проблемалы несиелерді қалпына келтіру.
Несиелік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізгі факторы болып жекелеген несиелердің мониторингісі және шешімдерді қабылдау, талдау, иницерлеу үшін, стандартты инструкцияларды енгізу жолымен, несиелеудің біртұтас мәдениетін дамыту табылады.
Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығындарды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдістерді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғылыми басқарудың басты міндеті болып саналады.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдістеріне) келесілерді жатқызуға болады:
тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пайдалану;
сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, аймақтық, сақтандыру);
банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігін, рейтингін және т.б. жүйелі талдауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;
несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк операцияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;
ірі несиелерді тек консорцияларды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);
өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;
депозиттік сертификатты енгізу;
банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;
несиелер мен депозиттерді сақтандыру;
кепіл құқығын енгізу;
нақты жеке кепілдерді қолдану.
Тәуекелдерді танып білу үшін несие салымдарын орналастыруды бақылайтын арнайы жүйе құрылу талап етіледі. Осы мақсатта соның негізінде банк саясаты қалыптасатын аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті бүкіл ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік беретін деректер базасы жасалады. Әдетте, жасалған және жасалатын несие және депозиттік шарттар, басқа банктерден алатын қарыздар туралы шарттар, төлеу мерзімі келмеген тиелетін тауарларға жұмсалатын несие алу жоспарлы қажеттіліктері туралы мәліметтер, баланстық есептер бойынша қалдықтар айалымының күнделікті мәліметі, балансқа кірмейтін есептер бойынша мәліметтер, несиелердің айналымдағы туралы мәліметтер деректер базасын құру түрінде қаралады.
Банктің несиелік салымын: сенімдігі жоғары, сенімді, сенімділігі аз, жоғары тәуекелді төрт топқа жіктеуге болады. Коммерциялық банктің несие салымдарының жалпы сомасы несиелердің әрбір тобы мен оның өзгеруі үшін өтімдік коэффициентінің деңгейін болжаудың негізі болып қызмет етеді және бұрынғы саясатын жалғастыру немесе оны өзгертудің қажетті мүмкіндіктерін көрсетеді.
Деректер базасы негізінде күнсайын төлемқабілеттілік пен өтімдік көрсеткіштерінің маңызы ашып көрсетіледі және төлем қабілеттілік пен өтімдік қалыптары ескеріле отырып, банк операцияларын дамытудың болашағына талдаулар жүргізіледі. Бұл - банк қаржыларын орналастыру, банктің басқа кәсіпорындар мен банктердегі қатысуын кеңейту, қосымша кіріс көздерін іздеу мен оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігінің сақталуын талап ете отырып, коммерциялық банк операцияларын дамыту мәселелерін өзара байланыста шешуге мүмкіндік береді. Мұндай талдау негізінде банктің өтімдігі мен төлемқабілеттілігі деңгейінің өзгеруін көре білуге және оларды тұрақтандыру бойынша қажетті шараларды уақытылы жүзеге асыруға болады.
Коммерциялық банктің төлем қабілетсіздігі мен баланстың теңгерілмеген өтімдігі бойынша тәуекелдерді азайтуға, жасалған талдау мен жүргізілген маркетингтің нәтижелерін ескеретін саясат арқылы қол жеткізуге болады. Банк өзінің өтімдік шегінде тұрған жағдайда шұғыл шаралар қолдануға еріксіз барады. Мұндай шараларға келесілер жатады:
мерзімдері бойынша пассивтерді қайта топтастыру көмегімен талап еткенге дейін міндеттемелерді қысқарту;
өтімді активтерді, оның ішінде несиелерді жеткілікті түрде өтеу есебінен көбейту;
қызметтің жекелеген түрлерін дербес баланстарға бөлу жолымен балансты тазарту;
меншікті қаржыларды көбейту;
басқа банктерден қарыздар алу және т.б.
Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде. Сақтандыру көмегімен тәуекелдердің экономикалық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.
Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банкті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.
Сақтандыру ерікті негізде екі үлгіде жүзеге асырылады:
қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру (қарыз алушы сақтандырушы болып қатысады, несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздарды енгізе отырып, несиені уақытылы және толық өтеудегі несие берген банктің алдындағы оның жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып саналады);
несиені қайтармау тәуекелін сақтандыру (сақтандырушы - банк, ал сақтандыру объектісі - несиені пайдаланғаны үшін несие мен пайыздарды уақытылы және толық қайтарудағы банк алдындағы бүкіл немесе жекелеген қарыз алушылардың жауапкершілігі).
Келесілер сақтандырудың негізгі кезеңдері болып саналады:
сақтаушы қабылдайтын жауапкершілік мөлшері;
сақтандыру оқиғасын анықтау;
шығындарды өтеу тәртібі;
сақтандыру тарифі мен сыйлықтардың мөлшері.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру ерекшелігі назар аударуды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін валюталық тәуекел мәселелері мен оларды сақтандыру әдістері өзекті бола түседі. Кәсіпорындардың валюталық қорларына жасалатын аударымдар көлемінің өсуіне қарай жиынтық бағам шығындары да өседі, сондықтан да валталық тәуекелді шектеу әдістерін таңдау өмірлік маңыздылыққа айналады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз валюталық қорларын банк шоттарында сақтауы кезінде валюталық тәуекелдердің келесідей екі түрі туындайды:
барлық шетел валюталарына ұлттық валюта бағамның түсу тәуекелі;
әрбір теңге құны түзетуге әкелген шетел валюталары бағамдарының өзара өзгеру тәуекелі.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру әдістері - бұл күтіліп отырған валюта бағамның өзгеруімен немесе алыпсатарлық арқылы пайда алумен байланысты туындаған тәуекелден толық немесе жартылай жалтарып кетуге мүмкіндік беретін операциялар. Хеджирлеу - болашақта айырбас валюта бағамдарының өзгеру ықтималдығын ескеретін және осы өзгерістердің қолайсыз зардаптарын болдырмау мақсатын көздейтін шұғыл контрактылар мен мәмілелер жасау жүйесі.
Нақты хеджирлеу әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:
құрылымдық теңдестіру (активтер мен пассивтер, кредиторлық және дебиторлық борыштар);
төлем мерзімдерінің өзгеруі;
своп үлгісіндегі операциялар;
опциондық мәмілелер;
қаржылық фьючерстер;
шетелдік валютамен несие беру және шетелдік валютамен инвестициялар салу;
валюталық берешектерді қайта құрылымдау;
қосанжарлы (параллельді) ссудалар;
лизинг;
шетел валютасындағы талаптарды дисконттау;
валюта себетін пайдалану;
банк филиалдарының төлемдерді өсіп отырған валюталармен жүзеге асыруы;
өзін-өзі сақтандыру.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, 2-6 және 11 әдістері қысқа мерзімдік хеджирлеу үшін, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Қаржы тәуекелі және оны басқару
Несиелік тәуекел
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Шетел тәжірибесіне сүйене отырып, банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру
Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі
Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Пәндер