Философиялық білімнің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Философия пәні,мақсаты,зерттеу бағыттары

Орындаған: Қаржы және аналитика 1-курс студенті
Бисенова Камила
Тексерген: Өмірбек Қадырханұлы Бекежан

Жоспар:
1. Философия және философиялық білім ерекшелігі
2. Философия мәні мен мақсаты
3. Философия әдістері мен бағыттары
4. Көзқарас түсінігі
5. Пайдаланылған әдебиеттер

1.Философия және философиялық білім ерекшелігі
Философия деген не? Қашан пайда болды? Қалай дамыды?
"Философия" термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия - дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пәні бар ерекше ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы. Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термин пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580-500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428-347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы.
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай мәңгілік сұрақтарға жауап іздеу - философияның міндеті.
Философия - ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философиялық білімнің ерекшелігі
Философиялық білімнің басты ерекшелігі оның екіұдайылығында.
Ол ғылыми білімге жақын пәні,әдістері, логикалық ұғымдық ақпаратты ғылыммен ортақ. Сонымен қатар философиялық таза түрдегі ғылыммен білім де емес.
Философияның басқа барлық ғылымдардан айрықша белгісі адамзат жинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным болуында.
Философия пәні кез-келген нақты ғылымдардың зерттеу пәнінен ауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ, бар ғылыммен білімдерді сарқып, жойып, мәнсіздендірмейді. Ол ғылымдардың барлығына ортақ сипатты құбылысты ғана қамтып, нақты, арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады.
Философиялық білімнің ерекшелігі мынада:
- құрылымы күрделі(онтология, гносеология,логика т.б.)
- барынша жалпы, теориялық сипатта;
- ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен ұғымдарға сүйенеді;
- көбінесе субьективті философиялық жүйелермен, идеялармен қатар философтардың дүниетанымдардың таңбасы, ойлау ерекшеліктері де қоса беріленді;
2.Философия мәні мен мақсаты
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: "Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету".
Геродот: "Философия - білімді, ақылдылықты сүю".
Аристотель: "Философия - ғылымдар негізі".
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: "Философия - ақылдылыққа құштарлық" - дейді. Аквинат: "Философия - барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім"- дейді. М. Монтень: "Философияның қайғылы, іш пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі - ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі"- дейді. Т.Гоббс: "Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі" дейді. Декарт: "Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім"- дейді. Фихте: "Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты"-деген.
Осы анықтамаларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі
белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
1) Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия тер-
минінің өзі грек тілінен аударғанда рһilео - сүйемін, sорһіа - даналық
дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа қүштарлы дегенді білдіреді.
2) Философияның басы - таңдану. Сократ "Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін" дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
3) Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән. Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңестік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.
4) Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл - байыпты, ғылыми, толерантты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қазіргі ғылымның жалпы сипаты: нақты әдістер мен нақты теорияларның жаңа деңгейі
Фуконың шығармашылығында
Таным
Ортағасырлық батысеуропалық философия туралы
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Философияның негізгі бөлімдері
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Пәндер