Студенттердің оқу әрекетінің мотивациясын арттыру мәселесі


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты.
Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір - бірімен қарым-қатынас жасаған кезде ең алдымен, оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды». Ең жалпы түрде түрткі - бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекеткен енген қандайда бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы[1] .
Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі оның мәнін, табиғатын, құрылымын, түсінуде және де оны әр тұрғыдан зерттеу әдістерінің көп болуымен шартталады (Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, М. Аргайл, В. Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л. И. Божович, К. Левин, А. Н. Леонтьев, М. Ш. Магомет-Эминов, А. Маслоу, Ж. Нюттен, З. Фрейд, П. Фресс, В. Э. Чудновский, П. М. Якобсон және т. б. ) .
Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық- мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы принципті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі (В. Н. Мясищев), мән мен мағына арақатынасы (А. Н. Леонтьев), түрткілер ықпалдасуы және олардың мәндік контексті (С. Л. Рубинштейн), тұлға бағыттылығы мен мінез - құлық динамикасы (Л. И. Божович, В. Э. Чудновский), іс-әрекеттегі бағдар (П. Я. Гальперин) сияқты және т. б. проблемаларды зерттеумен байланысты
Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің - оның мінез-құлқының күрделі, көп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғарғы деңгейі саналы - еріктік деңгей болып табылады. В. Г. Алексеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі берілген мотивациялық тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие [2] .
Қазіргі уақытта мотивацияға психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі түсініктемелер беріледі:
Мотивация адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі болса кейбір түсініктемелер бойынша мотивация - бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуге бағыт береді [3] .
Бір жағдайда ол - тәртіпті анықтайтын, бағыттайтын және қолдайтын бірлескен факторлар жиынтығы ретінде болса, екінші жағдайда бұл мотивтердің бірлестігі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, нақты іс-әрекетті бірқалыпты ұстау ретіндегі психикалық процесс болып, іс-әрекеттің нақты формаларын іске асыру әдісі мен бағытынын туындауын анықтайтын, мотивтің әрекеттік процесі және механизмі ретінде, іс-әрекет пен талаптануға жауап беретін процестердің бірлескен жүйесі ретінде қарастырылады.
Студенттердің арасында оқу әрекетінің мотивациясын арттыру - қазіргі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі.
XVIII ғасырда француз буржуазиялық революциясының қайраткері Жорж Жак Дантон «Халыққа наннан кейін ең қажеті - оқу орны» деген екен. Расында да, адамды адам етіп, ұйқысынан оятып, сергек сезім, рухани күш-жігер беретін білім мен ғылымға өнер атаулыға құштарлығын арттыратын оқу орны емей немене. Ал сол мектептің жүрегі - оқытушы. оқытушының негізгі міндеті - оқушыларға қазіргі өскелең өмір талабына сай білім беру және оларды осы өмірге бейімдеу. Ол оқу процесінде оқу мотивациясын қалыптастыру - оқушының пәнге қызығуын аттырады, олардың өздігінен ізденуіне, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге, өзара пікір таластыра білуге үйретеді[4] .
Бұл мәселелерді толық, кешенді шешу педагогтердің, әлеуметтік қызметкерлердің, отбасы мен психологтардың өзара тығыз ынтымақтастықтағы жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Бүгінгі жастардың білімге деген қызығушылығын ояту, оларды оқуға мәжбүрлеу, үйрету, бір қарағанда оңай болғанмен, қоғам алдында тұрған - ең қиын міндеттердің бірі. Әлемдік дүниетанымды, ұлттық құндылықтарды, ізгілік мұраттарды, рухани қажеттіліктерді білмей тұрып, толық білімді болудың мүмкін емесін жастар саналы түрде түсіну болып табылады.
Оқу мотивациясы үнемі өзгеріп отыратын және бір - бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастырдың пайда болуы.
Осыған сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын есепке алу да қажетті. Осы оқуға қатысты мотивация аясын қарастыра отырып, А. К. Маркова оның құрылысының бағыныстылығын атап өтеді. Сонымен оған оқуға деген қажеттілік, оқу маңызы, оқу түрткісі, мақсат, эмоциялар, қатынас пен қызығу енеді. Көптеген зерттеулер тәжірибесінде яғни мақсатты, мағынаны және мотивацияны қалыптастыруды зерттегенде студенттің тұлғалық дамуы, оның танымдық іс-әрекет даму деңгейімен тікелей байланысты негізгі төрт деңгейдің әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі зерттеліп, әрбіреуіне субьектінің бастапқа іс-әрекет формасы сәйкес келеді. оқу мотивациясы дегеніміз - адамды білім алуға итермелейтін, жалпы бағыт - бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы екенін анықтадық. Басқаша айтқанда оқу - іс-әрекеті субьектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп компонентті емес, сондай - ақ әртекті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын екеніне көз жеткізеді.
Оқу мотивациясының тұрақтылығын А. К. Маркованың тұжырымдамасы шегін-дегі мектеп оқушыларын зерттеу материалы негізінде зерттелген. Психологиялық тұрақтылықты зерттеушілер адамға әсер етуші факторлардың кең түрлендіруінде психикалық белсенділіктің қажетті деңгейін қолдай алу қабілеті ретінде анықтайды[4] .
Оқу мотивациясына қатысты оның тұрақтылығы - бұл іс - әрекеттің қалыпты және экстремалды жағдайларда да салыстырмалы түрде ұзақ және жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін оның динамикалық сипаттамасы. Мотивацияның кәсіби іс-әрекетке және оның нәтижелі болуына тигізетін әсері өте зор. Кәсіби іс-әрекеттің табыс - тылығы психологиялық, әлеуметтік факторларға байланысты екендігі мәлім. Кәсіби іс-әрекеттің табыстылығына кәсіби мотивациясы мен оның құрылымының тигізер әсері ерекше.
«Егеменді еліміз даму өркениеттің сара жолына түсіп, оның биігіне көтерілуі үшін өзінің экономикалық және саяси жүйесімен бірге рухани интеллектуалдық қуатын да одан ары жетілдіріп, молайтуы шарт» делінген Елбасының стратегиялық «Қазақстан 2050» бағдарламасында[5] .
Яғни, мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты - тәрбиелі де өнегелі, парасатты да салмақты, рухани ішкі дүниесі бай ұлттық жетістіктерді тез қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл заман талабына сай сапалы білім беру деген. Қазір өркениетті елу елмен іргелес болуға бел байлап, сондықтан қоғамдық өмірдің барлық саласын дамытуға зор көңіл бөлінуде. Соның бірі білім беру ісін жетілдіру.
Зерттеудің мақсаты : Студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерін анықтау, қалыптастыру, арттырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні: Мотивация және студенттердің оқу мотивтері.
Зерттеу объектісі: Студенттердің оқу әрекетінің мотивациясын арттыру мәселесі.
Зерттеудің міндеттері:
1 . Мотивация және оқу мотивтерін қалыптастырудың теориялық мәселелерін талдау.
2. Оқу процесіндегі мотивацияның рөлін анықтау.
3. Студенттердің оқу мотивтерін қалыптастыру мен арттырудың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу болжамы:
Студенттердің оқыту процесіндегі оқу мотивтерін арттырсақ, онда білім сапасы артады.
Зерттеудің теориялық мәні:
1 . Мотивация және оқу мотивтерін қалыптастырудың теориялық мәселелерін талдау.
2. Оқу процесіндегі мотивацияның рөлін анықтау.
3. Студенттердің оқу мотивтерін қалыптастыру мен арттырудың ерекшеліктерін зерттеу.
Оқытудың маңызды компонеттері мотивтер, яғни қандай да бір оқу әрекеттерін немесе тұтас оқу әрекеттерін жүзеге асыруда білім алушылар жетекшілікке алатын ұмтылулар болып табылады . Оқу барысында әртүрлі мотивтер байқалады . Оларды өзара байланысты үш топқа бөлуге болады :
1. Тікелей - ұмтылдырушы мотивтер.
Бұл мотивтер тұлғаның эмоционалдық байқалуларына, оң және теріс эмоцияларына негізделеді (сабакты қызықты жүргізу, мұғалімнің тартымдылығы, мақтау алу, жазалаудан қорқу, талқылау объектісіне айналмау) .
2. Перспективтік - ұмтылдырушы мотивтер.
Бұл мотивтер білімдер және оку пәні маңыздылығын түсінуге негізделеді (пәннің дүниетанымдык, әлеуметтік, практикалық - қолданбалык маңызын түсіну, оку пәнін болашақ өмірімен байланыстыру, мамандық таңдау, институтқа түсу, отбасын кұру, мақтау алу, өзін мойындату, міндет пен жауапкершілікті сезіну) .
3. Интеллектуалды-ұмтылдырушы мотивтер.
Танымдық үдерістің өзінен канағаттануға негізделеді (білімге кызығушылық, білуге ұмтылу, мәдени деңгейін көтеруге ұмтылу, белгілі бір біліктер мен дағдыларды меңгеруге ұмтылу, оқу-танымдық есептерді шығаруға кызығу) .
Интеллектуалды-ұмтылдырушы мотивтердің ішіндегі ерекше орын алатын - танымдық кызығушылықтар мен қажеттіліктер болып табылады [6] .
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: алынған нәтижелерді талдай отырып, 1, 2, 3, 4 курс студенттерінің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерінде айырмашылықтарын анықтап, оқу мотивтерін арттыру
Зерттеу жұмысының базасы: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 1, 2, 3, 4 курс студенттері
Зерттеу нәтижелерінің анықтығы мен дәлдігін: мәселенің терең және жеткілікті көлемде теориялық талдануы, таңдалған эксперименттік психологиялық әдістердің кешені алынғандығы, қажетті дәрежеде зерттелушілердің (сынаушылардың) саны, алынған нәтижелердің сандық және сапалық талдануы, зерттеудің ұзақ мерзімде жүргізілуі дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: көлемі: курстық жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұрынғы мен қазіргі кездегі оқу процесіндегі мотивациялауды талдасақ
Бұрынғы дидактика мен ескі әдістемелерде оқытудың мотивациялық жағына жете көңіл бөлінбеді. Мұғалімнің бар ынтасы білім берудің техникасын жетілдіру мен оны меңгеруіне бақылау жасауға жұмсалады. Оқушылардың нашар үлгерімі анықталған жағдайда, оларға қанағаттанарлықсыз баға қою, сол сыныпта екінші жылға қайта қалдыру, стипендия бермеу немесе тіпті мектептен шығарып жіберу сияқты мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Мұғалімдердің күші оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдану мәселелері мен жастардың жеке проблемалары, оның мүддесі, мәдени өмірі, еңбек ортасы сияқты мәселелердің арасында қалып қойды. Ал, керісінше, жастардың қызығушылығының пайда болу жағдайына, оның ынтасының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінбеді.
Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады. Егер адамдардың басым бөлігінің өмірі аштық, шөл, ұйқы, қауіптен қорғану, жақсы көру сияқты алғашқы қажеттіліктермен шектелетін болса, онда бұл қателіктің едәуір үлесі тәрбиеге байланысты, ол адам бойындағы екінші қажеттілікті қалыптастыра алмаған. Ондай қажеттілікке өз ісіне және өзгелерге деген жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, өмірлік ұстанымына берік болу, әсемдікті қабылдай алу, мәдениетті меңгеру сияқты қажеттіліктерді жатқызуға болады. Адам бойындағы екінші қажеттілікті қалыптастыру оқушылардың әлемді, өзін, қоршаған ортаны тануына бағытталған дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін оқыту нәтижесі болып табылады.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде өскелең ұрпақтың, яғни оқушылардың да, студенттердің де оқу әрекетінің мотивациясының проблемаларын білім беруді, әлеуметтік қоғамды, саясатты шексіз реформалау жағдайында, қоғамның көпқырлы рухани-ізгілік бейімінің ауысымында зерттеу өзекті немесе пайдалы ғана емес, сонымен қатар, білім алушының қазіргі қоғамда болып жатқан, болатын процестер мен құбылыстардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени-тарихи және саяси мәнін түсінуін қаматамасыз ететін өте қажетті талап та деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл зерттеу қазіргі білім мен тәрбие жүйесінің стратегиялық міндеттерін белгілеу мен анықтау үшін де керек[7] .
1МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ ОҚУ МОТИВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Мотивация түсінігі, мәні
Мотивация (ағылшын. motіvation) - қолданылу ыңғайына қарай қазақша «ниет», «түрткі», «кірісу», «жігерлену» сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым.
«Moveo» латынша «қозғалу», «әрекет ету» мағынасын береді, демек «motіvation» сөзбе сөз мағынада «қозғалту», «әрекетке келтіру» мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады[8] .
Мотивация дегеніміз-адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі.
Мотивация - бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуге бағыт береді.
Мотивацияның жасайтын әрекеттері:
-Жігерлік;
-Тырысу;
-Сөзінде тұру (шыншыл, әділ; )
-Адамгершілік;
-Бағыттылық; [9] .
Демек, мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процессі болып табылады.
Мотив (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективтісебеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Тұлғаның іс-әрекеттеріне, қылықтары мен пиғылдарына баға беру үшін оның мотивтерін айқындау керек. Мотивтің мәнін, құрылымы мен маңызын зерттеумен психология, заң, этика ғылымдары шұғылданады.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның "ішінде"
болады, “арнайы” мінез - құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді [10] .
Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады
Мотив пен мотивация - өзара байланысқан, өзара сертті психикалық категориялар және де әрекет мотивтері мотивацияның нақты базасында қалыптасады (яғни туынды мотивтер) . Ол сол уақытта, бөлек мотивтерді өзгерту арқылы бас аяғына дейін мотивацияға әсер етеуге болады (яғни мотивация осы жағдайда негізгі болатын мотивтерге тәуелді болады) . Және де мотивтер әрекеттерге, мотивация іс-әрекетке жатады[11] .
Яғни, адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы.
Мотивациялау дегеніміз - адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі.
Мотивациялау адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі көп дәрежеде, қаншалықты мотивациялау процесі табысты жүретініне байланысты.
Мотивациялаудың қандай мақсаттары бар екендігіне байланысты оны екі негізгі түрге бөлуге болады:
Адамға сыртқы әсер ету жолы арқылы іс-әрекетке белгілі ынталарды туғызады. Олар адамды белгілі қалайтын нәтижесіне әкелетін нақты іс-әрекет жасауға түрткі болады. Мотивациялаудың мұндай түрінде адамды қандай себептер қалайтын іс-әрекеттерді жасауға түрткі ететін және сол себептерді қалай шығару керек екенін білу керек. Мотивациялаудың бұл түрі көп жаңдайда сауда мәміленің түрін еске түсіреді: «Мен саған сенің қалайтыныңды беремін, ал сен маған мен не қалайтынымды». Егерде екі жақта да қатынасу нүктелері болмаса, онда мотивациялау процесі де іске аспайды.
Адамның нақты мотивациялық құрылымын қалыптастыру. Бұл жағдайда басты көңіл субъектінің қалауы бойынша мотивациялауды күштейтін және керісінше адамды тиімді басқаруға бөгет жасайтын кейбір себептерді азайту керек. Мотивациялаудың бұл түрі тәрбиелендіруші және білім беруші сипатта, сонымен қатар көп жағдайда адамның қызметінің нәтижесінде күтілетін нақты қорытындылар мен іс-әрекеттерімен байланысты болады. Ынталандырудың екінші түрі оны жүзеге асыру үшін көп күш-жігер, қабілеттілікті талап етеді, бірақ та оның нәтижелері көбінесе ынталандырудың бірінші түрінен асып кетеді. Оны ұғып алған және өз тәжірибелерінде қолданатын ұйымдар өз жұмыскерлерімен нәтижелеу және басқаларына қарағанда табыстылау басқара алады[12] .
1. 2 Мотивация түрлері және жүзеге асыру құралдары
Мотивацияны адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі деп қарастыра отырып, оны бірнеше түрлерге бөлеміз:
-Ішкі және сыртқы мотивация;
-Оң және теріс мотивация;-Тұрақты және тұрақсыз мотивация;
-Жекелік және топтық мотивация;
Ішкі мотивация- сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
Сыртқы мотивация- мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқыа сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.
Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect) көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация әлсірей түсетіні де байқалады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша күш салу керек. нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Мотивациялаудың ең аз жетілген сұрақтары болып «ішкі» және «сыртқы» ынталандырудың қатынасы болады. Бұл мәселенің және адамның қызметі егерде сыртқы ортаның субъектісі адамды мәселені шешуге түрткі етсе, адам мен міндеттің жабық және ашық ара қатынасында пайда болатын себептердің әсері астында болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz