Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш мектеп оқушыларының қимыл - қозғалыста тәрбиелеудегі ойындардың рөлі
Пәні: Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Студент: Қапан Гүлбақыт
Курс: 3
Мамандық: 0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілік: 010501 3 - Бастауыш білім
Топ:132
Парақтардың саны: ______
Студенттің мәлімдемесі
Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.
Студенттің қолы________
__ ________20____жыл
Қорғау
Баға______ (__________)
Қорғау уақыты___ ___________ 20____жыл
Директордың оқу-әдістемелік
Жұмысы жөнінен орынбасары____________ Алимжанова А.Б.

Мазмұны

I.Кіріспе.
Қимыл қозғалыс ойындары туралы.
II.Негізгі бөлім.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.
2.2 Қимыл- қозғалыс ойындарының денсаулық үшін маңызы.
2.3 Қимыл- қозғалыс ойын түрлері арқылы балаларды ерік жігер қасиеттеріне тәрбиелеу.
III.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.
3.1 Сабақ жоспары.
3.2 Қимыл-қозғалыс ойындары.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті -ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:"Ойын ойнап,ән салмай өсер бала бола ма ? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы,еңбекке қатынасы , психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар,тарихшылар , этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдарда шұғылданды. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.
Ойында шындықтың көрінісі оның бейнелі сәулесі қылаң береді.Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.Ойынның шартты түрдегі мақсаты бар ,ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.
Балаларға ақыл-ой,адамгершілік,дене шынықтыру мен эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді ,ізденімпаздық ,тапқырлық әрекет байқатады.Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да ,бала да оқу мен білімнің,тәрбиенің негізін қалыптастыратын да - ойын әрекеті болып саналады.
Ойын- таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, әрбір ұстаз тәрбие беру мен оқытудың мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы тиіс.Ойын мен еңбектің бір -біріне ұқсас сипаттары өте көп,сондықтан кейбір педагогтар ғалымдар "жақсы -ойын жақсы жұмыс сияқты да , жаман -ойын жаман жұмыс сиқты деген пікір қалдырған болатын.Баланың реніші мен қуанышы ойында айқын көрінеді.Ойын - балалар өмiрiнiң нәрi. Ол жәй ермек қана емес, сәбилердiң рухани жетiлуi мен табиғи өсуiнiң қажеттi алғышарты. Бала денесiнiң дамуы мен ой-дүниесiнiң өркен жаюы ойынға тiкелей тәуелдi Адам өркениетке бейiм болу үшiн балалық шақты бастан кешуi мiндеттi, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгiлiк жабайы болып қалар едi , - деп К.Чуковскийдiң бала мен ойынды теңестiре жоғары бағалауында терең шындық, үлкен мән бар. Адамзатты балаларсыз елестету қаншалықты мүмкiн болмаса, балаларды ойынсыз елестету де соншалықты мүмкiн емес. Ойын балалар үшiн өмiрдiң өзiмен тең. Сондықтан да ойынның тәрбиелiк қуатымен теңесер күш жоқ. Ол халықтың сандаған жылдар тәжiрибесiнiң нәрi сiңген педогогикалық даналығының жемiсi.Жалпы ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға,ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.Қимыл ойындары баланың жүйке -психикалық дамуына,жек басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимылды ойындарда ережелер ұйымдастырушы роль атқарады,олар ойынның барысын ,жүйелілігін,ойнаушылардың қарым-қатынасын,баланың мінез-құлқын анықтайды.Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі.Олар сондай -ақ дене шынықтыру сабағының құрамына енеді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісімен ұйымдастыруға да болады.Мысалы:"Көкпар","Бәйге","Асы қ" т.б.Баланың бірінші даму кезеңі ойын арқылы жетіледі.Қимылды ойын баланың барлық жас кезеңінде өтіле береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, балаларды шапшаңдыққа,шыдамдылыққа үйрету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Балаларды жылдамдыққа , мықтылыққа баулу.
- Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Балаларды ептілікке, мықтылыққа баулу.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.

Ойын-маңызды іс.Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе демалу мақсатында пайдалансақ , одан ешқандай пайда болмайды.Қандай ойын болсада , ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек ,өйткені ойын баланы дамытады.Ойын адам жолын ынтымақтастығымен бірге оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап ,білім дәнін бойға білдіртпей дарытады.Ойындардың қай-қайсысы болсада балалардан төзімділікті,ептілікті,шапшаңдылықт ы талап етеді.Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші.Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек.Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Қимыл-қозғалыс ойындарының мазмұнына баланың ой-өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген таным материалдары енгізілген. Сюжетті ойындардың тақырыбын адам өміріндегі кейбір оқиғалар, табиғат құбылысы, жануарларға еліктеу құрайды. Бұлардың бәрін балалар өзіндік шартты ойындар формасында бейнелейді.Қимыл-қозғалыс ойындарына сюжетті және сюжетсіз ойындар жатады. Спорттық ойындар элементтері қолданылатын ойындарға жататындар - волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, столда ойналынатын теннис, футбол, хоккей.Қимыл - қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәні педагогтық нысаналы басшылығымен қаматамасыз етеді, ол өз кезегінде, ойын материалдарын еркін меңгерумен, балалардың бойында эмоциялы өрлеу туғызатын сан алуан әдістерді пайдаланумен айқындалады.
Әрқашан мұғалім ойынға қойылатын әдістемелік талапты біліп,орындап отыруы тиіс.
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып,керекті материалдарды дайындау.
2.Ойынға кірісер алдында ойын тәртібімен ережесімен балаларды таныстыру.
3.Ойынға балалардың түкел қатысуын қамтамасыз ету.
Адамзат тәжірибесінде ойын мынадай қызметтерді атқарады:
● ойын -сауық;
● комуникативтік немесе қарым-қатынас;
● диагностикалық(ойын барысында өзін-өзі тану);
● коррекциялық(өзін-өзі түзетуі);
● әлеуметтендіру;
Әліде болса ойынның адам дамуына ,қалыптасуына,тәрбиесіне әсері өте зор.Ойын баланы сергітіп қана қоймай , рухани жағынан байытады.Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып дамиды.Ойын түрлері өте көп.Соның ішінде қимыл- қозғалыс ойындары.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағының мазмұны негізінен қозғалмалы ойындардан тұрады. Қозғалмалы ойындарды өткізу күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, олардың өту барысын мынадай үш кезеңге бөлуге болады:
1) ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы,
2) ойынның басталуы мен ойналу барысы,
3) ойынның аяқталуы.
1.Ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы.
Қандай да болмасын дене тәрбиесі сабағын өткізу үшін сабақтың мақсатына қарай оның жоспары жасалып, ойындар іріктеліп алынады. Бұл іріктеліп алынған ойындардың қандайы болмасын балаларды сабаққа ынталандыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Ойынды өткізу алдында оған керекті жабдықтардың бар-жоғын, жеткіліктігін, сабақ өткізілетін орынның дайындығын білу керек.
2.Ойынның басталуы мен ойналу барысы.
Ойынды қалай өткізу жолын таңдайды. Ойынды бастау алдында уақытты көп кетірмес үшін оның ойналу тәртібін яғни ережесін ауызша баяндаудан гөрі балаларды дереу ойынды бастар қалыпқа тұрғызып, өзі көрсетіп, ойнатқаны тиімді. Сонда ол балаларға ұғынықты болып, ойнаған кезде ойын ережесі бұзылмайды. Жалпы, ойынның ойналу барысы оқшылардың дайындығына, ынта-жігеріне байланысты.
3.Ойынның аяқталуы. Ойын сабақтың негізгі бөлімінен кейін өткені оқушылардың шаршау-шаршамауына байланысты қайталанады. Сабақта бірнеше ойын ойналатын болғандықтан, бір ойынды ең көп дегенде 2-3 рет қайталаған жөн. Әр ойын ойналып, оның қорытындысы шығарылып болғаннан кейін ғана келесі ойынды ойнау басталады.Мысал ретінде Бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру дейтін тақырыпты 4-сыныпқа қалай өткізу қажеттігін қарастырайық. Ол үшін сабақ жоспарын жасағанда ең әуелі жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп, жүйелеп алып, сабақтың мақсатына қарай міндетті түрде дайындық жаттығулары орындалады.Сабақтың мақсаты бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру болғандықтан, 10-12м жерге дейін бір орында тұрып бір аяқпен секіру, екі оқушы екі жағынан ұстап тұрған жіптің үстінен секіру т.б. даярлық жаттығулары өткізілген соң, тікелей сабақтың мақсатын орындау жұмыстары басталады.Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Және спорт құрал-жабдықтарын көп қажет етпейді. Оқушы сабаққа белсенді қатысу үшін ең маңызды оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бастауыш сынып оқушылары ойын балалары болғандықтан, сабақта қимыл - қозғалыс ойындары мен деңгейлік тапсырмалар көбірек пайдалану арқылы қызығушылық, қозғалғыштық, оқыту дербестігі белсенділігін арттыру үстіндемін. Жақсы нәтижеге жету үшін ең басты дұрыс моральдық - психологиялық климат жасауы, оқушылармен тіл табыса білу керек. Сабақтың негізгі, қорытынды бөлімінде тақырыпқа,жас ерекшелігіне сай қимыл - қозғалыс ойындары мен деңгейлік тапсырмалар таңдап алып отырмын. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізуді белгіленген формасы мұғалімнің жетекші рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтың реттілігі, ойын материалының регламентациялан ған (белгілі бір ережеге бағындырылған) мазмұны мен көлемі және берілген ойын енетін оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесі,мазмұ ны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы. Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие,олар;1) сақтандыру; 2)білім беру; 3)тәрбиелік; Қимылды қозғалыс ойындар бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесін берудің негізгі қуралдырының бірі ретінде қолданылады. Алуан түрлі қозғалыс ойындардың ішінде ұжымдық қимылды ойындардың маңызы ерекше. 1-4 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының түрлері көп. Осы ойындармен оларды спорттың өзге түрлерімен ұштастыра отырып шұғылдану балалардың денсаулығын нығайтуға, денесінің жан-жақты дамуына және оқуға деген ынтасын арттыруға болады. Сананың сезімді бақылауын күшейту қимылды ойындармен шұғылданған кезде балалардың әрекет жасаудағы шыдамдылығын, тәртіптілігін, бірге ойнайтын жолдастарының алдында әдепті болуын тәрбиелеу. 3-4 сыныптардағы ұл балаларға көп күш жұмсайтын, шапшаң қимылдайтын ойындарды ұнатса, қыздар ептілікпен дәлдік қимылдарына арналған қозғалыс ойындары, үйлесімді, келісімді, ырғақты қимылдар жасауды талап ететін ойындарды, жүгіріп бара жатырғанда жолшыбай күрделі емес кедергілерден өту арқылы өткізілетін ойындар, тепе-теңдік сақтау элементтері бар ойындар ойнатуға болады.Қозғалмалы ойындарды дұрыс ұйымдастыру оның дұрыс өткізілуін ғана емес, сонымен бірге өз уақытында аяқталуын қарастырады. Ойынның уақытынан бұрын тоқтатылуы немесе шамадан тыс созылуы орынсыз. Ойын ұзақтығы оның сипатына, сабақ шарттарына және айналысушылар құрамынатәуелді. Қатысушылар саны (олар аз болған, ойын да қысқа), олардың жас мөлшерлері (бастауыш сынып оқушылары ұзақ күш жұмсауы тиіс), ойын мазмұны (үлкен жүктемені талап ететін ойындар қысқа болуы тиіс), жетекші ұсынған өткізілу орны, темпі, оның тәжірибелілігі (аз тәжірибелі жетекші ойындары қысқа болады) сияқты факторлар ойын ұзақтығына әсер етеді.Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар болуы мүмкін, мысалы, еліктеуші, бейнелі - шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жігірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі.

2.2 Қимыл- қозғалыс ойындарының денсаулық үшін маңызы.
Адам - табиғат, ажырамас байланыс. Сол себептіде адам ағзасына әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығы өте маңызды. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы оның жүйке жүйесіне, тыныс алу, қан айналу, асқортуына белгілі бір әсерін тигізеді. Адамдардың күнделікті орындалатын қимыл-қозғалыстарына да, дене бұлшықеттеріне де әсер етеді.Табиғаттың осындай ауысуы заңдылықтарын жақсы біліп, оған қарай бейімдеу керек. Ол үшін денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлерін жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай таңдап ала білген дұрыс. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану қозғалыс қабілетін жетілдіреді
Қозғалыс ойындардың сауықтыру міндеттері.
Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшіліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру,бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуне және дамуына,тұлғасын ың дұрыс қалыптасуына,сон ымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады. Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет.Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды. Қозғалыс ойындарын сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілуі аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады. Қозғалыс ойндары таза ауада ойнаған өте пайдалы.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бала өмірінде маңызы зор, өйткені ол баланың қоршаған ортаны білуі мен ұғынуының таптырмас құралы іспетті. Бастауыш сынып оқушысы әлі-де қалыптасу үстінде. Шеміршек жасушалар тобының елеулі қабаты сүйектердің, әсіресе омыртқаның айтарлықтай иілгіштігіне себепші болады. Бұлшық еттер салыстырмалы түрде әлсіз (көбінесе, арқа және құрсақ тығыршығы бұлшық еттері). Тірек аппараты да әлі берік жетілмеген. Сондықтан бұлшық етке ұзақ күш түсірмейтін әртүрлі қимылдағы қозғалыс ойындарының мәні зор. 7 - 9 жастағы баланың жүрек-қан тамыр жүйесі өмірге қабілеттілігінің орасандығымен ерекшеленеді: қан тамырлары жеткілікті түрде кең, тамырлардың қабырғасы созылғыш, мұның өзі жүрек бұлшық етінің жұмысы үшін қолайлы жағдай туғызады. Алайда жүрек жұмысын реттеп тұратын жүйке жүйесінің функциялары әлі-де жеткілікті түрде дамымаған (жүректің жеңіл әсерленгіштігі). Балалар әсіресе секіру және басқа да күш пен энергияны көп жұмсауды қажет ететін ойындардың арасында аз уақыт болса да үзіліс, белсенді демалыс жасалып отырса, ойын кезінде зор қозғалыс белсенділігін танытады. Алайда олар тез шаршайды, әсіресе бір ғана түрдегі әрекетті орындау шаршатып жібереді. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, қозғалыс ойындары кезіндегі физикалық қуатты қатаң түрде реттеп әрі шектеп отыру керек. Ойын өте ұзақ болмауға тиіс. Назар аудару функциясы төменгі сынып оқушыларында жеткілікті дамымаған, олар жиі алаңғасарланады, бір заттан екіншісіне ұмтылады. Осыған байланысты оларға мүмкіндігінше қысқа мерзімді қозғалыс ойындарын ұсыну керек, көп қозғалыс азғана уақыттық тынығумен алмастырылуға тиіс. Ойындар сан алуан еркін түрдегі қимылдардан тұрады, жұмысқа үлкен бұлшық ет топтары тартылады. Ойын ережелерінің қарапайымдығы мен шағындығы 6 - 9 жастағы балалардың назарының жеткіліксіз түрдегі орнықтылығына және ерік-жігер қасиеттерінің салыстырмалы түрде әлсіз дамығандығына лайықталады. Бұл жастағы балалар белсенді, дербес, әуесқой, өткізілетін ойынға дереу және бір мезгілде қосылуға ұмтылады, ойын кезінде берілген мақсатты қысқа мерзім ішінде орындауға тырысады; оларға ұстамдылық пен табандылық жетіспейді. Көңіл күйі өзгереді. Ойын кезіндегі сәтсіздіктерге тез ренжіп қалады, бірақ ойын қызығына берілген кезде реніштерін тез ұмытады.Қимылды ойындар бала денсаулығын нығайта түседі.Қимыл-қозғалыс ойыны арқылы бала денесі әрдайым қозғалыста болады.Жалпы айтқанда қимылды ойынның бала денсаулығы үшін тигізер пайдасы өте көп.
Балалардың үйлесімді дамуы үшін олардың жеке қабілеттеріне сәйкес табиғи, әдемі қозғалуға үйрету маңызды. Балалардың дене шынықтыруды қалыптастырудың жетекші әдісі болып табылатын қимыл-қозғалыс ойындарда еркін әрекет етеді. Педагогика ғылымында қимыл-қозғалыс ойындар баланың жан-жақты дамуының маңызды құралы ретінде қарастырылады. Балаларға арналған қимыл-қозғалыс ойындар балалардың денесіне жағымды әсер етеді. Қозғалтқыш белсенділігінің арқасында дененің иммунитеті артады, балалар төзімді бола бастайды. Балаларға арналған спорттық ойындарға үнемі қатысатын жеткіншектер тек жақсы дене бітіміне ғана емес, қимылдағы ептілікке де тез ие бола алады. Ойындар балаларға жағымды эмоциялар беріп, күн бойына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Физикалық белсенділіктің бұл түріне қатысатын балалар тәбеті жақсы және терең ұйқыға ие, сонымен қатар аз ашуланшақ болады.

2.3 Қимыл- қозғалыс ойын түрлері арқылы балаларды ерік жігер қасиеттеріне тәрбиелеу.
Ежелгі заманнан бері әр түрлі елдердің ғалымдары адамның үйлесімді даму жолдарын іздеуде. Бұл проблема қозғалыстар мен психиканың, адамның ойлары, іс-әрекеттері мен сезімдері арасындағы байланысты байқаған ойшылдардың ой-өрістерін туындады. Аристотель ашуланшақтық, қуаныш, қайғы дененің қимыл-қозғалыстарында, бет-әлпет, ым-ишара арқылы көрінеді және керісінше қозғалыстар белгілі бір психикалық жағдайды тудырады деп жазды. Қазіргі кезде психология баланың барлық қабілеттерінің кешенді білуге жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Соның ішінде қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балалардың зияткерлік, адамгершілік, эмоционалдық дамудағы рөлінің негізін қалыптастыруға тырысуда.Қимыл-қозғалыс ойындары -- бұл баланың тапқырлық, ептілік және жігерлі қасиеттерін дамытудың таптырмас құралы болып табылады. Ойын барысында бар дағдыларды дамыту, оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Дене тәрбиесінің әдістемесі
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер