Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған:
№ 2 мектеп бөлімнің
М-41 тобының студенті
Өтегенова Маржан
Ғылыми жетекшісі:
Султанбекова Айман Женисовна
Қостанай, 2020-2021 оқу жылы
Мазмұны:
Кіріспе . . . 4-5
І бөлім Қазіргі кездегі оқыту жүйесі
- Қазіргі кездегі оқыту жүйесі және ерекшілігі . . . 6-11
- Қазіргі оқыту жүйесін бақылау мақсатында саралау технологиясының тиімділігі . . . 12-14
- Оқыту процесінде бастауыш сыныптардың білімін тексеру . . . 15-16
- Бағалауды жоспарлау және қолдану . . . 17-22
ІІ Практикалық бөлім
2. 1. Дәстүрлі оқыту кезінде және қазіргі оқыту кезінде қолданылатын қысқа мерзімді сабақ жоспарын талдау . . . 23-25
2. 2. Қазіргі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалауға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарды құру және машықтамада тиімділігін анықтау . . . 26-29
Қорытынды . . . 30
Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . . 31
Қосымшалар . . . 32-47
Кіріспе
«ХІХ ғасырда сауатсыз адам деп оқып, жаза алмайтындарды емес, оқығысы келмейтін, оқуды аяқтамайтын адамдарды айтатын боламыз».
Американдық философ Элвин Тоффлер
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. [1]
Қазіргі танда оқыту процесінде жаңартылған білім беру жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде оқыту процесінде «5 баллдық» жүйе қолданылмайды. Бірақ жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес оқыту процесінде білімді тексеру, бақылау мен бағалауды жүргізу үшін тиімді әдістер, технологиялар қолданылуда. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Өзімнің курстық жұмысымды зерттей отырып, оқыту процесінде білімді бақылау, тексеру мен бағалау технологиялардың тиімділігін анықтағым келеді.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалау технологиясының өзектілігін, тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау;
Зерттеу міндеттері:
- қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалау технологиясын зерттеу арқылы негізгі мәліметті жинау;
- қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалау технологиялы туралы теориялық мәліметті талдау;
- берілген технологияларды машықтамада тиімді қолдана білу;
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларын бақылау бағалау, білімді тексеру процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптарында білімді тексеру, бақылау және бағалау технологиялардың орындалуы;
Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: қазіргі оқуты жүйесі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Ғылыми гипотеза (болжам) : қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалау технологиясы тиімді және сәтті жүргізіледі.
Зерттеу әдістері: психологиялық- педагогикалық, әдістемелік, басқа да ғылыми әдебиеттерді талдау, мақсатты тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, машықтықтағы проблеманың нақты жай күйін анықтау бойынша мектептегі жаппай тәжірибені зерделеу, талдау, қорыту.
Жеке зерттеу мәселелерін шешу үшін бақылау, әңгімелесу, сауалнама, зерттеу, құжаттар мен оқушылардың іс-әрекетінің өнімдерін талдау; арнайы құрастырылған педагогикалық жағдайларды жасау қолданылады.
Бұл әдістер белгілі бір жүйеде қолданылады, ол зерттеудің белгілі бір кезеңдерінде белгілі бір әдістердің рөлінің артуымен сипатталады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы қазіргі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бағалау, бақылау технологияларды тиімді қолдана білуге дағдылану.
Зерттеу базасы: жалпы білім беру мектебі.
Жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І бөлім Қазіргі кездегі оқыту жүйесі
1. 1. Қазіргі кездегі оқыту жүйесі және оның ерекшелігі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. [2]
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. [3]
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
- Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
- Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
- Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
- Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
- Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан -жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
- Дүниетаным қабілеті жоғары;
- Дарынды, өнерпаз;
- Іздемпаз, талапты:
- Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады. Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл - ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. [4]
«Қазіргі оқыту жүйесі тиімді ме?», «Дәстүрлі оқыту жүйесінің артықшылықтары бар ма?» деген сұрақтарға жауап беру мақсатында мен осындай №1-кесте құрастырдым.
№1-кесте
Берілген кестенің нәтижесінде қазіргі оқыту жүйесі баланың танымына, дағдысына, қабілетіне тиімді жұмыс жасайды. Кейбір сәйкестіктері бар болсада, берілген оқыту жүйелері әртүрлі.
Қазіргі оқыту жүйесінің тиімділігін анықтау мақсатында мұғалімдер мен студенттер және ата-аналар арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға Қостанай педагогикалық колледжінің 1-4 курс студенттері, орта мектеп мұғалімдері қатысты. Сауалнамаға қатысқан барлық қатысушылар анонимдік түрде жауап берді.
Сауалнама сұрақтары:
- Дәстүрлі оқыту жүйесін қолдайсыз ба?
- Дәстүрлі оқытудан қарағанда қазіргі оқыту жүйесінің тиімділігі бар ма?
- Қазіргі оқыту жүйесінің артықшылықтары бар ма?
- Қазіргі оқыту жүйесінің кемшіліктері бар ма?
- Қазіргі оқыту жүйесі тиімді жүзеге асырыла ма?
- Қазіргі кездегі оқыту жүйесінде мұғалімнің «Бағыт беру, қолдау» қызметі тиімді түрде сабақ барысында жүзеге асырыла ма?
- Қазірге кездегі оқыту жүйесінде қолданылатын критериалдық бағалау жүйесі оқушылар үшін тиімді ме?
- Мұғалім жиынтық, тоқсандық бағалау арқылы оқушылардың білімдерін, деңгйелерін анықтай ала ма?
- Қазіргі кездегі оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында сізде қиындықтар туа ма?
- Сіз үшін қандай оқыту жүйесі тиімді ?
Нәтижесі:
Сауалнамаға 26 адам қатысты. Сауалнама қатысушылары ішінде жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері, жалпы орта білім оқушылары, коллледж студенттері қатысты.
- Дәстүрлі оқыту жүйесін қолдайсыз ба?
Иә, қолдаймын-21 адам, жоқ қолдамаймын- 5 адам
- Дәстүрлі оқытудан қарағанда қазіргі оқыту жүйесінің тиімділігі бар ма?
Иә, қазіргі оқыту жүйесінің тиімділігі бар-17 адам,
Жоқ, дәстүрлі оқытудан қарағанда тиімділігі жоқ. -9 адам
- Қазіргі оқыту жүйесінің артықшылықтары бар ма?
Иә, қазіргі кездегі оқыту жүйесінің артықшылықтары бар. -19,
Жоқ, қазіргі кездегі оқыту жүйесінің артықшылығы жоқ-7
- Қазіргі оқыту жүйесінің кемшіліктері бар ма?
Иә, қазіргі оқыту жүйесінің кемшілігі бар-18,
Жоқ, қазіргі оқыту жүйесінің кемшілігі жоқ. -8
- Қазіргі оқыту жүйесі тиімді жүзеге асырыла ма?
Иә, қазіргі кездегі оқыту жүйесі тиімді жүзеге асырылады. -18 адам
Жоқ, қазіргі кездегі оқыту жүйесі тиімді жүзеге асырылмайды-8 адам
- Қазіргі кездегі оқыту жүйесінде мұғалімнің «Бағыт беру, қолдау» қызметі тиімді түрде сабақ барысында жүзеге асырыла ма?
Иә, асырылады. -22 адам
Жоқ, асырылмайды. -4 адам
- Қазірге кездегі оқыту жүйесінде қолданылатын критериалдық бағалау жүйесі оқушылар үшін тиімді ме?
Иә, тиімді. -19 адам
Жоқ-7 адам
- Мұғалім жиынтық, тоқсандық бағалау арқылы оқушылардың білімдерін, деңгйелерін анықтай ала ма?
Иә, мұғалім анықтай алады. -20 адам
Жоқ. -6 адам
- Қазіргі кездегі оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында сізде қиындықтар туа ма?
Иә, қиындықтар бар. -16 адам
Жоқ-10 адам
- Сіз үшін қандай оқыту жүйесі тиімді ?
Дәстүрлі оқыту жүйесі-13 адам
Қазіргі оқыту жүйесі-13 адам
Қорытынды: Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту жүйесін қолдайтын адам саны көп. Бірақ қазіргі оқыту жүйесінің өзіндік артықшылығы мен тиімділігі күннен күнге өсуде. Сауалнама қорытындысы бойынша қазіргі оқыту жүйесінің кемшіліктері бар. Бірақ қазіргі кезде қолданылатын жүйе, үнемі өзгерістер енгізіліп, жаңара береді. Сабақ барысында мұғалім әрбір оқушы жұмысын тиімді және әділ бағалап, әрбір оқушының қай деңгейде тұрғанын анықтай алады. Диаграмма арқылы берілген сауалнама нәтижесін «В» қосымшасында көре аласыз.
1. 2. Қазіргі оқыту жүйесін бақылау мақсатында саралау технологиясының тиімділігі
Саралау- «Дифференциация» лат. «айырымы, айырмашылық, бөлшектеу, жіктеу, саралау» деген сөздеріміен байланысты.
Саралап оқыту- білім алушылардың мүмкіндігі мен мүддесін, бейімдігі мен қабілетін, қызығушылығы мен ұмтылысын ескере отырып оқытуды ұйымдастыру процесі. Саралап оқыту оқыту процесінде «нені ескеру керек?» деген сұраққа жауап береді. Сондықтан сабақ барысында оқушының ерекшелін ескеру қажет. Сондықтан қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру барысында оқыту мақсатын баланың ерекшелігіне сәйкес тиімді құру қажет. Біз сабақ жоспарын құру барысында оқушы ерекшелігін, мүмкіндігін, бейімдігін ескере отырып сабақ жоспарын құрастырамыз.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтарда саралаудың төмендегідей тәсілдері көрсетілген:
- Тапсырма арқылы
- Дереккөздер арқылы
- Қарқын
- Қорытынды
- Диалог және қолдау көрчету
- Бағалау арқылы
- Жіктеу арқылы
- Тапсырма арқылы-оқушылардың деңгейлері мен қажеттіліктеріне сай жаттығулар мен тапсырмаларды қамтиды. Бұл кезде тапсырмалар арқылы білімді тексеруді жүргіземіз. Бұл жерде әр балаға әртүрлі тапсырма әзірлеудің қажеті жоқ. Керісінше, балаларды бірлесіп жұмыс жасауға үйретеміз. Берілген қандай да бір тақырыпты, сабақты т. б. тексеру үшін балаларды олардың ерекшелігіне сәйкес бірнеше топтарға бөлеміз. Әр топқа олардың ерекшелігіне сәйкес білімді тексеру үшін тапсырма береміз. Балалар бірлесіп жұмыс істеу барысында олардың эмоционалдық жағдайы жақсара отыра, жұмысты жоғары деңгейге дейін жеткізеді. Тапсырма арқылы саралауды жүргізу үшін мен «Микс» жаттығуын ұсынамын.
Мақсаты: әртүрлі баланың әртүрлі деңгейіне сәйкес тапсырма беру.
Барысы: белгілі бір балалардың деңгейлеріне сәйкес топ құра отырып, оқыту процесін бақылаймыз.
1 топ- өлең шығару
2 топ- мәтінді суретету
3 топ - мәтінді сахналау
4 топ- мелодияға салу.
- Дереккөздер арқылы саралау-сабақ барысында қолданылатын ресурстармен, дереккөздермен, қосымша материалдармен байланысты аудиал (аудио арқылы қабылдайтын), визуал (көру арқылы қабылдайтын), кинестетик( қолмен ұстап көру арқылы қабылдайтын) оқушылардың жұмыстарын бақылау. Сабақ құру кезінде: оқушы ерекшелігін, оқушы деңгейін ескеріп ресурс арқылы саралау жүргізу керек.
- Сараларды қарқынды ескеру-уақытымен байланысты деуге болады. Мұнда мұғалім барлық оқушыларға тапсырма бере отырып, бірақ орындауға әртүрлі уақыт беруі мүмкін. Мысалы: 1 тапсырманы орындау үшін оқушыларға 10 минут берілді. Бірақ сынып ішінде балалардың деңгейі әртүрлі, яғни олар іртүрлі уақытта тапсырманы орындайды. Оқушылардың орындалу уақыты әртүрлі болғанымен олар бір қорытындыға келеді.
- Қорытынды жасату арқылы саралау-оқушылардың тапсырманы орындау нәтижелермен байланысты барлық оқушылар бір тапсырманы орындасада, олардың нәтижелері әртүрлі болары сөзсіз. Қорытындылау жасау кезінде «креатив» арқылы жауап беруі мүмкін. Балалардың жауаптарына сәйкес сіз критерийлерді қолдана отырып, әрбір баланың жұмысын бақылау отырасыз.
- Диалог және қолдау көрсету тәсілі-мұғалімнің оқушылармен диалогқа түсе отырып, оларға қолдау көрсетуі. Сабақ барысында диалог және қолдау көрсету тәсілін жүргізген кезде ескеру қажет:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz