Жер құқығы қатынастары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: "География және табиғатты пайдалану"
Кафедрасы: "Жерге орналастыру және кадастр"

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын мемлекеттік реттеу

Орындаған: Туменбай Б.Р
Тексерген: Айгарина Г.Т.

Алматы.2020
Мазмұны:

Кіріспе
1. Жер құқығы қатынастары
2. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу
3. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:1) Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жатады.2. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауға жетекшiлiктi Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы жүзеге асырады.Орталық уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

Жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқаруға, жеке субъектілерін жер учаскелерін бекітіп беруге, жерге меншік құқығын жəне басқа да заттық құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер кодексі жəне соған сəйкес қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілер реттеп отырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында былай делінген:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады жəне бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану, сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.
Жер жəне оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
Жер көптеген құқық саласының реттеу мəні болып табылады, яғни конституциялық құқықта жер бетінде мемлекеттік шекараны анықтауда; əкімшілік құқықта əкімшілік құрылымдардың шекараларын айқындауда; азаматтық құқықта - жер учаскелерімен мəмілелер жасасуда; неке - отбасылық құқығында - ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлісуде; қаржы құқығында - жерге байланысты төлемдер бойынша; аграрлық құқықта - оны ауыл шаруашылығы үшін пайдалану барысында жəне т.б.
Қазақстан Республикасының тəуелсіздік алған жылдан бері жер қатынастарын реттеуге бағытталған жер заңдарының қалыптасуы жəне қабылдану мерзімдеріне қарай төмендегі кезеңдерді құрайды:
Қазақ КСР-дегі Шаруа қожалығы туралы Қазақ КСР-нің Заңы, 1990 жыл 21 мамыр;
Қазақ КСР-нің Жер кодексі, 1990 жыл 16 қараша;
Қазақ КСР-дегі Жер реформасы туралы Қазақ КСР-нің Заңы, 1991 жыл 28 маусым;
Жер салығы туралы Қазақ КСР-нің Заңы, 1991 жыл 17 желтоқсан;
Біріккен кəсіпорындарға, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарға, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтарға жерді пайдалануға беру тəртібі Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы, 1992 жыл 3 шілде;
Жер қатынастарын реттеудің кейбір мəселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1994 жыл 24 қаңтар;
Жер қатынастарын реттеуді онан əрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1994 жыл 5 сəуір;
Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 22 желтоқсан;
Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 1998 жыл 21 мамыр;
Жер туралы Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жыл 24 қаңтар.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жыл 20 маусым.
Енді жоғарыда аталған нормативтікқұқықтық актілерге тоқтала кетсек. Егемендік жылдарымыздың бастапқы кезеңдерінде қабылданған жер қатынастары дамуы мен оларды реттеуге бағытталған заң актілері арасында ерекше аталатын заң, ол 1991 жылғы Жер реформасы туралы заңы еді. Бұл заңның негізгі маңыздылығы, ол кеңес заманында қалыптасқан өндіріс саласы пайдаланымындағы жерлерді жеке жəне мемлекеттік емес тұлғаларға беру мүмкіндіктеріне ие болды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде өндірістік шаруашылықтар, яғни кеңшарлар мен ұжымшарлардың жерлері сол шаруашылықтарға істейтін жұмыскерлерге бөлініп берілді. Мемлекеттік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтарды жекешелендіру кезінде, оларда жұмыс істейтін жұмыскерлерге жерді бөліп беру барысында, экономиканың өтпелі кезеңдеріндегі ерекшеліктерге байланысты жер қатынастарын реттеу саласында шартты жер үлесі институтын енгізу қажеттілігі туындады. Жерге меншік, жер пайдалану мен иелену институттарынан оның айырмашылығы жерге құқық нақты жер учаскесіне емес, жекешелендірілген нақты шаруашылықтың жерлерінен шекарасы белгіленбестен нақты көлемге ғана белгіленген құқық болды.
Шартты жер үлесі құқығы өтпелі кезеңге ғана тəн жер құқықтарының бірден-бір түрі жəне оның негізгі мақсаты мемлекеттік ауыл шаруашылық кəсіпорындарының жерлері есебінен жаңа құрылымдар құруға ғана бағытталған еді. Бұндай процедураны көп уақытқа созу жер қатынастары саласында жүйелі жұмыстарды жүргізуге жəне де жер реформасының түпкілікті мақсаттарына жетуге өз зиянын да тигізді. Аталған құқықпен жер қатынастарын реттеуде оны мерзімі жағынан шегеру керек еді. Өйткені шартты жер үлестері иелеріне берілген, осы үлесті жалға беру құқығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданатын субъектілердің жер пайдалануындағы тұрақтылығына кері əсерін тигізді. Үлес иелері жер иеленуші де жер пайдаланушы да болмаса да иеленуші мен пайдаланушыға тəн құқықтарды іске асыра алды, бірақ жерге байланысты ешқандай міндеттемелер оларда болған жоқ, тіпті жер төлемдерін де олар төлеуге міндетті емес болатын. Осы себепті əрбір шартты жер иесі жал шарттарын қысқа мерзімге ғана жасасты жəне де оңтайлы ұсыныспен келген басқа инвесторларға өз құқықтарын беріп отырды.
Ауыл шаруашылығы саласымен салыстырғанда басқа өндіріс салаларында (халыққа қызмет ету, ауыр жəне жеңіл өнеркəсіп, т.б.) жекешелендіру процестері қарқынды түрде жүрді. Осы ретте жеке тұлғалар жекешелендірген жылжымайтын мүліктер астындағы жер учаскелеріне олардың құқықтарын сəйкестендіру, ондай жерлерді жекешелендіру мəселесі тұрды. Бұл мəселе экономикаға жеке инвестицияларды əкелумен тікелей байланысты болды. Бірақта Конституция бойынша жер тек мемлекет меншігінде болуына себепті жерді меншікке беру мүмкіндігі болмады.
Осы мəселе бойынша жұмыс істеген мамандар оны тек жердің заттық құқығы - жер пайдалану құқығын мəміле мəні ретінде тану арқылы ғана заңдастыру мүмкіндіктерін ұсынды. Осылайша, ТМД елдерінде бірінші рет Қазақстанда, мемлекеттік меншік монополиясы жағдайында, жердің өзі емес оның жер пайдалану заттық құқығы мəміле мəні болып танылды.
Мұндай институтты енгізген заң актілері 1994 жылдың бірінші жартысында қабылданған Жер қатынастарын реттеудің кейбір мəселелері туралы жəне Жер қатынастарын реттеуді онан əрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары еді. Осы Жарлықтар бойынша, жерге меншікті Конституция нормасына сəйкес тек мемлекет меншігі ретінде тани отырып жердің заттық құқығын мəміле мəні ретінде белгілеп жер қатынастарын нарықтық экономика категориясына енгізді. Мұндай мəселе ТМД елдерінде бірінші рет болды жəне де жерге байланысты заттық құқықтардың одан əрі дамуына өз əсерін тигізді.
Жер қатынастарын реттеуде мұндай ұқсас əрекеттер Қытай Халық Республикасы мен Израиль мемлекеттерінде кездеседі. Осы Жарлықтар қабылданған уақыттан бастап Қазақстанның жер заңдарының нарықтық қатынастарға бейімделуі кезеңі басталды. Бірақ көпшілік үшін жер пайдалану құқығын сатып алу, сондай-ақ жердің жеке меншікке өтуімен парапар екені онша түсініксіз болды. Сол себепті кəсіпкерлер тарапынан жерді жеке меншік құқығымен беру мəселесі Елбасы мен Үкімет алдына нақтылай қойыла бастады.
Жерге меншіктің негіздерін, шарттары мен шектерін белгілейтін заң 1995 жылы 22 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Жер туралы заң күші бар Жарлығы еді. Осы Жарлық бойынша жердің кейбір санаттарына жататын жер учаскелерін жеке меншікке берудің негіздері, шарттары мен шектері белгіленді, яғни жеке меншік құқығымен Республика азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша мен дəстүрлі халықтық шаруашылықтарын жүргізу үшін, сондай-ақ жеке үй мен сая жай құрылысы үшін беру белгіленді. Сонымен қатар жеке жəне мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, құрылыс жүргізу үшін жер учаскелері жеке меншікке беру белгіленді. Осындай құқық шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда шетелдік мемлекеттік емес заңды тұлғаларға да таратылды.
Осы кезеңнен бастап Қазақстанның жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқығына бейімделген нормативтік актілердің жүйелері құрыла бастады. 2001жылы 24қаңтарда қабылданған Жер туралы Қазақстан Республикасының Заңы мазмұны жағынан аталған Жарлықтың барлық нормаларын сақтап қалды жəне жер қатынастарын реттеуде оны одан əрі жетілдірді. Бұл Заңның аталған Жарлықтан айырмашылығы, ол Жер туралы Жарлық бойынша мəміле мəні болып табылатын тұрақты жер пайдалану құқығы институтына елеулі өзгерістер енгізді. Осы Заң бойынша тұрақты жер пайдалану құқығы тек мемлекеттік жер пайдаланушыларға ғана тиесілі болып белгіленді. Ал бұрын мұндай құқық табысталған субъектілер ұзақ мерзімді (49 жыл) уақытша жер пайдаланушылар болып танылды.
Жер құқығы -- құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқық қатынастары
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Жер құқығы қатынастар
Жер құқықтық қатынастары
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі
Жер құқығы туралы
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Пәндер