Топырақтарды классификациялау
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті география және табиғатты қорғау
Кафедрасы кадастр және жерге орналастыру
СӨЖ
Тақырыбы: Топырақ классификациясы, номенклатурасы мен диагностикасымен танысу
Орындаған:Туменбай Бексұлтан Равшанұлы
Тексерген:Бисенбаева Саним Бегимовна
2020-2021 ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Топырақ номенклатурасы туралы жалпы білім
2. Негізгі таксономиялық бірліктер
3. Топырақтарды классификациялау
Қорытынды
Кіріспе.
Топырақтың классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар. Оларға мысал келтіретін болсақ К.Д.Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. Өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты жүйелеуді жөн көрген А.Н.Сабанин. Ал П.С. Коссович пен К.К.Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классификацияларды ұсынды. Бірақтан да олардың ешқайсысы да қолдау таппайды.
Нақты мәліметтерге сүйенсек топырақтар типі негізгі топырақ түзілу процестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типтеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кішігірім зоналарына бөлінеді.
Топырақ номенклатурасы туралы жалпы білім
Топырақ номенклатурасы-қасиеттеріне және жіктелуіне сәйкес берілетін атау жүйесі . В.В.Докучаев және Н.М.Сибирцев топырақтың генетикалақ номенклатурасын құрып, топырақты атағанда орыстың халық сөздерін қолданған. Олар топырақтың жоғарғы қабатының түсіне, немесе топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты топырақ типтерінің атауын көрсетті. Мысалы, қара топырақ, сұр топырақ, күлгін топырақ, батпақ топырағы, шалғын топырағы т.б. Осы атаулар халықаралық дәрежеде қолдау тауып басқа тілдерге аударылып немесе аудармасыз көптеген халықтар арасында қолданылып келеді.
Диагностикалық белгілер-топырақты классификациялап белгілі жүйеге келтіріп анықтап, атау үшін топырақтың ерекше белгілері қолданылады.Диагностикалық белгілерге топырақты зерттегенде, морфологиялық талдау жасағанда көзге түсетін, жеңіл анықталатын белгілер таңдалып алынады. Сонымен бірге топыраққа толық және дұрыс атау беру үшін күрделі химиялық, агрофизикалық зерттеулер де жүргізіледі.
Негізгі таксономиялық бірліктер
Таксономиялық бірліктер жүйесі- табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін қолданылады.
Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типі, типшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы(разряды). Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі.
Топырақ типі - біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы.
Бір типке жату үшін топырақтар төмендегідей жалпы жағдайларға ие болуы керек:
· органикалық заттардың топыраққа түсіп, біртектес өзгерістерге ұшырап ыдырауы;
· минералды заттардың үгілу процесстеріне ұшырауы және органикалық-минералдық түзілістердің ұқсас құралуы;
· заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы;
· топырақ кескінінің құрылысының және генетикалық қабаттарының бір түрлі болуы;
· топырақ құнарлылығын сақтап және арттыру шараларының бір бағытта болуы.
Топырақ типтері типшелерге бөлінеді. Олар негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша үрдістер әсерінен айрықша белгілері байқалатын топырақ типі ішіндегі топырақ топтары. Мысалы, дала аймағындағы қара топырақ екі типшеге бөленеді: кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырақ.
Топырақ типшелері топырақ тегіне бөлінеді. Ол топырақтың генетикалық сапалық көрсеткішінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Осы ерекшеліктер аналық тау жынысының, ыза судың химиялық құрамына, немесе топырақ түзілуінің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілерге байланысты. Яғни, жергілікті жағдайдың ерекшелігі топырақты текке жіктеуге қолданылады.
Топырақтың тегі түрлерге бөлінеді. Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, қара топырақтың түрін анықтауға оның құрамындағы қарашірінді мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы қолданылады.
Түрден кейінгі таксономикалық бірлік - түрше. Түршені анықтаушы белгі топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы. Топырақ қатаршасы (разряды) таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.
Сонымен, таксономиялық бірліктер топырақты жүйелі түрде дұрыс атап көрсету үшін қолданылатын реттеуші нұсқа деп түсінуге болады. Топырақты қазақ тілінде осы таксономиялық бірліктерге сәйкес келтіріп атағанда бірінші кіші таксонометрялық бірліктер аталып, соңында негізгі таксономиялық бірлік - тип аталады. Мысалы, төрттік дәуірдің карбонатты балшығында түзілген, (қатаршасы) ауыр құмбалшықты (түршесі), аз қарашірінділі (түрі), орташа қабатты (түрі), карбонатты (тегі), оңтүстік (типшесі), қара топырағы (типі).
Топырақтарды классификациялау
Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.
Топырақтарды классификациялау қатарына жататын жұмыстар: классификациялау принциптерін айқындап алу; таксономиялық бірліктерді қалыптастыру; топырақ номенклатурасы жүйесін және оның атауын анықтайтын диагностикалық белгілерді анықтау.
Топырақты классификациялау өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық классификациясы жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz